Файл: Ахмет Байтрсынлы атындаы гимназия Ксіптік бадар беруші педагогты.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 23
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназия»
Кәсіптік бағдар беруші педагогтың
2022-2023 оқу жылындағы жасалған іс-шаралар
Е С Е Б І
Кәсіптік бағдар беру бағытының мақсаты: мектептің 7-11 сынып оқушыларына оқу бейінін және болашақ кәсіби қызмет саласын таңдау процесінде оқушыларға кәсіби бағдарлы қолдау көрсету, оқушылардың еңбекке саналы көзқарасын қалыптастыру, өз мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне сәйкес және еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, қызмет саласын таңдау еркіндігі жағдайында кәсіби өзін-өзі анықтау.
Мақсатқа сәйкес қыркүйек айының басында «11 және 9 сынып оқушыларының кәсіби бағыттылығын диагностикалау нәтижелері бойынша сауалнама» жүргізілді. Сауалнама нәтижесі бойынша 11 сынып балалары өз бағыттарын, мамандықтарын нақты таңдап отырғандығына нақтыланса, 9 сынып оқушыларында әлі де ой үстінде жүрген оқушылар кездесті.
Жоспарға сәйкес мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру мақсатынада кәсіптік бағдар бойынша «Мамандықтар әлемінде» кеңес беру танымдық сабағы оздырылды. Іс-шара оқушылардың мамандық туралы таным көкжиегін кеңейтіп, қазіргі заманғы мамандықтар қандай, қандай мамандықтар сұранысқа ие, өз мамандығын дұрыс таңдау үшін қандай кеңестерге назар аудару керек? секілді сұрақтарға жауап алынып, талданды.
Қазан айында оқушылардың кәсіби бейімділіктерін анықтау мақсатында
9-11 сыныптар арасында сауалнама жүргізілді. Нәтижесі төмендегі алты түрлі бейімділік бағыты бойынша қорытындыланды:
1. Адамдармен жұмыс істеуге бейімділік.
2. Зерттеу қызыметтеріне бейімділік.
3. Өндірістік жұмысқа бейімділік.
4. Іс–әрекеттің эстетикалық түрлеріне бейімділік.
5. Іс–әркеттің экстрималды түрлеріне бейімділік.
6. Іс-әрекеттің жоспарлық-экономикалық түрлеріне бейімділік.
Жинаған ұпай сандары бойынша жалпы оқушылардың профессионалды бейімділік-90% және әлсіз профессионалды бейімділік-10% көрсеткіш көрсетті. Оқушылар сәйкес бейімділіктерін таңдап отырған мамандықтарына сай келетіндіктерін айтты.
Тоқсан қорытындысы бойынша мамандықтар әлеміне кіріспе жұмысы жүргізіліп балалармен жұмыс жасайтын бағыт анықталды. Қосымша жұмыс жасау керек пәндері айтылды.
-
2022 жылдың қыркүйек айының 20 күні «Шу темір жол дистанциясы» мекемесіне 9 сынып оқушыларына топсеруен ұйымдастырылды. Аталған мекеменің жұмысымен мамандарын ПТО бастығы Е.С.Сайлауов және кәсіптік оқыту шебері М.М. Сериков таныстырды.
-
2022 жылдың қазан айының 5 күні «Теміржол жөндеу» ЖШС мекемесіне 10 сынып оқушылры топсеруенге барды. Аталған мекеменің мамандықтарымен жасайтын жұмыстары туралы цех бастығы Т.У.Қошқарбаев таныстырды.
-
2022 жылдың қазан айының 12 күні «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназия» ККМ Педагог-КББ Р.Т.Абдыгалиевпен «Мен қандай мамандық таңдаймын» тақырыбында 9 Б сынып оқушыларымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оқушылардың кәсіп туралы білімдерін жетілдіріп, мамандықты меңгеріп жетістіктерге жету жолдары айтылды.Оқушылар өз ойларымен бөлісті.
-
2022 жылдың қазан айының 20 күні «Мен кім болғым келеді» тақырыбында сұрақ жауап отырысы өткізілді. Отырыс барысында оқушылар кәсіптер мен мамандықтар және түрлі оқу орындар туралы ақпарат алды. Тақырып бойынша оқушылар сауалдар қойып, оларға жауап алды. Білім алушылар бір-бірімен ақпараттарымен бөлісті.\
-
2022 жылдың желтоқсан айының 7 күні Шу қаласы жастар ресурстық орталығы және Шу ауданы Төтенше Жағдайлар бөлімімен бірлесе ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназиясында, төиенше жағдай кезіндегі қауыпсыздік шаралары бойынша тәжірибелік сабағы өткізілді.
-
2023 жылы қаңтардың 9 күні "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназия", Кәсіптік бағдар аясында "Мен, қайда барып оқыймын" тақырыбында, 2022 жылғы түлектерімен ДБОЖ А.А. Шаймаш және Педагог - кәсіптік бағдар беруші Р.Т.Абдыгалиевпен гимназия оқушыларына кездесу ұйымдастырылды. Гимназия түлектеріне оқушылар, жоғары оқу орындарындағы оқу процесі туралы сұрақтар қойды. Түлектеріміз қойылған сұрақтарға толыққанды жауап бере отырып, студенттік күнделікті өмірлері туралы айтып өтті. Сөз соңында түлектер оқушыларға мектептегі білім, болашақтың нық негізі екенін айтты.
-
2023 жылдың ақпан айының 6 күні, "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназия" 10-11сыныптармен, Педагог-КББ Р.Т.Абдыгалиев және АӘжТД ұйымдастырушы И.А.Шәріпбайдың ұйымдастыруымен, "Мен қайда барып оқыймын" тақырыбында аталған гимназия 2022 жылы түлегі, ҰҚК ШҚ Академиясының 1 курс курсанты Станбай Ілияспен кездесу өткізілді. Станбаев Ілияс өзінің оқып жүрген ҰҚК ШҚ Академиясына қандай дайындық жасап түскенін айтты. Әңгіме барысында оқуындағы әскери казарма, әскери тәртіп, әскери оқу екенін айтты. Болашақта офицер кұрамындағы лейтенант шенін алатынын, жұмыспен қамтылатынын жеткізді. Оқушылар өздерінің сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Әңгімелесу соңында оқушылар Станбаев Ілиясқа тілектерін білдірді.
-
2023 жылы ақпан айының 9 күні, "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназия "Педагог - КББ Р.Т. Абдыгалиевтың ұйымдастыруымен "Менің арманымдағы мамандық" атты бастауыш сынып оқушылары арасында, сурет байқауы өтті. Байқау мақсаты: Оқушылардың әртүрлі мамандықтар туралы түсініктерін қалыптастырып, сол мамандықтардың жасайтын жұмыстары туралы түсіндіру. Байқауға гимназия оқушылары белсене қатысты. Өздерінің болашақта қандай мамандық иесі болатынын сурет салу арқылы жеткізді.
-
2023жылы ақпан айының 23 күні Шу қаласы "А.Байтұрсынұлы атындағы гимназия" Кәсіптік бағдар жоспары бойынша, Педагог - КББ Р.Т. Абдыгалиевтың ұйымдастыруымен "Үздік бизнес жоспар" 9, 10, 11 сыныптар арасында байқауы өткізілді. Байқау барысында оқушылар жаңа бизнес ойларымен бөлісті. Бизнес жоспарларын шеберлікпен қорғап жүлделі орындарға ие болды. І орынды 9А сынып оқушысы Теміржан Әсел, ІІ орынды 10Г сынып оқушысы Пушков Кирил және ІІІ орынды Тұрғынбай Ельдар иеленді. Белсенді қатысқан оқушыларда Алғыс хаттарымен марапатталды.
-
2023 жылы сәуірдің 6 күні, Шу қаласы Аспара ауылдық округіндегі ТОО «Хим Плюс» өндірісіне Педагог КББ Р.Т.Абдыгалиев, география пәні мұғалімдері Қ.Н.Жолдыбекқызы және Н.П.Зинченкомен 9 «А», 9 «Б», 9 «Г» сынып оқушыларына топсеруен ұйымдастырды. Өндірістегі мамандардың жұмыстарын, құрылғылардың атқаратын қызметтерін және жалпы өндірістің жұмыс мақсатын, экономика қызметінің бастығы Н.Е.Базарбаев, өндіріс цех бастығы Б.Т.Шонбаев таныстырды. Оқушылар сұрақтарына толыққанды жауаптарын алды. Жалпы топсеруен оқушыларға қатты ұнады.
-
2023 жылдың сәуір айының 10 күні, Шу аудандық Техникалық шығармашылық орталығы КММмен, аудан мектептері арасында макеттер байқауы ұйымдастырылды. Байқауда, ұшақтар макеттері номинацияда аудандық 1 орынға ие болған "А.Байтұрсынұлы атындағы гимназия" 5"А" сынып оқушысы Қасымқұл Сағи. Байқаудың "Көмекші робот" номинациясында 3 орнға ие болған "А.Байтұрсынұлы атындағы гимназия" оқушысы Рахатұлы Абай, және макеттер байқауында белсене қатысқаны үшін "А.Байтұрсынұлы атындағы гимназия " 5"Б" сынып оқушысы Бауыржан Дінмұхамед марапатталды. Байқау оқушыларға керемет әсер сыйлайды.
-
2023 жылы сәуір айының 17 күні "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназия"КММ Педагог кәсіптік бағдар беруші Р.Т.Абдыгалиевпен, Алматы қаласындағы "ИНТЕРДЕНТ" Жоғарғы медициналық колледждің ұстазы Руслан Алиев және 2 курс студенті Осман Чохайбаев 9 сынып оқушыларымен "Мен таңдаған мамандық" тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Р.Алиев колледждың оқытатын мамандықтары мен тұрмысын айтып өтті. О.Чохайбаев колледжге оқуға түсу шарттары мен оқу қызығын айтты. Оқушылар сауалдарын қойып, қажетті жауаптарын алды.
-
Ағымдағы жылдың сәуір айының 24 күні "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназия" КММ Р.Т.Абдыгалиевпен, Халықаралық инженерлі-технологиялық университетінің университеті колледжінің директордың оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Қылышбай Алуа Анарханқызымен кездесу ұйымдастырылды. Оқушыларға, оқу орын қандай саладағы мамандарды даярлайтын жеткізілді. Оқу орынның күнделікті оқу процесімен тұрмысы айтылды.
-
Ағымдағы жылдың сәуірдің 25 күні Тараз қаласы Халықаралық Тараз инновациялық институтының ұйымдастыруымен өткен "БОЛАШАҚҚА - БІЗБЕН БІРГЕ!" атты кәсіптік бағдар беруші педагог - қызметкерлерінің шеберлік курсы өткізілді. ҚР Профориентаторлар ассоциациясының төрайымы, PhD философия докторы Тойбай Жадыра Нұрбайқызы лекция оқып КББ жұмысы талқыланды. Педагог - КББ жасаған жұмыстары мен ұсыныстар тыңдалды.
-
Бүгін, 2023 жылдың мамыр айының 11 күні Жамбыл Инновациялық Жоғары Колледж арнайы пән оқытушысы Анарбеков Алмас Нұрболұлы, Шу қаласы, "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназия" КММ 9 сынып оқушыларымен үгіт жұмыстарын жүргізді. Аталған колледжге түсу ережесі мен оқу процесін түсіндірді.
-
Ағымдағы жылдың мамырдың 12 күні Шу қаласы "Ахмет Байтұрсынов атындағы гимназия" КММ, АӘДТ оқытушысы И.А. Шәріпбай және Педагог - КББ Р.Т. Абдыгалиевпен, Шу АТЖБ аға инженер А/Қ аға лейтенант М.Б. Пермебаевпен кездесу ұйымдастырылды. М.Б. Пермебаев оқушылардың жазғы демалыс кезеңдегі, судағы қауыпсіздікпен жалпы қауіпсіздік шаралары туралы айтып жеткізді. АТЖБ. А/Қ аға лейтенант М.Б. Пермебаев Көкшетау қаласындағы ҚР ТЖ академиясына оқуға түсу шарттары мен оқу процесі туралы айтып берді.
Оқу процесі кезінде оқушылармен кәсіптік бағдар жоспары бойынша жұмыстар жүргізілуде.
«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназия» КММ
2022-2023 оқу жылындағы
Кәсіптік бағдар бойынша жасалған жұмыстар
ЕСЕБІ