Файл: Пні Оушыларды физиологиялы дамуы абылдаан Умиров Б.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 14
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университеті
БӨЖ
Тақырыбы: Жоғарғы жүйке әрекетінің топтары. Адамның саналы іс әрекетінің физиологиялық негізі және оның жас ерекшеліктері
Орындаған: Абдулазизов Э.
Тобы: ЖФЗ –211
Пәні: Оқушылардың физиологиялық дамуы
Қабылдаған: Умиров Б.
Түркістан 2023ж.
Жоспар:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім:
И.П.Павлов жүйке әрекетінің топтарын 4 топқа бөлуі.
1-ші және 2-ші сигнал жүйелері мен олардың дамуы.
Жоғары жүйке әрекетінің топтарының балаларда қалыптасуы.
Адамның саналы іс әрекетінің физиологиялық негізі және оның жас
ерекшеліктері.
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Шартты рефлекстердің пайда болуы әр адамның жоғарғы жүйке әрекетінің және жеке басының жүйке жүйелерінің қасиеттеріне байланысты.Әр адамның жүйке жүйесінің тұқым қуалаған жеке қасиеттері мен өмірден алған тәжірибесін, сыртқы ортадан алған мағлұматын, мінез-құлықтарын жоғары жүйке әрекетінің топтары деп жинақтайды.
Шартты рефлекс жүйке әрекетінің маңызды тетігі. Дегенмен адамның іс-әрекеті мен қимыл рефлекторлы реакциялардың қосындысы емес. Адамның іс-әрекеті нақты міндет мақсаттар мен күтетін нәтиже анық ойлаумен байланысты. Бұдан үш жүз жыл бұрын ашылған мидың қызметінің рефлекторлы қағидасы тірі организмнің қызметін анықтауды қамтамасыз еткен еді. Бұл мидың қызметі жайлы ілімнің дамуына қажетті кезең болып, сол кездегі іс-әрекетің, мінез-қылықтың физиологиялық тетігі туралы түсініктің қалыптасуына, сөзсіз, қажет болған еді. Ал физиологияның қазіргі замандағы дәуірлер шағында дәлелдеудің орны мен маңызы, нақтылы жағдайы ескеріледі, яғни қозғау салушы тетік іс-қылықтың қалыптасуының себебі ретінде қарастырылады [1].
Негізгі бөлім
И.П.Павлов жүйке әрекетінің топтарын 4 топқа бөлуі.
И.П.Павлов жоғары жүйке әрекетінің топтарын ми қыртысындағы қозу мен тежелудің негізгі 3 қасиетіне байланысты 4 топқа бөледі. Ол қасиеттер: қозу мен тежелудің күші, теңдігі және алмасуы. Қозу мен тежелудің күші деп ми қартысындағы олардың өту дәрежесін айтады. Негізінен алғанда, ол ми қыртысындағы нерв клеткаларының қызмет қабілеті. Кейбәр адамдардың миындағы нейрондарының жұмыс қабілеті. Кейбір адамдардың миындағы нейрондарының жұмыс қабілеті жоғары болып, кейбіреулерде төмен және нашар болады. Соған байланысты қозу мен тежелудің күшін И.П.Павлов күшті және әлсіз деп екіге бөлді. Қозу мен тежелудің ми қыртысындағы теңдігі деп олардың бір-біріне қатынасы мен даму дәрежесін айтады. Кей адамда олар бірдей дамыған, ал енді біреулерде қозуы не тежелуі басымырақ болады. Сондықтан қозу мен тежелудің теңдігін тең және тең емес деп екіге бөлген. Егер қозуы басым болса- қозғыш, тежелуі басымырақ болса – тежегіш болуы мүмкін. Қозу мен тежелудің ми қыртысындағы осы қасиеттеріне қарай И.П.Павлов жануарларда жоғары жүйке әрекетінің 4 түрлі топтарын атаған:
1.Күшті ұстамсыз, қозуы тежеліден басым топ.
2.Күшті, қозуы мен тежелуі тең, алмасуы ширақтоп.
3.Күшті, қозуы мен тежелуі тең, алмасуы баяу топ.
4.Әлсіз топ. Ми қыртасының нерв клеткаларының қызмет қабілеті төмен. Қозуы нашар дамығын, тежелуі басым.
И.П.Павлов өзінің ашқан жоғары жүйке әрекетінің жануарлардағы топтары дәрігер грек ғалымы Гиппократтың айтқан 4 темпераментіне сәйкес деп есептеген. Гиппократ денедегі 4 түрлі сұйықтардың өзара қатынасына байланысты адамның мінез темпераментінің 4 топқа бөлген. Олар холерик (грек. холе-сары өт), сангвиник (сангвине- қан), флегматик (флегма- кілегей шырын) және меланхолик (мелайне холе – қара өт). Күшті, ұстамсыз топ Гиппократтың холерик темпераментіне, күшті тең жылдам – сангвиник, күшті тең баяу – флегматик, әлсіз тежегіш топ-меланхолик темпераментіне сәйкес.Аталған 4 топтың аралас түрлері жиі кездеседі. Әсіресе өсіп дами келе, баланың жасы ұлғайған сайын ержеткенде аралас топтар көбірек орын алады [1].
1-ші және 2-ші сигнал жүйелері мен олардың дамуы.
Адам баласының ми қыртысының жануарлардың ми қыртысынан айырмашылығы бар. Жануарлар мен адамдар үшін нақтылы әсерді және көз, құлақ т.б. организмнің сезгіш рецепторлары арқылы келетін сыртқы ортаның көріністерін талдау мен талқылау екеуінде де бар ортақ қасиет. И.П. Павлов сыртқы ортаның табиғи әсерін «сигналдар» деп атады. Сол сигналдарды қабылдайтын мүшелер жүйесін 1-ші сигнал жүйесі деп атады. Ал сол сигналдардың сөзбен белгісін «сигналдың сигналы» деп атады. Сигналдың сигналын қабылдауға қатысатын мүшелер жүйесін және сөйлеуге, сөзге байланысты ойлау қабілеттерін 2-ші сигнал жүйесі деп атады. 2-ші сигнал жүйесі адамдарға ғана тән. 1-ші сигнал жүйесі жаңа туған нәрестеде бірнеше күннен кейін қалыптасады. 7-10 күндері алғашқы шартты рефлекстері қалыптаса бастайды. Ал 2-ші сигнал жүйесінің даму белгілері 6 айдан пайда бола бастайды. И.П.Павлов сигнал жүйесіне байланысты адамдардың жоғары жүйке әрекетін 3 топқа бөлді:
1. Көркем суретті топқа жататын адамдарда 1-ші сигнал жүйесі 2-ші сигнал жүйесінен басым.
2. Ойлы немесе саналы топтағы адамдардың 2-ші сигнал жүйесі 1-ші сигнал жүйесінен басым.
3. Орташа немесе аралас топтағы адамдарда екі сигнал жүйесі де бірдей шамада дамыған.
Екі сигнал жүйесінің арасындағы мәліметтердің берілуі бойынша И.П.Павлов адамдардың 4 тобын ажыратты:
1. Мәлімет 1-ші сигнал жүйеден 2-ге, 2-ші сигнал жүйесінен 1-ге жеңіл өтеді.
2. Мәлімет 1-ші сигнал жүйеден 2-ге, 2-ші сигнал жүйесінен 1-ге қиын өтеді.
3. 1-ші сигнал жүйеден 2-ге мәлімет бөгеліп өтеді.
4. 2-ші сигнал жүйеден 1-ге мәлімет бөгеліп өтеді [2].
Жоғары жүйке әрекетінің топтарының балаларда қалыптасуы.
Балалардың бірінші сигнал жүйесі тусымен дами бастайды, ал екінші сигнал жүйесі кейінірек қалыптасады. Баланың мінезқұлқының қалыптасуына екі сигнал жүйесінің даму дәрежесі, жоғары жүйке әрекетінің топтары ықпал етеді. Көптеген зерттеулердің нәтижесінде жоғары жүйке әрекетінің топтары балалардың темпераменті мен мінез-құлықтарының физиологиялық негізі екені дәлелденеді. Баланың темпераменті мен мінез-құлықтарының қалыптасуы екі түрлі әсерге байланысты:
• Ата – анасының тұқым қуалап ауысатын қозу мен тежелудің ми қыртысындағы генотипті қасиеттері.
• Сыртқы ортаның әсерінен (үйдегі тәрбиесі, достарының ықпалы, әлеуметтік қоғам орындарының әсері – балалар бақшасындағы, мектептегі, көшедегі тәрбие, т.б) болатын фенотиптік қасиеттер.
Бұл екеуі бір-бірімен тығыз байланысты. Жоғары жүйке әрекетінің және ми қыртысындағы қозу мен тежелудің қасиеттерінің қалыптасуы жалпы жүйке жүйесінің дамуына сәйкес, яғни жалпы организмнің даму заңдылықтары жоғары жүйке әрекетінің топтарының қалыптасуына да әсер етеді. Баланың жоғары жүйке әрекетінің топтары ересек адамның топтарына ұқсастау болғанымен, жасына лайық ерекешеліктері болады. Мысал: Мектепке дейінгі жастағы балалардың жүйке жүйесіндегіқозу мен тежелу әлсіз келеді. Оған қоса қозуы басымырақ болады. Нерв құбылыстарының негізгі қасиеттері тек 20-22 жаста ғана толық жетіледі. Сондықтан баланың жоғары жүйке әрекетінің топтары тұрақсыз, сыртқы ортаның жағдайларына өте тәуелді болады.
Н.Н.Красногорский балалардың ми қыртысындағы қозуы мен тежелуін зерттей келе, олардың жоғары жүйке әрекетін 4 топқа бөлді:
1. Қозуы мен тежелуі күшті, тең, алмасуы жылдам топтың шартты рефлекстері тез пайда болып оңай тежеледі, пайда болған рефлекстері ұзақ, жақсы сақталады. Бұл топтағы балалардың тілі жатық, сөз қоры мол, мінезі ұстамды.
2. Қозуы мен тежелуі күшті, тең, алмасуы баяу топтың шартты рефлекстері бірнеше рет қайталағанда пайда болады, бірақ пайда болған рефлекстері ұзақ, жақсы сақталады. Бұл топтағы балалар ерте бірақ баяу сөйлейді. Мінезі - өте шыдамды.
3. Күшті қозғыш ұстамсыз топтағы балалардың шартты рефлекстері өте жылдам пайда болғанымен тез жойылып отырады. Мінезі - ұстамсыз, шыдамсыз.
4. Әлсіз топтағы балалардың шартты рефлекстері ұзақ көп қайталағаннан кейін өте баяу туады. Ондай балалар жаңа жағдайға ұзақ бейімделеді. Мінезі жасқаншақтау, тез шаршағыш келеді [2].
Адамның саналы іс әрекетінің физиологиялық негізі және
оның жас ерекшеліктері
П.К.Анохин саналы іс-қимылды түсіндіру үшін арнайы «функциялық жүйенің» сызбасын ұсынды. П.К.Анохин функциялық жүйені белгілі бір нақты бейімді пайдалы нәтижеге қол жеткізуге бағытталған іс-әрекеттерді іске асыратын орталық жүйке жүйесінің тиісті бөлімдері мен атқарушы мүшелердің бірлестігі ретінде қарастырады. Функциялық жүйе құруда ең негізгісі – ол әрекеттің нәтижесі. Организм пайдалы нәтижеге жеткенде оның лайықты мақсаты орындылады. Бұл кезде функциялық жүйенің қызметі тоқтайды. Ал егер орындалған әрекеттің нәтижесі организмді қанағаттандырмаса, онда функциялық жүйе қайтадан басқаша құрылып, мақсатты іс-әрекетті орындауға кіріседі. Бұл жүйедегі негізгі кезең, ол кері байланыс арқылы мәліметтердің берілуі. Мұндай мәліметтер орталық жүйке жүйесіне тек қана эффекторлық сезімтал құрылымдапынан ғана келіп қоймай, әпекеттің негізінде тітіркендірілген басқа мүшелерде орналасқан қабылдағыштардан да келеді. Организмнің тіршілік ортаға нақтылы сәйкестеліп икемделуінде кері байланыс тетігінің мәні өте зор.
Саналы іс-әрекет адамның жасына байланысты ерекшеленеді. Балаларда ол қимыл белсенділігімен көзге түседі, яғни олардың бұлшық еттерінің қызметі қатарласады. Организмдегі бұлшық еттердің қызметі жүйке жүйесінің қызметімен және оның қасиеттерімен тікелей байланысты, сондықтан орталақ және шеткі жүйке жүйелерінің баланың жасына лайық ерекшеліктерінің заңдылықтарына және мүмкіндіктеріне тәуелді болады.
Алғашқы 3 жаста жоғары жүйке жүйесінің қарқынды дамуына байланысты сәби бірнеше сағат бойы сергек күйде бола алады. Дегениен оның жүйке жүйесінің жоғары белсенділігі сергектік кезде тежелуге жылдам аусады. Бұл бала организмінің қорғаныс реакциясының біріне жатады, яғни оның организмі шектен тыс қажудан, шаршаудан, қалжыраудан өзін-өзі сақтайды. 5-7 жаста орталық жүйке жүйесіндегі қозуы мен тежелуі тұрақсыз болғандықтан, бұл кездегі оқу, үйрету жұмыстарын баланың бұлшық ет жұмыстарымен үйлестірілген дұрыс [3].
Қорытынды
Павловтың бұл қағидасы адам баласының екі сигнал жүйесінің даму дәрежесіне негізделген.
Көркем суретті топқа жататын адамдарда бірінші сигнал жүйесі екінше сигнал жүйесінен күшті әрі басымырақ дамыған. Бұл топқа болмысты нақтылы түрде қабылдайтын, сезімді кең пайдаланатын, көрнекті ойлау қабілеті бар адамдар жатады.
Ойлы немесе саналы топтағы адамдарға екінші сигнал жүйесі(сөйлеу,сөздің негізінде ойлау) бірінші сигнал жүйесінен күшті әрі басымырақ дамыған, бұған абстрактылы ойлауға бейім, саналы адамдар жатады. Ойшыл топ болмыстың екінші сигналдық жүйе арқылы қабылданған мәліметтерінің негізінде қалыптасады.
Қазіргі замандағы ғылым мен техниканың, кибернетиканың жетістіктерін, радиоэлектрониканың жаңалықтарын, компьютерді кеңінен физиологиялық зерттеу жұмыстарында қолданып, нерв импульстерінің кері байланыс тетігі жайлы қағида тереңірек зерттелуде.
Бастауыш сынып оқушыларының ой еңбегін жасына лайық гигиеналық талаптармен ұштастыру аса маңызды. Өйткені бұл кезде жоғары жүйке жүйесіндегі қозу мен тежелудің жинақталуы төмен болады.
Адам - қоғами жаратылыс, сондықтанда баланың іс-әрекеттерінің нәтижесі қанағаттанарлықтай болуы үшін әлеуметтік әсерлердің маңызы зор [4].
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
-
З.М.Аликбарова Мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасының негіздері. Алматы, 1993ж. -
Ж.Д.Демеуов, Б.Я.Байназарова. З.М. Алиакбаров, А.М. Бекетаев. Мектепке дейінгі балалардың анатомиясы, физиологиясы, гигиенасы, Алматы, «Білім» ,1995ж. -
Исатай Төленбек «Адам мен Жануарлар физиологиясы» -
Х.Қ.Сәтпаева.,А.А.Өтепбергенов.,Ж.Б.Нілдібаева«Адам физиологиясы» Алматы, 2005ж.