Файл: аза тілі (оыту аза тілінде Т1) 9сынып Жазбаша емтихан жмыстарын ресімдеу жне тексеру бойынша жаднама гуманитарлы циклдаы пндерді тередетіп оытпайтын жне жмб мектепсыныптар шін.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 215
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
Емтихан жұмысы үшін балдар мен бағаларды қою үдерісі
| Емтихан жұмысының балдары | Балдардың пайыздық құрамы, % | Баға |
| 0-11 | 0-39 | 2 (қанағаттанарлықсыз) |
| 12-19 | 40-64 | 3 (қанағаттанарлық) |
| 20-25 | 65-84 | 4 (жақсы) |
| 26-30 | 85-100 | 5 (өте жақсы) |
-
Бағалар сипаттамасы
| Баға | Сипаттама |
| 5 | Білім алушы пән бойынша терең білімі мен түсінігін көрсетеді. Әртүрлі типтегі, жанр мен стильдердегі мәтіндерден негізгі және қосымша ақпаратты түсініп, өңдеп қолданады. Коммуникативтік міндеттерге жауап бере отырып, мақсатты аудиторияның назарын өзіне аудара алады, идеяларды терең түсінгендігін көрсетеді. Ақпаратты терең талдау және бағалау қабілетін көрсете отырып, ұсынылған тақырыпты толықтай ашады, ойын жүйелі, еркін жеткізеді. Тілі жатық, тақырыпқа сай лексиканы ұтымды, дәлме-дәл қолданады. Жанрлық және стильдік ерекшеліктерді, мәтін құрылымын қатаң сақтайды. Орфографиялық/грамматикалық/пунктуациялық қателері жоқ. Сауаттылығы жоғары деңгейде. |
| 4 | Білім алушы пән бойынша жеткілікті білімі мен түсінігін көрсетеді. Әртүрлі типтегі, жанр мен стильдердегі мәтіндерден негізгі және қосымша |
| | ақпаратты түсініп, өңдеп қолданады. Коммуникативтік міндеттерге жауап бере отырып, мақсатты аудиторияның назарын өзіне аудара алады, алайда маңызды идеяларды назардан тыс қалдырады. Ақпаратты жеткілікті деңгейде талдау және бағалау қабілетін көрсете отырып, ұсынылған тақырыпты ашады, кей жағдайда ойын жүйелі жеткізеді. Тілі түсінікті, тақырыпқа сай лексиканы жақсы қолданады. Жанрлық және стильдік ерекшеліктерді, мәтін құрылымын кей жағдайда сақтайды. Қарапайым және күрделі тілдік құрылымдарды қолданады. Біршама орфографиялық/грамматикалық/пунктуациялық қателері кездеседі. Сауаттылығы жақсы деңгейде. |
| 3 | Білім алушы пән бойынша базалық білімін көрсетеді. Әртүрлі типтегі, жанр мен стильдердегі мәтіндерден аздаған ақпараттарды қолданады. Ұсынылған тақырып бойынша сөздік қоры шектеулі, қолданылған лексика мен құрылымдар жалпы мазмұнды түсінуде қиындық тудырады. Мағыналық ірі қателер кездеседі. Сөздік қоры жеткіліксіз, сөздер жиі қайталанады, қателер жиі кездеседі. Жанрлық және стильдік ерекшеліктер, мәтін құрылымы сақталмайды. Орфографиялық/грамматикалық/пунктуациялық қателері жиі кездеседі. Сауаттылығы төмен деңгейде. |
| 2 | Білім алушының пән бойынша базалық білімі жеткіліксіз. |
Жұмыс тексерілгеннен кейін, жұмыс жазылған қағаздың оң жақ бұрышына балл қойылады. Үлгісі:25 баллКоммуникативтік құзырлық- 15 баллТілдік құзырлық- 10 баллБаға қойылғаннан кейін емтихан комиссиясы мүшелерінің қолдары қойылады (мұғалімдердің аты-жөні жазылады).ҮлгісіЕмтихан комиссиясының төрағасы ________________ (қолы) Т. А. Ә. Емтихан алушы мұғалім __________ (қолы) аты-жөніАссистенттер: __________ (қолы) аты-жөні __________ (қолы) аты-жөні