Файл: азастанны ежелгі заман тарихы пнінен емтихан сратарыны жауаптары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 165

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Мал шаруашылығының үшінші түрі — отырықшы мал шаруашылығы бәрінен де гөрі Оңтүстік Қазақстан аудандарында, Сырдария, Шу, Талас, Арыс өзендерінің бойында, Қаратау жотасы баурайларында, табиғи су қоймалары мен кең байтақ шабындық алқаптары бар жерлерде кеңінен тарады. Табиғат жағдайлары және Соғды мен Ферғананың егіншілік орталықтарына жақын орналасуы шаруашылықта суармалы және тәлімі егіншіліктің басым болуына, халықтың тұрақты отырықшылануына, әсіресе б. З. Б. I мыңжылдықтың аяғында, мал өсіретін ірі қауымдардың жерге жаппай отырықшылануы кезеңінде ірі-ірі егіншілік қоныстарының ерте пайда болуына себеп болды. Ішінде ірі қара әжептәуір көп болған малды көктемгі, жазғы және күзгі жайылымдарға жайып, бағу жұмысын егіншілік-малшылық қауым шеңберінде жекелеген отбасылар атқаратын болды.

45.Үйсіндердің қоғамдық құрылымына сипаттама беріңіз

Үйсің мемлекетінің қоғамдық құрылысы

Бұлар сақтардың этномәдени мұрагерлері үйсіндер болатын. Қазақ мемлекеттігінің тағы бір қайнар көзі үйсіндер мемлекеті болып есептеледі. Үйсіндерде ежелгі өркениетке тән дамудың барлық белгілері байқалды. Бұл қалыпты даму белгілеріне мемлекеттік билік жүйесін, жазудың болғандығын, тұрақты әскерді, елшілік жоралғыларын және т.б. жатқызуға болады.Қоғамдық құрылысына келсек Үйсін қоғамында байлар, жасауылдар, абыздар, кедейлер болған. Әскер басылары мен шенеуніктердің қолында мөрі болған. Жеке меншік те өскен. Үйсін бірлестігінде малға жеке меншік болды. Ру-тайпаларының жайылымдары иелікке бөлініп, байлық тайпа көсемдерінің қолына жинақталды; тайпааралық қарым-қатынас өсті. Жеке меншіктің болғанын қыш ыдыстарға, сүйектен, металдан жасалған әр түрлі заттарға түсірілген таңбалардан байқаймыз. Қазылған обалардың аумағы әртүрлі. Кейбіреулерінің биіктігі 10-12 м, аумағы 40 м-ге дейін жетеді. Адам сүйегімен бірге көмілген заттардың санына, сапасына қарағанда, үлкен қорғандарға тайпа көсемдері, ақсүйектер, одан кішісіне қауымның қарапайым мүшелері жерленген. Билік мұрагерлік жолмен әкеден балаға ауысып отырған. Оған "бек" аталған ру, тайпа көсемдері бағынған. Үйсін бірлестігінде басқарудың ондық жүйесі қолданылды. Билеуші өзіне қарайтын жұртын балаларына бөліп, әрқайсысына он мыңнан жасақ, көші-қон жерін еншілеген. Үйсін бірлестігінде мемлекетке тән белгілер болды. Бектер өздерінің жайылымдық жерлерін өзгелерден қарулы күшпен қорғағаны жайында деректер бар. Мұның өзі әлеуметтік топтардың қалыптаса бастағанын аңғартады.


46.Қаңлылардың экономикасындағы Ұлы Жібек жолының маңызы

Қаңлы мелекетінің сыртқы саясатта ұстанған басты бір бағыты,

Ұлы Жібек жолы бойындағы өзінің жерінен өтетін жол торабындағы

билігін сақтауға тырысуы. Ол жол Ферғанадан Сырдария бойымен

Арал теңізіне дейінгі аралықты өздерінің бақылауларында ұстаған.

Бұл жол арқылы солтүстік батысқа Кавказ, Қара теңіз жағалауына, ал

оңтүстігінде Иран, Таяу шығысқа, Индия, Қытайға қатынас жүретін. Бұл

жолмен сауда керуендері ағылып жататын.Ал саудадан ұшан-теңіз

пайда түсетін. Міне сол жоғарыда көрсетілген елдермен саяси және

сауда қарым-қатынастың болғандығын көрсететін қытай теңгелері,

айналары, Индиядан келген коралл моншақтары, Европадан, Ираннан

келген түрлі әшекей бұйымдар археологиялық қазба жұмысының

кезінде қаңлылардың обалары мен қоныстарынан табылған.

47.Тасмола мәдениетінің ескерткіштері

Қазіргі сипаттамалар бойынша Тасмола мәдениетінің негізгі ескерткіштері түріне обалар, “мұртты обалар”, қоныстар, кен орындары, петроглифтер жатады. Қоныстарға байланысты мүлдем тың деректер ғылыми айналымға жаңадан еніп отырғандықтан, Тасмола мәдениетін сипаттауда осыған дейін тек жерлеу ескерткіштері, яғни обалар басты орында болып келді. Жалпы саны 180-ге жуық жерлеу ескерткіштерінің деректері бойынша қалыптасқан ішкі кезеңдемесі бойынша Тасмола мәдениеті бірін-бірі алмастыратын үш хронол. сатылардан тұрады: 1 саты (б.з.б. 7 – 6 ғ.), 2 саты (б.з.б. 5 – 4 ғ.) және ерекше топтың жәдігерлерін біріктіретін 3 саты (б.з.б. 3 – 1 ғ.). Алдыңғы екі сатының мәдени ерекшеліктері бір-біріне өте жақын болғандықтан, бұларды бір тасмола кезеңіне біріктіреді. Соңғы сатының, яғни қорғантас кезеңінің ескерткіштері мәдениеттің аяқталар уақытымен сәйкес келетіндіктен, мұнда сақ дәуірімен қатар, ғұн-сармат дәуіріне тән біршама жаңа элементтер байқалады. Аз зерттелген бұл кезеңге байланысты 30-ға жуық оба ескерткіштері ғана зерттелген. Ерте кезеңнің қорымдары көлемі жағынан неғұрлым шағын, көбіне 2 – 5 обаны біріктіреді, 10 – 20-дан астам нысандардан тұратын ірілері сирек кездеседі. Тас, топырақтан үйілген пішіні дөңгелек обалардың диам. 5 – 10, 15 м, биікт. 0,3 – 1, 1,5 м болатын шағын және орташа түрлері кеңірек танымал. Диам. 30 – 40 м-ден жоғары, биікт. 3 – 5 м-ден үлкен обалары аз зерттелген

, іс жүзінде мұндай ірі нысандардан тек Нұркен-2 қорымынан ғана деректер бар. Қорғантас кезеңінің тастан үйілген обалары көлемі жағынан әлдеқайда шағын, қоршаусыз, орсыз келеді. Мүрделер шұңқыр қабірлер мен тас жәшіктерде басымен солт.-шығысқа қаратыла жерленеді. Ғұн дәуіріне өте-мөте тән белгілерге қабірдің бас жағындағы арнаулы орынға мал бастары мен аяқ сүйектерінің көптеп салынуы жатады.

Тасмола кезеңінің ғұрыптық ескерткіштеріне жататын “мұртты обалар” жүздеп саналады. Ғылыми пайымдаулар бойынша күншығысқа тартылған ұзын тас тізбектері бар мұндай күрделі құрылыстар қайтыс болған беделді адамдардың рухымен қоштасу, еске алу салтанаты кезінде жасалатын болған (қ. Мұртты обалар). Орталық Қазақстанда ашылған ерте темір дәуірі қоныстары ағынды су көздерінен жырақта, жазық дала деңгейінен биікте, тау беткейлерінің күнгей, яғни шығыс, оңт.-шығыс жақтарында орналасатыны байқалды. Бұл қоныс тұрғындарының Орталық Қазақстанда ұдайы соғатын батыс желдерінен және қар қабаттарынан сақтануға мәжбүр болғандығын аңғартады.

48.Алғашқы адамдардың пайда болуы және еңбек құралдары

Ғалымдар алғашқы адамды “епті адам” (австралопитек) деп атайды. “Епті адам” Кения жеріндегі Олдувай шатқалында (Африка) табылған. Бұдан 1 млн 750 мың жыл бұрын өмір сүрген. Алғашқы адамның кәсібі терімшілік пен аңшылық болды. Баспаналары – үңгірлер. Ертедегі адамдардың ұжымы тобыр деп аталады.

Питекантроптың қаңқасы алғаш рет 1891 жылы Ява аралынан табылды. Ол бұдан 1 млн жыл бұрын өмір сүрген. Адамзат дамуында бұдан кейінгі сатыда Солтүстік Қытайдан табылған синантроп (“Қытай адамы”) тұрады. Синантроп бұдан 500 - 200 мың жыл бұрын өмір сүрген. Питекантроп пен синантропты “тік жүретін адам” деп атайды.

Еліміздің аумағында алғашқы адамдар бұдан 1млн - дай жыл бұрын пайда болған. Мұны Арыстанды өзенінің бойынан (Жамбыл облысы) және Қаратаудан (Оңтүстік Қазақстан) табылған еңбек құралдары дәлелдейді. Қазақстан аумағында өмір сүрген алғашқы адамдар – питекантроптың замандастары.

Орта тас ғасырында (б. з. б. 100 - 40 мың жыл аралығында) өмір сүрген адам алғаш рет Неандерталь (Германия) жерінен табылған. Сондықтан ғалымдар оған неандертальдық деген атау берген. Ол тастан, сүйектен, ағаштан құралдар жасай білген, шақпақ тастармен от жағуды үйренген.

Неандертальдықтың басы еңкіш, мойны қысқа, ал тістері аса ірі болған. Оның сөйлеу қабілеті толық қалыптаспаған. 1938 жылы Өзбекстанның Тесіктас үңгірінен неандерталь баланың сүйегі табылды.


Алғашқы еңбек құралдары қазғыш таяқ, үшкір тас, шоқпар болды. Алғашқы еңбек құралдары негізінен тастан жасалып, өте қарапайым болған. Алғашқы адамдар еңбек құралдарын жасау үшін қолға ұстауға ыңғайлы тастарды таңдап алды.

Кейінгі тас ғасырында (б. з. б. 40 - 12 мыңжылдықта) адамзат дамуының жаңа кезеңі басталды. Адамзат жердің барлыққа жуық аумағын игерді. Қажырлы еңбектің нәтижесінде бұдан 40 - 30 мың жыл бұрын неандертальдықтан кейін “саналы адам” пайда болды. Оның миы ”епті адамның” миынан екі есе үлкен болды. Адамның жетілуінде еңбек шешуші рөл атқарған. Адам еңбек арқылы жетіліп, оның қолы, сөзі, миы дамыды. Қазіргі адамға ұқсас адамдар қалыптасты.

“Саналы адамның” сүйегі алғаш табылған жер Кро - Маньон үңгірі (Франция) болғандықтан, ол кроманьондық деп аталды.

“Саналы адам” тік жүруді, анық сөйлеуді меңгеріп, сөздік қорын жетілдіріп отырды. Рухани жағынан жетіле түсті. Үңгір қабырғаларына салынған суреттер бұған дәлел болады. Діни наным - сенімдері қалыптаса бастады, адамды жерлегенде түрлі әшекей заттарын бірге көмген.

Адамдар қарапайым еңбек құралдарын пайдалануды үйренген соң, табиғатқа тәуелділігі азая бастады. Жеміс - жидектерді терді, жеуге жарамды тамырларды қазып алды, құстардың жұмыртқаларын жинап қорек етті. Мұндай кәсіп терімшілік деп аталды.

Алғашқы адамдардың келесі кәсібі аң аулау болды. Олар негізінен мамонттарды, бизондарды, маралдарды, жабайы жылқыларды, үңгір аюларын аулады.

Қаратау үңгірінің тұрғындары домалақ малта тасты екі жағынан егеп, жүзі өткір, ирек ара секілді құрал жасай білген. Мұндай құралды чоппинг деп атайды. Бұл құралмен онша жуан емес ағашты кескен.

Алғашқы адамдар ұстауға ыңғайлы тасты жарып, бөлшектеп, жүзін өткірлеген. Бұл қару чоппер деп аталады. Онымен таяқты ұштады, өлтірген аңдардың денесін боршалады, терісін сылды.

Алғашқы адамдардың еңбек құралдарын, тас өңдеу техникасын, бұйымдардың жетілдірілуін зерттеген археологтар тас дәуірін үш кезеңге бөледі: палеолит – ежелгі тас ғасыры (б. з. б. 2 млн 500 мың – 12 мың жыл) (2011 жылғы баспада б. з. б. 2 млн 600 мың – 12 мың жыл деп көрсетілген), мезолит – орта тас ғасыры (б. з. б. 12 - 5 мың жыл), неолит – жаңа тас ғасыры (б. з. б. 5 - 3 мың жыл). Бұл үш кезеңнің әрқайсысы өзінен бұрынғысынан неғұрлым жетілдірілген еңбек құралдарымен ерекшеленеді.

49 .Неолит дәуірінің еңбек құралдары туралы айтып беріңіз.

Еңбек құралдарынан қыспа түзету техникасын жетілдірумен қатар тас өңдеудің жалтырата тегістеу, бұрғылау, аралау сияқты жаңа технол. әдістері қалыптасты. Аңшылықтан мал өсіруге, терімшіліктен егіншілікке көшу орын ала бастады. Шаруашылықтың жаңа түрлерінің шығуы адам баласын осы салаларға қатысты жаңа еңбек құралдарын (дәнүккіш, келі, келсап, кетпен, т.б.) жасауға, оның сипатын сапа жағынан жетілдіруге итермеледі. Бұрынғыдай тастан және сүйектен жасалған құралдар кеңінен пайдаланылды және қыш ыдыстар кеңінен тарады. Қыш ыдыстардың шығуы дәнді дақылдарды сақтауға, пайдалануға көп мүмкіндік берді.


50.Неолиттегі еңбек құралдары

Еңбек құралдарынан қыспа түзету техникасын жетілдірумен қатар тас өңдеудің жалтырата тегістеу, бұрғылау, аралау сияқты жаңа технол. әдістері қалыптасты. Аңшылықтан мал өсіруге, терімшіліктен егіншілікке көшу орын ала бастады. Шаруашылықтың жаңа түрлерінің шығуы адам баласын осы салаларға қатысты жаңа еңбек құралдарын (дәнүккіш, келі, келсап, кетпен, т.б.) жасауға, оның сипатын сапа жағынан жетілдіруге итермеледі. Бұрынғыдай тастан және сүйектен жасалған құралдар кеңінен пайдаланылды және қыш ыдыстар кеңінен тарады. Қыш ыдыстардың шығуы дәнді дақылдарды сақтауға, пайдалануға көп мүмкіндік берді. Мәдени-шаруашылық белгілері жөнінен Неолит мәдениеттері екі топқа бөлінеді: 1) егіншілік пен малшылық; 2) аңшылық пен балық аулау. Соңғы топтағылар табиғаттан дайын өнімді алып пайдаланса, алдыңғы топтағылар өнімді тікелей өндіру арқылы алды. Әлеуметтік жағынан алғанда Неолит дәуірі рулық қауым дәуірі болды. Тайпалар немесе тайпалық бірлестіктер құрылғанын Еуразиядағы Неолит заманына жататын көптеген археол. мәдениеттер де айғақтайды. Кейінгі Н-те жіп иіру мен тоқымашылық шықты. Егіншілік дамыған аймақтарда ежелгі мемлекеттер қалыптаса бастады. Микролиттік индустрия кеңінен өрістеді. Микролиттер жебе ұштары мен қыстырма құралдар жасауға жұмсалды: сүйек немесе ағаш саптың ұзына бойындағы қуыстарға ондаған ұсақ микролиттер тау балауызы, қара май, битум арқылы бекітілді. Мұндай құралдар әсіресе тері өңдеуге, егін оруға пайдаланылды. Халық саны артып, қоғамда демогр. ахуал жақсара түсті. Қатынас құралдары дамыды. Адамдардың отырықшылыққа көшкенін көлемі әр түрлі баспаналар да айғақтайды. Баспаналардың бүкіл ұжымға не жеке отбасына арнап салынуы адамдардың қауым болып өмір сүргендігін аңғартады. Этнол. мағлұматтар Неолиттік тайпаларда аналық-рулық құрылыс үстем болғандығын көрсетеді. Сондай-ақ мәдени-тұрмыстық жаңалықтар адамның дүниеге деген көзқарастарын түбірімен өзгертті. Табиғат күштеріне, анаға табыну орын алды. Бұған Неолит заманындағы өнерден хабар беретін тасқа түскен бедерлер, әйелдердің мүсіндері дәлел болады. Неолитте адамзат өмірінде болған өзгерістерді саралай келе, Г.Чайльд осы дәуірге қатысты “неолиттік төңкеріс” терминін енгізді. Қазақстан аумағынан, негізінен алғанда Солтүстік Қазақстаннан әзірше неолиттік бірнеше қабір табылды. Кабірлердің бірде-біреуінің жер бетінде сыртқы белгілері жоқ. Барлык молаларда сүйектермен бірге жебелердің табылуы бабаларымыздың аң аулаумен айналысып қана қоймай, соғыс жанжалдарына жиі түсіп тұрғанын да көрсетеді. Қабірлерде керамика өте аз, ал кейбіреулерінде ол мүлде жоқ. Железинка ауылы жанындағы қабір бойынша (Пеньки түрағынан 100 шақырым) неолит дәуіріндегі жерлеу ғұрпы туралы мейлінше толық пікір айтуға болады10. Мола, сірә, рулық ұйымдағы ерекше дәрежелі әйелдікі болса керек. Сәндік заттардың, еңбек құралдарының көптігі, оның үстіне жерлеудің күнге табынуға байланысты ерекше ғұрпы осыны көрсетеді. Ондай әдет бойынша өлік кремацияланатын болған. Бұл жолы өлік толық өртелмеген; денесінің қалған мүрдесі өлген адамның заттарымен бірге молаға көмілген; ол заттардың ішінде бас киімге тағылған, шеті ұсақ кертпешелермен сәнделген, орақ тәрізді сүйек каптырма, жыртқыш андардың тістері, қауашақтан жасалған ірі моншактар тізілген алқа бар. Мейлінше сәнделген киіммен бірге молаға еңбек құралдары (шот, сүйек біз), аңшылық құралдары (найзалардың, жебелердің тастан және сүйектен жасалған ұштары) және балшыктан жасалған, құты тәріздес, түбі домалақ, кішкене үш ыдыс салыныпты. Сол жерден құланның екі топайы табылды; бұлар қызыл жосамен боялған, бұл түс ежелгі адамдардың ұғымынша өртеу, отқа табыну рәсімін білдірген.