Файл: Нрорда мектеплицейі 20222023 оу жылыны психологиялы ызметтіні жылды бойынша есебі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 37
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Алынған мәліметтердің нәтижелері бойынша жасөспірімдер қылмысы мен экстремизмнің алдын алу бойынша жұмысты жалғастыру, осы бағытта ағартушылық іс-шаралар жүргізу орынды деген қорытынды жасауға болады.
Дарынды оқушылармен жұмыс:
Жалпы мектеп бойынша 75% дарынды оқушы бар. 1 сынып оқушыларымен «Суретті аяқтау» Торренс әдістемесі, 2-4 сынып оқушылыранан «Бала қабілетінің даму деңгейі» Хаан, Г.Кафф сауалнамасы ата-аналарынан алынды, 4-5, 9-11 сыныптардан «Мюнстенберг» әдістемесі алынды. Оқушылардан алынған әдістемелер бойынша қабілеттері жақсы, тапсырмаларды жоғары деңгейді орындап отыр, зейіндері тұрақты, шығармашылық ойлау деңгейлері қалыпты.
«Ерте жүктіліктің алдын алу іс-шарасы және медбикемен бірлескен жұмыс»
2022-2023 оқу жылының басында лицей психологы Крыкбаева М және лицей медбикесі Аубакирова А мен бірлесе отырып жоспар құрылды.
Қыркүйек айында мектеп медбикесімен бірлесе отырып 8-11 сынып қыздар арасында «Ерте жүктілік туралы не білеміз?» сауалнамасы алынды. Сауалнама нәтижесінде қыздар ерте жүктілік туралы мәлімет және оның зиянды жағы туралы біледі. Қыздар арасында қобалжытатын, келеңсіз жағдайлар кездескен жоқ.
Қазан айында 8а-9а-10б сынып қыздарына «Әдептілік және жыныстық тәрбие» туралы ойларын білу, әңгімелесу және сауалнама алынды. Қыздарға 12 сұрақтан тұратын сауалнама жүргізілді. Жалпы сауалнама нәтижелері жағымды. Өз ойларын ашық жазған. Алаңдататын жағдай жоқ. Әсіресе 9 «а» сынып қыздары ойларын нақты жазған. Ерте есейіп келе жатқан қыздар да бар.
Қараша айында 9-11 сынып қыздар арасында «Ерте жүктіліктің алдыне алу» әңгімелесу жүргізілді. Қатысқандар Аубакирова А.
Талқыланған сұрақтар: Ерте жүктілік деген не? Ерте жүктілік немен қауіпті? Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады? Ерте жүктіліктің нәтижесі. Қыздардың ойын тыңдадық, осындай аталған сұрақтарға өз түсініктерімен бөлісті. Ондай кері іс-әрекеттерден сақ жүретіндерін, ақпарат мазмұны маңызды екендерін айтты.
Желтоқсан айында 9-11 сынып ұлдар арасында кездесу өтті. «Ұлым ержетті-қызым бой жетті» атты ұлдар жиналысы өткізілді. Зорлық-зомбылықтың алдыналу- және ерте мәжбүрлі некеден қорғану туралы.
Қатысқандар: Ер мұғалімдер.
Нәтижесінде ұлдарға қандайда бір ойларын ортаға айтуға ұсыныс айтылды. Оларға, батылдық, намысқойлық, ержүректік, мейірімділік, сенімділік бойларында әрдайым болу керектігі туралы кеңестер берілі.
Ақпан айында 9 сынып қыздарымен «Менің болашағым» атты әлеуметтік психологтың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Наурыз айында «10-11» сынып қыздарымен «Қызым-қызғалдағым» атты тренинг жүргізілді.
«Сенім жәшігі» ай сайын ашылып, тексеріліп, АББ-не мәлімет беріліп отырылды.
Кабинет жабдықталды. Оқушылармен тренинг, ойын-жаттығу өткізуге жарамды. Папкасы, тіркеу журналы бар. «Сұраныстарды тіркеу», «Топтық жұмыстарды тіркеу», «Кеңесті тіркеу» журналдары уақытында толтырылды. «Нормативтік құжаттар», «Өз білімін көтеру» папкалары да реттелді. Психолог жұмысының іс-құжаттары номенклатура бойынша толық реттелді.
Қорытынды бойынша реттеліп, атқарылған жұмыстар:
1. Жылдық жоспар АОӘ 06.02.2015 жылғы №61 қаулысына сәйкес құрылып, 2021 жылғы 16 сәуірдегі №472 бұйрығы бойынша өзгертілді «Жылдық жұмыс жоспары», «Топтық және жеке жұмысын есепке алу журналы», «Педагог-психологтің консультацияларын есепке алу журналы».
2. Мұғалімдермен және ата-аналармен жоспарланған жұмыстар толық өтілді.
Педагог-психолог: Крыкбаева М.А.