Файл: Програмалау 1тапсырма. Экрандау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 305

Скачиваний: 8

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Колледжде информатиканы оқыту: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары» техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыру курсы

ТЫҢДАУШЫНЫҢ

ЖҰМЫС ДӘПТЕРІ



АЛГОРИТМДЕУ ЖӘНЕ ПРОГРАММАЛАУ
Python тілінде програмалау
1-тапсырма. «Экрандау»

Бағдарламалық код берілген:

print ("15:00 кино Терминатор 16:30 Ғажайып алаң ойыны")

Экрандалған символдарды қолданып, келесі ақпаратты экранға шығарытын код жазыңыз:

15:00 кино «Терминатор»

16:30 ойын «Ғажайып алаң»





2-тапсырма. «Өрнектің мәнін есептеңіз»

Өрнектің мәнін есептеп, экранға шығаратын бағдарламаны жазыңыз:






3-тапсырма «Нәтижені анықта»

Экранға шығарылатын нәтижелерді анықтаңыз. Егер әрекетті орындау мүмкін болмаса, «қате» деген хабарлама шығарыңыз.

print(12 + int(«8»))

print(str(2.4) + «29»)

print(int(4.5) + 5)

print(float(«1.5») + 5)

print(int(«4.5») + 1)




4-тапсырма «Қарапайым қосу»

а және b екі бүтін санның қосындысын экранға шығаратын қарапайым бағдарлама жазыңыз.

Енгізілетін деректер:

Бір жолға екі бүтін сан.

Экранға шығарылатын нәтиже:

Екі санның қосындысы.





5-тапсырма. «Орта мән»

Жарысында команда әр түрлі төрешілерден бес баға алады. Команданың орташа балын шығаратын бағдарлама жазыңыз.

Енгізілетін деректер:

Бес бүтін сан.

Экранға шығарылатын нәтиже:

Команданың орта балы.





6-тапсырма «Дөңгелектеу»

Дөңгелектеу нәтижелерін анықтаңыз:


round(4.2) =

round(4.6) =

round(1.234, 1) =

round(5.728, 2) =

round(5 / 7, 2) =



Бүтінмәнді бөлу. Тармақталған алгоритм. Шарт қою. Күрделі шарт. Кіріктірілген шарт.
in командасы

7-тапсырма. «Бүтінмәнді бөлу»

12 // 7 =

21 % 8 =

156 % 10 =

238 % 100 =

876 // 10 =

907 // 100 =

439 % 1000 =

191 // 1000 =


8-тапсырма. «Құпиясөзді тап»

Пайдаланушы енгізген жүйеге қосылу құпиясөзін тексеретін бағдарлама жазыңыз. Егер пайдаланушы «qwerty» паролін енгізсе, онда «Сіз жүйеге кіре аласыз» мәтінін шығарыңыз, қалған жағдайларда «Құпиясөз дұрыс емес» хабарламасын баспаға беріңіз.

Енгізілетін деректер:

Бір жол – құпиясөз.

Экранға шығарылатын нәтиже:

«Сіз жүйеге кіре аласыз» немесе «Құпиясөз дұрыс емес» мәтіні.




9-тапсырма. «Python бойынша курс»

А деңгейі

Python тілін үйрену курстарына 12-18 жас аралығындағы осы кусты таңдаған жастар қабылданады.

Енгізілген жас (Age) мәнін қабылдап, ол шартқа сәйкес келсе, "ҚАБЫЛДАНДЫ" деген сөзді көрсететін бағдарлама жазыңыз. Қалған барлық жағдайларда "ҚАБЫЛДАНБАДЫ" хабарламасын шығарыңыз.

Ескерту: бір күрделі шартты қолданыңыз.

Енгізілетін деректер:

Бүтін сан - жас.

Шығарылатын деректер:

Экранда екі хабарламаның біреуі көрсетіледі: "ҚАБЫЛДАНДЫ" немесе "ҚАБЫЛДАНБАДЫ".





10-тапсырма. «Пойыздар кестесі»

В-деңгейі

«Пойыздар кестесі»

"Орал - Астана" пойызы кестеге сәйкес тұрақты жүреді. Ол Оралдан барлық айдың 6-ға бөлінетін күндерінен басқа жұп күндері шығады. day айнымалысына енгізілген сан бойынша осы күні Оралдан Астана қаласына пойыздың бар-жоғын анықтайтын бағдарлама жазыңыз. Егер бұл мүмкін болса, "Сапар мүмкін", ал болмаса "Сапар мүмкін емес" хабарламасын шығарып көрсету керек.

Енгізілетін деректер:

Күннің нөмірі (1<=day<=31).

Шығарылатын деректер:

Сапардың мүмкін/мүмкін еместігі туралы хабарлама.





11-тапсырма. «Саяхатшы қыз демалысы»

С-деңгейі

Аружан өте белсенді оқушы. Өткен жазғы демалыста ол Таразда және Алматыда болды, бұл оған өте ұнады. Сондықтан келесі жазғы демалыста ол тағы екі қалаға барғысы келеді. Бұл жолы Аружан Таразға немесе Алматыға қайта барғысы келеді, бірақ екі қалаға да барып былтырғы сапарын қайталағысы келмейді. Ұсынылған маршрут Аружан талаптарына сәйкес келетінін анықтаңыз.



Енгізілетін деректер:

Қалалардың атаулары.

Шығарылатын деректер:

Егер екі қала Аружанның шартына сәйкес болса, «ИӘ», ал сәйкес келмесе, «ЖОҚ» шығады.





12-тапсырма. «Дене массасының индексі (ДМИ)»

Дене массасын m килограммен және адам бойының ұзындығын h метрмен қабылдайтын және ДМИ мәні мен адам массасы мен оның ұзындығы арасындағы сәйкестікті көрсететін бағдарлама жазыңыз.

Дене массасының индексі мына формула бойынша есептеледі: кг/м2, мұндағы m — дене масса (кг) , h — бойы (м).

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) ұсынымдарына сәйкес ДМИ көрсеткіштерінің келесі түсіндірмесі жасалған.

ДМИ

Адамның массасы мен оның бойының арасындағы сәйкестік

16 және одан аз

Дене салмағының айқын жетіспеушілігі

16-дан артық және 18,5-тен артық емес

Жеткіліксіз (дефицит) дене массасы

18,5-тенг артық және 25-тен артық емес

Норма

25-тен артық және 30-ан артық емес

Артық дене салмағы (семіздік алды)

30*-дан артық және 35-тен артық емес

Семіздік

35-тен артық және 40-тен артық емес

Күрт семіздік

40 және одан да артық

Өте күрт семіздік


Енгізілетін деректер:

Бағдарлама екі санды оқиып қабылдайды: дене массасы және адамның бойы. 

Шығарылатын деректер:

Экранда ДМИ мәні және адам массасы мен оның бойының сәйкестігі туралы хабарлама шығады.




13-тапсырма. «Поштаны тіркеу»

Электрондық пошта жәшігінің жаңа пайдаланушысын тіркеу үшін біз пайдаланушының логинін, резервті e-mail (ұмытылған парольді қалпына келтіру қажет болған жағдайда) және басқа деректерді сұраймыз.

Пайдаланушының ештеңені шатастырмағанын және «@» символы жоқ дұрыс логинді және «@» таңбасы бар дұрыс резервтік мекенжайды енгізгенін тексеретін бағдарлама жазыңыз.

Енгізілетін деректер:

Екі жол: пайдаланушы ұсынған логин және резервті пошта.


Экранға шығарылатын деректер:

Бір жол: егер барлық шарттар орындалса, онда «OK» (латын әріптерімен) көрсетіледі; егер логинде «@» болса, онда «Қате логин» көрсетіледі; егер логин дұрыс болса, бірақ адресте «@» болмаса, онда «Қате пошта» хабарламасы шығады.





PYTHON ТІЛІНДЕ ПРОГРАММАЛАУ

Цикл алгоритмі. While циклі. Бағдарламаны трассировкалау.

FOR циклі. Break, Continue, Else циклды басқару командалары

14-тапсырма. «Нәтижені анықтаңыз»

a)

code = 30

while code < 100:

code = code + 20

code = code - 20

print(code)

Жауабы: …………………….

b)

code = 30

n = 0

while code < 100:

code = code + 40

n = n + 1

print(n)

Жауабы: …………………….

c)

code = "1"

n = 0

while n < 3:

code = code + str(n)

n = n + 1

print(code)

Жауабы: …………………….
15-тапсырма «Құпиясөзді айтыңыз»

Пайдаланушы 123-ті енгізгенге дейін құриясөзді сұрайтын бағдарлама жазыңыз. Егер құпиясөз дұрыс енгізілмесе, «Құпиясөз дұрыс емес» мәтіні шығады, ал дұрыс енгізілсе, «Құпиясөз дұрыс» хабарламасы шығады. 

Енгізілетін деректер:

Жеке жолдардағы құпичсөз нұсқалары.

Шығарылатын деректер/нәтиже:

«Құпиясөз дұрыс емес» немесе «Құпиясөз дұрыс» хабарламасы.




16-тапсырма «Бос жолға дейін қанша жол»

Бос жолды енгізгенге дейін жолдық типті енгізуді сұрайтын бағдарлама жазыңыз.

Бос жолға дейін енгізілген жолдардың санын санып, экранға шығару керек.

Енгізілетін деректер:

Жеке жолдарға жолдық типтегі дерек енгізу.

Шығарылатын деректер/нәтиже:

Бүтін сан – бос жолға дейінгі жолдар саны.




17-тапсырма. «Цикл қанша рет орындалады»


for x in range(5)?

for x in range(1, 4)?

for x in range(1, 10, 3)?

for x in range(8, 4)?

for x in range(8, 4, -2)?





18-тапсырма. «Квадраттар»

n-ге дейінгі (n-ді қоса алғанда) сандардың квадраттарын бір қатарға шығаратын бағдарлама жазыңыз.

Енгізілетін деректер:

n натурал саны (мысалы, 5)

Шығарылатын деректер/нәтиже:

Бос орын арқылы ажыратылған сандардың квадраттары (мысалы, 1 4 9, 16, 25)





19-тапсырма. «Нөлсіз көбейту»

Пайдаланушы 6 бүтін санды енгізетін бағдарлама жазыңыз. Бағдарлама олардың көбейтіндісін есептеп көрсетуі керек. Енгізілген сандардың арасында нөл болуы мүмкін.

0-ге көбейткенде көбейтінді нөлге тең болатынын бәрі біледі, сондықтан 0 енгізілген болса, бағдарлама оны есепке алмауы тиіс.

Енгізілетін деректер:

Алты бүтін сан, әрқайсысы бөлек жолда және 100 аспайды.

Мысалы,

3

1

-2

0

0

-2

Шығарылатын деректер:

Бір ғана сан: енгізілген нөлге тең емес сандардың көбейтіндісі.

Жоғарыдағы жағдайда: 12.




20-тапсырма. «Кері санау»

Бір қызығы, зымыран ұшырылғанға дейін кері санау алғаш рет «Айдағы әйел» ғылыми-фантастикалық фильмінде қолданылған екен. Драмалық амалдың сәтті болғаны соншалық, ол космонавтика тәжірибесіне терең еніп кетті.

Кері санақ жүргізетін бағдарлама жазыңыз.

Енгізілетін деректер:

Бүтін сан – іске қосылуға дейінгі секундтар саны.

Шығарылатын деректер/нәтиже:

n-нен нөлге дейінгі әр секунд үшін «[қалған секундтар саны] “Секунд қалды!” хабарламасы. Осыдан кейін: «START» хабарламасы шығады.

Егер n<0 болса, кері санаққа уақыт жұмсамай, бірден «START» хабарламасын шығару керек.





21-тапсырма. «Бактериялар»

Бактерия 1 минутта екіге бөлінеді. Бастапқы сәтте n бактерия бар. t минуттан кейінгі бактериялардың санын есептеу бағдарламасын жасаңыз.

Енгізілетін деректер:

Екі бүтін сан: n және t.

Шығарылатын деректер/нәтиже:

t минуттан кейінгі бактериялар саны.





22-тапсырма. «Трассировка кестесі»

Келесі код үшін трассировка кестесін құрыңыз








23-тапсырма. «Мысықты іздеу»

Мысықты табатын бағдарламаны жазыңыз. Пайдаланушы алдымен жолдардың санын, содан кейін жолдардың өздерін енгізеді. Егер енгізілген бір жолда кем дегенде «Мысық» немесе «мысық» әріптерінің тіркесі болса, бағдарлама «МЯУ» хабарламасын шығарады, олай болмаса бағдарлама «Жоқ» дегенді шығарады.

Егер мысық табылса, цикл break