Файл: 1. Ойылуды алдын алу шін уалау ай аймаа жургізіледі а Белмен мойынны аймаы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 1379

Скачиваний: 31

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

587. Кеудесінің сол жағының тыныс алғанда күшейе түсетін ауырсынуына, "татты қақырықты" жөтелге, 38°С температураға шағымданатын науқаста қандай ауруды анықтауға болады? Тексеру кезінде: ауырсынатын жағының тыныс алуда қалыс қалуы, дыбыс дірілінің күшеюі, перкуссия кезінде дыбыссыздық, аускультацияда бронхофонияның күшеюі байқалған.

  1. өкпе абсцессі

  2. жедел бронхит

  3. +пневмония

  4. туберкулез

  5. плеврит

588. Науқас Ф., 45 жаста. Ентікпеге, кеудесінің оң жағының ауырлығына, 37,6- 37,9°С температураға шағымданады. Ауруын салқындаумен байланыстырады. Объективті: ернінің цианозы, оң жағының тыныс алуда қалыс қалуы, перкуссия дыбыссыз, тынысы есілмейді. Сіздің мейіргерлік диагнозыңыз қандай?

өкпенің қатерлі ісігі

  1. +плеврит

  2. пневмония

  3. өкпе абсцессі

  4. жедел бронхит

589. Студент, 18 жаста. Анамнезінде баспамен ауырған, 2 аптадан соң қабағы, беті ісінген, басы ауырады, әлсіздік. Тексеру кезінде: АҚ 185/105 мм сынап бағаны. Зәр талдауы: меншікті салмағы 1020, белок - 3 г/л, эритроцитер-көру өрісінде 8-15-20, цилиндрлер көру өрісінде 4-6. Сіздің мейіргерлік диагнозыңыз қандай?

  1. жедел пиелонефрит

  2. зәртас ауруы

  3. гипертониялық ауруы

  4. +жедел гломерулонефрит

  5. жедел цистит

590. Науқас П. 35 жаста, дене температурасның жоғрылауына, әлсіздіктің күшеюіне, склерасының сарғаюына, зәрінің қошқыл түсіне шағымданады. Тексеру кезінде: склерасы сарғайған, тіл жүгеншігі, тері қатпарлары сарғыш реңкті. Бауыры қабырға доғасынан төмен 2 см-ге пальпацияланады, эластикалық, шеттері дөңгеленген. Анамнезінде бір жыл бұрын құрсақ қуысының жарақаты бойынша гемотрансфузия алған. Сіздің мейіргерлік диагнозыңыз қандай?

  1. +созылмалы вирусты гепатит

  2. созылмалы холецистит

  3. зәртас ауруы

  4. бауыр циррозы

  5. созылмалы панкреатит

591. Науқас 31 жаста. Денесіндегі субфебрильді температураға, жүдеуге, шашының түсуіне, ентікпеге, жөтелге шағымданады. Тексеу кезінде: жақ аймақтарында және кеңсірікте көбелек қанаттары түріндегі эритематозды бөрпелере байқалады. Қол ұшындағы ұсақ буындардағы артралгия, қозғалысы шектелген. Тыныс қозғалысы жиілігі минутына 22 рет, өкпеде плевраның үйкеліс шуы естіледі. АҚ -130 /80 мм сынап бағаны. Жүрек тондары дыбыссыз, ырғақты, жүрек ұшында систолалық шу естіледі. Сіздің мейіргерлік диагнозыңыз қандай?

  1. теміртапшылықты анемия

  2. ревмотоидты полиатрит

  3. +жүйелі қызыл жегі

  4. ревматизм

  5. деформациялық остиоартроз


592. Анафилактикалық шок кезінде шұғыл көмек көрсетуде қандай препарат қолданылады?

  1. +эпинефрин, преднизолон

  2. аспирин, диклофенак

  3. эритромицин, но-шпа

  4. эритроцитарлық масса

  5. папверин, каптоприл

593. ҚР акушерияның заманауи стратегиясы

  1. Трансплантология ғылымын дамыту

  2. Жасанды ұрықтандыруды дамыту

  3. Диабеттер мектебін ашу

  4. +Қауыпсыз ана болу

  5. Кардиологиялық орталық жұмысын дамыту

594. ДДҰ енгізген "Қауыпсыз ана болу" халықаралық бағдарламасының негізгі мақсаты

  1. Жүрек- қан тамырлар ауруларының алдын алу

  2. Жүкті әйелдер арасында аллергиялық реакциялармен күресу

  3. Жүкті әйелдер арасында туберкулезбен аурушылдықты азайту

  4. +Ана мен сәби өлімін төмендету

  5. Жыныс жолдары арқылы таралатын аурулармен күрес

595. Босануға дейінгі антенальды қарап күту мақсатын атаңыз:

  1. Оперативті босандыру

  2. + Болашақ ана мен әкені босануға дайындау, оқыту, ақпараттандыру

  3. Алдын алу шараларын қамтамасыз етпеу

  4. Контрацепция әдістерін насихаттамау

  5. Жасанды ұрықтандыру туралы кеңес беру

596. ДДҰ бойынша жүктіліктің ұзақтығы қанша?

  1. 30-31 апта

  2. + 37-42 апта

  3. 12-13 апта

  4. 30 апта

  5. 26 апта

597. ДДҰ бойынша мерзімінен ерте босану

  1. 30-31 апта

  2. 37-42 апта

  3. 12-13 апта

  4. 30 апта

  5. + 22-37 апта

598. Жатыр мойнын айнамен қарау өткізілетін жүктілік мерзімін көрсетіңіз:

  1. Жүктіліктің әр аптасында

  2. +Алғаш келгенде, 30, 38 аптада

  3. 20 аптаға дейін 2 рет

  4. Әр қабылдауға келген сайын

  5. Жүктіліктің 30 аптасында

599. Босану қызметінің басталуын есептеуге болады

  1. +Ретті толғақтың басталуымен

  2. Күшенудің басталуымен

  3. Плацентаның ажырауының басталуымен

  4. Ретсіз толғақтың басталуымен

  5. Босану белгілерімен

600. Босанудың бірінші кезеңінде босанушыға ұсынылатын жағдай және позиция қандай?

  1. вертикальды

  2. отыру

  3. қолына және тізесіне сүйену

  4. арқасына жату

  5. +әйел қалауы бойынша қалыпты иемдену

601. "Қауіпсіз ана болу" принципіне сәйкес окситоцин қай кезде енгізіледі?

  1. ұрық басының жамбас қуысында болуында

  2. ұрық иығы туылғанда

  3. +ұрық туылған бойда

  4. ұрық туылғаннан кейін 30 минуттан соң

  5. ұрық жолдасы туылғанда

602. Жатыр инволюциясы дегеніміз

  1. жатырдың гипертонусы

  2. жатырдың атониясы

  3. +жатырдың кері дамуы

  4. қабыну инфильтратының сіңірілуі

  5. жатырдың тез өсуі


603. ДДҰ сәйкес босанудың 3-ші кезеңіндегі әрекет қандай?

  1. күту

  2. +белсенді

  3. күту және белсенді

  4. тек күту

  5. жатыр қуысына қол салу

604. Кеш түсік дегеніміз

  1. жүктіліктің 38 аптасында түсуі

  2. +жүктіліктің 12 аптасынан 22 аптасына дейін түсуі

  3. жүктіліктің 28 аптасында түсуі

  4. жүктіліктің 34 аптасында түсуі

  5. жүктіліктің 25-26 аптасында түсуі

605. Плацентаның орналасу аномалиясы клиникасына тән нәрсе:

  1. жатыр пішінінің өзгеруі

  2. ұрықтың жүрек соғысының өзгеруі

  3. +беймезгіл уақытта әртүрлі қарқындағы қан кетулер

  4. босану алдында

  5. іштің төменгі бөлігінің ауырсынуы

606. Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын ажырауының себебіне не жатады?

  1. + преэклампсия

  2. тұмау ауруы

  3. су аздық

  4. баланың жамбасымен келуі

  5. тар жамбас

607. Жеңіл дәрежедегі преэклампсияда қандай артериялық қысым болады?

  1. +140/90 мм.сын.бағ

  2. 110/70 мм.сын.бағ

  3. 120/80 мм.сын.бағ

  4. 170/110 мм.сын.бағ

  5. 100/60 мм.сын.бағ

608. Ауыр дәрежедегі преэклампсияда қандай артериялық қысым болады?

  1. 140/90 мм.сын.бағ

  2. 110/70 мм.сын.бағ

  3. 120/80 мм.сын.бағ

  4. +160/110 мм.сын.бағ

  5. 100/60 мм.сын.бағ

609. Эклампсия кезіндегі дұрыс әрекетті таңдаңыз?

  1. +12-24 сағ ішінде интенсивті емдеу және босандыру

  2. 5-7 күн ішінде стационарлық ем

  3. 10-15 күн стационарлық ем

  4. 1-2 күн стационарлық ем

  5. емхана жағдайында емдеу

610. Сульфат магнийді ұстап тұрушы мөлшерді көрсетіңіз

  1. 25% - 20 мл

  2. 25% - 40 мл

  3. +25% - 80 мл

  4. 25% - 10 мл

  5. 25% - 5 мл

611. Босанудан кейінгі қан кету себептерінің 3 «Т» жағдайы

  1. тонус

  2. тромбин

  3. +жарақат

  4. тін

  5. гипо, атония

612. Босанудан кейінгі қан кету себептерінің 1 «Т» жағдайы

  1. +тонус

  2. тромбин

  3. жарақат

  4. тін

  5. жатыр мойнының жыртылуы

613. Шокты индекс дегеніміз

  1. Систолды қан қысымының тамыр соғысына қатынасы

  2. +Тамыр соғысының систолды қан қысымына қатынасы

  3. Диастолды қан қысымының тамыр соғысына қатынасы

  4. Диастолды қан қысымының 110 мм.сын. бағ. тең болуы

  5. Систолды қан қысымының 140 мм. сын. бағ. тең болуы

614. Ювенильді жатырдан қан кету кездеседі

  1. +жыныстық жасы жетілу кезінде

  2. климакс кезінде

  3. репродуктивті кезеңде

  4. босанудан кейінгі кезеңде

  5. жүктілік кезінде

615. Аналық без апоплексиясының клиникалық белгілері


  1. асқазан тұсы ауырады

  2. аяқ-қолдары ісінеді және ҚҚ көтеріледі

  3. +мықын маңайы мен іштің төменгі жағы ауырады

  4. гиперполименорея байқалады

  5. Қынаптан жасыл түсті бөліндінің келуі

616. Гинекологиядағы жедел жәрдем жағдайына жатады

  1. созылмалы сальпингоофорит

  2. +түтіктік жүктілік

  3. жедел аппендицит

  4. эндометрит

  5. жатыр мойнының эрозиясы

617. 28 күндік етеккір циклінде овуляция қаншасыншы күні пайда болады?

  1. 20-22 күндері

  2. 8-10 күндері

  3. +10-14 күндері

  4. 3-5 күндері

  5. 5-8 күндері

618. Босанудан кейінгі кезеңдегі жатырдың гипотониясы немен қамтылған?|

  1. +жатырдың созылуымен

  2. анамнезінде түсіктің болмауымен

  3. гипертонияның болуымен

  4. анемиямен

  5. инфекцияның болуымен


619. Науқасқа жүрек ырғағын мониторлау мақсатында құрылғы қойылған. Сіз бөлмеге кірген кезде құрылғы ырғақтың мына көрсеткіштерін (суретке қараңыз) көрсетуде. Осы жағдайда не істеу қажет?


  1. дәрігерді шақыру

  2. науқасты сол жағымен жатқызу

  3. +қатты дауыспен көмекке шақыру және жүрекке тікелей емес массаж жасау

  4. ырғақты 10 минуттан соң қайта тексеру

  5. науқасты оң жағымен жатқызу, аяқтарын ішіне жинау


620. Біріншілік профилактика деген ұғымға кіреді?

  1. Организмнің резистенттілігін зерттеу

  2. +Аурудың себебін және ауруға әкелетін факторларды жою арқылы алдын алу

  3. Ауруларды және функционалдық бұзылыстарды ерте анықтау

  4. Созылмалы аурулары бар науқастарды бақылау

  5. Жедел аурулар бар науқастарды бақылау


621.Ойылудың алдын-алу мақсатымен теріні өңдеу үшін қолданылатын ерітінді?

  1. Этил спирті

  2. Құмырсқа спирті

  3. Фурациллин ерітіндісі

  4. +Камфорлы спирті

  5. Метил спирті

622..Қимыл-қозғалыссыз қалған науқастың басты мәселесі

  1. +Ойылудың пайда болуы

  2. Психологиялық адаптация

  3. Тыныс алуының бұзылысы

  4. Бұлщықет салмағының төмендеуі

  5. Туысқандардың қолдауынсыз қалу


623. жастағы науқас созылмалы жүрек жеткіліксіздігімен сырқат.аяғында ісіктер бар,оң аяғында трофикалық ойық жара.Жараны қандай затпен өңдеу керек?

  1. Спиртпен

  2. Қайнатылған сумен

  3. +Сутегі асқын тотығымен,фурациллинмен

  4. Йодпен,спиртпен

  5. Бриллиант көгімен


624.Иньекция жасағанда асептика мен антисептика ережелерін бұзу салдарына дамитын асқыну.

  1. Ауалы эмболия

  2. Аллергиялық реакция

  3. +Абцесс

  4. А гепатит

  5. Дерматит


625. Науқастың сегізкөз аймағында ойылу пайда болған,жара суланған.Қарағанда терісі тері май қабаты ойылып бұлшық еті көрінеді.науқас терісінің зақымдану түрін анықтаңыз.

  1. Базданудың 2 дәрежесі

  2. Ойылудың 1 сатысы

  3. +Ойылудың 3 сатысы

  4. Мацерация

  5. Дерматит


626.Бөлімшеге 1 типті қант диабетімен науқас түсті.Төменде көрсетілгендердің қайсысы осы аурудың патогениткалық механимзі болып табылады.

  1. Инсулинге деген жасушалық резистенттілік

  2. +Ұйқыбезінің бета жасушаларының бұзылысы

  3. Бауырда глюконеогенездің жоғарлауы

  4. Ұйқыбезінің альфа жасушаларының атрофиясы

  5. Бауырда гепарин синтезінің төмендеуі


627. Тері асты иньекциясының дененің қай аймағына жасауға болмайды.

  1. Иықтың сыртқы жағына

  2. +Иықтың ішкі жағына

  3. Санның сыртқы жағына

  4. Жауырынң астына

  5. Іштің алдынғы жағына


628.35 ж пациент жол апаты салдарынан көп көлемді қан жоғалтты,пациентті жақын маңдағы клиникаға жеткізу үшін қандай қалыпта тасымалдау қажет.

  1. Жарытлай отырғызып

  2. Ішімен жатқызып

  3. Басын жоғары, аяғын төмен түсіріп

  4. +Басын төмен,аяғын көтеріңкі қалыпта

  5. Қырынан жатқызып


629.Тәуелсіз мейіргерлік араласу тұрады

  1. Медбикенің дәрігердің тапсырмаларын орындауы

  2. Премедикацияның орындау

  3. Инфузиялы емдеу жүргізу

  4. Зертханалық тексерулер жүргізу

  5. +Науқасқа күтім жүргізу

630.Мейіргерлік күтімді жоспарлаудан кейінгі кезең.

  1. Күтудің нәтижелерін бағалауға

  2. Қойылған мақсаттардың дұрыстығын юағалау

  3. +Жоспарды іске асыру

  4. Медбике диагнозын қою

  5. Емделуші жайында мәлімет жинау


631.Тәуелді мейіргерлік араласуға жатады:

  1. +Мейіргердің дәрігердің тағайындауларын орындауы

  2. Емделушімен оның мәселелерін талқылау

  3. Емделушіге оның табиғи қажеттіліктерін іске асыруына жәрдемдесу

  4. Емделушіні өзін-өзі күтуге үйрерту

  5. Емделушіні зертханалық тексерулерге дайындау


632. Ақпарат жинау барысында медбикеге науқас мазасыздық,бас ауру,ұйқының бұзылуына,жүрек айну,құсуға шағымданады.Берілген симптоматика қай жүйенің патологиясына тән?

  1. Сүйек-бұлшық ет жүйесі

  2. Ас қорыту жүйесі

  3. +Жүйке жүйесі

  4. Қан жасаулу жүйесі

  5. Тыныс алу жүйесі

633. Жүрек тоқтаған жағдайда прекардиалды соққыны қайда беру керек?

  1. Сол жақ бұғана ортаңғы сызығымен бесінші қабырға аралығына

  2. Төс сүйектің семсер тәрізді өсіндісіне

  3. Төс сүйектің жоғары шетінде бұғана бекітілген жерлерде

  4. +Төс сүйегіне,семсер тәрізді өсіндісінің негізінен 2 саусақ жоғары

  5. Сол жақ екінші қабырға аралыққа