Файл: 38. Дмтатымды даылдарды трлері. Лавр, кнжіт, корица сімдіктеріні таам дайындаудаы маыздылыы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 87
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
38. Дәм-татымдық дақылдардың түрлері. Лавр, күнжіт, корица өсімдіктерінің тағам дайындаудағы маңыздылығы
Дәм-татымдық дақылдар (қалампыр, бүрыштар, тмин, лавр, күнжіт, корица, ваниль, кардамон, түрлі жаңғақтар) субтропиктік, тропиктік аймақтарда жаппай өсіріледі. Жоғарыда аталған дақылдардың барлығы дерлік халықаралық сауданың маңызды тауарлары болып табылады.
Лавр жапырағы көптеген тамақ түрлерiне айрықша дәм мен хош иiс беретiн таптырмас дәмдеуiштердiң бiрi. Медицина өкiлдерi жүргiзген зерттеулер нәтжесiнде бұл өсiмдiктiң денсаулыққа берер пайдасы мен тигiзетiн залалдары анықталған. Оның пайдасының ең бастысы - адамның иммунитетiн көтеруiнде. Ол әсiресе суық тиiп ауырған кезде өте пайдалы. Лаврдың құрамында ағзадағы зат алмасу қызметiнiң дұрыс жұмыс iстеуiне қажеттi микроэлементтер мол. Сондай-ақ ол ағзаны қалдықтардан тазартатын қасиетке де ие. Кептiрiлген лавр жапырағының тұнбасын iшу бауырдағы тастың түсуiне ықпал етiп, асқазан ауруын емдеп, адамның асқа тәбетiн ашады
Күнжіт Дәнінде 45 – 59% май болады. Оны тағам, кондитер өндірісі, медицина, техника салалары пайдаланады. Күнжіттің әр гектарынан 1,2 – 1,5 ц дән алынады.[1]. Күнжіт, сезам (Sesamum) – өзімен аттас тұқымдасқа жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Дүние жүзінде тропиктік аймақтарда және Оңтүстік Африкада өсетін 20-ға жуық түрі белгілі. Қазақстанда 1 түрі – үнді Күнжіті (S. іndіcum) бар. Бұл биіктігі 1 – 2,5 метрдей, өте тез өсетін бір жылдық өсімдік.
39. Дәрілік өсімдіктерге сипаттама. Дәрілік өсімдіктердің түрлері: асқабақ пен долана өсімдіктерінің химиялық құрамы мен маңыздылығы
Дәрілік өсімдіктер (лат. plantae medicinalis), шипалы өсімдіктер – медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты. Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.
Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар кебіне оны қате пайдаланады. Өз өлкеңіздегі осындай шөптерді зерттеуге тырысыңыз және қайсысының емдік қасиеті бар екенін анықтаңыз.
Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады
Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады:
-
Айыр; -
Алоэ; -
Аралия; -
Арша; -
Асқабақ; -
Ақшайыр; -
Аюқұлақ; -
Бақалақ; -
Бәрпі; -
Валериана; -
Дәрмене;
Асқабақ – ежелден егілетін өсімдік. Антарктидадан басқа кез келген жерде өсе береді және айтарлықтай күтімді қажет етпейді. Сабағы жерге жатып, желі тартып өседі. ... Емдік мақсаттағы және басқа да пайдалы қасиеттерінің маңыздылығын білу. Асқабақтан жасалатын тағамдардың жасалу жолдарын көрсету. ... Асқабақ сабағының ұзындығы 2-10 м, жұмыр, түкті, бұтақты, жайыла өседі. ... Сонымен бірге асқабақ майының құрамында Е дәруменінің көлемі мол, ол ауыстырылмайтын май қышқылдары мен А дәруменіне тоттануға жол бермейді. В тобының дәрумендер кешені А, Е және С дәрімендерімен бірге иммунитеттің нығаюына, көру қабілетінің, тері, шаш пен тырнақтар күйінің жақсаруына көмектеседі.
Асқабақтың құрамында холестерин жоқ, ал 100 граммдағы майдың мөлшері 0,1 г, яғни өсімдіктің жемісі пайдалы микроэлементтердің көп мөлшерімен ғана емес, сондай-ақ диеталық төмен калориялы өнім болғандықтан да бағалы болып табылады. 100 г жемістің құрамында 22 ккал бар, оның ішінде 0,9 ккал - май. Зауыттың жемістері бай дәрумен кешенін қамтиды
Долана – Қазақстанның таулы аймақтарында жиі кездеседі. Раушан гүлділер тұқымдасына жатады. Табиғатта мыңнан астам түрі болғанымен, оның 200-ге жуығы ғана кең таралған. Тікенекті бұталы өсімдік немесе шағын ағаш түрінде кездесетін долананың биіктігі шамамен 2-8 м болып келеді. Жапырақтарының ұзындығы - 6 см, ені - 4-5 см көлемінде. Барлық сұрыптары көктемде қалың гүл ашады. Гүлдері қызыл, ақ, қызғылт түсті болады. Мамыр айының соңында гүлдері шыға бастайды да, маусымның ортасына таман гүлдеп бітеді
40. Дәм-татымдық дақылдардың түрлері. Ваниль, кардамон және түрлі жаңғақтардың биологиялық құндылығы
Дәм-татымдық дақылдар (қалампыр, бүрыштар, тмин, лавр, күнжіт, корица, ваниль, кардамон, түрлі жаңғақтар) субтропиктік, тропиктік аймақтарда жаппай өсіріледі. Жоғарыда аталған дақылдардың барлығы дерлік халықаралық сауданың маңызды тауарлары болып табылады.
Ваниль (лат. Vanilla planifolia) – сүйсіндер тұқымдасына жататын өсімдік. Ванильдің хош иісті жемісі парфюмерия мен кондитер өнеркәсіптерінде пайдаланылады. Ванильдің шыққан жері Мексика, ваниль қолмен тозаңдатылады. Жемісі піспей-ақ жинала береді. Оның құрамында: ванилин—1,2—2,7 %, қант—7,7 %, эфир майы—0,62 %, жәй май мен балауызы — 8,2 %, азотты зат—3,7 %, азотсыз зат—28,8 %
Барлық уақытта ваниль күшті афродизиак болып саналды. Ванильдің тарихы алғаш рет ванильді Мексика шекарасында өмір сүрген ежелгі үндістер тағамға қоса бастады. 15 ғасырда тайпалар ацтектерге ванильді бұршақтармен алым төлей бастағаннан кейін, дәмдеуіш бүкіл континентте үлкен даңққа ие болды. Сол күндері ваниль негізінен сусынның дәмін жағымды ету үшін какаоға қосылды. Сондай ақ бұл коктейль махаббат эликсирі болып саналды
Кардамон - "нағыз кардамон" деп аталатын және зімбірге жататын шөптесін өсімдіктің піспеген жемісі. Дәмдеуіш әлемдегі ең қымбат деп саналады және кейбір елдерде тіпті дәмдеуіштер патшайымы деп аталады. Кардамонды өңдеу арнайы ережеге сәйкес жүзеге асырылады: өсімдік қораптары жиналады, содан кейін кептіріледі. Олар суланғаннан кейін қайтадан кептіріледі. Дайын өнім-өлшемі 15 мм-ден аспайтын үшбұрышты ақ капсулалар.
41. Дәрілік өсімдіктерге сипаттама. Дәрілік өсімдіктердің түрлері: жалбыз бен жолжелкен өсімдіктерінің химиялық құрамы мен маңыздылығы
Дәрілік өсімдіктер (лат. plantae medicinalis), шипалы өсімдіктер – медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты. Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады.Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі.Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады .
Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.
Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар кебіне оны қате пайдаланады. Өз өлкеңіздегі осындай шөптерді зерттеуге тырысыңыз және қайсысының емдік қасиеті бар екенін анықтаңыз.
Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады
Дәрілік өсімдіктердіӊ бірі - жалбыз. Ол - хош иісті, көп жылдық шөптесін өсімдік. Солтүстік қоӊыржай ендікте көп тараған. КСРО-да 20-дан астам түрі өседі. Қазақстанда жалбыздыӊ 9- түрі өседі. Сабағы тік, жапырақтары қарама қарсы орналасқан болады. Оныӊ дала жалбыз, су жалбызы, бұйра жалбыз, кермек немесе бұрыш жалбыз секілді маӊызды түрлері бар. Дала жалбызы суармалы жерлерде, өзен, көл, бұлақ маӊында, шалғындықтар мен тоғайларда, арық бойында өседі. Оны сабынныӊ иісін жақсарту үшін пайдаланады, дәрілік те маӊызы бар. Ал кермек жалбыздыӊ жапырағы мен гүл шоғынан жалбыз эфир майы алынады. Бұл майдыӊ негізгі құрам бөлігі - ментол. Ментол парфюмерия, косметика кондитер, кондитер, тамақ өнеркәсібінде, сондай- ақ тіс порошогы мен пастасын жасауда пайдаланылады. Жүрек тамыр жүйесі ауруларына қарсы қолданылатын дәрі Валидол осы ментолдан алынады.
Жолжелкен (Psyllіostachys) – қорғасыншөптер тұқымдасынажататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда шөлді, таулы аймақтардың сор, сортаңды, құмды, тақырлы жерлері мен сексеуіл өскен алқаптарда кездесетін 2 түрі (жіңіщке масақты жолжелкен,Суворов жолжелкені) бар. Олардың биіктігі 5 – 50 (80) см. Жапырақтары тамыр түбінен шығады, қанат тәрізді тілімденген. Тостағанша жапырақшалары түтікті, бес қалақты, түкті. Күлтесі шұңқырлау.
42. Дәрілік өсімдіктерге сипаттама. Дәрілік өсімдіктердің түрлері: жусан мен қаражидек өсімдіктерінің химиялық құрамы мен маңыздылығы
Дәрілік өсімдіктер (лат. plantae medicinalis), шипалы өсімдіктер – медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты. Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады.Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі.Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады .
Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған
Жусан (лат. Artemisia) – астралылар тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір немесе екі жылдық шөптесін өсімдіктер тегі, көбіне шала бұта. Қазақстанның барлық жерінде – шөл-шөлейтті далада, таулы жерлерде өсетін 81 түрі бар. Жусанның биіктігі 10 – 60 см, кейде 1,5 – 2 м-дей болады. Сабағы тік немесе жерге жайылып өседі. Жапырағы кезектесіп орналасқан, қауырсын тәрізді, шеті тілімденген, кейде бүтін жиекті.
Жусанның дәрілік түрлерінен дәріге жарамайтын түрлерін ажырату оп-оңай. Дәріге жарамайтын жапырақтардың астыңғы беті күмістей жалтырап тұрады да, үсті қоңыр, жасыл болады.
Жусанда абсинтин және анабсинтин дейтін екі түрлі ащы глюкозид, С витамині, аздаған тері илерлік заттар, 0,5% эфир майы болады. Майының түсі жасыл, көк, улы келеді.
Жусанның фироцидтік қасиеті бар. Оның ерітіндісін езінді не шай ерітіндісі түрінде тәбет ашу үшін және асқазанның жұмысын жақсарту үшін ішеді. Жусан дәрілерін дәрігердің ұйғаруымен ғана ішу керек.
ХVII ғасырда Ресейде жусанның шырынын жараларды тазалап, тез жазу үшін пайдаланған. Жусан шырынына малынған орамалдармен жараны ертенді-кеш таңып отырған.
Халық арасында жусанды қайнатып ұстамалы қызбаға, ішекке газ жиналғанда, клизма ретінде ішек құртын түсіруге компресс қойып жарақаттарды емдеуге қолданған. Жусан көбінесе шалфей, жалбыз шөптері мен күнбағыс жапырақтарына араластырылып, адам ұстамалы қызба ауруына душар болған кезінде пайдаланылады.