Файл: аза тілі (оыту аза тілінде Т1) 9сынып Жазбаша емтихан жмыстарын ресімдеу жне тексеру бойынша жаднама гуманитарлы циклдаы пндерді тередетіп оытпайтын жне жмб мектепсыныптар шін.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 70

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде Т1) 9-сынып

Жазбаша емтихан жұмыстарын ресімдеу және тексеру бойынша

ЖАДНАМА
Гуманитарлық циклдағы пәндерді тереңдетіп оқытпайтын және ЖМБ мектеп/сыныптар үшін Емтихан жұмысы өтілген тақырыптарға сәйкес келетін екі мәтін үзінділеріне негізделеді (мәтіндердің жалпы көлемі – 400-450 сөз).

Білім алушылар мәтін үзінділеріне сүйеніп, екі мәтіндегі өңделген ақпараттарды дәлелдер ретінде келтіріп, 170-200 сөзден тұратын жазба жұмысын (эссе) орындайды.

Гуманитарлық циклдағы пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептің білім алушылары үшін емтихан жұмысы өтілген тақырыптарға сәйкес келетін екі мәтін үзінділеріне негізделеді (мәтіндердің жалпы көлемі – 450-500 сөз). Білім алушылар мәтін үзінділері негізінде екі мәтіндегі ақпараттарды өңдей отырып, 200-250 сөзден тұратын жазба жұмысының 1-еуін (мақала, эссе, әңгіме және т.б.) орындайды.

Тапсырмада білім алушылардың мәтін ақпаратын өңдей отырып тиімді пайдалануы, стильдік және жанрлық ерекшелікті сақтап, аргументтер келтіре отырып, жүйелі және сенімді жаза алуы, өз ойларын дәлелді жеткізуі, сонымен бірге сөздік қор мен орфографиялық, грамматикалық норманы сауатты қолдану қабілеттері бағаланады.

Сөздіктерді қолдануға тыйым салынады.

Емтихан жұмысын жазуға 2 астрономиялық сағат бөлінеді.

Емтихан өткізу тілі: қазақша

Эссе тақырыптары бар пакеттер білім алушылар мен мектеп комиссиясы мүшелерінің қатысуымен емтихан басталғанға дейін 15 минут бұрын ашылады.

Білім алушылар жұмысты орындағаннан кейін жұмысты шимайжазумен (черновик) бірге Комиссияға тапсырады.
Жұмысты емтиханға бөлінген уақытта аяқтамаған білім алушылар оны аяқтамай тапсырады.

Емтихан өткізу кезеңінде білім алушыға сынып бөлмесінен 5 минутқа шығуға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда ол комиссияға жұмысын тапсырады, емтихан жұмысында білім алушының емтиханда болмауының ұзақтығы белгіленеді.

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар үшін үзіліске және тапсырманы орындауға ұзақ уақыт беріледі.

Жұмысты рәсімдеу

1.Титул парағы

1) жоғарғы сол жақ бұрышына мектептің мөртабаны қойылады (мектеп атауы, мекенжайы мөртабанда жазылған. Сонымен бірге мөртабанға емтихан өткізілетін күн жазылады (мөртабандағы рет бойынша 2 маусым 2023 ж. немесе 2023 ж. 2 маусым).

2) 10-жолдан (оныншы) бастап жол ортасынан, азат жолдан бастап жазылады (қағаздан сызғыш арқылы анықтап алу керек).
9-сынып оқушысы Т.А.Ж. (ілік септігі)

қазақ тілінен негізгі мектеп курсы үшін

жазған емтихан жұмысы.
3) Келесі беттен бастап жазба жұмысын (эссе) орындайды:
ЕСКЕРТУ!!!

  • жазба жұмысының (эссе) тақырыбы тырнақшасыз бірінші жолдың ортасынан бастап жазылады.

  • жазба жұмысының (эссе) тақырыбы мен жұмыс мәтіні арасында жол қалдырылмайды.

  • білім алушы жұмысты аяқтағаннан кейін жұмыстың соңына қара қарындашпен сөз санын цифрмен жазып қояды.

  • жазба жұмысы (эссе) тексерілгеннен кейін жұмыс үшін жалпы балл қойылады.

  • жазба жұмысы (эссе) қызыл сиямен тексеріледі.

  • «2», «5» алғандарға пікір жазылмайды.

  • қателерді түземейміз, тек астын сызып көрсетеміз, қатені шартты белгімен қызыл жолақтың сыртына белгімен көрсетеміз. (орфографиялық қате – /, пунктуациялық қате – ˅);

  • емтихан жұмысын тексеру кезінде қызыл түсті қалам қолданылады;

  • оқушы ең соңғы сөйлемін жазып болғанан кейін, оң жаққа сөз саны карандашпен жазылады;

  • балды бағаға «Қазақ тілі» пәнінен қорытынды аттестаттау» («Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ әдебиеті») спецификацияларына сай жүзеге асырылады;

  • бағалау міндеттері: коммуникативтік құзырлық және тілдік құзырлықты бағалау балл қою кестесіне (спецификациядағы) сай жүргізіледі:

  • балл қою кестесіне сәйкес балын қойып, сонда берілген шәкіл негізге алынып бағаға айналдырылады;

  • баға тырнақшасыз қойылады, араб санымен және жақшаның ішіне сөзбен жазылады, мысалы: 5 (өте жақсы);

  • соңында емтихан комиссиясы мүшелерінің қолы қойылады, мұғалімдердің аты-жөні жазылады;

  • шимайжазба (черновик) сақталады;

  • хаттама көк сиямен толтырылады;

  • хаттамада балл мен баға сан және жақшаның ішінде жазумен жазылады;

  • балды бағаға айналдыру (мысалы: 20+10=30, 85-100 %, 5 (өте жақсы)

Гуманитарлық циклдағы пәндерді тереңдетіп оқытатын мектеп/сыныптар үшін емтихан жұмысын бағалау

Балл қою кестесі

Коммуникативтілігі

Тіл сапасы

13–15 балл

  • Мәтіннің аудиториясын, жанрлық ерекшелігін және мәтін мазмұнын терең түсінеді.

  • Өз ойын жүйелі жеткізу үшін ақпаратты өңдеп, ұтымды қолдана біледі.

  • Сәйкес стильді жоғары деңгейде қолданады.

13–15 балл

  • Терең идеяларды жеткізу кезінде грамматикалық және лексикалық нормаларды өте жақсы түсінеді.

  • Тілі өте сауатты, көркем, таза жазады.

10–12 балл

  • Мәтіннің аудиториясын, жанрлық ерекшелігін және мәтін мазмұнын жақсы түсінеді.

  • Өз ойын жүйелі жеткізу үшін ақпаратты өңдеп, орынды қолдана біледі.

  • Сәйкес стильді жеткілікті деңгейде қолданады.

10–12 балл

  • Кейбір идея мен түсініктерді жеткізу кезінде грамматикалық және лексикалық нормаларды жақсы түсінеді.

  • Тілі сауатты, елеусіз қатесі болуы мүмкін.

7–9 балл

  • Мәтіннің аудиториясын, жанрлық ерекшелігін және мәтін мазмұнын қанағаттанарлық деңгейде түсінеді.

  • Өз ойын жеткізу үшін кейбір ақпаратты өңдеп, қанағаттанарлық деңгейде қолданады.

  • Сәйкес стильден ауытқу байқалады.

7–9 балл

  • Өз ойын жеткізуде қолданған грамматикалық және лексикалық нормалары қанағаттанарлық деңгейде.

  • Тіл сауаттылығы қанағаттанарлық деңгейде. Ұсақ және ірі қателер кездеседі, бірақ мағынаны түсінуге кедергі келтірмейді.

4–6 балл

  • Мәтіннің аудиториясын, жанрлық ерекшелігін және мәтін мазмұнын түсінуі шектеулі.

  • Өз ойын жеткізу үшін аздаған ақпаратты өңдеу кезіндегі кейбір талпынысы көрінеді.

  • Бірізділік сақталмаған және стильді қолдануда қателер жібереді.

4–6 балл

  • Өз ойын жеткізуде қолданған грамматикалық және лексикалық нормалары шектеулі.

  • Тілі сауатсыз, ұсақ және ірі қателері мағынаны түсінуге кедергі келтіреді.

1–3 балл

  • Мәтіннің аудиториясын, жанрлық ерекшелігін және мәтін мазмұнын түсінуі өте шектеулі.

  • Ақпаратты өңдемей дайын күйінде қолданады, сондықтан өз ойын білдіруі байқалмайды.

  • Белгілі бір стильдік бірізділік жоқ.

1–3 балл

  • Қолданған грамматикалық және лексикалық нормалары өзара байланыспайды.

  • Мазмұнды түсінуге қиындық келтіретін қайталанатын қателер өте жиі кездеседі.

  1. Емтихан жұмысы үшін балдар мен бағаларды қою үдерісі

Емтихан жұмысы үшін балл қою үдерісін ұсынылған балл қою кестесі негізінде аттестациялық комиссия жүзеге асырады.

Білім алушыларға қойылған балдар бағаға айналдыру шәкіліне сәйкес ауыстырылады.

Емтихан жұмысының балдары

Балдардың пайыздық құрамы, %

Баға

0-11

0-39

2 (қанағаттанарлықсыз)

12-19

40-64

3 (қанағаттанарлық)

20-25

65-84

4 (жақсы)

26-30

85-100

5 (өте жақсы)

  1. Бағалар сипаттамасы

Бағалар сипаттамасы білім алушалырдың мүмкіндік деңгейін анықтайтын белгілі бір стандарт жөніндегі жалпы түсінігін қалыптастыру үшін беріледі. Іс жүзінде қойылған баға білім алушылар жұмысының бағалау міндеттеріне қаншалықты сәйкес келетіндігіне байланысты.

Баға

Сипаттама

5

Білім алушы пән бойынша терең білімі мен түсінігін көрсетеді.

Әртүрлі типтегі, жанр мен стильдердегі мәтіндерден негізгі және қосымша ақпаратты түсініп, өңдеп қолданады. Коммуникативтік міндеттерге жауап бере отырып, мақсатты аудиторияның назарын өзіне аудара алады, идеяларды терең түсінгендігін көрсетеді.

Ақпаратты терең талдау және бағалау қабілетін көрсете отырып, ұсынылған тақырыпты толықтай ашады, ойын жүйелі, еркін жеткізеді. Тілі жатық, тақырыпқа сай лексиканы ұтымды, дәлме-дәл қолданады.

Жанрлық және стильдік ерекшеліктерді, мәтін құрылымын қатаң сақтайды. Орфографиялық/грамматикалық/пунктуациялық қателері жоқ. Сауаттылығы жоғары деңгейде.

4

Білім алушы пән бойынша жеткілікті білімі мен түсінігін көрсетеді.

Әртүрлі типтегі, жанр мен стильдердегі мәтіндерден негізгі және қосымша

ақпаратты түсініп, өңдеп қолданады. Коммуникативтік міндеттерге жауап бере отырып, мақсатты аудиторияның назарын өзіне аудара алады, алайда маңызды идеяларды назардан тыс қалдырады.

Ақпаратты жеткілікті деңгейде талдау және бағалау қабілетін көрсете отырып, ұсынылған тақырыпты ашады, кей жағдайда ойын жүйелі жеткізеді. Тілі түсінікті, тақырыпқа сай лексиканы жақсы қолданады.

Жанрлық және стильдік ерекшеліктерді, мәтін құрылымын кей жағдайда сақтайды. Қарапайым және күрделі тілдік құрылымдарды қолданады.

Біршама орфографиялық/грамматикалық/пунктуациялық қателері кездеседі. Сауаттылығы жақсы деңгейде.

3

Білім алушы пән бойынша базалық білімін көрсетеді.

Әртүрлі типтегі, жанр мен стильдердегі мәтіндерден аздаған ақпараттарды қолданады.

Ұсынылған тақырып бойынша сөздік қоры шектеулі, қолданылған лексика мен құрылымдар жалпы мазмұнды түсінуде қиындық тудырады. Мағыналық ірі қателер кездеседі. Сөздік қоры жеткіліксіз, сөздер жиі қайталанады, қателер жиі кездеседі.

Жанрлық және стильдік ерекшеліктер, мәтін құрылымы сақталмайды. Орфографиялық/грамматикалық/пунктуациялық қателері жиі кездеседі. Сауаттылығы төмен деңгейде.

2

Білім алушының пән бойынша базалық білімі жеткіліксіз.

Гуманитарлық циклдағы пәндерді тереңдетіп оқытпайтын және ЖМБ мектеп/сыныптар үшін емтихан жұмысын бағалау