Файл: Бала Ытары туралы конвенция (НьюЙорк, 20 араша 1989 ж.).docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 52

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


      3. Жан-жақты ең алғашқы баяндамасын Комитетке тапсырған қатысушы мемлекетке осы баптың 1"ә" тармағы бойынша кейін тапсыратын баяндамаларында, ертерек сөз болған негізгі ақпаратты қайталаудың қажеті жоқ.

      4. Комитет қатысушы мемлекеттерден осы Конвенцияның жүзеге асуына қатысты қосымша ақпаратты сұрата алады. Мәдениет мәселесі жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) және ЮНИСЕФ, Комитет мәжілісіне қатысуға мүмкіндіктері бар. Олар "құзырлы" деп танылған кез келген басқа ұйымдармен, сондай-ақ БҰҰ жанында өзінің ақыл-кеңестік мәртебесі бар үкіметтік емес ұйымдармен (НПО) және олардың БҰҰ-ның босқындар жөніндегі Бас комиссары Басқармасы сияқты органдарымен қосыла отырып Комитетке қажетті мәліметтерді ұсынуы және өз кезегінде Комитеттен Конвенцияның тиімді орындалуына қатысты арнайы сұрау алуы мүмкін.

      5. Комитеттің қызметі туралы баяндамалар екі жылда бір Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес арқылы Бас Ассамблеяға тапсырылады.

      6. Қатысушы мемлекеттер өз елдерінде баяндамаларының кеңінен жариялы болуын қамтамасыз етеді.

45-бап

     

Конвенцияның тиімді түрде жүзеге асуына жәрдем етіп және осы Конвенция қамтитын саладағы халықаралық ынтымақтастықты көтермелеу мақсатында:

      а) мамандандырылған мекемелер, Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры мен Біріккен Ұлттар Ұйымының басқа ұйымдары - өз өкілеттілігінің аясына кіретін, осы Конвенцияның ережелерін жүзеге асыру мәселесі қаралғанда оған қатысып отыруға хақысы бар. Комитет өзінің тиісті өкілеттілігі аясындағы салаларда ғана Конвенцияның жүзеге асуына қатысты сарапшылардың қорытындысын өзі дұрыс деп тапқан жағдайда, мамандандырылған мекемелерге, Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры мен басқа да құзыретті ұйымдарға бере алады. Комитет, мамандандырылған мекемелерге, Біріккен Ұлттар Ұйымының

Балалар қоры мен басқа да БҰҰ ұйымдарын өзінің қызмет аясына кіретін салаларда Конвенцияның жүзеге асуы жайлы баяндамаларды бере алады;

      ә) Комитет, өзі дұрыс деп тапқан жағдайда, техникалық кеңес немесе көмек немесе осындай көмекке мұқтаждық бары көрсетілген, сондай-ақ осы сияқты өтініштер мен нұсқауларға қатысты Комитеттің ескертпелері мен ұсыныстары бар болса сол ескертпелері мен ұсыныстары енген қатысушы мемлекеттердің баяндамаларын мамандандырылған мекемелерге, Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры мен басқа да құзыретті ұйымдарға жібереді.


      б) Комитет, Бас Ассамблеяға, бала құқықтарына қатысты жеке мәселелер бойынша зерттеу жұмыстарын өзінің атынан Бас Хатшының жүргізуін сұрап ұсыныс жасай алады.

      в) Комитет, осы Конвенцияның 44 және 45-баптарына сай алынатын ақпараттарға негізделген жалпы түрдегі ұсыныстар мен сипаттамалар бере алады. Осы сияқты жалпы түрдегі ұсыныстар мен сипаттамалар кез келген мүдделі қатысушы мемлекетке жіберіліп, егер бар бола қалған жағдайда қатысушы мемлекеттердің ескертпелерін оған қоса Бас Ассамблеяға хабарлайды.

ІІІ БӨЛІМ

46-бап

      Осы Конвенция барлық мемлекеттердің қол қою үшін ашық.

47-бап

      Осы Конвенция ратификациялауға жатады. Ратификациялық грамоталар Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақталуға тапсырылады.

48-бап

      Осы Конвенция кез келген мемлекеттің оған қосылуы үшін ашық. Қосылу туралы құжаттар Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақталуға тапсырылады.

49-бап

      1. Осы Конвенция, жиырмасыншы ратификациялық грамота немесе қосылу туралы құжат Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақталуға тапсырылғаннан кейінгі отызыншы күні күшіне енеді.

      2. Жиырмасыншы ратификациялық грамота немесе осы Конвенцияға қосылу туралы құжат сақталуға тапсырылғаннан кейін оны ратификациялайтын немесе оған қосылатын әрбір мемлекет үшін осы Конвенция олардың өздерінің

ратификациялық грамотасы немесе қосылу туралы құжаты сақталуға тапсырылғаннан кейінгі отызыншы күні күшіне енеді.

50-бап

      1. Кез келген қатысушы мемлекет өзгерту ұсынып, оны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына тапсыра алады. Одан кейін Бас хатшы осы ұсыныстарды қарау және оларды дауысқа салу мақсатымен қатысушы мемлекеттердің конференциясын шақыру қажеттігі жөнінде көзқарастарын білдіруді өтіне отырып, ұсынылған түзетуді қатысушы мемлекеттерге жолдайды. Осы хабар тараған күннен бастап, төрт ай аралығында осындай конференцияның шақырылуын қатысушы мемлекеттердің ең кем дегенде үштен бірі қолдаса, Бас хатшы конференцияны Біріккен Ұлттар Ұйымының аясында өткізеді. Конференцияға қатысып, дауыс берген қатысушы мемлекеттердің көпшілігі қабылдаған кез келген түзету Бас Ассамблеяға бекітуге тапсырылады.

     

2. Осы баптың 1-тармағына сай қабылданған түзету, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы бекітуі бойынша қатысушы мемлекеттердің ең кем дегенде үштен екісінің көпшілігі қабылдағаннан кейін күшіне енеді.



      3. Түзету, күшіне енгеннен кейін, оны қабылдаған мемлекеттер үшін міндетті болады, ал басқа қатысушы мемлекеттер үшін өздері бұрын қабылдаған кез келген түзетулер мен осы Конвенцияның ережелері міндетті болып қала береді.

51-бап

      1. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы ратификациялау немесе қосылу кезінде мемлекеттер жіберген ескертпелер мәтінін жинап, басқа барлық мемлекеттерге жібереді.

      2. Осы Конвенцияның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келмейтін ескертпеге жол берілмейді.

      3. Ескертпелер кез келген уақытта Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысының атына жіберілген тиісті хабарлама арқылы алынып тасталына алады. Бас хатшы бұл жөнінде кейін барлық мемлекеттерді хабардар етеді. Мұндай хабарлама, оны Бас хатшы алған күннен бастап күшіне енеді.

52-бап

      Кез келген қатысушы мемлекет Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысының атына жіберген жазбаша хабарламасы арқылы осы Конвенцияның күшін жоя алады. Күшін жою Бас хатшының хабарламаны алғанынан кейін бір жыл өткен соң күшіне енеді.

53-бап

      Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы осы Конвенцияның депозитарийі болып тағайындалады.

54-бап

      Ағылшын, араб, испан, қытай, орыс және француз тілдеріндегі мәтінінің мағынасы бірдей осы Конвенцияның түпнұсқасы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақталуға тапсырылады.

      Осыны куәландыру үшін, төменде қолдарын қойған өкілетті өкілдер өздерінің тиісті үкіметтері атынан қажетті түрде алған уәкілеттіктеріне сай осы Конвенцияға қолдарын қойды.

Қарғалы №4 орта мектеп КММ

БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯ
(Нью-Йорк, 20 қараша 1989 ж.)