Файл: 1. Ойылуды алдын алу шін уалау ай аймаа жургізіледі а Белмен мойынны аймаы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 1382
Скачиваний: 31
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
а) Бронх демікпесіне
b) +Жедел стеноздаушы ларингитке;
с) Жедел тонзиллитке
d) Жедел пневмонияға
е) Жедел бронхитке
43.Сізге 1 жасар баланың анасы баласының тәбетінің нашарлығына, әлжуаздығына шағымдана келді. Қарап тексергенде: тері жамылғысы мен кілегейлі қабаттары айтарлықтай бозарған. Жүрек ұшы аймағында систолалық шу естіледі. Қанның жалпы анализінде: гемоглобин - 72 г/л; эритроциттер- 3,1х1012/л; түсті көрсеткіші 0,7. Сіздің баланың диагнозы туралы ең дәлірек тұжырымыңыз:
а) В12 тапшылық анемиясы
b) +Теміртапшылық анемиясы
с) Ақуыз тапшылық анемиясы
d) Гипопластикалық анемия
е) Гемолитикалық анемия
44.Ортаңғы құлақтың қабынуы бар науқаста беттің ассиметриясы байқалды, яғни ерін бұрышының төмен түсуі, мұрын-ерін ұшбұрышы қатпарының тегістелуі, ауырсынған жақта көз саңылауының жабылмауы. Қандай асқыну туралы айтуға болады:
а) +Бет нервісі салдануы
b) Үштік нерв салдануы
с) Қайтарушы нерв салдану
d) Көзқозғалтқыш нервісі салдануы
е) Шығыршық нервісі салдануы
45.Эндокринология бөлімшесіне 56 ж пациент қант диабеті 1 типі, орташа ауырлық дәрежесі диагнозымен келіп түсті. Шағымдары: тәбеттің артуы, шөлдеу, түнімен ұйықтатпай мазалайтын. Көбіне диета сақтамайды. Тері қышымасына салдарынан мазасы кеткен, ашушаң. Терісі құрғақ, көптеген қасынған іздері бар. Науқастың ең басым (приоритетті) мәселесін анықтаңыз:
а) Ұйқысыздық
b) Беймазалық
с) +Тері қышымасы
d) Терінің құрғауы
е) Шөлдеу
46. 35 жастағы науқас гематология бөлімшесіне теміртапшылық анемия диагнозымен түсті. Осы анемия емінде қолданылатын дәрілерді таңдаңыз:
а) +сорбифер дурулес, тотема, космофер
b) адреналин, мезатон
с) дицинон, аминокапрон қышқылы
d) гепарин, полиглюкин
е) цианкобаламин, фолий қышқылы
47.Жедел коронарлық синдромнына тән белгілер :
а) +Бірнеше сағат бойы төс артындағы күйдіретін батып ауырсыну
Ь) Төс артындағы қысқамерзімді ауырсыну, қысатын сипатта
с) Жөтел, қозғалыс, безгек, ентікпе кезінде кушеетін кеуде торының сол жақ жартысындағы шаншып ауырсыну
d) Жүрек аймағындағы тұрақты сыздап ауырсыну
е) Жүрек ұшында жаншитын сипаттағы ауырсыну
48.15 ж жасөспірім шынымен білегін кесіп алған. Қан атқылап ағып жатыр. Медициналық пункт мейірбикесі қан тоқтататын шиыршық салған. Жазғы мезгілде артериялық шиыршықты қанша уақытқа қалдыруға болатынын көрсетіңіз:
а) 40 мин.
Ь) 10 мин.
с) 20 мин.
d) 30 мин
е) +60 мин.
49.Сенбілікте оң көзіне әк түскен жұмысшы медициналық пунктке қаралды. Сіз медбикесіз, сіздің әрекеттеріңіз:
а) +көзді көп мөлшерде қысыммен краннан аққан сумен жуу, ауруханаға жеткізу
Ь) калий перманганатының әлсіз ерітіндісімен көзді шаю, ауруханаға жеткізу
с) бір көзге байлам салып, «жедел жәрдем» бригадасын шақыру
d) екі көзге байлам салып, «жедел жәрдем» бригадасын шақыру
е) көзді қысыммен қайнаған сумен жуу, ауруханаға жеткізу
50.Көз функциясының қайсысы көздің клиникалық жағдайын неғұрлым толық бағалауға мумкіндік беретін ең ақпараттандырғыш болып табылады?
а) Түсті қабылдау
Ь) +Орталық көзқарас
с) Бинокулярлық көру
d) Перифериялық көру
е) Жарық қабылдау
51.Үшінші курс студенті медициналық пунктте табандары мен аяқ саусақтарының аралығындағы бөртпелерге, қышынуға шағымданды.Шамамен бір ай бұрын, аяғының саусақ араларында терісі түлей бастаған, кейін терісі жарылып, қышыну болған. Соңғы аптада табандарда көпіршіктер пайда болды.Қарап тексергенде: аяқтың саусақ аралық терісі түлеген. Төртінші жөне бесінші саусақтардың арасы ісінген және қызарған жерінде эпидермистің сыдырылғаны байқалады.
а) онихомикоз
Ь) +табан микозы
с) кебек тәрізді теміретке
d) қант диабеті (диабеттік табан)
е) псориаз
52.Бірінші курс студенті 3 апта бұрын денесінде, тізе мен шынтағының терісіне қызарған қышыма түйіндердің пайда болу шағымдарымен дәрігерге қаралды.Қарап тексергенде: терісінде шектелген, беті ақшылт қабыршықпен қапталған қызғылт түсті дақтар. Бөртпелер аяқ-қолдардың бүгілетін беттерінде симметриялы түрде орналасқан. Денесінде ретсіз орналасқан қызғылт түлеген папулалар.
а) экзема
Ь) рубромикоз
с) +кәдімгі псориаз
d) сифилис
е) атопиялық дерматит
53.Стрептококкты пиодермияларға жатады:
а) сыздауық
Ь) гидраденит
с) +тілме
d) сикоз
е) шиқан
54.Рентгенограммада «клойбер астаушасы» төн:
а) Бауыр жыртылуына
Ь) Ішек перфорациясына
с) Ішектен қан кетуге
d) +Ішек өтімсіздігіне
е) Асқазан жарасына
55.Терең ысқырықты тыныс алу мен жөтелдің үзілуі бұл -
а) Апноэ
b) Асфиксия
с) Брадипноэ
d) Тахипноэ
е) +Реприз
56.26 апта аяғы ауыр әйеп амниотикалық суйықтықтың төгілу шағымына байланысты істеу қажет:
а) Уақытша үйде бақылау
b) Терапиялық бөлімшеге жіберу
с) Хирургиялың бөлімшеге жіберу
d) Гинекологиялық бөлімшеге жіберу
е) +Перзентханага жіберу
57.Физиологиялық жүктілікті бақылау барысында әр қабылдау кезінде жүргізілетін зерттеуді белгілеңіз
а) +Несептің жалпы анализі
Ь) Антиденелер титрін анықтау
с) Қанды RW алу
d) Несеп құрамындағы ақуызды анықтау
е) Қанның жалпы анализі
58.Босану урдісінің бірінші кезеңін тездету үшін ұрық қабындағы акушерлік ота аталады:
а) Краниотомия
Ь) Лапаротомия
с) Эпизиотомия
d) Клейдотомия
е) +Амниотомия
59.Қалыпты жағдайда жүректің оң жақ шегі орналасады:
а) Төстің оң жақ шетінде
Ь) +Төстің оң жақ шетінен 1-1,5 см ішке қарай
с) Төстің сол жақ шетінде
d) Бұғана ортасы сызығынан 1-2 см ішке қарай
е) Төстің оң жақ шетінен 1-1,5 см сыртқа қарай
60.Пациент қолымен төсекке сүйеніп, аяғын төмен түсіріп отыр. Пациенттің отырған қалпы қалай аталады ?:
а) Пассивті
Ь) Шынтақ-тізе қалпы
с) +Ортопноэ
d) Ауырған жағына жату
е) Белсенді (активті)
61.Науқасқа бір күнде (3 литрлік құмыр жиналып, таңертең ағаш таяқшасымен араластырып, зертханаға 150-200 мл-re берілетіндігі туралы хабардар болсаңыз, қандай зерттеулерді көздейтінін анықтаңыз
а) Аддис-Каковский әдісі бойынша отыр
Ь) Ничипоренко бойынша зәр анализі
с) Жалпы зәр анализі
d) Зимницкий бойынша зәр анализі
е) +Зәрді қантқа тексеру
62.БЦЖ ревакцинациясы алдында балаға Манту сынағы жургізілген. Нөтижесін қашан бағалайды:
а) 2 сағаттан кейін
b) 48 сағаттан кейін
с) 12 сағаттан кейін
d) +72 сағаттан кейін
е) 24 сағаттан кейін
63.АМСК деңгейінде аурудың күдікті белгілері бар адамдар арасындагы туберкулезді ерте анықтау әдісін атаңыз:
а) Бактериологический
Ь) +Флюорография
с) Общий анализ крови
d) Бактериоскопия
е) Компьютерная томография
64.Стерилдеу алдындағы тазартудың сапасын тексеруде фенолфталеин сынағы оң нәтиже көрсеткен жағдайдағы сіздің әрекетіңіз:
а) Тазалауды басынан бастап толық қайталау керек
b) Ағынды cyғa қайталап шаю керек
с) Дистилденген суға қайталап шаю керек
d) Стерилдеуді жалғастыра беру керек
е) +Ағынды cyғa, дистилденген суға қайталап шаю керек
65.28 ж науқас эпигастрий аймағының қатты кесіп ауыратынына шағымданады. Ауыру астан 3-4 сағаттан кейін, жиі түнде болады. Сонымен қоса қыжыл, қышқыл кекірік, іш қатпа болады, жүдеген. Тәбеті бұзылмаған. Жұмысы жүйке күйзелісімен байланысты, темекі көп шегеді. Бұл жағдайда ең мәлімөтті қосымша тексеру әдісін белгілеңіз:
а) Құрсақ қуысынын УДЗ
Ь) Экскреторлы урография
с) Ұлтабарды сүңгілеу
d) +ФГДС
е) Холецистография
66.Қант диабетін ерте анықтау мақсатында кезекті скрининг кезінде 50 ж әйел адамда аш қарын гликемиясының бұзылысы анықталган. Эндокринологқа кеңеске жолдама берілген, глюкозаға толеранттық тесті тағайындалған. Тексерудің мәнін түсндіріңіз:
а) Аш қарынға қандағы қантты тапсыру және глюкоза қабылдағаннан 4 caғ кейін қайталап тапсыру
Ь) Аш қарынға қандағы қантты анықтау және глюкоза қабылдағаннан 6 caғ. кейін қайталап тапсыру
с) +Аш қарынга қандағы қантты анықтау жөне глюкоза қабылдағаннан 2сағ. кейін қайталап тапсыру
d) Аш қарынға қандағы қантты анықтау жөне глюкоза қабылдағаннан 2сағ. ,4,12 caғ кейін қайталап тапсыру
е) Аш қарынға қандағы қантты анықтауға және несепті тапсыру
67. Дәрігерлік құпия қандай жағдайда пациенттің руқсатынсыз құрылады
а) Ғылыми жұмыстар мақсатында
Ь) +Ерік-жігері шектеулі азаматтарды тексеру, емдеу мақсатында
с) Науқастың жақындарын ақпараттандыру үшін
d) Ғылыми әдебиеттерде жариялау мақсатында
е) Оқу жуйесінде қолдану үшін
68.Психикалық бұзылыстары бар нayқacтapғa дөрі бергенде мейірбикенің іс әрекеті:
а) Дәрі қабылдауында жайлы нұсқаулықтар айтады
Ь) Науқастың төсегінің қасындагы төмбешкесіне қалдырады
с) Маңыздылығы жоқ
d) Науқастың өзінің қолына береді
е) +Дәріні көзінше жұтуын сұрайды және ауызын тексереді
69.Аға мейірбике қандай басшылар категориясына жатады:
а) Қызмет көрсетуші персонал
Ь) +Орта буын басшысы
с) Төменгі буын басшысы
d) Көмекші жұмысшылар
е) Жоғарғы буын басшысы
70.Көзді күту үшін қолданады
а) хлорамин ерітіндісі 3 %
b) +1:5000 фурациллин ерітіндісі
с) су асқан тотығы 3 %
d) спирт ерітіндісі
е) ағынды су
71.Стационардың қабылдау бөлімінің мейіргері толтырады
а) Еңбекке жарамсыздық парақшасын
Ь) Дәрігерлік тағайындау парағын
с) +Медициналық картаның бастапқы бетін
d) Ауру тарихын
е) Температуралық парақты
е) Медициналық тағайындау қағазы
72.Анафилактикальқ шокта жедел көмек
а) Магнезия енгізу
Ь) Диуретиктерді енгізу
с) Тіл астына нитроглицерин
d) Антибиотиктер
е) +Адреналин
73.Бронходренажды гимнастиканы өткізуге ең қолайлы рациональды уақыт:
а) Күндізгі ұйқы алдында
Ь) +Түнгі ұйқыдан кейін
с) Мукалитикалық препараттарды қабылдаған соң
d) Дозаланған жүрістен кейін
е) Тамақ қабылдаған соң
74.Ересек адамдарда катаральды ортаңғы отитке тән симптомдар:
а) Құлақ түйіндісің басқан кезде ауырсыну, құлақтан серозды белінулер
Ь) +Құлақта ауырсыну, естудің төмендеуі
с) Құлақтан іріңді бөлінулер, естудің төмендеуі
d) Құлақта қышыну, естудің төмендеуі
е) Құлақта қышыну
75.48 жасар ер адам жөндеу жұмыстары кезінде биіктіктен құлаған. Жамбас аймағының кез келген қимылдан ауыратынына шағымданады. Аяқтары аздап сыртқа қарай бұрылған.Зардап шегушіні тасымалдау тәсілін көрсетіңіз.
а) Бір жақ бүйірлеп жатқан күйі
Ь) Бас жағын биіктетіп жатқызған күйі
с) Тізелі- шынтақты қалыпта жатқан күйі
d) Кресло- арбага отырғызып
е) + «Бақа» денесі тұрпы тәрізді жатқан күйі
76.Жамбастың сыртқы өлшемін анықтау үшін акушер әйел адамнан бір қырына жатуын өтінді, үстінгі аяғын созып, ал астынғы аяғын тізе буынынан бүгіп жатуын өтінді. Акушер жамбастың кандай елшемін анықтайды?
а) Conjugata lateralis
Ь) Distancia cristarum
с) Conjugata vera
d) Distancia spinarum
е) +Conjugata externa
77.Әйелдер консультациясынажасандытүсікжасатумақсатыменжүктіәйелкелді. Жасандытүсікжасалатынжүктілікмерзімінкөрсетіңіз
а) 20 аптағадейін
Ь) 16 аптағадейін
с) 24 аптаға дейін
d) 18 аптаға дейін
е) +12 аптаға дейін
78.Қалыпты жағдайда жүрек ұшы соққысы анықталады:
а) +5 қабырға аралықта бұғана ортасы сызығынан 1-2 см ішке қарай
Ь) 6 қабырға аралықта бұғана ортасы сызығы бойында
с) 5 қабырға аралықта бұғана ортасы сызығынан 1-2 см сыртқа қарай
d) 5 қабырға аралықта бұғана ортасы сызығынан 3-4 см сыртқа қарай
е) 5 қабырға аралықта бұғана ортасы сызығы бойында
79.Портальды гипертензияның белгілері:
а) Полиурия, анурия
b) +Асцит, «медуза басы» , спленомегалия
с) Қатпа, тенезм, метеоризм
d) Жөтел, қақырық тастау
е) Лоқсу, құсу, қыжыл
80.Науқасқа диагностикалық мақсатпен ирригоскопия тағайындалған. Науқасқа зерттеудің мәнін түсіндіріңіз.
а) Асқазанды эндоскопиялық зерттеу әдісі
Ь) +Тоқ ішекті рентгендік зерттеу әдісі
с) Тоқ ішекті эндоскопиялық зерттеу әдісі
d) Тік ішекті эндоскопиялық зерттеу әдісі
е) Ащы ішекті рентгендік зерттеу әдісі
81.Миокард инфаркті диагнозын қою ушін қанда келесі заттарды анықтау керек:
а) Холестерин
Ь) Сілтілі фосфотаза
с) Билирубин
d) Азот қалдықтары
е) +Тропонин
82.Медбикенің тәуелсіз араласу тәртібін атаңыз:
а) Инструментальді диагностикаға дайындау және тексеру
b) Науқасқа небулайзер арқылы ингаляция жасау
с) ЭКГ регистрациясы
d) Дәрілік препараттарды к/т енгізу