Файл: азастан республикасыны ылым жне жоары білім министрлігі оТстік азастан мемлекеттік педагогикалы университеті Бекітемін.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 88

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ«Бекітемін» Оңтүстік Қазақстан мемлекеттікпедагогикалық университетініңБасқарма мүшесі – Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор_____________ Б.Қ. Исабек «____»_________2023 жыл2022-2023 оқу жылындағы Маркетинг және мансап департаментінің атқарған жұмыстарының жылдық есебіШымкент, 2023 жылМаркетинг және мансап департаментінің 2022-2023 оқу жылының жыл бойынаатқарған жұмыстарының есебіМаркетинг және мансап департаменті Республика аумағына, Түркістан облысы аумағында және Шымкент қаласында мектеп (лицей, гимназия, колледж) бітіруші түлектерге педагогикалық бағыт бойынша мамандық (білім беру бағдарламасын) таңдауда бағыт-бағдар беру жұмыстарын үздіксіз ұйымдастырады, сонымен қатар университет түлектерінің жұмыспен қамтылуына мүмкіндіктер туғызу мақсатында жұмыс берушілермен ортақ келісімдер жасау, түлектермен кері байланыс орнату және бітіруші түлектер Ассоциациясы қызметінің әлеуетін арттыру мақсатында жұмыстар атқарады.

  1. КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті Түркістан облысы мен Шымкент қаласы аумағында мектеп (лицей, гимназия, колледж) бітіруші түлектерге педагогикалық бағыт бойынша мамандық (білім беру бағдарламасын) таңдауда бағыт-бағдар беру мақсатында Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасымен, аудандық Адами әлеуетті дамыту бөлімдерімен, Шымкент қалалық Білім басқармасымен және білім беру ұйымдарымен екіжақты меморандумдар жасасып, тұрақты әрі жүйелі негізде жұмыстар атқаруда. Университет ресми сайты, факультеттері мен кафедраларында, бөлімдерінде ашылған әлеуметтік желілердегі (Instagram, Facebook) ресми парақшалар кәсіптік бағдар беру бойынша атқарылған жұмыстардан хабардар ету бойынша белсенді жұмыстар жүргізді. 2022-2023 оқу жылының I -жарты жылдығында:1. 2022 жылдың 10 қазанында «Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі және «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арасындағы өзара әрекеттесу туралы меморандум жасалды.
2. 2022 жылдың 18 қарашасында «Шымкент қаласы білім басқармасы» мемлекеттік мекемесімен «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арасындағы өзара әрекеттесу туралы меморандум жасалды.3. Еліміздің болашақ педагог жастарына толыққанды кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізуді үйлестіру мақсатында «Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі және «Шымкент қаласы білім басқармасы» мемлекеттік мекемесімен жасалған екіжақты «Ынтымақтастық меморандумның» 3.1 және 3.2 тармақтарын негізге ала отырып, білім беру мекемелерінің бітіруші түлектеріне (мектеп, лицей, гимназия оқушылары мен колледж студенттеріне) педагогикалық бағытта мамандар даярлайтын жетекші жоғары оқу орнының білім беру базасы, білікті профессор-оқытушылар құрамы, педагогикалық мамандықтардың артықшылықтары, ЖОО-ның заманауи мүмкіндіктері мен ерекшеліктері, ЖОО-ның халықаралық және республикалық педагогикалық білім беру мекемелерінің арасындағы рейтингі, білім алушыларға берілетін әлеуметтік қолдаулар және ЖОО дайындайтын білім беру бағдарламалары туралы жарнамалық ақпараттардың электронды нұсқаларын мектеп директорлары, әдіскерлер, сынып жетекшілері арқылы әлеуметтік желілердің көмегімен бітіруші түлектердің назарына жеткізуге ықпал жасалып, ақпараттардың бітіруші түлектер назарына жеткендігі туралы кері байланыс орнады.4. 2022 жылдың 23 қарашасында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің 85 жылдығына орай, Қазығұрт аудандық Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты ҚР ҰҒА академигі Өнер Жамалов атындағы ЖОББМ-нде Математика пәнінен 11-сынып оқушылары арасында ОҚМПУ түлегі математик Нұрғали Исабаев атындағы аудандық олимпиада өтті. Олимпиадаға    Қазығұрт ауданындағы 45 мектептің оқушылары қатысты. Олимпиаданың нәтижесі бойынша “Бас жүлдені” иеленген Кенен Әзірбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы Нұрқұл Біржан Әріпбайұлына “ОҚМПУ гранты” сертификаты табыс етілді. Сонымен қатар оқушыларға кәсіби бағыт-бағдар берілді.Таратпа материалдар таратылды.5. 2022 жылдың 9 қарашасында Шымкент қаласы А.С.Пушкин атындағы № 1 мектеп-гимназиясының оқушылары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде кәсіптік бағдар бойынша өздеріне керекті мағлұмат алып, университеттің ішкі құндылықтарымен танысты. Университет ішінде кітапхана, робототехника кабинеті, асхана, спорт зал, coworking орталығы мен жатақхана орындарын аралады. Университеттің қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Ғ.Ш. Битұрсын бітіруші түлектерге қабылдау комиссиясына қатысты толық ақпарат берді. Университетте дайындалатын білім беру бағдарламалары бойынша шекті балдарын айтып, қабылданғаннан кейін білім алушыларға қарастырылатын жеңілдіктер туралы атап өтті. Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық бөлімінің маманы университетіміздің тағы бір артықшылығы саналатын академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында мағлұмат берді. Оқушылар Польша, Германия, Португалия, Болгария, Венгрия, Латвия, Түркия тағы басқа шетелдік және отандық жетекші оқу орындарында білім алу мүмкіндіктері туралы ақпаратпен танысты.

6. 2022 жылдың 9 желтоқсанында Маркетинг және мансап департаменті мен Филология факультеті ұйымдастырған ОҚМПУ-нің 85жылдық мерейтойы қарсаңында "Ашық есік " күні өтті. Оқу ордамызбен танысуға келген Шымкент қаласы О.Жолдасбеков атындағы № 9 IT лицей оқушылары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде кәсіптік бағдар бойынша өздеріне керекті мағлұмат алып, университеттің ішкі құндылықтарымен танысты. 7. 2022 жылдың 12-желтоқсанында Шымкент қаласы туризм және сыртқы байланыстар басқармасының «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының бастамасымен Шымкент қаласындағы М.Сапарбаев институтының «Парасат» колледжі мен «Инновациялық-технологиялық» колледжі студенттерін Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің Маркетинг және мансап департаментінің қызметкерлері еліміздің болашақ педагог жастарына толыққанды кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізуді үйлестіру мақсатында университетіміздің білім беру базасы, педагогикалық мамандықтардың артықшылықтары, заманауи мүмкіндіктері мен ерекшеліктері, ЖОО-ның Халықаралық және Республикалық педагогикалық білім беру мекемелерінің арасындағы рейтингі, білім алушыларға берілетін әлеуметтік қолдаулар және ЖОО дайындайтын білім беру бағдарламалары туралы толық жарнамалық ақпараттармен таныстырды.2022-2023 оқу жылының -жарты жылдығында: 2023 жылдың 20 қаңтарында «125 High School Shymkent-2» мектебінің оқушылары университетіміздің оқу базасымен танысты. 2023 жылдың 5 сәуірінде «Demeu Kazakhstan» қайырымдылық қоры іске асырып жатқан «Demeu» әлеуметтік жобасы бойынша Шымкент қаласының мектептерін бітіруші 50 түлек Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде болып, педагогикалық мамандықтар бойынша кәсіби бағдар жұмыстары жүргізілді. 2023 жылдың 17 мамырында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің басқарма төрағасы-ректор Гүлжан Сүгірбаева мен «Digital Road» IT ассоциациясының төрағасы Сержан Ақылбаев өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Алдағы уақытта ОҚМПУ «Digital Road» IT ассоциациясымен бірлесе отырып, университеттегі қызметтер сервисін цифрландыруды, студенттердің цифрлық картасын актуалды сервистермен толықтыруды, үздік ІТ моделдері негізінде бірыңғай сервистік платформа құруды жоспарлауда.2023 жылдың 15 сәуір-2 мамыр аралығында «Мен таңдаған оқу орны» және «Мен болшақ ұстазбын» онлайын байқауы ұйымдастырылды. Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталып, марапатталды. Әлеуметтік желілерді талдау жүйесі арқылы сараптама жүргізу барысында аталған екі конкурс туралы ақпаратты бүгінгі таңда 8,5 мыңнан астам әлеуметтік желі қолданушылары көрген. Яғни ОҚМПУ туралы әлеуметтік жарнама өз жемісін беріп отыр. Қорытындысына сәйкес, үздік жарияланымдар департамент тарапынан әлеуметтік желідегі 10 үздік инстаграм желісіндегі

пабликтерге жарияланды.

Факультеттердің кәсіби бағдар беру бойынша атқарған жұмыстары:

Тарих және педагогика факультеті: Факультеттегі кафедра мұғалімдері Шымкент қаласы бойынша 10 мектепке және Сайрам ауданы бойынша 13 мектепке барып бітіруші түлектермен кездесулер өткізіп, факультет ұсынатын мамандықтар туралы мәліметтермен бөлісті. Сонымен қатар, университетіміздің қысқаша тарихы мен қазіргі жағдайы туралы ақпарат бере отырып, университетімізде оның ішінде факультетімізде дайындалатын мамандықтар туралы мәліметтермен бөлісіп, видеороликтер көрсетіп, буклет қағаздар таратты.
Өнер және білім факультеті: «Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері», «Музыкалық білім» кафедралары Шымкент қаласы бойынша 18 мектепке және Сарыағаш ауданы бойынша 18 жалпы орта мектептерде кездесулер өткізді. Сондай-ақ, «Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері» кафедрасы өздеріне жүктелген Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінде кәсіби бағдар беру жұмыстарын атқарды. Онда университеттің тарихы, факультеттер, білім беру бағдарламалары, ҰБТ таңдау пәндері жайлы ақпарат берілді.

Жаратылыстану факультеті: Шымкент қаласынан 20 мектепке және Сайрам ауданынан 1 мектепке, Түркістан қаласынан 1 мектепке, Мақтарал ауданынан 7 мектепке, Жетісай қаласынан 1 мектепке кәсіби бағдар жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, Жетісу облысынан 1 мектепке үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген. Қысқы демалыс кезеңінде кәсіби бағдар беру жұмыстарына студенттер де тартылып, олар өздері бітірген мектептерге барып, бітіруші түлектермен кездесулер өткізген. Сонымен қатар, мектептерге педагогикалық практикаға кеткен студенттер де осы мазмұндағы шараларды атқарып, бітіруші түлектерге университетіміз жөнінде кең ақпарат берген.

Физика-математика факультеті: Факультет оқытушылары Шымкент қаласындағы 1 мектепке, Арыс қаласындағы 11 мектепке және Төлеби ауданындағы 1 мектепке кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді. Тағы да Шымкент қалалық Авимед колледжі және Асыл-ой колледжінде үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

Филология факультеті: Факультет оқытушылары Шымкент қаласындағы 35 мектепке, Сайрам ауданындағы 3 мектепке, Жетісай қаласындағы 1мектепке, Сарыағаш ауданындағы 2 мектепке, Түлкібас ауданындағы 1 мектепке, Келес ауданындағы 1 мектепке және Отырар ауданындағы 12 мектепке барып, насихат жұмыстарын жүргізіп, оқушылармен кездесіп қайтты. Сондай-ақ, оқытушылар Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжі мен Шымкент көпсалалы колледжінде студенттермен кездесіп, ОҚМПУ және Филология факультеті дайындап шығаратын мамандықтармен таныстырып, мағлұмат берді.


Дене шынықтыру және спорт факультеті: Шымкент қаласындағы 30 мектеп үгіт-насихат жұмыстарымен қамтылған. Магистр-аға оқытушылар Е.Ш.Балабаев пен Ускеналиев А. Бекзат Саттарханов атындағы дарынды балалар спорт мектеп-интернатының бітіруші түлектерімен кездесіп үгіт насихат жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, магистр-оқытушы А.Б.Жұмабаев пен В.В.Сотов «Парасат» колледжінде бітіруші түлектерімен кездесу өткізді.






2. ТҮЛЕКТЕРДІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БОЙЫНШАОҚМПУ 2022-2023 оқу жылында 1351 бакалавр, оның ішінде 863 грант; 240 магистрант, оның ішінде 152 грант, 11 докторант бітіргелі отыр.2022-2023 оқу жылының I -жарты жылдығында: 1. 2022 жылдың 8 қарашасында ОҚМПУ бітіруші курс студенттері Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Әли Комекбаевпен кездесті. Кездесу барысында, спикер Әли Амантайұлы еліміздің өсіп-өркендеуі, халықтың әл-ауқатының артуы, қоғамдағы бірқатар өзекті мәселелердің жақсы жағынан шешілуі мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне тікелей байланыст екендігін, мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талап та, оларға артылатын жүк те, сенім де қазір күшейіп келетіндігін атап өтіп, бітіруші түлектерді мемлекеттік қызметке орналасуға шақырды.Сонымен қатар, департамент басшысы бітіруші түлектерге педагог мамандарға да мемлекеттік қызметке тартылу мүмкіндігінің қарастырылғанын және ауылдан шыққан жастарға ерекше қолдау болатындығын түсіндіріп берді. «Жаңа Қазақстан» жағдайындағы жастарға арналған жаңа мүмкіндіктер аясында бірнеше сұрақтар қойылып, тиісті дәрежеде жауаптар алынды.2. 2022 жылдың 17 қарашасында ОҚМПУ-да Маркетинг және мансап департаментінің ұйымдастыруымен «Қаржы орталығы» Акционерлік қоғамының менеджері Мария Сагитжановна Байсеркешованың  қатысуымен 2023 жылғы университет бітіруші түлектерге (бакалавр, магистратура, PhD доктарантура) ҚР «Білім туралы заңының 47 бабының 17-тармағына және ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №390 қаулысымен бекітілген (толықтыруларды қоса алғанда) жас мамандарды жұмысқа жіберу қағидаларына сәйкес, жұмысты өтеу міндеттері өте жоғары деңгейде түсіндірілді. Университет ректоры Гүлжан Дәулетбекқызы Сүгірбаева кездесуге келген қонақтарды және бітіруші түлектерді ОҚМПУ-дың 85 жылдық мерейлі датасымен құттықтап, осы оқу жылындағы бітіруші түлектер Жаңа Қазақстанның алғашқы жас мамандары екендігін атап өтті. Кездесу барысында бітіруші түлектер тарапынан сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынды. Кездесу нәтижесі бойынша арнайы хаттама түзіліп,  «Қаржы орталығы» Акционерлік қоғамына жолданды.