Файл: Програмалау 1тапсырма. Экрандау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 624

Скачиваний: 8

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

командасымен дереу тоқтатылуы керек.

Енгізілетін деректер:

Бірінші жолда n-нің мәні енгізіледі.

Әрі қарай n символдық деректер енгізіледі.

Шығарылатын деректер/нәтиже:

Енгізілген жолдарда мысықтың бар, жоғына байланысты қажетті хабарлама шығады.



Массивтер (тізімдер). Массивтерді өңдеу. Элементтерді тізімге қосу және өшіру.24-тапсырма. «Нәтижені анықтаңыз»Барлық жағдайда lst = [1, 2, 3, 4, 5, 6] тізімі қолданылса, print нәтижелері қандай болады?

print(len(lst)) Нәтижесі: …………………………

print(lst[4]) Нәтижесі: …………………………

print(lst[1:3]) Нәтижесі: …………………………

print(lst[1] + lst[3]) Нәтижесі: …………………………

lst[0] = 5

print(lst) Нәтижесі: …………………………

25-тапсырма «Дөңгелек сандар»Массивтегі дөңгелек сандардың (нөлмен аяқталатын немесе 10-ға қалдықсыз бөлінетін сандар) санын анықтау. Енгізілетін деректер:Бір жолға бос орын арқылы енгізілген бүтін сандар массиві.Шығарылатын деректер/нәтиже:"Массивтегі дөңгелек сандар саны: [k]"


26-тапсырма «Алмастыру»Бүтін санды массивтің ең үлкен және ең кіші элементтерін анықтап, олардың мәндерін алмастыратын бағдарлама жазыңыз.Енгізілетін деректер:Бос орын арқылы ажыратылған бір жолда енгізілген бүтін сандар массиві.Шығарылатын деректер/нәтиже:Массив элементтері.Ескерту: Берілген массивтің барлық элементтері әртүрлі сандар.


27-тапсырма. «Элемент қосу»Тізім элементтерін, қосымша симолдық деректі және n санын оқитын және осы тізімнің n-ші элементіне қосымша символдық деректі енгізетін/қосатын бағдарлама жазыңыз. Енгізілетін деректер:Бірінші қатарда/жолда массив элементтері бос орын арқылы жазылады.Екінші жолда тізімнің жаңа элементі енгізіледі.Үшінші жолда жаңа элементті қосатын тізім элементінің нөмірі көрсетіледі.Шығарылатын деректер/нәтиже:Бір элемент қосылған жаңа тізім.


28-тапсырма. «Элементті өшіру»Тізім элементтерін және өшірілетін элементінің индексі n-ді оқитын бағдарлама жазыңыз. Егер мүмкін болса, n-ші элементті өшіріп, тізімді экранға шығарыңыз. Ал егер n-ші элементті өшіру мүмкін болмаса, «Өшіру мүмкін емес» хабарламасын шығарыңыз.
Енгізілетін деректер:Бірінші жолда/қатарда массив элементтері бос орын арқылы енгізіледі.Екінші жолда өшірілетін элементтің индексі енгізіледі.Шығарылатын деректер/нәтиже:Бір элементі өшірілген жаңа тізім немесе «Өшіру мүмкін емес» хабарламасы.


29-тапсырма. «Элементті өшіру - 2»Тізімнен барлық elem элементтерін өшіретін бағдарлама жазыңыз. Егер өшіру мүмкін болмаса, онда «Мұндай элемент жоқ» мәтінін шығарыңыз.Енгізілетін деректер:Бірінші жолда/қатарда массив элементтері бос орын арқылы енгізіледі.Екінші жолда өшірілетін элемент мәні енгізіледі (elem).Шығарылатын деректер/нәтиже:Бір элементі өшірілген жаңа тізім немесе «Мұндай элемент жоқ» хабарламасы.


Python тілінде программалау. Пайдаланушының функциясы мен процедуралары.1-тапсырма. Берілген санның барлық цифрларын соңғысынан бастап бір бағанға шығаратын процедураны жазыңыз:Мысалы:сан: 4673нәтиже:3764


2-тапсырма. Берілген санның барлық бөлгіштерін экранға шығаратын (бір жолда) процедура жазыңыз.


3-тапсырма. Санның дәрежесін есептеу процедурасымен бағдарлама жасаңыз (кіріс параметрлері: сан және дәреже).Ұсыныс: санның дәрежесін есептеу үшін pow функциясын(сан, дәреже) пайдалануға болады


4-тапсырма. N – натурал сан параметрін қабылдап, алғашқы N Фибоначчи сандарын шығаратын процедура жазыңыз..

5-тапсырма. Пайдаланушының функциясын қолдануЕкі санның үлкенін табатын функция жазыңыз.


6-тапсырма. Үш санның кішісін табатын функция жазыңыз (функцияның үш параметрі бар).


7-тапсырма. Использование пользовательской функции c параметром.Санның цифрларының қосындысын есептеу.




https://www.w3schools.com/python/python_functions.asphttps://www.w3schools.com/python/trypython.asp?filename=demo_function_paramФайлдармен жұмыс.1-тапсырма. input.txt файлында екі сан жазылған. Файлдан осы сандарды оқып, олардың қосындысын output.txt файлына жазыңыз.

2-тапсырма. output.txt файлын толықтырыңыз: output.txt файлына input.txt файлындағы екі санның көбейтіндісін қосып жазыңыз.



3-тапсырма.Сөздерді тіркестіру (конкатенация).input.txt файлында екі сөз екі қатарда жазылған. Файлдағы осы сөздерді оқып, оларды қосып, шыққан сөзді output.txt файлына жазыңыз.

input.txt

output.txt

Dragon

Fly

Dragonfly

Air

Plane

Airplane

4-тапсырма.Тақ сандарды анықтау.А[N] (1 ≤ N ≤ 99, ai< 100) бір өлшемді сандық массив берілген. Осы массивтің барлық тақ сандарын файлға тізбектеп жазыңыз.



input.txt

output.txt

1

8

14 27 53 689 1452 42 17

27 53 689 17



5-тапсырма.Іздеу.input.txt файлында ұзындығы n (1 ≤ n ≤ 100) кіші латын әріптерінен тұратын жол (жазу) берілген. Осы жолды әліпби ретімен сұрыптап, K-позицияда орналасқан әріпті output.txt файлына жазыңыз. Жауап файлының бірінші жолында (output.txt) k-позицияда орналасқан әріп жазылады.



Енгізі мысалы (input.txt)

Нәтиже (output.txt)

1

Friendship

3

h

6-тапсырма. Файл қолдануға арналған практикалық тапсырма құрастырыңыз (файлға жазу,файлдан оқу, файлға деректер қосу (фалды толықтыру)


https://www.w3schools.com/python/python_file_handling.asphttps://www.w3schools.com/python/showpython.asp?filename=demo_file_openСұрыптау әдістері.1-тапсырма. «Тізімді реттеу»Әр түрлі сұрыптау тәсілін қолданып, бүтін сандар массивін өсу ретімен реттейтін бағдарлама жазыңыз.Енгізілетін деректер:Бос орын арқылы ажыратылған бір жолда енгізілген бүтін сандар массиві.Шығарылатын деректер/нәтиже:Бір қатарда элементтері бос орын арқылы ажыратылған өсу ретімен реттелген бүтін сандар массиві.


2-тапсырма. «Алфавит бойынша»n тауарды алфавит бойынша баспаға шығаратын бағдарлама жазыңыз.Енгізілетін деректер:n бүтін саны – тауарлар саны (0<= n <=1000)n тауарлар тізімі (әрқайсысы жаңа жолда енгізіледі).Шығарылатын деректер/нәтиже:Бір бағанға алфавит бойынша реттелген тауарлар тізімі.


3-тапсырма. Екі мүмкіндік бойынша.Спортшыға екі мүмкіндік беріліп, оның жоғары нәтижесі есепке алынады. N спортшының жақсы нәтижелерін таңдап, оларды кему ретімен баспаға шығарыңыз.N – спортшылар саны (N < 100)Нәтиже: N сандар-спортшылардың нәтижелерді азайту нәтижелері.Енгізу натуральное число спортсменов (N < 100) и далее N пар чисел – по две попытки на каждого спортсмена.Нәтиже: спортшылардың кему ретімен көрсетілген ұпайлары (N сан)Мысалы, N=4 үшін:



Бастапқы белгілі деректер

Нәтиже

1

3 4 4 7 3 9 5 14

14 9 7 4


4-тапсырма. Тізім (бір өлшемді массив) қолданатын практикалық тапсырма құрастырыңыз.



Жаттығу (тренажер):https://www.w3schools.com/python/python_arrays.asphttps://www.w3schools.com/python/trypython.asp?filename=demo_array40>