Файл: Тестілік тапсырма таырыбы Хирургиялы инфекцияны алдын алу. Асептика і нса.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 227
Скачиваний: 6
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ТЕСТІЛІК ТАПСЫРМА
Тақырыбы:«Буын шығуы. Сүйек сынығы»
І - нұсқа
1. СЫНЫҚТАР ДЕГЕНІМІЗ:
А) жұмсақ тканьдердің жарақаты
Б) буын жарақаты
В) сүйек тканьдердің жарақаты
Г) сүйек тканінің қабынуы
2. ЖАРАҚАТТЫҚ АУРУЛАРДЫҢ ІШІНДЕ СҮЙЕК СЫНЫҒЫМЕН ЗАРДАП ШЕГЕНТІНДЕРДІҢ ҮЛЕСІ:
А) 1%
Б) 5 %
В) 7 %
Г) 10 %
Д) 15%
3. АСЕПТИКАЛЫҚ ҚАБЫНУ КЕЗЕҢІНІҢ ҰЗАҚТЫҒЫ:
А) 1-2 тәулік
Б) 2-3 тәулік
В) 7-10 тәулік
Г) 10-15 тәулі
Д) 15-21 тәулік
4. БІРІНШІЛІК СҮЙЕК СҮЙЕЛІНІҢ ТҮЗІЛУ МЕРЗІМІ:
А) 1-2 апта
Б) 3-4 апта
В) 4-5 апта
Г) 5-6 апта
Д) 6-7 апта
5. СҮЙЕК СҮЙЕЛІНІҢ ТҮЗІЛУ КӨЗІНЕ ЖАТПАЙДЫ:
А) эндост жасушалары
Б) эпителиальді жасушала
В) периост жасушалары
Г) параоссальды тіндер
Д) Гаверсов өзекшелерінің жасушалары
6. СҮЙЕК СЫНҒАНДА ЖӘНЕ БІТІСКЕНДЕ БОЛАТЫН ГИСТОЛОГИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ ЖАТПАЙДЫ:
А) асептикалық қабыну кезеңі
Б) дәнекер тінінің қалыптасу кезеңі
В) сүйек сүйелінің архитектуралық қайта құрылу кезеңі
Г) эпителизация кезеңі
Д) сүйектің түзілу кезеңі
7. СҮЙЕК СЫНҒАНДА ДАМИТЫН АБСОЛЮТТІ БЕЛГІЛЕР:
А) ауру сезімі
Б) ісіну
В) аяқ –қолың қысқаруы
Г) сынық ұштарының крепитациясы
8. СҮЙЕК СЫНЫҒЫНДА МҮМКІН БОЛАТЫН КЛИНИКАЛЫҚ БЕЛГІЛЕР:
А) ауыру сезімі
Б) гиперемия
В) патологиялық қозғалғыштық
Г) деформация
9. ЫҒЫСПАҒАН СЫНЫҚТАРДЫ ЕМДЕУ ӘДІСТЕРІ:
А) гипс таңғышымен бекіту
Б) қаңқалық тарту
В) еңкейтілген жазықтықта тарту
Г) компрессионды- дистракционды остесинтез
10. ТАСЫМАЛДАУ ҚҰРАЛДАРЫНА ЖАТПАЙДЫ:
А) гипс таңғышы
Б) Крамер құрсауы (шинасы)
В) Дитерихс құрсауы
Г) құрастырылған құрсау
11. БУЫН ШЫҒУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БЕЛГІСІ:
А) буын аймағындағы өзгеріс, қимылдың азаюы
Б) сүйек басының буын сыртында тұруы
В) ауру сезімі
Г) қимыл жоқ
12. АЯҚ-ҚОЛДЫҢ СЫНЫҚТАРЫНДА ДЕФОРМАЦИЯЛАНУДЫҢ СЕБЕБІ:
А) ауру сезімі
Б) ісіну
В) сынық ұштарының ығысуы
Г) қан кету
13. ПАТОЛОГИЯЛЫҚ СЫНЫҚТАРДЫҢ СЕБЕБІ:
А) туберкулез
Б) соғып алу
В) сүйектің туа пайда болған деформациясы
Г) қан кету
14. ТЕК ҚАНА СҮЙЕК СЫНЫҒЫНА ТӘН БЕЛГІ:
А) гематома
Б) ісіну
В) сынық ұштарының крепитациясы
Г) аяқ-қолдың қызметінің бұзылуы
15. ЖИІ ҚАЙ БУЫН ШЫҒАДЫ?
А) шынтақ
Б) иық
В) сан
Г) тізе
ТЕСТІЛІК ТАПСЫРМА
Тақырыбы:«Буын шығуы. Сүйек сынығы»
І І - нұсқа
1. ТОҚПАН ЖІЛІК СЫНҒАНДА ТАСЫМАЛДАУ ИММОБИЛИЗАЦИЯСЫНЫҢ ШЕКАРАСЫ:
А) білек – зақымдалған жақтағы иық
Б) білезік буыны- зақымдалған жақтағы жауырын
В) зақымдалған жақтың қол басы – сау жақтағы жауырын
Г) зақымдалған жақтың саусақтары- сау жақтағы жауырын
2. СЫНЫҚТАРДА ГИПСТІК ТАҢҒЫШ ҚАНША УАҚЫТҚА САЛЫНАДЫ?
А) 2 аптаға
Б) біріншілік сүйек мүйізгегі пайда болғанға дейін
В) нақты сүйек мүйізгегі пайда болғанға дейін
Г) 2 айға
3. ҚАҢҚАДАН ТАРТУ ДЕГЕНІМІЗ:
А) сынған сүйекті салмақпен тарту
Б) көлденең жазықтықта тарту
В) гипсті таңғыш салу
Г) каркас астында емдеу
4. ЫҒЫСПАҒАН СЫНЫҚТЫҢ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІН АТАҢЫЗ:
А) ісіну
Б) деформация
В) осы бойынша күш түсіруді көтере алмау
Г) пальпациялағанда ауыруы
5. ҮЙРЕНШІКТІ БУЫН ШЫҒУЫ ЖИІ МЫНА АЙМАҚТА БОЛАДЫ:
А) шынтақ буынында
Б) иық буынында
В) тізе буынында
Г) тобық буынында
6. БУЫН ШЫҒУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БЕЛГІСІ:
А) ауру сезімі
Б) ісіну
В) белсенді қозғалыстардың болмауы
Г) серіппелі фиксация
7. ТУА ПАЙДА БОЛҒАН БУЫН ШЫҒУЫНЫҢ СЕБЕБІ:
А) жатыр ішінде жарақат алу
Б) босану кезіндегі патология
В) сүйек пен байлам аппараттарын бұзатын аурулар
Г) буын беттерінің толық жетілмеуі
8. НАУҚАСТА АШЫҚ СЫНЫҚ АНЫҚТАЛДЫ. АЛҒАШҚЫ КӨМЕК НЕДЕН БАСТАЛАДЫ?
А) ауру сезімін басу
Б) иммобилизациялау
В) қан кетуді тоқтату
Г) жараға стерильді таңғыш салу
9. ТЕК ҚАНА БУЫН ШЫҒУЫНА ТӘН БЕЛГІЛЕР:
А) ауру сезімі
Б) аяқ-қол қысқаруы немесе ұзаруы мүмкін
В) «бос шұңқыр» белгісі оң
Г) аяқ-қолдың қызметінің бұзылуы
10. СҮЙЕК СЫНЫҚТАРЫНЫҢ НАҚТЫ БЕЛГІЛЕРІ:
А) патологиялық қозғалғыштық
Б) ауру сезімі
В) ісіну
Г) аяқ-қолдың қызметінің бұзылуы
11. ПАТОЛОГИЯЛЫҚ БУЫН ШЫҒУЫНЫҢ СЕБЕБІ:
А) туа пайда болған
Б) жарақат әсері
В) «ескірген»
Г) сүйек пен байлам аппараттарын бұзатын аурулар
12. СЫНЫҚ ҰШТАРЫН ҚАЙ ЖЕРДЕ ЖӘНЕ ҚАШАН РЕПОЗИЦИЯЛАЙДЫ?
А) жарақат алған жерде
Б) операциялық бөлмеде
В) қайта таңу бөлмесінде
Г) босану бөлмесінде
13. ПАТОЛОГИЯЛЫҚ СЫНЫҚТЫҢ ДАМУЫНА ӘКЕЛЕТІН СЕБЕП:
А) жарақат
Б) остеомелит
В) туа пайда болған
Г) суықтану
14. ҚАҢҚАДАН ТАРТУ ҚАНША САҒАТ ЖҮРГІЗІЛЕДІ?
А) 2 аптаға
Б) біріншілік сүйек мүйізгегі пайда болғанға дейін
В) нақты сүйек мүйізгегі пайда болғанға дейін
Г) 2 айға дейін
15. «ИНТЕРПОЗИЦИЯ» ДЕГЕНІМІЗ:
А) жалған буынның пайда болуы
Б) аяқ-қол қысқаруы
В) сынған сүйек арасында жұмсақ тканьдердің қалуы
Г) сүйек ұштарының ығысуы
ТЕСТІЛІК ТАПСЫРМА
Тақырыбы:«Хирургиялық инфекция. Жедел аэробты инфекция»
І - нұсқа
1. ХИРУРУГИЯЛЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫ ЖИІ ТУҒЫЗАТЫН МИКРООРГАНИЗМ:
А) стрептококк
Б) стафилококк
В) көк іріңді таяқша
Г) ішек таяқшасы
2. СЫЗДАУЫҚ ДЕГЕНІМІЗ:
А) шаш түбінің қабынуы
Б) май бездерінің қабынуы
В) тер бездерінің қабынуы
Г) тері асты шел қабатының қабынуы
3. ГИДРАДЕНИТ ДЕГЕНІМІЗ:
А) шаш түбінің қабынуы
Б) май бездерінің қабынуы
В) тер бездерінің қабынуы
Г) тері асты клетчаткасының қабынуы
4. ШИҚАННЫҢ ИНФИЛЬТРАЦИЯ САТЫСЫНДАҒЫ ЕМІ:
А) іріңдікті пункциялау
Б) новокаинді тосқауыл және антибиотиктер енгізу
В) кеңірек ашып, дренаждау
Г) Вишневский линиментімен таңғыш салу
5. ГИДРАДЕНИТТІҢ ЖҰМСАРУ САТЫСЫНДАҒЫ ЕМІ:
А) іріңдікті пункциялау
Б) новокаинді тосқауыл және антибиотиктер енгізу
В) кеңірек ашып, дренаждау
Г) Вишневский линиментімен таңғыш салу
6. ШИҚАНДЫ КЕСІП АШУДА ЖИІ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЖАНСЫЗДАНДЫРУ ӘДІСІ:
А) инфильтрационды
Б) өткізгіштік
В) интубационды
Г) көк тамырлық
7. АБСЦЕСС ДЕГЕНІМІЗ:
А) іріңнің шектеліп жиналуы
Б) тер және сүт бездерінің іріңді қабынуы
В) буындардың іріңді қабынуы
Г) тері асты шел қабатының жайылмалы қабынуы
8. АБСЦЕССТІҢ ИНФИЛЬТРАЦИЯ САТЫСЫНДАҒЫ ЕМІ:
А) новокаинді тосқауыл және антибиотиктер енгізу
Б) кеңірек кесіп дренаждау
В) іріңдікті пункциялау, қуысқа антибиотик енгізу
Г) дымқыл қыздыратын компресс қою
9. ФЛЮКТУАЦИЯ ДЕГЕНІМІЗ:
А) мимикалық бұлшық еттердің тырысып жиырылуы
Б) шайнау бұлшық еттерінің тырысып жиырылуы
В) дененің барлық бұлшық еттерінің тырысуы
Г) инфильтраттың ортасында жұмсарудың дамуы
10. ТІЛМЕДЕГІ ТЕРІНІҢ ТҮСІ:
А) шекарасы нақты алқызыл түсті гиперемия
Б) жайылмалы алқызыл түсті гиперемия
В) цианоз
Г) бозарған
11. ЖЕДЕЛ ГЕМАТОГЕНДІ ОСТЕОМИЕЛИТ ДЕГЕНІМІЗ ..... ҚАБЫНУЫ:
А) саусақтың
Б) тізе буынының
В) сүйек майының
Г) көк тамырдың
12. АБСЦЕССТІ КЕСІП АШҚАН СОҢ САЛЫНАТЫН ТАҢҒЫШ:
А) Вишневский линиментімен
В) 10% натрий хлоридінің гипертониялық ерітіндісімен
В) құрғақ асептикалық
Г) 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісімен
13. ТІЛМЕНІҢ ЭТИОТРОПТЫ ЕМІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ПРЕПАРАТ:
А) ацетилсалицил қышқылы
Б) Вишневский линименті
В) қызыл май
Г) пенициллиннің натрий тұзы
14. ЖЕДЕЛ ГЕМАТОГЕНДІ ОСТЕОМИЕЛИТТІҢ ХИРУРГИЯЛЫҚ ЕМІНДЕГІ НЕГІЗГІ ӘДІС:
А) остеоперфорация
Б) остеосинтез
В) қаңқадан тарту
Г) ампутация
15.ШИҚАНЫ БАР НАУҚАСТЫҢ БАСЫМДЫ ПРОБЛЕМАСЫ:
А) ұйқысыздық
Б) шиқан аумағындағы ауру сезімі
В) өзінің жағдайынан қорқу
Г) жарақаттанған аймақта қозғалыстың шектелуі
ТЕСТІЛІК ТАПСЫРМА
Тақырыбы:«Хирургиялық инфекция. Жедел аэробты инфекция»
ІІ - нұсқа
1. КАРБУНКУЛ ДЕГЕНІМІЗ ..... ҚАБЫНУЫ:
А) бірнеше шаш түбінің, тері асты май қабатының
Б) тер бездерінің
В) лимфа түйіндерінің
Г) тері асты шел қабатының
2. ЛИМФАДЕНИТ ДЕГЕНІМІЗ .... ҚАБЫНУЫ:
А) бірнеше шаш түбінің, тері асты май қабатының
Б) тер бездерінің
В) лимфа түйіндерінің
Г) тері асты шел қабатының
3. ТІЛМЕНІҢ ҚОЗДЫРҒЫШЫ:
А) ішек таяқшасы
Б) стрептококк
В) стафилококк
Г) сіреспе таяқшасы
4 ГИДРАДЕНИТ ЖИІ ҚАЙДА ОРНАЛАСАДЫ?
А) шат қатпарында
Б) мойын аймағында
В) арқасында
Г) қолтықта
5. ЛИМФАНГИИТІҢ ТҮРІ:
А) торлы
Б) гематогенді
В) эритематозды
Г) жарақаттық
6. ГИДРАДЕНИИТТІҢ ДАМУЫНА ӘКЕЛЕТІН ҚАУІП-ҚАТЕР ФАКТОРЫ:
А) тамақты көп ішу
Б) жеке тазалықты сақтамау
В) гипервитаминоз
Г) терінің құрғауы
7. ШИҚАННЫҢ ЖҰМСАРУ САТЫСЫНДАҒЫ ЕМІ:
А) ыстық спиртті компресс
Б) новокаинді тосқауыл және антибиотиктер енгізу
В) іріңдікті пункциялау
Г) кеңірек ашып, дренаждау
8. ГИДРАДЕНИТТІ КЕСІП АШУДА ЖИІ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЖАНСЫЗДАНДЫРУ ӘДІСІ:
А) инфильтрационды
Б) өткізгіштік
В) көк тамырлық
Г) интубациялық
9. ФЛЕГМОНА ДЕГЕНІМІЗ:
А) іріңнің шектеліп жиналуы
Б) шаш түбінің қабынуы
В) май безінің қабынуы
Г) тері асты шел қабатының қабынуы
10. АБСЦЕСС ЖӘНЕ ФЛЕГМОНАДАҒЫ АЛҒАШҚЫ КӨМЕК:
А) дымқыл ысытатын компресс
Б) пункциялап, антибиотиктерді енгізу
В) кеңірек кесіп, дренаждау
Г) новокаинді тосқауыл және антибиотиктер енгізу
11. ЖЕДЕЛ ХИРУРГИЯЛЫҚ СПЕЦИФИКАЛЫҚ ЕМЕС ИНФЕКЦИЯНЫ ЖИІ ТУДЫРАДЫ:
А) ішек таяқшасы
Б) стрептококк
В) стафилококк
Г) сіреспе таяқшасы
12. ОСТЕОМИЕЛИТТІҢ ТҮРІ:
А) эритематозды
Б) булезді
В) бағаналы
Г) гематогенді
13. ЖЕДЕЛ ГЕМАТОГЕНДІ ОСТЕОМИЕЛИТТЕГІ ФЕЛЬДШЕРДІҢ ТАКТИКАСЫ:
А) құрғақ жылы, бақылау
Б) станционарлы ем, антибиотикотерапия
В) иммобилизация, жедел госпитализация
Г) жарақаттану бекетіне жолдама беру
14. НЕКРОЗДЫ ӨЗЕКТІ АЛЫП ТАСТАУ ҚАЙ АУРУДЫҢ ЕМІ:
А) абсцесс
Б) сыздауық
В) гидраденит
Г) лимфаденит
15. ТІЛМЕСІ БАР НАУҚАСТЫҢ КҮТІМІНЕ МЕЙІРБИКЕ НЕНІ ҚОСАДЫ
А) қан қысымын өлшеу
Б) тәуліктің диурездің мөлшерін өлшеу
В) калий перманганаты ерітіндісімен
Г) жарақаттанған тері аймағына ультра күлгін сәулені қолдану
ТЕСТІЛІК ТАПСЫРМА
Тақырыбы: “Хирургиялық операция”
1. НАУҚАС АУРУХАНАҒА ТҮСКЕН СОҢ БІРДЕН ЖАСАЛАТЫН ОПЕРАЦИЯ:
А) экстренді
Б) жедел
В) жоспарлы
2. ЗАҚЫМДАЛҒАН МҮШЕ ТОЛЫҒЫМЕН АЛЫП ТАСТАЛАТЫН ОПЕРАЦИЯ:
А) диагностикалық
Б) радикальді
В) паллиативті
3. АМБУЛАТОРИЯДА ЖАСАЛАТЫН ОПЕРАЦИЯ:
А) үлкен
Б) кіші
В) паллиативті
Г) радикальді
4. МҮШЕНІҢ АЛЫНЫП ТАСТАЛҒАНЫН БІЛДІРЕТІН ЖАЛҒАУ:
А) эктомия
Б) томия
В) стомия
Г) пексия
5. ҚУЫСТЫҢ АШЫЛҒАНЫН БІЛДІРЕТІН ЖАЛҒАУ:
А) эктомия
Б) стомия
В) пексия
Г) томия
6. БУЫН ДЕҢГЕЙІНДЕ АЯҚ-ҚОЛДЫ КЕСУ ОПЕРАЦИЯСЫ ҚАЛАЙ АТАЛАДЫ?
А) резекция
Б) ампутация
В) экзартикуляция
Г) буынды орнына салу
7. СҮЙЕККЕ САҢЫЛАУ ЖАСАУ МАҚСАТЫНДА ЖАСАЛАТЫН ОПЕРАЦИЯ:
А) ампутация
Б) экзартикуляция
В) резекция
Г) буынды орнына салу
Д) трепанация
8. ҚАНСЫЗ ОПЕРАЦИЯНЫ АТАҢЫЗ?
А) экзартикуляция
Б) ампутация
В) резекция
Г) буынды орнына салу
Д) трепанация
9. ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ОШАҚТА МАНИПУЛЯЦИЯНЫ ЖҮРГІЗУМЕН СИПАТТАЛАТЫН ОПЕРАЦИЯНЫҢ ЭТАПЫ:
А) оперативті әдіс
Б) қорытынды этап
В) оперативті тілік
Г) протездеу
10. ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ОШАҚҚА ЖЕТУ МАҚСАТЫНДА ЖҮРГІЗІЛЕТІН ОПЕРАЦИЯНЫҢ ЭТАПЫ:
А) оперативті әдіс
Б) қорытынды этап
В) оперативті тілік
Г) протездеу
Тақырыбы: «Ісіктер»
363. ҚАТЕРСІЗ ІСІКТЕРДІҢ ТІКАНДЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ОРНАЛАСУЫ:
А) тканьдерге еніп өседі
Б) метастаздар береді
В) ісік шектелген көрші мүшелерге еніп өспейді