ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 33
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Білімді мыңды жығар
Интеллектуалды сайыс
Мақсаты:
Оқушылар арасынан химия ғылымына ынталы, талапты, алғыр оқушыны анықтау және оларды ізденуге тез ойлануға, алғырлыққа баулу.
Химия пәнінен алған білімдерін сынау. Химия пәніне деген қызығушылықтарын ояту.
Оқушылардың ойлау, есте сақтау, еске түсіру қабілеттерін дамыту. Сөз саптай білуге, жылдамдыққа, өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету.
Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалды сайысымызға қош келдіңіздер құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Бүгінгі сайысымыздың қатысушыларын таныстыра кетсек:
-----------
Әділ қазылар алқасымен таныстыру
Сайыс кезеңдерімен таныстыра кетсек.
Сайыс кезеңдері:
1. Бәйге
2. Дода
3. Полиглот
4. Тұлғаны таны
5. Ғажайып жетілік
6. Жорға
8. Шешендік өнер
Ендеше, сайыскерлер дайын болсақ іске сәт!
І бөлім Бәйге
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз
дей келе біз алғашқы кезең БӘЙГЕ кезеңін бастайық.
Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай қойылады.
1. Металдың бұзылуы.( коррозия).
2. Мұнайдан бензин алу қай құбылысқа жатады? (химиялық).
3. «химиялық элемент» ұғымын енгізген қай ғалым? ( Р. Бойль ).
4. Денсаулық үшін ең қажетті өмір өзегі не? (ауа).
5. Темір таңбасының оқылуы (феррум).
6. Ядросында протон саны бірдей атомдар түрі.( химиялық элемент)
7. Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл ( йод)
8. Электролиттердің иондарға ыдырауы.( диссоциоция)
9. Азот бөлме температурасында қандай элементпен әрекеттеседі. (тек литимен Li ).
10. Ерітінділерде түсін өзгертетін заттар ( индикаторлар).
11. Ең қиын балқитын металл (W).
12. Ең жеңіл газ (сутек газы)
13. Фосфордың салыстырмалы атомдық массасы. (31).
14. Тұз қышқылының салыстырмалы молекулалық массасы (36, 5).
15. Ең қатты металл (Сr)
16. Ең ауыр металл (Os)
17. Сұйық металл. ( Hg)
18. Сұйық бейметалл (Br).
19. Азот газы тыныс алуға жарамды ма (жарамсыз).
20. Авогадро саны нешеге тең (6, 02*10²³)
ІІ бөлім «Дода»
Мәңгі бақи есте қалар
Ғажайып бір сайыс болар
Білімдірек шәкірт озар
Қиынырақ сұрақ болсын, – деп
Біз енді сайысымыздың келесі кезеңіне келдік.
Бірінші кезеңде жиналған ұпай екінші кезеңде сақталады.
1. Қатысушыларға 2 пәннен 10, 20, 30 ұпайлық сұрақтар ұсынылады. Белгіленген блок бойынша ойыншы пәнді және ұпайды өзі таңдайды. Таңдау кезегі ойыншының бірінші кезеңде жинаған ұпайларына сәйкес ең көп жинаған ойыншыға беріледі.
2. Сұраққа дұрыс жауап берген ойыншының бірінші турда жинаған ұпай санына ұпайлар қосылып отырады. Ойыншы сұраққа жауап бере алмаса басқа ойыншыларға да жауап беру мүмкіндігі беріледі.
3. Екі кезең барысында барынша көп ұпай жинаған 5 ойыншы келесі кезеңге өтеді.
10 ұпай Биология. Бұл өсімдік ұзақ уақыт ботаникалық бақтарда егілген. Гүлдерін ханымдар әдемілік үшін шаштарына таққан. 200 жылдан кейін ғана шаруалар өздерінің бақшаларына егіп азық ретінде пайдалана бастаған. Бұл өсімдікті Ресейге ең алғашқы рет І Петр әкелген. Қандай өсімдік туралы айтылуда? (Картоп)
20 ұпай Биология. АҚШ та ақбас бүркітті, Ресейде қоңыр аюды, қазақ халқы аққу мен үкіні қасиетті санайды, ал Үндістанда қай жануарды қасиетті санайды. (Сиыр)
30 ұпай Биология. Бұл құс түйеқұстардың ішіндегі ең кішкентайы. Дене сіңінің ұзындығы 50 - 80см, салмағы 2-4 кг. Қорегін көбіне иіс сезу арқылы табады. Басқа түйеқұстардан басты ерекшелігі түнде белсенді тіршілік етеді. Олар құрттармен, жәндіктермен, жидектермен қоректенеді. 1921 жылдан бері қатаң қорғауға алынған. Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына»тіркелген. Бұл құс Жаңа Зеландияның ұлттық символы. (Киви)
10 ұпай Биология. Аяқсыз жылан тәрізді кесіртке, ұзындығы 1 - 2 м. Жыланнан айырмашылығы қарсы болады және көзін жыпылықтата алады. Күндіз белсенді тіршілік етеді. Ол зиянсыз бауырымен жорғалаушы туралы айтылуда? (Сары жылан немесе сары бауыр)
20 ұпай Химия. Табиғатта таралуы бойынша бірінші тұрған металл?(Алюминий)
30 ұпай Химия. Неліктен темір аспан тасы деп аталған? Себебі метеориттің құрамында бар)
10 ұпай. Химия. Бұл заттың 0, 9% ерітіндісі физиологиялық ерітінді деп аталады. Адам ағзасы көп қан жоғалтқанда қан тамырына құйылады. Ол затты тұрмыста тамақ дайындауға қолданады. Бұл заттың химиялық атауы қандай? (NaCl натрий хлориді)
20 ұпай Химия. Тайқазан 7 металдан құйылған, ол қандай металдар? (Темір, мырыш, қалайы, қорғасын, мыс, күміс, алтын)
(Озон)
ІІІ бөлім Полиглот.
Келді кезек жұмбақты шешуге
Жауаптарын беруге үш тілдерде
Қазақ, Орыс, Ағылшынды білсеңіз
Жақсы баға шәкірт саған несібе
Әр сайыскерге тапсырма оқылады. Жауабын үш тілде айта білу керек (қазақша, орысша, латынша). Жауабын тапса 10 ұпай, екі тілдегі жауапқа 20 ұпай, үш тілдегі жауапқа 30 ұпай. Ұпай санына қарай 4 оқушы келесі кезеңге өтеді.
Ауада 21 % болатын газ - (оттек кислород, оксигениум ).
Гемоглобиннің құрамына кіретін металл - (темір, феррум, железо).
Ел іші —……. бесік (алтын, серебро, аргентум)
Сұйық металл - (сынап, ртуть, гидраргирум.)
Өзі ауыр металға жатады,
Емшілер қорықтық құюға қолданады. (қорғасын - свинец - плюмбум)
ІV бөлім «Тұлғаны таны»
Тұлғаны тану, дұрыс жауап үшін 10 ұпай.
Мен ағылшын биофизигі әрі генетигімін. Молекулалық биология саласында зерттеу жұмыстарын жүргіздім. Дж. Уотсонмен бірге ДНҚ құрылымының моделін жасадым. ДНҚ молекуласының құрылымдық моделін жасағаным үшін 1962 жылы халықаралық Нобель сыйлығына ие болдым. Мен кіммін? Френсис Крик
Мен тірі организмдердің біртіндеп даму теориясының негізін салған философ әрі жаратылыс зерттеушісімін. Табиғаттың қарапайымнан күрделіге өзгеретінін дәлелдедім.
Аристотель
Мен алғашқы эволюциялық теорияның негізін қалаушы француз жаратылыстанушысымын. Организмдердің бейімделушілік қасиетін сыртқы орта жағдайымен байланыстыра зерттедім. «Зоология философиясы» деген еңбегім бар
Жан Батист Ламарк
Органикалық дүние эволюциясының негізін салған ағылшынның ұлы жаратылыстанушы ғалымымын. Органикалық дүние эволюциясының себептері мен заңдылықтарын аштым.
Чарлз Дарвин
V бөлім «Ғажайып жетілік!»
Жеті пән бойынша үш - үш сұрақтан қойылады. Әр оқушы өзі таңдаған пән бойынша сұрақтарға жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай. Ұпай санына қарай 2 оқушы келесі кезеңге өтеді.
Химия
1. Қандай ұннан нан пісіруге болмайды? фосфор ұны
2. Элемент атомның, басқа элемент атомының белгілі санын қосып алу қасиеті?
валенттілік
3. Зат құрамынан тұрақтылық заңын ашқан ғалым? Пруст
Биология
1. Жасушаны зерттейтін ғылым? (цитология)
2. Күнбағыс қай тұқымдасқа жатады? (Күрделі гүлділер)
3. «Ақ маржан» аталатын дәнді дақыл? (Күріш)
Физика.
1. Марганец тұзының суда еруі қандай құбылыс? (диффузия)
2. Бүкіләлемдік тартылыс заңын кім ашты? (Ньютон)
3. Дене су бетінде қандай күштің әсерінен қалқып жүреді? (Архимед күші)
География.
1. Жердің қатты қабығы жер қыртысы? литосфера
2. Амудария мен Сырдария аралығындағы шөл? (Қызылқұм)
3. АҚШ - тың солтүстік штаты? (Аляска)
Тарих
1. Тәуелсіз Қазақстан елі тұңғыш рет Н. Ә. Назарбаевты президент етіп қай жылы сайлады? 1991 жылы
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы қашан қабылданды?
1993 жылы 30 тамызда
3. Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, әнұраны, туы туралы заң қашан қабылданды? 1992 жылы
Математика
1. Геометрияның жазықтағы заңдылықтарын зерттейтін бөлімі? (Планиметрия)
2. Үшбұрыштың 3 қабырғасы берілген 10, 15, 7, оның периметрін тап? (32)
3. “Миллион” деген сөзді қазақ арасына жеткізген ағартушы? (Ы. Алтынсарин)
Информатика
1. Компьютердің негізгі бөліктерін ата? (Жүйелік блок, Монитор, Пернетақта)
2. Вирустың кері әсерін жоятын программа? (Антивирус)
3. Қазіргі таңда бұл адам атақты Microsoft компаниясының президенті? (Билл Гейтс)
VI Жорға.
Мәңгі бақи есте қалар
Ғажайып бір сайыс болсын
Білімдірек шәкірт озар
Қиынырақ сұрақ болсын деп біз енді сайысымыздың келесі кезеңіне келдік. Бір минут ішінде қанша сұраққа дұрыс жауап берсе, сонша ұпай алады. Бір ойыншы сыныптан шығып тұрады. Ұпай саны ең жоғары оқушы келесі соңғы кезеңге өтеді.
Шарты: 1 минутқа сыйғанша жауап беру.
Бұл сайыс жылдамдықты, алғырлықты талап етеді.
1. Натрий - сілтілік металл
2. Авогадро саны – 6, 02*10²³
3. Лакмус – индикатор.
4. Катализатор – реакцияны жылдамдатады.
5. Оттегі – газ
6. Ас тұзы - Na CL
7. Ингибитор – реакцияны тежейді
8. Метан – қаныққан көмірсутек.
9. Қара алтын - мұнай
10. Аргон - инерті газ.
11. Алмаз, графит - көміртектің аллотропиялық түрөзгерісі
12. КОН – сілті.
13. Кальций элементінің салыстырмалы атомдық массасы - 40
14. HCI – қышқыл.
15. Иіс газы - СО
16. Феррум - темірдің латынша аты.
17. Мырыш неше валентті - ІІ
18. Кремнезем - SiO2.
19. Судың мольдік массасы - 18г/ моль
20. Менделеев болжаған 3 элемент - галлий, скандий, германий
VІІ Шешендік өнер
Мағынаның ашылуы, сөз байлығы үшін 30 ұпай беріледі.
XXI ғасыр – химия ғасыры.
Сайыста жеңіп шыққан оқушы «XXI ғасыр көшбасшысы» атанып марапатталады.
Бүгінгі кешімізді Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың сөзімен аяқтағым келіп отыр: "Ең алдымен мен қасиетті жерімді сақтап, бізге мирас етіп жаңа заман табалдырығында балаларымен немерелеріне тіршілік тағлымдарын дарытып жатқан әкелерімізбен аналарымызға, білім сынды баға жетпес құндылықты сақтап қалған, алдағы арайлы күндерден үмітін үзбеген ұстаздарымызға, ғалымдарымызға, дәрігерлерімізге, инженерлерімізге бас иемін!"
Дарынды балаларға арналған “Bilim-Aktobe” мектеп интернаты
Сыныптан тыс жұмыс
Тақырыбы: Білімді мыңды жығар
Сыныбы: 10 сынып
Жетекшісі: К.Б Базарбаева
Ақтөбе 2022 ж