ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 51
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Эстрадалық вокал» пәні
Түсінік хат
Эстрадалық жанрда ән айту – балалар бойындағы көркемдік, сезімталдық, интеллектуалдық қасиеттерін, талғамын дамытады және оның музыкалық ой-өрісін құнарландырады, мәдени деңгейінің көтерілуіне көмектеседі.
Г.Лихтенбергтің «...Ақылды бала – кілең ақымақтардың ортасында тәрбиеленсе, ол да ақымақ болады. Бірақ, адам баласының түзелуге де, бұзылуға да қабілеті әбден жетеді....» дегеніндей, өнерге деген қызығушылығы және де бойында дарынды қасиеттері бар балаларды іріктеп, түрлі үйірмелерге баулып, тәрбиелеген дұрыс.
Сондықтан қайда жүрсе де ақын, жыраудың тағлымын, әншінің әні мен әуенін, күйшінің күмбірлеген күміс күйін қалт жібермей көкейге қондырып, ел аузындағы ұлағатты мақал мен мәтелді, ертегі мен жұмбақты терме мен шежірені жадында сақтап халық даналығын өзіне рухани азық еткен қазақ жастарына өзінің төл мәдениеті негізінде мемлекеттік стандарт, бағдарлама, оқулық, оқу әдістемелік кешендерді құрап жазу – басты міндет.
Мектепте эстрадалық өнерді дамыту барысында дауыс ерекшелігі, мінез-құлқына байланысты балаларды іріктеп, оларға дауыс қою жұмыстары,техникалық жаттығулар, сонымен қатар сахна мәдениетіне дағдыландырады.
Пәннің мақсаты және тапсырмасы
-
Профессионал музыкантты тәрбиелеу; -
вокалдық шеберлікті иелену; -
музыкалық білімді қабылдау; -
вокалдық техникалық білімді қабылдау және өркендеу; -
жан – жақты дамытылған тұлғаны тәрбиелеуге назар аудара отырып, кәсіби орындау шеберлігі қалыптасқан, вокал өнерін толыққанды меңгере алатын, өз бетінше жұмыс істеуге қабілетті өнер иелерін даярлау.
Пәннің міндеті:
-
әншілік тыныс алудың негізгі ережелерін пайдалана отырып, дауыста вокалды-техникалық жағынан жетілдіру; -
резонаторлар және артикуляциялық аппарат жұмыстарын саналы түрде қолдана алу; -
оқушылардың вокалды-эстрадалық білімін нығайта отырып, сахнада ән салу мәнерін үйрету;
Білімге, икемділікке және машықтарға қойылатын талаптар
Тәлімгер білуі қажет:
-
дауыс аппаратының дамуымен және жұмыс жасау; -
музыкалық шығармаға анализ жасау; -
тональносты анықтау; -
вокалдық музыка арқылы оқу тәрбие процесіндегі іс-шараларды өткізе алуға дайындау; -
балалар дауысымен жұмыс жүргізу әдістемесін үйрету; -
формасы мен мазмұнын білу; -
вокалдық техникалық қиыншылықтарды анықтау; -
әншілік дұрыс дем алуды ұғыну; -
әншілік дұрыс артикуляцияны білу; -
ашық және дұрыс дикция.
«Эстрадалық жанр» оқыту пәні барлық музыкалық пәндермен тығыз байланыста:
- музыка пәні;
- дирижерлау;
- сольфеджио;
- музыка теориясы;
- хор;
- музыка әдебиеті;
- музыка тарихы.
Ән айту дағдылары және қойылатын талаптар
● Ән айту барысындағы орындаушының басының, кеудесінің дұрыс ұстауын қадағалау. Отырып және тұрып ән айту дағдылары.
● Ән айтпас бұрын тыныс алу. Бір мезгілде тыныс ала отырып ән айтуды бастау.
● Әннің (баяу, жылдам) характеріне байланысты әртүрлі тыныс алу. Ән айту барысында тыныс алудың түрлі әдіс-тәсілдерін қолдану (жылдам орындалатын шығармаларда қысқа және белсенді тыныс алу немесе баяу орындалатын шығармаларда асықпай және белсенді тыныс алу, т.с.с.).
● Үзбей тыныс алуды (цепное дыхание) үйрету.
Әдебиеттер тізімі
-
Ибрагим Нүсіпбаевтың әндері. Құрастырған Рәбиға Нүсіпбаева. Алматы , 1960ж. -
Сейдолла Байтереков әндері. Алматы 2009ж. -
Қазақстан халық әндері. Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы. Алматы, 1960ж. -
Қазақ вальсі. Қазақстан композиторларының әндері.
Құрастырған Д. Мүсіров. Алматы, 1982ж.
-
Арии, романсы и песни из репертуара И. Обуховой. Для меццо-сопрано в сопровождении фортепиано и инструментального трио. Составитель Ю. Обухов. Издательство «Музыка» - москва, 1975г. -
Әсеттің 500 әні. /Бірінші,екінші кітаптар/ Құрастырғандар: Н.Нүсіпжан.,Д.Ә. Бейсеуов. Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық министірлігі «Өнер» баспасы. – Алматы, 1988ж. -
Ән сабағы. Учебно методическое пособие для начальных классов казахских школ. Алматы .,1997 -
Гәкку. Песни, романсы и арии из репертуара Куляш Байсеитовой. Алматы., 1991ж. -
Малышева Л. «О пении». – М. 1950 -
Машевский Г. «В помощь педагогу музыканту». – М. 1979
«Эстрадалық вокал»
«Гүлдәурен» вокал үйірмесі бойынша
жылдық жоспары
1 жылға 34 сабақ
үйірме жұмысы: Сәрсенбі күні сағат 16.00-17.00
№ І ж/ж | Сабақтың тақырыбы | Сағат саны | Мерзімі | Жұмыс жүргізудегі дағдылар | Пайдаланған материалдар: |
| | ||||
1. | Ән айту ережесімен таныстыру | 1 | 5.09.2022ж 12.09.2022 ж | Вокалдық жаттығулар | Оқу бағдарлама-ң әндер реперт-ы |
2. | Дыбыстарды дұрыс дыбыстау | 1 | 19.09.2022ж 26.09.2022ж | Мақам дағдыларын дамыту | Нота хрестоматиясы |
3. | «Ұстазым, менің ұстазым» әні | 4 | 03.10.2022ж 10.10.2022ж | Ансамбльмен әндету | Интернетен жүктелген |
4. | «Ассалаумағалейкүм» әні | 4 | 17.10.2022ж 24.10.2022ж | Дыбыс диапазонын анықтау | Балалар әндері жинағы |
5. | «Биле, жастық» әні С. Бәйтереков | 4 | 31.10.2022ж 07.11.2022ж | Дұрыс әндету және тыңдауға баулу тәсілдері | Балаларға арналған әндер жинағы |
6. | «Ұстазым» әні А. Дүйсен | 4 | 14.11.2022ж 21.11.2022ж | Дауыс ерешеліктерін анықтау | Интернеттен жүктелген |
7. | «Туған жер» Р. Гайсин | 4 | 28.11.2022ж 05.12.2022ж | Дауыстардың үйлесімі | Нота хрестоматиясы |
8. | «Туған жер» А.Адиханова | 4 | 12.12.2022ж 19.12.2022ж | Әндету және тыңдауға баулу тәсілдері | Балалар әндері жинағы |
9. | «Мы желаем счастье вам» | 4 | 26.12.2022ж 16.01.2023ж | Дин-қ белгілер-дің қызметі | Фоно хрестоматия |
10. | «Арманға сенемін» | 4 | 23.01.2023ж 30.01.2023ж | Дауыстардың үйлесімі | Интернеттен жүктелген |
11. | «Елім» | 4 | 06.02.2023ж 13.02.2023ж | Дикцияға көңіл бөлу | Нота хрестоматиясы |
12. | «Мерекем» | 4 | 20.02.2023ж 27.02.2023ж | Дыбыстарды таза әндету | Интернеттен жүктелген |
13. | «Мекенім – Қазақстан» | 4 | 05.03.2023ж 12.03.2023ж | Әуенін дұрыс орындау | Интернеттен жүктелген |
14. | «Жүрегім қазақ» | 4 | 19.03.2023ж 09.04.2023ж | Дин-қ белгілер-дің қызметі | Интернеттен жүктелген |
15. | «Қазақтай ел қайда» | 4 | 16.04.2023ж 23.04.2023ж | Дыбыстарды таза әндету | Интернеттен жүктелген |
16. | «Алға, Қазақстан!» | 4 | 30.04.2023ж 07.05.2023ж | Репертуарды жатқа дұрыс орындау | Интернеттен жүктелген |
17. | Әндерді бекіту | 2 | 14.05.2023ж 21.05.2023ж | | |
«БЕКІТЕМІН»
Мектеп директоры:
А.М. Белгибаева
Шарбақты жалпы орта білім беру мектебінің
музыка пәнінің мұғалімі
Бекпау Айнаш. Т.
«Гүлдәурен» эстрадалық вокал үйірме
жұмысының
жылдық жоспары
2022-2023 оқу жылы
« Жұлдыздар» домбыра үйірмесінің
оқушылар тізімі
Өткізілетін күні: Бейсенбі сағат 16.00-17.00
№ | Оқушының аты-жөні | Сынып |
1 | Абдешова Аружан | 5 |
2 | Бердығожа Айнур | 5 |
3 | Дукенбаева Дильназ | 5 |
4 | Мукаш Асылболат | 5 |
5 | Мухпел Акжар | 5 |
6 | Мухпел Ғадылбек | 7 |
7 | Мухпел Назарке | 8 |
8 | Сакен Інжу | 2 |
9 | Серикболат Дарина | 5 |
10 | Рахатбек Ерзат | 11 |