Файл: Атбе нерксіптік технологиялар колледжі Таырыбы Саналы рпажарын болаша.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 11
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар колледжі
Тақырыбы: Саналы ұрпақ-жарқын болашақ
Мақсаты:
Биік шыңдарға біліммен шығуға баулу. Танымдық белсенділікті арттырып, өз пікірлеріңді тұжырымдап айтуға, еркін сөйлеуге, өзіне сенімді болуға үйрену.
Әдісі: сұрақ - жауап, топтау
Көрнекілігі: суреттер, мағыналы сөздер І.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сәлемдесу.
2. Тәрбие сағатын бастау
Мазмұны:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Саналы ұрпақ жарқын болашақ
Қорытынды.
Кіріспе
Миссиясы
2018-2020 жылдарға арналған «Саналы ұрпақ» жобасының (бұдан әрі – Жоба) миссиясы: сыбайлас жемқорлықтан азат Қазақстанда тұратын патриот және бәсекеге қабілетті жастар.
Жобаның мақсаты – білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықтан бас тарту ортасын қалыптастыру.
Жобаның Стратегиясы елдегі білім беру ұйымдарында озық тәжірибені одан әрі пайдалану мақсатында пилоттық бағыттарды апробациялауға және іске асыруға негізделген.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында «Нұр Отан» партиясы көп жұмыс атқарады. Елдің жетекші саяси күші ретінде «Нұр Отан» партиясы өзінің ең маңызды міндеттерінің бірі ретінде бүкіл азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте біріктіреді. Партия көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атынан «Нұр Отан» 2025 жылға дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаны әзірледі. Ол Президент Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына негіз болды.
Елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту, алдын алу және жазалаудың тиімді ұштастырылуы бойынша құрылып, іске асырылуда.
Сонымен бірге, мемлекет қылмыстық қудалау институттарын сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін әлсіретпек емес, өйткені заңсыз әрекеттер үшін жазалаудың сөзсіздігі заңдылықтың маңызды принципі ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік әділдікті қамтамасыз етудің де көрсеткіші.
Қабылданған шаралардың арқасында сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейді.
Ағымдағы ахуалды талдау нәтижелері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол беретін негізгі факторларды анықтай отырып, Жобаны іске асырудың негізгі бағыттарын айқындайды:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет;
2) білім беру ұйымдарының ашықтығы;
3) академиялық адалдық;
4) білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама;
5) ақпараттық қолдау.
ІІ. Негізгі бөлім
Қоғам мен білім беру кеңістігінің қазіргі жаһандану жағдайында азаматтылық пен патриотизмді тәрбиелеу аса өзекті болды.Өз елінің патриоты болу - кез келген адам үшін әрқашан үлкен құрмет. Патриот болып туылмайды, патриот болып қалыптасады, сондықтан патриоттық тәрбие – бұл тәрбие жұмысының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Патриотизм жанға терең түсетін өте қымбат сезім. Патриотизмді әрбір адам сөзбен емес, іспен көрсетуі керек. Патриот деп өзін-өзі атайтын адам емес, өзгелерді құрметтейтін адам, бірақ ең алдымен оның отандастары.Колледж алдында тұлғаның белсенді азаматтық ұстанымын,әскери патриоттық тәрбие беру қажеттілігін, төзімділікті, қоғам ментұлғаның әлеуметтік маңызды құндылықтарға тәрбиелеу міндеттері қойылады. Отаншылдық табиғатқа, қоршаған ортаға, туған қаласына, көшеге, үйге, аға ұрпаққа, өз халқының, отбасының дәстүрлеріне құрметпен қарау арқылы көрінеді. Мұның бәрін бала кезінен бастап бойға дарыту керек. Патриоттық сезім отбасында басталады. Дәл осы отбасында табиғатқа, қоршаған әлемге ұқыпты қарау қалыптасады. Отаншылдарды өркендетуге және тәрбиелеуге ұмтылған қоғамда басты бағдар — отбасы құндылығы, ал басты міндет-оның толыққанды өмір сүруі үшін жағдай жасау. Отбасы-мемлекеттің негізі.Мемлекеттік мереке – Конституция күнінің маңызын асыра бағалау қиын. Қазақстан үшін Конституцияның болуы бұл ең алдымен оның тәуелсіздігі мен егемендігін тану. Бұл отаншылдық сезімін, жоғары азаматтықты, әрбір азаматтың Отанымызды одан әрі нығайтуға және өркендеуге бағытталған белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру үшін маңызды шарт. Қазақстан Республикасының Конституция күнін мерекелеу Қазақстан қоғамы үшін маңызды жалпы мемлекеттік мәні бар.Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін атап өту қазақстандық қоғам үшін маңызды жалпымемлекеттік маңызға ие. Республиканың Конституциясы бұл мемлекеттің Негізгі Заңы, елдің мемлекеттілігі мен зайырлығының, заңдылығы мен тәртібінің заңдынегізі.Конституция қоғам мен мемлекеттің негізгі бағыттарын анықтайды. Қазақстан Республикасы Конституциясы туралы білімнің маңыздылығын ескере отырып, Конституциялық Кеңес еліміздің білім беру ұйымдарында оқужылының басында ҚР Конституциясына арналған жалпыреспубликалық ашық сабақ (бұдан әрі Сабақ) өткізуді ұйымдастыру мен өткізу туралы ұсыныс жасады. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі аталған бастаманы қолдады.Азаматтық және патриоттық сабақ шеңберінде білім алушылардың Конституция туралы түсініктерін кеңейту, Конституцияда бекітілген нормалар мен құндылықтарға деген құрметті тәрбиелеу, өз құқықтарын, еркіндіктері мен міндеттерін білуге ықпал ету, конституциялық патриотизм сезімін дамыту қажет.Білімалушылардың белсенді жұмыс формаларына артықшылықтар беріледі, өзекті анықтамалық материалды қолдану қарастырылады. Сабақты өткізу үшін заманауи интерактивті әдістерді, сонымен қатар кітапханалардың, музейлердің, бейне қорлардың материалдарын қолдану қажет.Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесінің оқу орындарында «Қазақстан Республикасы Конституциясы сабағын» өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдары және Конституция және Конституциялық кеңестің қызметі туралы анықтама материалдар.
Саналы ұрпақ жарқын болашақ.
Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді көтерген кезеңде қолға алар ісіміздің бірі – ұрпақ тәрбиесі болды. Халқымыздың болашағы – бүгінгі ұрпағы. Бүгінгі таңда мемлекетіміз өз тәуелсіздігін алып, өзінің дербес мемлекеттілігін қалыптастыруда.
Болашақ мемлекетіміз ұрпаққа деген сабақтастықтан туындайтын дүние болғандықтан, әр халықтың болашағы жастарына тәуелді екені даусыз мәселе. Егер бүгін жастар өз халқының рухымен тәрбиеленіп өспесе, онда елдің келешегі бұлыңғыр болмақ. Өйткені, ұлттың барша мұрасы жастарға аманат етіледі. Ал, жастар оны сақтамаса және өзінен кейінгілерге тапсырып кетпесе, біртіндеп ұлттың атауы да өшіп жоғалмақ.
Бүгінгі жастардың қоғамдық өмірден еш уақыт қол үзбей, өз елін сүюге, салт - дәстүр мен әдет – ғұрпын білуге тәрбиелеуге бүгінгі педагогика ғылымдарының алдында тұрған зор міндеттердің бірі. Қай ғасырда болсын ұлт өмірін өркендетуші саналы да салауатты, ұлтжанды, рухы биік парасатты ұрпақты тәрбиелеу – қоғам алдындағы басты міндеттердің бірі. Сонымен қатар өз елінің рәміздерін, Ата заңын білуге, әрі құрметтеуге әрбір азамат міндетті. «Бүгінгі өскелең ұрпақ нағыз білімді, жан – жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген, нағыз өз елін сүйетін, ұлтжанды азамат болуы керек», – деп атап өтті ел Президенті Н. Ә. Назарбаев.
Кез келген ұлтты қалыптастыратын орта – оның ұлттық мектебі. Сондықтан қазақ мектебінің тағдыры – ел тағдыры. Ұлтымыздың болашағын ойлаған алаштың ардақтылары мұны әрқашан ескеріп отырған. Қазақ халқының ұлы перзенті Мұстафа Шоқай «Ұлттың мәдениеттен жұрдай рухпен тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жақтайтын пайдалы азамат шықпайды»- деп, ұлт болашағын ұлттық мектепте, ұлттық рухта тәрбиелеу керектігін көрсеткен.
Сөз соңында айтарым, қазіргі кезде «Жастар – еліміздің болашағы» деген қанатты сөзді жиі айтамыз. Ал, сол жастардың болашағы, Отанымыздың ертеңгі тағдыры өзіміздің бүгінгі қызметімізді қалай атқарып жүргенімізге тікелей байланысты. Ендеше мына өтіп жатқан жаһандану, ғаламдану үрдістеріне жұтылып, ұлт ретінде жойылып кетпейік десек ұлымызды рухты, қызымызды ғұрыпты етіп, қазақ өміріне жақындатып тәрбиелейік дегім келеді.
«Бәйге» Әр бала бір сұраққа тез жауап береді.
№ | Сұрақтар | Жауаптары: |
1. | Білім күні қай күн? | 1 - қыркүйек |
2 | Бес қаруды ата | Садақ, Мылтық, Найза, Қылыш, Айбалта |
3 | Еліміз Тәуелсіздік алған күні? | 1991ж. 16 желтоқсан |
4 | Жеті қазынаны ата | Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл, білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы |
5 | Үш қуатты ата. | Ақыл қуат, Жүрек куат, Тіл куат |
6 | ҚР - ның рәміздерін ата. | Әнұран, Елтаңба, Ту |
7 | Желтоқсан құрбандары кімдер? | Қайрат. Ләззат. Сәбира, Ербол |
8 | ҚР - ның ата заңы қашан қабылданды? | 1995ж. З0 тамыз |
9 | Бес жаратылысты ата | Күн, ай, жұлдыз, күндіз, түн |
10 | Астананың туған күні? | 6 – шілде |
11 | Үш көзді ата | Су анасы - бұлақ. Жол анасы - тұяқ.Сөз анасы - құлақ |
12 | Күн көзі жылына неше рет шығады? | 365 - 366 |
13 | Денені өлшейтін құрал | градусник |
14 | Адамдардың қатынас құралы | тіл |
15 | Қан соратын жәндік | маса |
16 | Өсімдіктің мүшелері | жапырақ, сабақ, тамыр, гүлі, тұқымы |
17 | Ұзындық өлшем бірлігі | км,м, дм, см, мм |
18 | Біздің туда не бейнеленген | Ұлттық ою қошқар мүйіз, қыран бүркіт , күн |
19 | Қазақтың ең бірінші ұшқыш ғарышкері | Тоқтар Әубәкіров |
20 | Абылайханның шын аты | Әбілмансұр |
21 | Қазақтың атақты суретшісі | Ә.Қастеев |
22 | Әнұран қандай жағдайда орындалады ? | салтанатты жиындарда |
23 | Есту мүшесі не ? | құлақ |
24 | Үш биді ата ? | Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би |
25 | Периметрді қалай табамыз ? | барлық қабырғаларын қосамыз |
26 | «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін кім жазған кім? | Ыбырай Алтынсарин |
27 | Балды жақсы көретін аң ? | аю |
28 | Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе | надандық, еріншектік, залымдық. |
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі», - деген Әл –Фараби бабамыз.
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Өз кезегін сайыскерлерге берелік.
Топ жетекшісі Бикмугамбетова М.А.