ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 17.08.2021
Просмотров: 176
Скачиваний: 1
Патологиялық
күйде
қан
айналысының
жетімсіздігі
пайда
болады.
Организмдегі
қан
айналысының
жетімсіздігінде
жүрек-қан
тамырлары
жүйесі
тканьдерге
оттегі
мен
қоректік
заттарды жеткізуді қамтамасыз
ете
алмайды.
Даму
механизмі
және
клиникалық
көріністері
бойынша
қан
айналысы
жетімсіздігінің
екі
формасы
болады:
Жүрек
жұмысының
әлсіреуінен
болатын
жүректегі
қан
айналысының
жетімсіздігі.
Жүректегі
қан
айналысының
жетімсіздігі
миокардтың
жиырылуы
функциясының
әлсіреуінен
пайда
болады.
Оның
себептері
мынадай:
а)
миокардтың
қажуынан;
б)
тікелей
миокардтың
зақымдануынан
(инфекциялардан,
энергиялық
ресурстың
жетіспеуінен
т.
б.);
в)
жүрек
қан
айналысының
бұзылуынан.
Қан
тамырлары
тонусының
және
олардың
кенересіндегі
физико-механикалық
қасиеттің
бұзылуынан
болатын
тамырлардағы
қан
айналысының
жетімсіздігі.
Қан
айналысының
жетімсіздігі
жасырын
(компенсацияланған
форма)
және
айқын
(декомпенсацияланған
форма)
болуы
мүмкін.
Қан
айналысы
жетімсіздігінің
клиникалық
белгілеріне
ентігу,
көгеру
(цианоз),
жүректің
тез
соғуы
(тахикардия)
жатады.
Сонымен
қоса,
қанның
іркілуі
және
ісіну
пайда
болады.
Сол
жақтағы
жүрек
қарыншасының
(желудочка)
жұмысы
әлсіреген
кезде
қан
айналысының
кіші
шеңберінде
қан
іркілуі
басталады.
Сол
жақтағы
қарынша
жұмысының
әлсіреуі
қан
айналысының
үлкен
шеңберінде
іркілуді
туғызып,
соның
әсерінен
бауыр
едәуір
ұлғаяды.
Қан
ұзақ
уақыт
іркілгенде
бауыр
клеткалары
семеді
(атрофия),
бауырда
дәнекер
тканьдер
көбейіп,
соның
салдарынан
цироз (бүрісу)
пайда
болады.
Қанның
іркілуі
басқа
органдарда
да
–
бүйректе,
асқазан-ішек
жолдарында,
мида
байқалады.
Қан
көбірек
іркілген
орында
ісіну
пайда
болады.
Оң
жақтағы
қарынша
жұмысы
әлсірегенде
ісіну
ең
алдымен
аяқтарында
білінеді.
Сол
жақтағы
қарынша
жұмысы
әлсірегенде
өкпе
ісінеді.
Ісінуден
кейін
қуыстарға
су
толады.
Жүрек
жетімсіздігіне
зат
алмасудың
бұзылуы
да
едәуір
ықпал
етеді.
Дененің бір мүшесінде қан айналысының бұзылуы
Шеткі
қан
айналысы
деп,
артерялардағы
(майда
артерия),
прекапиллярлардағы,
капиллярлардағы,
веналардағы
және
майда
веналардағы
қан
айналысын
айтады.
Жекелеген
тамыр
аймағындағы
немесе
органдардағы
қан
айналысының
бұзылуы
жалпы
қан
айналысының
бұзылуымен
тығыз
байланысты.
Мәселен,
гипертониялық
ауру
кезінде
артериялық
қысымның
артуынан
көп
жағдайда
дененің
бір
мүшесінде
қан
айналысы
бұзылып,
миға
қан
құйылуы
немесе
бүйрек
шумағының
қан
айналысының
бұзылуы
мүмкін.
Жүрек
қызметінің
әлсіреуінен
жалпы
қан
айналысының
бұзылуы
бауырда
және
басқа
органдармен
тканьдерде
іркілу
құбылысын
туғызады.
Осымен
қоса
дененің
маңызды
органдарында,
әсіресе
ми
мен
жүректе
бітелудің
немесе
қан
тамырларының
ұзақ
уақыт
түйілуінің
салдарынан
жалпы
қан
айналысының
бұзлуына
елеулі
нұқсан
келтіреді.
Тамырлардың
бітелуі
басқа
учаскелердегі
қан
айналысына
әсер
етеді.
Мәселен,
өкпе
тамырларының
рефлекторлы
бітелуінен
жүрек
қан
тамырлары
түйілуі
мүмкін.
Шеткі
қан
айналысының
бұзылуының
пайда
болуында
микроциркуляцияның,
яғни
прекапиллярлар
мен
капиллярлар
деңгейіндегі
майда
қан
тамырларындағы
қан
айналысының
бұзылуының
ерекше
ықпалы
бар.
Шеткі
қан
айналысының
бұзылуының
негізгі
формалары
мыналар:
гиперемия,
жекелей
анемия
(ишемия),
стаз,
қан
ағу,
тромбоз,
эмболия.
Гиперемия
–
жеке
бір
органда
немесе
ткань
учаскесінде
қанның
әдеттегіден
көп
болуы.
Артериалдық
және
веноздық
гиперемия
деп
бөлінеді.
Артериалдық
гиперемия
–
ұлғайған
тамырлар
арқылы
өтетін
қан
мөлшерінің
көбеюінен
органға
қанның
толуының
артуы.
Гиперемияны
физиологиялық
және
патологиялық
деп
бөледі.
Физиологиялық
гиперемия.
Оған
органдардың
(бұлшық
ет,
ішек
т.б.)
функциясы
күшейген
кезде
пайда
болатын
жұмыстық
гиперемия
жатады.
Физиологиялық
деп,
физикалық
немесе
химиялық
факторлардың
(суық,
жылу,
горчичник
т.б.)
бірдей
дозасының
әсер
етуінен
пайда
болатын
рефлекторлық
гиперемияны
айтады.
Физиологиялық
гиперемия
шартты
рефлекс
механизмі
әсерінен
де
пайда
болуы
мүмкін.
Патологиялық
гиперемия
ауру
тудыратын
факторлардың
ықпалынан
пайда
болады,
әрі
оған
қан
айналысы
мен
орган
функциясы
күйінің
арасындағы
сәйкессіздік
тән
сипат
–
мұндайда
тіпті
тыныш
тұрған
қалпында
да
қан
айналысы
күшейеді.
Артериалдық
гиперемия
зардабы.
Артериалдық
гиперемия
тканьдердегі
қан
айналысын
өзгертіп,
жеке
органдардағы
қан
қысымын
арттырады.
Сондықтан
кейде
патологиялық
жағдайда
артериалдық
гиперемия
әсерінен
тамярлар
жарылып,
қан
құйылу
пайда
болады.
Орталық
нерв
жүйесі
тамырларының
гиперемиясы
өте
қатерлі.
Веноздық
гиперемия.
Веноздық
(іркілу)
гиперемия
–
ткань
учаскелеріне
келетін
қанның
көбеюі
және
одан
шығатын
қанның
азаюы.
Қанның
ағуының
бөгелуі
тамырдан
тыс
та,
тамырдың
ішінде
де
болуы
мүмкін.
Веноздық
гиперемия
ұзаққа
созылады,
әрі
органдарға
елеулі,
кейде
қайтымсыз
өзгеріс
туғызады.
Ишемия
(қанның
бір
жерде
азаюы).
Ишемия
немесе
жеке
бір
органдағы
қан
аздық
деп,
тканнің
белгілі
бір
учаскесіне
артерия
арқылы
келетін
қанның
баяулауы
немесе
тоқталуы
салдарынан
онда
қан
толудың
азаюын
айтады.
Ишемия
артериядан
тыс
(жаншылу)
және
оның
ішінде
(тромбоздар,
эмболия,
яғни
бітелу,
артериосклероз,
бітелуден
болатын
эндоартрит)
дамиды.
Аурудың
себебіне
және
пайда
болу
жағдайына
қарай
ишемия
бірнеше
түрге
бөлінеді.
Компрессиялық
ишемия
–
артерияның
немесе
ткань
учаскесінің
жаншылуынан
болады.
Мұның
өзі
артерияны
жіппен
байлаудан,
ісіктен,
тыртықтан
немесе
бөгде
заттардан
тамырдың
жаншылуынан
болады.
Рефлекторлық
ишемия
—
әр
түрлі
рецепторларға
(көру,
есту,
тері
мен
кілегей
қабық
рецепторлары,
тамырлар
мен
тканьдердің
интерорецепторлары)
тітіркендіргіштердің
(механикалық,
физикалық,
химиялық
т.б.)
әсер
етуінен
пайда
болады.
Эмоциялық
афектіден
де
ишемия
байқалады.
Стаз
(тоқталып
қалу,
іркілу)
–
ұсақ
тамырларда,
негізінен,
капиллярларда
қан
жүрудің
тоқтап
қалуы.
Стаз
кезінде
қанның
гемолизі
және
ұю
болмайды.
Стаз
–
қайтымды
құбылыс.
Инфаркт
(латынша
кептелу,
толу)
–
қан
келудің
тоқтауы
салдарынан
ткань
учаскесінің
өлі
еттенуі.
Тромбоз,
эмболия немесе артерияны қоректендіретін
тамырдың
ұзақ
уақыт
тарылуынан
инфаркт
пайда
болады.
Артериясында
анастомоздары
аз
органдарда
инфаркт
тез
пайда
болады.
Эмболия
(грекше
embole –
ену,
басып
кіру)
–
қан
мен
лимфа
тамырының
қан
не
лимфа
ағысына
ілесіп
келген тромб, май тамшысы, ауа, паразит,
бактерия сияқты
бөлшектермен
(эмболдармен)
бітеліп
қалуы.
Қан тамырларының аурулары
Ауыл
шаруашылық
малдарының
қан
тамырларында
кездесіп
тұратын
түрлі
аурулардың
ішінен
жиі
кездесетіндері
тамырдың
әктеніп
қатаюы
(артериосклероз) мен тамырдың
қан
ұюынан
бекітілуі
(тромбоз).
Артерияның
әктеніп
қатаюы
(Arteriosclesis) тамырдың
қабырғасында
дәнекер
ұлпалардың
өсіп
қалыңдауымен
бейнеленеді.
Бұл
аурудың
пайда
болуына,
көбінесе
артериосклероз
–
тамырдың
ішкі
қабығына
холестериннің
(май
тәріздес
зат)
жабысып
шорландырып
нығыздандыруы
себепкер
болады.
Себептері.
Артерияның
әктеніп
қатаюының
өздігінен
пайда
болуы
сирек
кездеседі,
егер
кездессе
онда
кәрі
малдарда
ғана
болады.
Көп
жағдайларда
ол
дұрыс
азықтандырылмағандықтың
салдарынан
организмдегі
зат
алмасудың
бұзылуынан
және
індетті,
құрт
жұқпалы
емес
басқа
да
аурулардың
асқынып
уыттың
денеге
таралуынан
пайда
болады.
Тамырдың
қатаюына
себепкер
болатын
бірде-бір
жағдай,
тамырдың
қызметіне
көп
уақыт
бойы
ауыр
салмақ
түсіру
(денеге артық
күш
түсіру,
көп
мөлшерде
құнарсыз,
қомақты
азықпен
азықтандыру
т.б.).
Дамуы.
Артериосклероз,
малдардың
көпшілігінде
баяу
дамиды.
Азғындаудың
алдынғы
кезегінде
тамырдың
ішкі
қабатында
(интима)
май
қату,
жылтыр
шеміршектену
(гиалин)
шіру
процестері
басымырақ
болады
да,
сонан
соң
тамыр
қабырғаларына
дәнекер
ұлпалар
өсіп
кетеді.
Ауыр
өткен
жағдайда,
тіпті,
тамыр
қабырғалары,
кальций
тұздарының
бөлініп
шығуына
байланысты,
әктелініп
кетеді.
Аталмыш
өзгерістер
тамыр
қабырғаларының
серпімділігін
төмендетіп,
тесіктерін тарылтып қан
айналымын
қиындатады.
Ол
артериядағы
қысымды
көтеріп,жүректің,
әсері
сол
қарыншаның
жұмысын
күшейтеді.
Қан
айналымындағы
қатты
ауытқулар
сауыт
артериясы
(венечная),
қолқа
және
ми
тамырлары
әктеніп,
анық
байқалынады.
Аталған
тамырлардың
қабырғаларындағы
азғындық
өте
қатты
болғанда,
олар
жарылып
кетіп
малдарды
аяқ
асты
өлтіреді
немесе
шала
не
толық
салдандырады.
Майда
тамырлар
жарылса,
қан
құйылады,
ал
тигізетін
зардабы,
оның
көлемі
мен
жайылған
жеріне
байланысты
болады.
Тамырлардың
бәрі
бірдей
біркелкі
дерттенбесе,
олардың
кей
жерлері
кеңейіп
(аневризм)
кетеді
де,
сол
кеңейген
жерлері
жарылып,
өлім-жітімге
әкеліп
соқтыруы
мүмкін.
Мәселен,
жылқылар
делафендиозбен
ауырғанда
алдыңғы
шажырқай
артериясы
кеңейіп
кетеді
де
организмде
қаттырақ
салмақ
түскенде
жарылып
кетуі
мүмкін.
Өлекседегі
өзгерістер.
Қан
тамырларының
қабырғаларына
дәнекер
ұлпалардың
өсуіне
байланысты,
олар
тығыздалынып
қалыңданады.
Ауыр
өткен
жағдайда,
қан
тамырларының
қабырғаларының
әктелінгені
анықталынады.
Тамырлар
жарылған
жағдайларда
қан
аққан
жерлер
көрінеді.
Белгілері.
Көп
жағдайларда
ауру
баяу
дамитын
болғандықтан
сырт
белгілері
онша
айқын
білінбейді.
басқа
да
еске
алатын
бір
жәйт,
өнімділігі
мол
малдардың
өмірлері,
көбінесе
қысқалау
болғандықтан,
оларда
артериосклероздың
белгілері
толық
дамып
үлгере
алмайды.
Әдетте,
малдардың
өнімділігі,
жұмыс
істеу
қабілеттілігі
төмендейді,
өрісте
жайылып
жүрген
кездерінде
тез
шаршағыш
келеді.
Терілерінің
созылғыштық
қасиеті
нашарлап,
жүндерінің
әдеттік
жылтырауы
көмескіленеді.
Жүйке
–
бұлшық
ет
күш-қуаты,
шартты
рефлекстері,
әсіресе
жұмыс
істегеннен
кейін
нашарлайды.
Сырт
қан
тамырларының
қабырғалары
қатаяды.
Жүрек
дыбыстарының
бірінші
үні
ұзарады,
басыңқы
естіледі,
ал
екінші
үні,
көбінесе
қолқада
күшейеді
және
екпінделінеді.
Артериядағы
қысым
көтеріледі.
Мысалы,
жылқылар
мен
сиырларда
қысымның
ең
жоғарғы
көрсеткіші
160 мм
сынап
бағанасына
дейін
көтеріледі.
Барысы.
Ауру
ылғи
созылмалы
түрде
өтеді
де
альвеолалардың
эмфиземасын,
өкпелердің
склерозын,
бауырдың
берішін,
бүйректердің
склерозын,
асқазан
мен
ішек-қарындардың
кілегей
қабықтарының
созылмалы
қабынуларын
тудырады.
Анықтау.
Қан
тамырларын
тексеруге,
қан
қысымын
өлшеуге,
малдардың
жұмысқа
қабілеттілігі
мен
өнімділігінің
өзгерулерін
еске
алуға
негізделінген.
Болжамы
–
шүбәлі,
ауыр өткен
жағдайда
тиімсіз.
Емі.
Артериосклероздың
толық
дамыған
кезінде
емдеу
нәтиже
бермейді.
Жылқыларды
жеңіл
жұмысқа
ауыстырады
да
жүйелі
түрде
демалып
тұруын
қадағалайды.
Аурудың
дамуының
алдыңғы
кезеңінде
азықтандыруды
реттеумен
қатар
йодты
препараттар,
жүрек-қан
тамыр
дәрі-дәрмектерін
қолдану
жақсы
нәтиже
береді,
солармен
қатар
ұлпалық
ем
де
қолданады.
Сақтандыру
шаралары.
Ауруды
алдын-ала
ескертудің
негізінде
малдарды
толық
сапалы
азықтармен
азықтандырумен
бірге
жұмысқа
тиімді
пайдалану
керек.
Артериосклероз
бактериосклероздарды тудыратын ауруларды
дер кезінде емдеу керек.
Тамырда
қанның
ұюы
(Trombosis-тромбоз
сосудов)
—
артерия
не
вена
қан
тамырларының
ұйыған
қанмен
толық
не
жартылай
бітелуі.
Себептері.
Өз
бетімен
дамитын
тамырдың
бітелуі
тамырлардың
жарақаттануларынан
не
қабынуынан
пайда
болады.
Қосалқы
ретінде,
ауру
эндокардиттің,
артериосклероздың
асқынуларынан,
артериоматоздық
қатпарлы
табақшалар
мен
шіріген
жердің
ыдырауынан
пайда
болады.
Тамырдың
ұйылмалы
бекітілуіне,
қан
айналымын
мәжбүр
еткізетін
жүрек
қызметінің
нашарлауы,
қан
тамырларының
серпімділігінің
төмендеуі
себепкер
болады.
Ауыл
шаруашылық
малдарда,
артерияға
қарағанда
вена
көбірек
зақымджалады.
Көбінесе
дұрыс
тесе
білмегендіктен
не
дәрі-дәрмектерді
қателікпен
сыртқы
қабатына
енгізу
себептерінен мойын көк
тамыры
қабынып,
оның
қуысы
бекітіліп
қалады.
Бұл
ауру
қан
тамырларының
ішкі
қабатының
сезімталдығы
күшейіп
(аллергия)
өзгеруінен
де
пайда
бюолады.
Дамуы.
Пайда
болған
қан
ұйылымы
кейде
жұмсарып
қайта
таралып
кетеді,
кейде
тығыздалып
қан
тамырының
қабырғасын
қабындыруы
мүмкін.
Венадағы
қанның
ұйылмалы
бекітілуі,
көп
жағдайларда
тиісті
ағзалар
мен
ұлпалардың
қызметін
бұзып,
оларды
шірітіп,
ыдыратуға
дейін
апарады.
Осындай
жағдайларда
малдың
жұмысқа
қабілеттілігі
мен
өнімділігі
күрт
төмендейді.
Ірі қан
тамырлардың,
мәселен
іш
қолқасының,
мықын
артериясының
бекітулері,
әдетте,
малдарды
тез
арада
өлтіреді.
Өлекседегі
өзгерістер.
Ірі
тамырлардың
ішіне
қабырғаларына
бірігіп
өсіп
кеткен
тромбоциттер,
лейкоциттер,
фибрин
талшықтарынан,
эритроциттерден
құралған
ақ
түсті
қан
ұйығын
көруге
болады.
Олардың
құрылысы
ерекше
қабаттылықпен
бейнеленеді,
шеміршектеніп
кетуі
де
мүмкін.
Майда
қан
тамырларда
қан
ұйығы
көбінесе
фибрин
талшықтарынан,
эритроциттерден,
лейкоциттерден,
тромбоциттерден
тұрады.
Белгілері.
Қан
ұйығының
орналасқан
жерлері
мен
зақымдалынған
тамырдың
көлеміне
байланысты
болады.
Мысалы,
жүрек
етінің
күре
тамыры
қан
ұйылуынан
бітелінсе,
оның
қай
жері
жансызданып
тиісті
белгілер
жиынтығымен
көзге
түседі,
бүйректер
артериясы
бекітілсе
«бүйрек
шаншуы» пайда болып, қан
қысымы
көтеріледі,
эритроциттердің
тұну
жылдамдығы
да
тездетіледі
және
дақты
лейкоциттер
көбейеді.
Аяқтарының
ірі
веналарында
қан
ұйыса
малдар
орындарынан
тұра
алмай
қалады.
Аяқтары
суып,
сезімталдығы
жоғалып
кетеді.
Ауру
малдар
қалтырайды,
тырысады,
терлейді,
ентігеді,
жүрек
соғуы
жиіленеді.
Алдыңғы
қуыс
көк
тамыр
бітелсе
мойындағы,
бас
пен
алдыңғы
аяқтарындағы
веналар
қанға
толып
кетеді.
Кеуде
шемені
дамуы
мүмкін.
Артқы
қуыс
көк
тамыр
бітелсе
дененің
артқы
жақ
веналарында
қан
іркіліп, іш шемені дамуы мүмкін.
Қақпа
көк
тамырының
бітелуі
асқазан
мен
ішек-қарында
қанды
іркілтіп
жалпы
қоректенуді
бұзады.
Туғаннан
кейін
кездесіп
тұратын
жатырдың
қабынуынан
қоздырғыштық
қабілеті
артқан
микробтар
денеге
жайылып
веналарды
қабындырып,
қуыстарын
бекітіп тастауы мүмкін.
Сол
себептен,
ауру,
жамбас
веаларынан
артқы
аяқ
веналарына
жайылады.
Ондай
малдарда
қызба
қайталамалы
түрде
өтеді.
Кей
кездерде,
тамырлардың
бекітілуінің,
әсіресе
майда
тамырлардың
бекітілуінің
сырт
белгілері
онша
білінбей
өтеді.
Барысы.
Тамырдағы
қанның
ұюы
көбінесе
созылмалы
түрде
өтеді.
Егер
де
ұйыған
қан
таралып
кетсе
қанның
ағымы
қайтадан
қалпына
келеді,
ал
ұйыған
қан
қатайып,
тамырмен
бітісіп
өсіп
кетсе,
қан
айналымы
қосымша
майда
тамырлар
арқылы
жүреді.
Ауру
қайталануы
мүмкін.
Жүрек,
ми,
бүйрек,
өкпе
тамырлары
бекітілсе,
мал
тез
арада
өліп
қалады.
Анықтау.
Сырқат
жайындағы
мәліметтерді
еске
ала
отырып
тән
белгілерін
дәл
табуға
негізделінеді.
Болжамы
–
шүбәлі
не
тиімсіз.
Емі.
Малдарға
толық
тыныштық
жағдайлар
жасайды.
Жаңадан
болған
бекітілуде
қанға
фибринолизин,
гепарин
құюға
болады
және
жүрек-қан
тамыо
қызметтерін
жақсартатын
тиісті
дәрі-дәрмектер
қолданады.
Түрлі
індетті
аурулардың
салдарынан
пайда
болатын
венаның
қабынуы
мен
бекітілуінде
әдейі
арналған
дәрі-дәрмектер
– антибиотиктер, сульфаниламидтер
қолданылады.
Аталынған
және
басқа
да
дәрі-дәрмектерді
дер
кезінде
қолданбаса
ем
дұрыс
нәтиже
бермейді.