Файл: азастан тарихы пнінен тест сратары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 90

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазақстан тарихы пәнінен тест сұрақтары

І нұсқа


  1. Алғаш жылқыны қолға үйретілгенін дәлелдеген археолог кім?


  2. Ертедегі ежелгі дәуірлік, ежелгі шығыстық, ортағасырлық өркениеттер қалай аталады?


  3. Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясына кім жетекшілік етті?


  4. Еуразия даласында б.з.б. ІІІ мыңжылдықтың соңында не пайда болды?


  5. Көшпелі дәуірде қоныс аудару кезінде киіз үй қалай орнатылды?


  6. Малшаруашылығы мен егіншілік қандай экономика саласының пайда болуына әкелді?


  7. Ежелгі замандағы егіншілердің негізгі құралдарының бірін ата?


  8. Ежелден егіншілік дамыған Қазақстанның негізгі аймақтары?


  9. Х ғасырда Отырар қай мемлекетке қарады?


  10. Әмудария мен Сырдария аралығындағы ірі егіншілік аймағында пайда болған қала?


  11. Жылқыны қолға үйрету қай мәдениетке тән?


  12. Орталық Қазақстан мен өзге де өңірлерде ежелгі заманда қазылған қанша кен орны аныкталды?


  13. Көшпелілер қандай дінді ұстанды?


  14. Қола дәуірінің соңында жерлеудің қандай ерекшелігі пайда бола бастады?


  15. Андрондық үлгідегі соңғы мәдениетті ата?


  16. Андрондықтар малшы- бақташылар болғандықтан олардың негізгі байлығы не болды?


  17. Беғазы-Дәндібай мәдениеті кең-байтақ жайылымдары мен кен орындары бар ... байланысты?


  18. Афанасьевтіктер Алтайға, Сібір далаларына қоныс аударып, жергілікті неолиттік тұрғындармен араласып кеткен ... болатын?


  19. Шығыс Казақстан мен Оңтүстік Сібір далаларындағы темірді игерген алғашқы мәдениетті ата?


  20. Есік қорғанынан табылған Алтын Адамның жасы нешеде болған?


  21. Жауынгердің басты қаруы қандай?


  22. Алтын адам киімі неше мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген?


  23. Алтын адам қай жылы табылды?


  24. Жетісу сақтарында кездесетін қоладан жасалған құрбандық шалуға және иіс шығаруға арналған бұйымдар?


  25. Далалық көшпелілер мен жартылай көшпелілерде табыну қалай орын алды?


  26. Тасқа қашалған бейнелер қалай аталды?


  27. Материалдық мәдениет дегеніміз не?


  28. Зороастризм дінінің ең басты құдайы қалай аталды?


  29. Рухани мәдениет дегеніміз не?


  30. Этнографияны қандай ғылым ретінде ажыратады?


  31. Адамның пайда болуы мен оның түр ретінде эволюциясы қалай аталды?


  32. Антропология салаларының бірі ата?


  33. Этнос дегеніміз не?


  34. Қазақтар этногенезінің түркілік кезеңінің басталуы кімдермен байланысты?


  35. Суретші Дүзелхановтың туындысы қалай аталады?


  36. Орталық Азияда этникалық сана-сезім ұзақ уақыт бойы шаруашылық қызметке сәйкес қалыптасуына сәйкес қалай бөлінді?


  37. Сырдарияның орта ағысы мен Шаш облысында қандай мемлекет орналасты?


  38. Андрондықтардың үнді-ирандық екендігі туралы болжам этногенездің қандай кезеңіне жатады?


  39. Юэчжилерді ығыстырып, Солтүстік-Батыс Қытай аумағын иеленгеннен соң ғұндар қайда бет бұрды?

  40. 8 ғ-да олар Шу мен Талас өзендерінің аралығында тұрақтап, кейін өздерімен бірге Жетісулық қарлұқтар мен Сырдариялық печенегтерді ертіп, Арал және Каспий маңына қарай орын ауыстырып, өздеріне Арал маңайындағы жергілікті тайпаларды бағындырдырған мемлекет?


  41. Қыпшақтарға жатпайтын атауды анықта?


  42. Қарахандар мемлекетінің құрамына кірген тайпалар?

  43. Оғыздар Шу мен Талас жақтан қай жаққа қоныс аударды?

  44. Түркі дәуірі қай кезеңді қамтыды?

  45. Батыс түрік қағанаты қай жылы құрылды?

  46. Түргештерден кейін Жетісу жеріне кімдер келді?

  47. Қытай дереккөздерінде VI ғасырда Гоби шөлінен солтүстікке карай қандай түркі тілдес тайпалар мекендеді?

  48. Түргештер Шу-Іле өзендері аралығын иемденіп қандай екі топқа бөлінді?

  49. Түрік қағандығы бөлінгеннен соң теленің шығыс тайпалары тоғыз-оғыз одағына бірігіп 646 жылы қандай қағандық құрды?

  50. Моңғол шапқыншылығы нәтижесінде Шығыс Дешті Қыпшақ жері кімге тиесілі болды?

  51. Қазақ халқы этногенезінің үдерісі аяқталған мемлекет?

  52. Даладан Мәуереннахрға кеткен көшпелі өзбектер нешеге бөлінді?

  53. Қазақтар этногенезінің аяқталу мерзімі?

  54. Орыс ханның тұсында Ақ Орда халқының құрамында қыпшақ тайпалары басым болды. Сол кездері моңғалдардың тілі қандай болды?

  55. Жәнібек пен Керей сұлтандардың басшылығымен Жетісуге көшіп кеткен көшпелілер қалай атала бастады?

  56. «Өзбек» ұғымы қандай мағына білдіреді?

  57. Жәнібек пен Керей кімнің ұрпағы?

  58. Моңғол шапқыншылығы нәтижесінде Шығыс Дешті Қыпшақ жері кімге тиесілі болды?

  59. Қазақ халқы этногенезінің үдерісі аяқталған мемлекет?

  60. Экзогамия дегеніміз не?

  61. Бірнеше ру бірігіп қандай топты құрады?

  62. Гуньмо дегеніміз кім?

  63. Қай ғасырда Үйсіндер мемлекеті құрылды?

  64. IV ғасырда көшпелі жужандардың қысымымен үйсіндер қайда қоныс аударды?

  65. Ғұн империясының ыдырауынан кейін мемлекеттілігі басталған тайпа?

  66. Түргеш қағандығының хронологиялық кестесін көрсет?

  67. Жетісуда 704 жылы билік басына келген мемлекеттік бірлестік қалай аталды?

  68. Арабтың билеушісі түргештерді талқандап, Бұхараға кірген уақыт?

  69. Дүниежүзілік тарихтағы аса ірі империяны кім құрды?

  70. Шыңғыс хан кайтыс болған соң, оның жаулап алушылық соғыстары қай жерлерде жүзеге асты?

  71. Империяның әскери ақсүйектері қалай аталды?

  72. Шыңғыс Хан барлық моңғол тайпаларын өз қол астына қашан біріктірді?

  73. Русьте моңғолдарды қалай атады?

  74. Қай жылы империяда тақ үшін күрес басталған кезде, Жетісу моңғол және түркі тайпалары жинақталған орынға айналды?

  75. Моңғол империясы кай жылы ыдырады?

  76. Шайбанилер қай жердің билігін басып алды?

  77. Мемлекеттік дін ретінде қай хан Ислам дінін енгізді?

  78. Моңғол империясы ыдырағаннан кейін мемлекет территориясы қалай бөлінді?

  79. Алтын орданың ең жоғары гүлдеген кезі қай хандар кезінде болды?

  80. Жошы ұлысын соңғы болып біріктірген хан?

  81. Шағатай ұлысына Қазақстанның қай аумағы тиді?

  82. Сырдария бойындағы қалалардың көп бөлігі кімнің иелігінде болды?

  83. XIV ғ.басында не себепті орыс князьдері салықтарды өздері жинай бастады?

  84. Хандардың орыс православиелік шіркеуіне көзқарасы?

  85. Куликово даласындағы шайқас қай жылы болды?

  86. 1380 жылы Куликово даласында Мамай әскерін жеңіліске ұшыратқан князь?

  87. Тоқтамыс Темірге қарсы қандай әрекеттер жасады?

  88. Хулагу мен Берке ханның арасындағы соғыстың нәтижесі?

  89. Алтын Орда өзі өмір сүрген уақытының бәрінде дерлік қай мемлекетпен әскери кақтығысқа түсті?

  90. Тоқтамыс тұтқиылдан жасалған соққымен Мәскеуді қай жылы алды?

  91. Алтын Орданың ыдырауын тездеткен қандай оқиға?

  92. Алтын Орданың қай қалаларына шетелдік көпестер мен елшілер жол тартып отырды?

  93. Алтын Орданың шекараларды ұстап түратын күші болмаған және шеткі ұлыстарын жоғалта бастаған кезең?

  94. Қазақ хандығы қашан құрылды?

  95. Шайбанилердің жеке ұлысының негізін қалаған?

  96. Кімнің тұсында Ақ Орда күшейіп, Жошы әулетінің сол қанаты тиесілі барлық жерді біріктірді?

  97. Кімнің өлімінен кейін Ақ Орда ыдырап кетті?

  98. Әбілхайыр хан неше жыл билік еткен кезеңде Шығыс Дешті Қыпшақ өзгерістерге ұшырады?

  99. «Өзбек» ұғымы қандай тайпаға қатысты?

  100. 1370-1380 жылы Моғолстан кімнің шабуылына ұшырады?

  101. Моғолстанның басты сыртқы жауы?

  102. 1440-1450 жылы қазақ ру- тайпалары Қазақстанның қандай бөлігінде - Жәнібек пен Керейдің айналасында топтасты?

  103. 1620-1622 жылдары Имамкули хан қандай ханмен соғыс тұтаңдырды?

  104. Шығай қай жылдары хан болды?

  105. XVI ғасырдың басында Мұхаммед Шайбани өзінің қол астындағы тайпаларды қайда қоныс аудартты?

  106. Қай жылдары Қасым хан әскери жорықтары кезіңде Ноғайларды бірнеше рет жеңіліске ұшыратып, Қазақ хандығың Еділ жағалауына дейін кенейтті?

  107. 1509-1510жылдары Шайбани кімнің қоныстарына шабуыл жасады?

  108. Хақназар хан билігі кезіндегі Қазақ хандығының қайта өрлеу кезені?

  109. Бұрындық ханның билік құрған жылдары?

  110. Шайбанилерден кейін Мәуреннахрда бір жарым ғасырдан астам уақыт бойы билік жүргізген ұрпақ?

  111. Хақназар ханның ізбасары?

  112. Ұлы Дала көшпелілерінің мемлекеті қандай тайпалар одағынан құрылаған?

  113. Исатай мен Маханбет бастаған шаруалар қозғалысы қашан болды?

  114. Кіші жүз қазақтарының Сырым Датұлы бастаған көтеріліс жылдары?

  115. Кенесары Қасымұлының басшылығымен болған ұлт-азаттық соғыс жалдары?

  116. Емельян Пугачев бастаған шаруалар соғысының жылдары?

  117. Кенесары хан болып қашан сайланды?

  118. Ресей империясының отарлық саясатының күшеюі қай жылы басталады?

  119. Пугачевшілерден қорқып қалған ІІ Екатерина қазақтарға қай жерлерге қайтып оралуға рұқсат берді?

  120. Қазақ автономиясын жақтаған тұлға?

  121. Ә.Бөкейхан Ресейдің конституциялық демократиялық партиясына қашан кірді?

  122. Қай жылы Гаспринский Ресейдегі мұсылмандар «тіл, идея, әрекет жағында да бірігу керек» деп атап көрсетті?

  123. Ресейдегі революция жылдары?

  124. Айқап журналы шығарыла бастаған кез?

  125. Қырғыз (Қазақ) АКСР-і қашан құрылды?

  126. Қазақстанның кеңестік республикалық мемлекеттілік кезеңі?

  127. Ұлттық егемендікті қалпына келтірудің бір сатысына айналған қазақ халқы өміріндегі маңызды оқиға?

  128. Жоғары Кеңес сессиясында Тұңғыш Президент болып Қазақстан Компартиясының Бірінші хатшысы кім сайланды?

  129. Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясы қабылданды?

  130. Қазақстанда бірінші бүкілхалықтық Президент сайлауы қашан өтті?

  131. Алматыда желтоқсан оқиғасы қашан орын алды?

  132. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы қашан құрылды?

  133. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Республиканың Мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияны қабылдады?

  134. «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасының мақсаты ұандай?

  135. «Қазақстан - 2050» стратегиясының бағыттары?

  136. Сүйек пен мүйіздерден қандай заттар даярлаған?

  137. Материалдық мәдениет дегеніміз не?

  138. Наурызда орын алатын табиғи құбылыс қандай?

  139. Ішекті аспаптарды көрсет?

  140. Ұлы Отан соғысы қай жылдары болды?

  141. "Сакральді Қазақстан" жобасы қашан жасалды?

  142. АЛЖИР мемориалдық кешен кімдер құрметіне салынды?

  143. «Қазақ бұлбұлы» атанған әнші?

  144. «Абай жолы» роман-эпопеясы М.Әуезовке нені бейнелеуге мүмкіндік берді?

  145. Тәуелсіздік кезеңінде мәдениеттің дамуына не әсер етті?

  146. Қазақстан аумағында б.з.б. ІІ мыңж. соңында егіншілікпен айналысудың тиімсіз болу себебі қандай?

  147. Ежелгі адамның алғаш рет жылқыны қолға үйрету орталығының бірі?

  148. Егіншілік қай кезеңде қалыптасты?

  149. «Тәуке ханда нан көп, қазақстар бидай, арпа және тары өсіреді» деп жазған 1692 ж. қазақ жеріне келген елші?

  150. «Жоспарланбаған көші-қон туралы сөз болуы мүмкін емес... тайпа немесе тайпалық бірлестіктер жайылымдарын өздерінің жекеменшігі ретінде санайды, көрші тайпаларының басып кіруіне жол бермейді» -деп жазған көрнекіт түркітанушы?