Файл: Тыныс жиілігін анытау Масаты науасты жадайын баалау зірле.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 76

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тыныс жиілігін анықтау

Мақсаты : науқастың жағдайын бағалау

Әзірле: секундомер немесе секундты тілі бар сағат, қызу парағы

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасты жатқызыңыз. Зерттеу науқас тынышталғаннан кейін 5-7 минут өткеннен соң жүргізіледі.

  2. Тыныс алу жиілігін науқасқа байқатпай, тамыр соғуын анықтағандай болуы керек.

  3. Қолыңызды науқастың кеуде қуысына көлденең қойыңыз.

  4. Қолдың қозғалысын бақылап отырып, 1 минуттағы тыныс алу жиілігін санаңыз (тыныс алу мен тыныс шығару – бұл бір тыныс алу қимылы).

  5. Егер тыныс алу жиілігі мен ырғағы,тереңдігі қалыпты болса, онда 30 секунд бойы есептеп сонан соң оны 2-ге көбейтіңіз.

  6. Зерттеу нәтижесін қызу парағындағы «тыныс алу» деген кестеге жазыңыз.

  7. Тыныс алу жиілігі дені сау адамдарда 1 минутта болады :

- жаңа туылған нәрестеде – 40-60

  • жаңа шала туылған нәрестеде 60-80

  • 1-2 жасар сәбиде 30-35

  • 5-6 жаста 25 рет шамасы

  • 10 жаста – 18-20

  • 14 жаста – 15-16

  • Үлкендерде – 16-20

  1. Зерттеуге баға беріңіз :

  • қалыпты тыныс алу жиілігі 1 минутта 16-20 рет

  • брадипноэ – тыныс алу жиілігі 16-дан кем

  • тахипноэ – тыныс алу жиілігі 1 минутта 20-дан артық


Дене қызуын өлшеу және қызу парағына оны тіркеу

Мақсаты:науқастың функциональды жағдайын бақылау

Әзірлеу қажет:

  • медициналық термометр

  • лоток

  • сүлгі

  • дене қызуын есепке алу журналы

  • қызу парағы

  • залалсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс

  • таза термометрлерді сақтау үшін ыдыс

  • мақта

Шырышты қабықта дене қызуын өлшеу

Кей жағдайларда дене қызуын шырышты қабықтарда (ауыз қуысында, қынапта, тік ішекте) өлшейді.

Іс- әрекет алгоритмі:



  1. Дене қызуын ауыз қуысында өлшегенде термометрдің сынапты резервуарларын тіл астына еріндерімен қысып 10 минут ұстаңыз.

  2. Дене қызуын тік ішектен өлшегенде термометрді вазелинмен екіден бір бөлігін майлаңыз.

  3. Науқасты сол қырымен жатқызып, құйрығын ашып, тік ішекке термометрді енгізіңіз.

  4. 10 минуттан соң термометрді шығарып, мәліметті алыңыз.

  5. Қолданылған термометрді залалсыздандыру ерітіндісімен залалсыздандырады.



Ескерту:

  • дене қызуының 1ºС-қа жоғары болуы тамыр соғуын 10-рет артық соғуына әкеліп соғады;

  • қуыстарда өлшенген дене қызуы қолтық астындағы дене қызуынан 0,5-1ºС-қа жоғары болады.


Стандарт атауы: Дене қызуын өлшеу



Практикалық дағдыларды орындау кезіндегі қадамдық әрекеттер

1

Пациентке түсіндіріп,келісімін алды.

2

Пациентті отырғызады немесе жатқызады.

3

Қолды гигиеналық деңгейде жуып,қолғап киді.

4

Термометрді алып тұтастығын тексеріп,сілкіп,сынабын 35 °С тан төмен түсірді.

5

Қолтық астын мұқият қарады.

6

Пациенттің қолтық астын таза құрғақ салфеткамен сүртті.

7

Термометрді сынап жағына салып,пациенттің қолын кеудесіне қысып алуын сұрады.

8

Термометрді 10 минуттан кейін алып,нәтижесіне баға берді.

9

Пациентке нәтижесін хабарлады.

10

Дене қызу көрсеткіштерін журналға,дене қызу парағына белгіледі.

11

Қолданған термометрді сынабы түскенше сілкіді.

12

Термометрді зарарсыздандыру ерітіндісіне15 минутқа салды.

13

Термометрді ағынды сумен жуып,құрғатып,арнайы ыдысына салып құрғақ күйінде сақтайды.

14

Қолғапты шешіп, қауіпті «Б» қалдықтар сыныбына арналған қорапқа салды,қолын жуып,құрғатты.



Қызбадағы дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету

1. Дене қызуын 1-2 сағат сайын өлшеп, ф-004 е нысанына белгілеу.

2. Ақыл-есі бұзылғанда жеке бақылауды ұйымдастыру.

3. Теріні жартылай спирт ерітіндісімен сүрту.

4. Дәруменге бай сусындар ішу (лимонмен шай т.б) 2, 5 л дейін.

5. Ауызды, ернін сумен сүрту.

6. Басына мұзды мұйық қою.

7. Медикаментозды ем қолдану (парацетамол, панадол).

8. АҚҚ, ТЖА , PS ф-004 е нысанына белгілеу.



9. Науқас бөлмесін желдету.

10. Төсек, іш киімдерін ауыстыру.

11. Зәр шығаруын бақылау, оларға гигиеналық іс-шаралар жүргізу.

12. № 13 диета.

Артериялық қан қысымын өлшеу

Мақсаты: диагностикалық

Көрсеткіштері: дәрігердің тағайындауы, профилактикалық тексерулер

Әзірле: тонометр, фонендоскоп, температуралық парақ, қалам

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Емделушіні отырғызыңыз немесе жатқызыңыз.

2. Емделушінің жалаңаш қолына манжетканы шынтақ бүгілген жерге 2-3

см жоғары кигізіңіз. Манжетка мен емделушінің қолы арасына бір саусақ

сиятындай етіп бекітіңіз.

3. Емделушіден қолын дұрыс қоюын өтініңіз: алақанын жоғары қаратыңыз.

4. Манометрді манжеткаға бекітіп, манометр нөлдік бөлігінде тұруын

тексеріңіз.

5. Фонендоскоп мембранасын спиртпен сүртіңіз.

6. Шынтақ иінінің артериясына фонендоскоп мембранасын қойыңыз.

7. Алмұрттәрізді баллон бұранданы жауып, манжеткаға фонендоскоптың

бақылауымен ауа айдаңыз, манометрдің көрсеткіші сынап бағанасымен

20мм-ге жету тиіс, осы кезде Коротков дыбыстары жоқ болып кетеді.

8. Манжеткадан ауаны секундына 2мм с.б. жылдамдықпен жіберіңіз.

9. Артерияда бірінші дыбыстар естіле бастағанда систолалық қысымға сәйкес келетін цифрларды есте сақтап белгілеңіз.

10. Ауаны әрі қарай жіберіп отырып, диастолалық қысым көрсеткішін

анықтаңыз, бұл көрсеткіш Коротков дыбыстарының әлсізденуі немесе

мүлде жоғалуына байланысты.

11. Алған мәліметтерді бөлшек күйінде жазып алыңыз, манжеткадағы ауаны

түгел жіберіңіз. Арасы 2-3 минуттан артериялық қан қысымын өлшеуді

қайталаңыз, көрсеткіштің ең кішісін жазып алыңыз.

12. Алған нәтижелерді температуралық параққа жазыңыз.

Пульсті анықтау техникасы

Әзірле: секундомер, температуралық парақ

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Оң қолдың 1, 2, 3-саусағымен кәрі жілік білезік тұсындағы артерия тамырды сипап тауып, жеңіл басыңыз. Бас бармақты сырт жағынан қапсыра ұстаңыз.

  2. 30 минут аралығындағы тамыр лүпілін санап, екіге көбейтіп, 1 минуттағы жүрек жұмысын бағалаңыз.

  3. 0,04/ф сызып белгілеңіз.

Ескерту: Аритмия кезінде толық 1 минутта есептеңіз.
Анықтау орындары: шеке тамыр – көздің сыртқы бұрышынан

2 см кейін, ұйқы тамыр – алдыңғы мойын

ортасынан 2 см артқа қарай.