Файл: 38. Дмтатымды даылдарды трлері. Лавр, кнжіт, корица сімдіктеріні таам дайындаудаы маыздылыы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 276
Скачиваний: 1
Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар кебіне оны қате пайдаланады. Өз өлкеңіздегі осындай шөптерді зерттеуге тырысыңыз және қайсысының емдік қасиеті бар екенін анықтаңыз. Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға боладыАсқабақтар тұқымдасы (лат. Cucurbitáceae) – қос жарнақты бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер тұқымдасының ғылыми атауы. Кейде бұта не кішігірім ағаш түрінде өседі.90 туыс, 700 түрді біріктіреді. ТМД елдерінде табиғи 29 және мәдениетті түрлерінен 5 туыс түрлері, Қазақстанда – 4 туыс, 6 түр өсіріледі. Асқабақтар ылғалды және қоңыржай құрғақ Азия, Африка және Американың тропикаларында өседі. Қоңыржай климатты елдерде шектеулі түр сандары кездеседі, олар асқабақ, қияр, қауын сорттарының түрлерімен белгілі. Асқабақтар - өрмелегіш өсімдіктер, жапырақтары кезекті, жай, саусақ салалы жүйкеленген. Әрбір жапыраққа сол буыннан қарама-қарсы бұтақталған немесе бқұтақталмаған шығу тегі сабақ мұртшалары қандай да бір тіректі шырмала өседі.Гүлдері актиноморфты, дара жынысты, бір үйлі, кейде қос үйлі. Гүл қоршауы қосарлы, бес мүшелі, тостағаншасы азды көпті кіріккен; күлтелері біріккенкүлте. Аталық гүлдерінде андроцейі 2 аталықтан, олардың 4-нің жібі жұбымен өседі. Аналық гүлде аталықтары редукцияланған. Гинецейі ценокарпты, 3 кіріккен жемісжапрақшадан түзілген. Түйіні төменгі, бір ұялы, үш қабырғала плаценталы. Тұқымбүрі көптеген. Бағаналары кіріккен, бірақ аналық аузы жемісжапрақшаларының санына тең.Көптеген асқабақтардың құрамында әртүрлі физиологиялық әсері бар кукурбитацин заты болады. Тұқымдас жемісі тамаққа қолданылатын бақшада өсетін түрлерімен бағалы. Өкілдері: қарбыз, қауын, асқабақ, люффа. Көкөністік өкілі – қиярАсқабақтар тұқымдасының Қазақстанда 9 туысы, оның ішінде қауын, қарбыз, асқабақ, қияр, сәнқабақ, қабақ қолдан егілсе, ал атпақияр, итжүзім, қоңыраусары жабайы түрде өседі. Асқабақтар тұқымдасы бағалы бау-бақшалық, тағамдық, сондай-ақ мал азықтық, дәрілік, сәндік өсімдіктер болып бөлінеді. Кейбір түрлерінің тұқымдарынан тағамдық және техникалық май алынады, ал кейбір түрлерінен арнайы ыдыстар (ожау, т.б.) жасалынадыТаңқурай (лат. Rubus idaeus)- раушангүлділер
тұқымдасының бір түрі. Биіктігі 1—3 м, сабағы тікенді, жапырағы қалың, атпа тамырлы, көп жылдық шала бұта. Жемісі сүйекті, түсі қызыл, сары. Жемісінің құрамында қант, пентон, органикалық қышқылдар, С, А, В витаминдері, хош иісті заттар бар. Жемісін жеуге және тосап, шырынсу, шырын, шарап, т.б. дайындауға пайдаланадыТаңқурай құрамында адам ағзасы үшін пайдалы заттар өте көп, атап айтқанда: аскорбин қышқылы, глюкоза, органикалық қышқылдар, спирттер, кетондар, ақуыздар, пектиндер, азот қоспалары, илік заттар,С, А, В топ дәрумендері. Таңқурайдан жасалған қайнатпаны дене қызуын түсіруге, несеп жүргізуге, бүйрек тасын шығаруға, іш ауруына, қант диабетіне, өт айдауға пайдаланады. Гемоглобин мөлшерін арттыру, қан тоқтату, суық тигенде дене қызуын басуға, іш тоқтатуға, қан аздыққа, жүйке ауруларына, бронхитке, жөтелге қарсы қолданады. Таңқурай жемісін табиғи қалпында немесе кептірілген күйінде қайнатып, сусын жасап, қыста тұмау кезінде пайдаланады. Әсіресе, тибет медицинасында таңқурайдың жапырағы, жемісі және сабағы қолданылады. Жапырақтарын бұқтырып шайдың орнына ішеді. Сонымен қатар таңқурайдан тосап, сусын, шырын, джем жасайды. Кондитерлік тағамдарға қосады.47. Бал өнімдері алынатын өсімдіктерге жалпы сипаттама. Бал алынатын өсімдік түрлері: Қарамық - (Fagopyrum- гречиха), беде (Trifolium repens- Белый клевер) өсімдігінің химиялық құрамыАра балы, бал — жоғары калориялы дәмді, диеталық тағам.Жұмысшы бал арасының гүлді өсімдіктердің шырынынан өңдеп шығарған өнімі, қоймалжың, тәтті сұйық. Ара балы бір шырынды және көп шырынды болып бөлінеді. Бір шырынды бал – тек өсімдіктің бір түрінен ғана жиналған шырын. Оны өсімдіктің түріне (қарақұмық балы, жөке ағаштың балы, т.б.) қарай атайды. Көпшырынды бал – өсімдіктердің бірнеше түрінен жиналған шырын. Мұндай балды табиғи бал беретін өңірлерге байланысты (дала балы, тау балы, бақ балы, т.б.) әртүрлі атайды. Балдың химиялық құрамы шырын жинаған өсімдіктердің түріне, топырағына, ауа райының жағдайына және балдың түрлеріне байланысты болып келеді. Ара балының сапасын негізінен хош иісі, дәмі, түсі, тығыздығы, ылғалдылығы, қоректік және жабысқақтық қасиеттері арқылы ажыратылады.Бал – қуаты жоғары тамақтық азық. Оның 1 кг-ы 3250 кал. қуат береді. Бал адам организмін витаминдермен, ақуызбен, ферменттермен, т.б. тіршілікке қажетті заттармен байытады. Сондай-ақ балды асқазан, бауыр, бүйрек, жүрек, өкпе, жүйке ауруларын емдеуге және суық тигенде қолданады. Ара
балын косметикада, дәрі жасау өндірісінде пайдаланады. Балды құрғақ, жақсы желдетілген бөлмеде 5оС-тан 10оС-қа дейінгі температурада сақтайды
Беде [1](Тrіfolіum) – бұршақтар тұқымдасына жататын көп жылдық кейде бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Солт. жарты шардың қоңыржай белдеулерінде, сирек Оңт. Америка мен тропиктік Африкада кездесетін 200-ге жуық түрі белгілі. Республиканың барлық жерінде, шалғындықтарда, ойпаң жерлерде, өзен, жол бойларында, тау бөктерлерінде өседі. Жиі тараған түрі – қызылбас беде (Т. pratense). Оның биікт. 15 – 50 см-дей, сабағы жұмыр, тамыры жуан болады. Жапырағы күрделі, 5 – 9 жапырақшалары бар. Гүлі ұсақ қызыл, қызғылт, сары не ақ түсті, шар тәрізді домалақ немесе сопақша келген шашақ гүлшоғырға топталған. Жемісі – бұршақ, оның 1 – 2, кейде 3 – 6 дәні бар. Мамыр – тамыз айларында гүлдейді. Б-ні таза күйінде немесе еркек шөппен, бидайықпен, тарғақшөппен қосып себеді. Бұл жағдайда ол мол өнім береді әрі мал сүйсініп жейді. Б-нің құрамында протеин, каротин, витамин, азотсыз заттар, клетчатка, май, күл және фосфор көп болады, жылына 3 – 4 рет орылады. Б-нің топырақтың сортаңданбауына, эрозияға қарсы күресте тигізетін әсері зор, сонымен қатар гүлдеген кезінде одан жақсы бал жиналады.
-
Бал өнімдері алынатын өсімдіктерге жалпы сипаттама. Бал алынатын өсімдік түрлері: Кенешөп (Сannabis- канопля), көк гүлкекіре (Centaurea cyans- Василек синий) өсімдігінің химиялық құрамы
Егістік кене шөп (лат. Cánnabis satíva) - қарасора тұқымдасына жататын өсімдіктердің жалғыз түрі (Cannabaceae).Қазіргі уақытта есірткінің таралуын болдырмау мақсатында әлемнің көптеген елдерінде өсіру қатаң реттеледі.Қарасора тұқымында негізінен қанықпаған май қышқылдарының (линол, линолен және май) глицеридтерінен тұратын 30-38% май майы бар. Ақуыздар, аминқышқылдары (гликол, аланин, валин, лейцин, изолейцин, фенилаланин, треонин, тирозин, аспаргин қышқылы, тригонеллин, оксипролин және басқалары), көмірсулар, квебрахт спирті, фенол қосылыстары (каннабинол және каннабидиол) және алкалоидтардың іздері де табылдыТарының ботаникалық сипаттамасы, түрлері мен өсіру тәсілдері. Дəннің құрылысы жəне химиялық құрамыБалдың химиялық құрамы мен қасиеттері. Балдың адам өміріндегі маңызыКөк гулкекіре гүлі-сипаттамасы, қасиеттері, қолданылуы, таралуы, қарсы көрсетілімдері. Дәрілік өсімдіктердің толық энциклопедиясы! ! ... Химиялық құрамы. Жүгері гүлдерінің құрамында антоцианин гликозидтері (цианидин және пеларгонидин диклюкозидтері), флавон гликозидтері (апигенин, лютеолин туындылары), флавонолдар (кверцетин глюкозид, 3-метил-кемпферол, рутин, цикорн), С дәрумені, каротин, таниндер, эфир майы, шырыш, полиацетилен қосылыстары, макро - және микроэлементтер (мыс жинайды, селен, мырыш). антоцианиндер: цианин, пеларгонидин гликозидтері, сондай-ақ апигенин, лютеолин, кверцетин және кемпферол туындыларымен ұсынылған флавоноидтар. Сонымен қатар, кумариндер (цикорнин), таниндер, аздап эфир майы, ащы гликозидтер бар.
-
Тарының ботаникалық сипаттамасы, түрлері мен өсіру тәсілдері. Дәннің құрылысы және химиялық құрамы