ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 55
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
САБАҚ: 87 | Мектеп: «Тагылым» жекеменшік орта мектебі | |||||||
Сабақтың тақырыбы: «Әлемді шарлау» туралы әлемдік әңгіме | Мұғалімнің аты-жөні: Бимурзина Н.Е. | |||||||
Күні: | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | ||||||
СЫНЫП: 7 б | | |||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 7.1.3.1 әлеуметтік-мәдени тақырыптарға байланысты қажетті сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну; 7.2.6.1 кесте, диаграмма, шартты белгілер, /суреттер мен сызбаларда/ берілген ақпаратты сипаттау; | |||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар орындай алады: Тақырыпқа байланысты қажетті сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсінеді. | |||||||
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Кесте, диаграмма, шартты белгілер арқылы ақпаратты сипаттай алады. | ||||||||
Кейбір оқушылар орындай алады: Берілген кесте, диаграмма, суреттер мен сызбалар арқылы ақпаратты қатесіз сипаттап жеткізе алады. | ||||||||
Бағалау критерийлері | Мәтін бойынша тірек сөздерді қолдана алады. Мәтінді мазмұндап, өзінің ойын айта алады. Мәліметтерді дұрыс пайдалана алады. | |||||||
Талқыланатын сұрақтар | Қалай ойлайсыздар шығарманың бас кейіпкерлері өз мақсатына жетті ме? | |||||||
Пәнаралық байланыс | Әдебиет, география | |||||||
Құндылықтарды дарыту | Көркем шығармаларды көп оқуға, білімдерін тереңдетуге машықтандыру. | |||||||
Тілдік мақсат | Оқушылар орындай алады: Мәтіннің тақырыбы мен идеясына талдау жасап,өз пікірін айта алады. | |||||||
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:ауқатты,бәстесі,ізкесуші,кедергі | ||||||||
Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: | ||||||||
Алдыңғы оқу: | Электронды кітапханадан Жюль Верн шығармасын оқыдым | |||||||
Жоспар | ||||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар | ||||||
Басы 5 мин. | Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен амандасамын Психологиялық ахуалды қалыптастырамын. Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау. Нұсқаулық: Көршіңді оң жақтан құшақта, Көршіңді сол жақтан құшақта. Оң жақтағы көршіңе бір жымиып, Сол жақтағы көршіңе бір жымиып, Бүгінгі сабақ барысы, Біз үлкен отбасы. 2. Топтарға бөлемін. Кәмпиттер арқылы топқа бөлемін. Оқушылар себеттен, қызыл, сары, көк кәмпиттер алып, 1,2,3. топқа бөлініп отырады. 1 топ- қызыл кәмпиттер 2 топ- сары кәмпиттер 3 топ- көк кәмпиттер | Интербелсенді тақта «Көрші» әдісі № 1 слайд Кәмпиттер | ||||||
Ортасы 30 мин | 3. Оқулықта берілген тапсырмаларды орындатамын. Мәтіналды жұмыс: Сөздік жұмысы: Оқушылар «Графикалық органайзер» әдісі арқылы жаңа сөздерді өз сөзімен анықтайды, аударады, синонимдерін, антонимдерін табады, сөйлем құрайды. Ауқатты- состоятельный Бәстесу-пари Ізкесуші – следователь Кедергі-мешать Өз сөзімен анықтау Синонимдер Сөз Сөйлемдегі мысал Антонимдер Айтылым 4. 1- тапсырма бойынша оқушыларға сұрақ беремін. Сұрақтарға жауап беріңдер 1. Сізге саяхат жасау ұнай ма? Неге? 2. Қай жерге саяхаттап бардыңыз? 3. Қайда барғыңыз келеді? 4. Жюль Верннің саяхат туралы қандай шығармасын білесіз? 5. Қалай ойлайсыз: әлемді неше күнде шарлап шығуға болады? ҚБ. Көңіл күй одағайлары Айтылым. 5. 4-тапсырма. Суретке қара. Бұлардың арасында қандай байланыс болуы мүмкін? Олар туралы шығарма қалай аталар еді? Пікіріңді айт. Жұптық жұмыс. Оқушыларға интербелсенді тақтада сурет беріледі. Суреттегі ақпаратты сипаттайды, өз пікірін айтады. Ағылшын джентельмені ағылшын қызметшісі Дескриптор: 1. Сұрақтарға өз ойын айтып,жауап береді. 2. Суреттердің байланысы туралы сипаттама береді. ҚБ Үш шапалақ Оқылым. Жазылым. Мәтінмен жұмыс. 6. 5-тапсырма. Мәтінді тыңда, оқы, берілген тапсырмаларды орында. Мәтінмен жұмыс барысында үш топқа тапсырма беремін. І . Мәтіндегі 2- абзац бойынша әр кейіпкердің мінезін ескере отырып рольдік ойынды көрсетеді. ІІ . Мәтіндегі 3- абзац бойынша әр кейіпкердің мінезін ескере отырып рольдік ойынды көрсетеді. ІІІ . Фогг пен Паспартудың жолсапарын сурет-сызба арқылы көрсетіп сипатта. Шығарманың фабуласы: екі бай: Әлемді 80 күнде шарлап шығуға бола ма? - деп үлкен ақшаға бәстеседі. Біреуі әлемді шарлап ке- леді. Бәс шешіледі. Бар болғаны - осы. Бірақ әлемді шарлау туралы әңгіме несімен қызық? Оны сол шығарманы оқыған адам ғана сезінеді. Шығармадағы «Филеас Фогг - Лондондағы ауқатты адамдардың бірі еді. Ол - қаладағы «Реформ-клубтың» мүшесі. Фогг - өз ортасында сыйлы адам. Ол - кез келген істі уақытында бітіргенді ұнататын, тиянақты, ұқыпты, уәдесінде тұратын, сенімді адам. Бірде Филеас Фогг Паспарту деген жігітті жұмысқа алады. Бірде Фогг пен Паспарту «Реформ-клубқа» келеді. «Реформ- клуб» - ағылшын буржуазиялық қоғамындағы өнегелі, көргенді, тәрбиелі адамдар бас қосатын клуб. Олар клубқа келгенде, дәулетті мырзалар «Әлемді 80 күнде шарлап шығуға бола ма?» деп, дауласып жатыр екен. Клуб мүшесі - Стюарт мырза оның мүмкін еместігін айтып өзеурейді. Ал Фогг мырза 80 күнде әлемді шарлап шығу әбден мүмкін екенін айтады. Сөйтіп, Стюарт пен Фогг 20 миллион фунт стерлингке бәстеседі. Бұл - 2 қазан, сәрсенбі күні болатын. Фогг 21 желтоқсан, сенбі күні таңертеңгі 8:45-ке дейін сапардан оралуы керек. Сөйтіп, Фогг өзінің қызметшісі - Паспартуды ертіп, әлемді шарлауға аттанады. Фогт пен Паспарту Лондоннан Парижге барады. Одан әрі қарай бүкіл Жер шарын аралап шығады. Жолда әртүрлі шытырман оқиғаларды бастан өткереді. Қандай сынақ болса да, Фогг мырза бәрін шешіп отырады. Жол- жөнекей олардың соңына ізкесуші Фикс түседі. Ізкесуші оларға көп кедергі келтіреді. Тіпті 3 рет тұтқынға да алады. Бірақ қанша қиындық көрсе де, саяхатшылар мойымайды. Керісінше, қиналған адамдарға көмектесіп жүреді. Саяхатшылар 21 желтоқсан күні Лондонға оралуы керек болатын. Бірақ Фогг мырза мен Паспарту күннен жаңылысады. 20 желтоқсан күні сағат 8:50-де жетеді. Сөйтіп, Фогг мырза бәсте жеңімпазы. Ол өзі құтқарған Ауда деген жесір үнді әйелге үйленеді. Фогг пен Паспартудың жолсапары: Лондон - Париж- Суец - Монғолия - Бомбей - Гонконг - Иокогама - Сан-Франциско - Нью-Йорк - Ливер- пуль – Лондон бағытында болады. Дескриптор: 1. Мәтінге байланысты сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсінеді. 2. Тақырыпқа байланысты сөздер мен сөз тіркестерін қолдана алады. 3. Сызбалар және суреттер арқылы берілген ақпаратты сипаттай алады. ҚБ Бас бармақ | Қазақ тілі мен әдебиеті Бәйшешек оқулық 7 сынып «Көкжиек-Горизонт» б-сы № 2 слайд «Графикалық органайзер» әдісі «Жедел жауап» әдісі № 3 слайд «Миға шабуыл» әдісі № 4 слайд № 5 слайд «Рольдік ойын» әдісі Қима қағаздар Маркерлер Ватман қағазы Жолсапары бойынша қалалардың суреттері № 6 слайд | ||||||
Соңы 5 мин. | Рефлексия «Шығу парағы» әдісін қолданамын Сабақта маған не пайдалы болды? Сабақта маған не қызықты болды? Сабақта маған не қиын болды? Үй тапсырмасы: 21 бет, 6 тапсырма Үлгерімі төмен оқушыға үй тапсырмасы: Мәтінді оқып, мәтіннің ішіндегі қою қаріппен жазылған сөздерді жаттау. | «Шығу парағы» әдісі | ||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||
Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? | Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланыс –Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі). | ||||||
|
| Әдебиет, география. Оқушыларды техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстырамын. Жан-жақты, білімді болуға машықтандыру. | ||||||
Рефлексия 1.Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? 2.Бүгін оқушылар не үйренді? 3.Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? 4.Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) 5.Уақытты қалай пайдаландым? 6.Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге? | 1.Менің ойымша сабақ мақсаты мен оқу міндеттері орындалды. Сабақты қорыту кезінде кері байланыс жасаған кезінде оны анық көруге болады. 2. Оқушылар мәтінге байланысты сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсінді. Оқушылармен топтық жұмыс жасаған кезде «Рольдік ойын» әдісі арқылы мәтіннің мазмұнын, идеясын ашуға үйренді. 3. Сабақ жақсы өтті деп ойлаймын, өйткені оқушылар сабақта жұмыла жұмыс жасап, бір-бірінің пікірін тыңдап, сұрақтарға дұрыс жауап берді. | |||||||
Жоспарланған саралау жақсы іске асты. Оқушыларға тапсырмаларды сабақтың тақырыбы бойынша бердім. Сабағым сабақ жоспарымда көрсетілген уақыттан асқан жоқ және сабақ кезінде оқушылар сабақ тақырыбын түсіну үшін тиімді пайдаландым деп ойлаймын. Сабағыма жаңа сөздермен жұмыс кезінде «Графикалық органайзер» әдісін кіргіздім, өткені бұл әдіс оқушыларға сөздерді түсінуге және жаңа сөздер естерінде қалады. | ||||||||
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты) 1: 2: Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім? 1: 2: |