Файл: Даулетанызы Дильназ. Дя 101. Ой толау Абайды 38 ара сзі мрымны жаласы рпатарым, Сендерге бір асыл сз ибраттадым .docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 22

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Даулетқанқызы Дильназ. ДЯ – 101. Ой толғау

Абайдың 38- қара сөзі

« Ғұмрымның жалғасы ұрпақтарым,

Сендерге бір асыл сөз ғибраттадым...»

Ұлы, дана, данышпан ақын Абай Құнанбаевтың көркемдік, әлеуметтік, дінге байланыстыра отырып, шығарылған еңбегі – қара сөздері. Бұл бізге мұра болып қалған асыл қазына ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиялық ойларды даралап көрсететін шығарма.

Жалпы саны қырық бес бөлік шығармадан тұратын бұл қара сөздер тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан . Оның кейбір үлгілері қысқа болса, қайсы біреуінің мазмұндары, тақырыптары жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына назар аударып қоймай, оның тереңдігіне мәні мен мағынасына зер салған. Оның қара сөздері сондай ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды. Ұлы Абайдың «Қара сөздер» деген атаумен елге танымал бұл ғибратнамаларының ішінде 38-қара сөзінің орны ерекше. Иманның алты сенімі соның ішінде Алланың есім-сипатын, оның құдіреттілігімен танытуы және исламның бес парызын анықтау, әрбір мұсылман адамға ілім- ғылым парыз екенін түсіндірген. Алайда бұл шығарманың негізгі ерекшелігі Абай өз ойын бір сөзге сиғызуы, бірақ мән мағынасы тереңдігі ғажап. Сондықтан бүгінге дейін көптеген абайтанушылар бұл сөзге арнайы талдау жасай алмай келеді.

«... Адамды жаратты ғажап түрде,

Һәм ата-ана, құрбы, ұстаз-үйретуге ...»

Абай бұл 38-қара сөзінде адамдар әр қилы, олардың мінездері туралы сипат беріп өткен. Яғни адамның адамдығы ақыл ғылымдеген нәрселермен ерекшеленіп тұратынын айтып өткен. Жақсы адам туысынан болады, қалмыс өзгелерінің бәрі жақсы құрбы, жақсы ұстаздар болады. Абай Құнанбаев баланы жастайынан ғылым білім үйрету үшін, жақсы, иманды болу үшін оның қызығушылығыны оята білуі керек. Білімге қызығушылығы артқан сайын бала бойында білімге деген ізденістердің көбейетіндігімен байланыстырған. Абайдың пікірінше, ішкі рухани қазынамыздың молығуы тікелей өзіміздің қолымызда.