Файл: Анатомия реферат NURGULDIKI.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.08.2021

Просмотров: 527

Скачиваний: 9

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Анатомия кафедрасы

Shape1

Тақырыбы: Акушерлік және гинекологиялық маңызды, жамбас препараттарынан үлкен және кіші жамбастың мөлшерін анықтау



Орындаған: Сапанова Н.Д

1-032 ЖМФ

Тексерген: Шапатова Г.Б

















Қарағанды 2014 ж

Жоспары:

I Кіріспе

II Негізгі бөлім

1. Жамбас сүйегінің құрылысы.

  1. Жамбастың жыныстық ерекшеліктері.

  2. Босану жолдарының негізі – жамбас қуысы.

  3. Жамбас өлшеуіш туралы түсінік.

  4. Жамбасты өлшеу ережелері.

  5. Үлкен жамбас қуысының өлшемдерін өлшеу.

  6. Кіші жамбас қуысының өлшемдерін өлшеу.

III Қорытынды

IV Қолданылған әдебиеттер












Кіріспе

Акушерия мен гинекологияда маңызды роль атқаратын жамбас қуысы болып табылады. Жамбас қуысы 2 бөлімнен тұрады: үлкен және кіші жамбас қуыстары. Жамбас қуысының бірнеше өлшемдері бар. Осы өлшемдерді анықтау жүкті әйелдің босану кезеңі сәтті өтуі үшін аса маңызды болып саналады. Жамбас қуысының өлшемдері: қылқанаралық, қыраралық, ұршықаралық қашықтықтар; жамбастың сыртқы, ішкі тік өлшемдері; диагоналді өлшемі; шығаберісінің өлшемдері; қиғаш өлшемдер; сегізкөз ромбасын есептеу; Соловьев индексін табу; шат бұрышын анықтау; кіші жамбас жазықтықтарын есептеу; параллельді жазықтықтарды табу.




Жамбас сүйегінің құрылысы:

Жамбас сүйегі (os coxae)

16-18 жасқа дейін жамбас

ойығы аймағында шеміршекпен

байланысқан 3 сүйектен

тұрады:

  1. Мықын сүйегі (os ilium)

  2. Шонданай сүйегі (os ischii)

  3. Шат сүйегі (os pubis).

Жыныстық жетілу басталғаннан

кейін сүйектер өзара сүйектік

тіндер арқылы бірігіп, өз алдына

жамбас сүйегін құрайды.




Мықын сүйегі (os ilium) жамбас сүйегінің жоғарғы жағындағы қалақ тәрізді үлкен бөлігі. Оның ұршық ойысын құрайтын қалың жерін денесі, corpus ilium , жоғары орналасып, кеңейіп келген жерін қанаты, ala ossis iliaca деп аталады. Қанатының жоғарғы жақ жиегін мықын қыры (crista iliaca) деп аталады. Мықын қыры алдыңғы жағынан алдыңғы-жоғарғы (spina iliaca anterior superior) және алдыңғы-төменгі (spina iliaca anterior inferior) сүйек өсінділерімен аяқталса, сыртқы жағынан артқы-жоғарғы (spina iliaca posterior superior), артқы-төменгі (spina iliaca posterior inferior) сүйек өсінділерімен аяқталып, үлкен шонданай ойындысына жалғасады. Мықын сүйегінің ішкі беті ойыс және тегіс, ал сырты бұдырлы келеді. Мықын сүйектері қалыңдау жерімен сегізкөз мүйісімен байланысып, екі жақта да құлақ қалқаны тәрізді буын құрайды.
Шонданай сүйегі (os ischii) жамбас сүйегі ойысының төменгі бөлігінде орналасқан. Топографиялық орналасуына қарай: денесінен және бұрыш құрап, орналасқан бұтақтарынан, ramus ossis ischii, тұрады. Денесі, corpus ischii, жамбастың ұршық ойындысының төменгі жағын жасауға қатысады. Жоғарғы бұтағы денеден төмен қарай түсіп, шонданай бұдырын (tuber ischiadicum) жасайды, төменгі бұтағының артқы бетінде орналасқан дөңес жағын шонданай қылқаны, spina ischiadicum, деп аталады. Төменгі бұтақ жоғары көтеріліп, шат сүйегінің төменгі бұтағымен қосылады. Сонымен бірге оның жоғарғы және төменгі бұтағы шат сүйегінің төменгі және жоғарғы бұтақтарымен қосылып, жамбас тесігін құрайды.

Шат сүйегі (os pubis) жамбас қуысының алдыңғы жағын құрайды. Екі қасаға өзара қосылып, шат симфизін (symphysis pubica) құрайды. Шат сүйегінің жоғарғы жағы қасағалық қыр жасап, алдыңғы бетінде қасағалық дөңеске (tuberculum pubicum) жалғасады. Бұл сүйектің төменгі бұталары қосыла отырып, шаттық бұрышты (angulus pubis) жасайды. Оның босану кезінде маңызы зор.
Сегізкөз сүйегі (os sacrum) өзара тұтасқан бес омыртқадан тұрады, омыртқалардың көлемі төменге қарай кішірейеді, осыған байланысты сегізкөз пішіні кесілген үшбұрышқа ұқсайды. Сегізкөздің бел омыртқамен жалғасқан жерін негізі деп атайды, осы сүйектің ортаңғы жерінде – сегізкөз мүйісі (promontorium) орналасқан.
Құйымшақ (os coccygeus) төрт-бес омыртқаның тұтасып, бірігуінен пайда болған, мұнда тек омыртқа денелері сақталған.




Босану жолдарының негізі – жамбас қуысы

Босану жолдарының негізін жамбас қуысы құрайды. Жамбас қуысы 2 бөлімнен тұрады: үлкен және кіші жамбас қуыстары. Үлкен және кіші жамбас шекарасы екі жағынан мықын сүйегі сызығымен, алдынан қасаға сүйегінің қырымен, артынан сегізкөздің негізімен өтеді. Екі жамбас аралығындағы ернеуді кіші жамбас кіреберісі дейді, оның босану кезінде маңызы зор. Үлкен жамбастың үсті мен алды ашық, жоғарғы жағы кең. Сондықтан босану жолында кіші жамбас қуысының маңызы зор. Себебі, нәресте осы жамбас қуысы арқылы өткенде көптеген кедергілерге ұшырайды.

Жамбас өлшеуіш туралы түсінік

  • жамбас қуысы өлшемдерін арнайы құрал жамбас өлшеуіштің көмегімен анықталады;

  • - бұл құрал циркуль тәрізді, сантиметрлік және жарты сантиметрлік бөліктерге бөлінген;

  • - екі ұшы түйме тәрізді дөңгелек;

  • түйме тәрізді екі ұшын өлшеуге қажетті арақашықтықтарға қойып, өлшейді;

  • - жамбастан шығу көлденең өлшемін өлшеу үшін жамбас өлшеуіштің бұтақтарын айқастырады.



Жамбас қуысын өлшеу ережелері:

  • Жүкті әйел аяқтарын екі жаққа ашып, ішін ашып, арқасымен жатады;

  • Дәрігер жүкті әйелдің оң жағында алдыңғы жағында тұрады;

  • Жамбас өлшеуішті қолға былай алу керек: бас бармақ пен сұқ саусақпен түймелерді ұстау арқылы.

  • Бөліктерге бөлінген шкала жоғарыға қаратылған.

  • Алдымен сұқ саусақтармен өлшеу керек аймақтарды тауып, сосын өлшеуіштің бұтақтарын ашып түймелерін арақашықтыққа қойып, жамбас қуысының өлшемдерін табады.