Файл: Программалау Сабаты ткізу Малімні ісрекеті Оушыны ісрекеті.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 16
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сабақты бақылау және бағалау
Күні 07.02.2022.
Сынып: 7 А
Пән: Информатика
Мұғалім: Хабылан Г.
Қатысу мақсаты: Сабақ мақсатының қолжетімділігі, оның орналуына талдау
Сабақтың тақырыбы : Құрамды шарттарды программалау
Сабақты өткізу | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
1.Сабақтың басы. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Топқа бөлінулері(топқа бөлу жұмыстары қалай жүргізілді,топтық жұмыстың дұрыс орындалуы,мұғалімнің берген тапсырмасы топ мүшелерінің қаншалықты белсенділік танытуларына ықпал етті). | (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу. Оқушыларды түгендеу, психологиялық жағымды ахуал туғызу. «Гүлмен тілек тілеу» әдісі арқылы (сергіту және топқа біріктіру). Мақсаты: Оқушылар гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді және гүлдің астына жазылған сөздер бойынша топқа біріктіріледі. | Оқушылардың барлығы белсенділік білдірді, белсене жауап берді. |
2.Сабақтың ортасы. Үй тапсырмасын қадағалау (үй тапсырмасын тексеру кезеңі қандай деңгейде болды,мұғалім барлық оқушыларды қамти алды ма?). | Алдынғы білімді еске түсіру. Үй тапсырмасын мұғалім барлық оқушылардан сұрады, оқушылар белсенді жауап берді | Оқушылар оқулықпен, компьютермен жұмыс жасады. |
3.Сабақтың ортасы. Жаңа сабақ (мұғалім тарапынан жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі қаншалықты тиімді болды?). | Мұғалімнің кіріспесөзі Оқушыларға жаңа білім бөлімі бойынша мұғалімніңтүсіндірукіріспесөзіжүргізіледі. Толығырақ ақпарат алу үшін 0оқулықтағы жаңа білім бөліміндегі ақпаратты оқуға бағытталады. «Бортжурналы»әдісіарқылы мәтінді оқып біткен соң әр топ келесі сұрақтарға жауап береді. Берілгентақырыпбойыншамағаннебелгілі? Меннебілемін?Мәтінненқандай жаңалықтуралыбілдім? |
«Мәтіннен қандай жаңалық туралы білдім?» деген сұраққа жауап береді. |
4.Тапсырмаларды орындау(берілген тапсырмалар тақырыпқа сай ма,оқушылардың қызығушылықтарын арттыра алды ма,ол тапсырмалар қаншалықты деңгейде оқушылардың түсініктерін,білімдерін кеңейтуге ықпал етті). | Жаңа тақырып түсіндіріліп болғаннан кейін. Берілген тапсырмалар тақырыпқа сай болды. Программа жұмысын орындағаннан соң, b айнымалысының мәні неге тең болады? I топ: a=10 b=5 if a>5 and a print (b) II топ: a=15 b=8 | Барлық оқушылар тапсырманы жақсы орындады. Оқушылар:программаны іске қосып, берілген тапсырманы орындады
|
5.Тапсырмаларды орындау (мұғалім барлық оқушылармен қарым-қатынасқа түсе алды ма,берген тапсырмалары оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай ма және ол тапсырмалар Блум Таксаномиясының ерекшелігі бойынша оқушылардың ой өрістерін дамыта алды ма?). | Бұл сабақтағы барлық тапсырмада оқушылар бірдей тапсырма орындағанымен нәтижелері оқушының деңгейіне қарай әртүрлі болуы мүмкін. Сондықта н мұғалім дұрыс жауапқа бағыттап, соңғы шешімін беріп отырады. | |
6.Бағалау критериилері (оқушылардың білімі қаншалықты шынайы бағаланды). | Әр тапсырма сайын мұғалім оқушыларды өз жұмыстарына сай бағалап отырды. Сабақты бекіту «Табыс баспалдағы»әдісі арқылы жүргізіледі. Оқушы сабақты қай деңгейде түсінгенін бояйды.Таратылған парақтарды толтырып береді. Сол бойынша алдағы сабақты жоспарлаймын. | ҚБ. « Сыныптастарды бағалау » Оқушылар бағалау критерийлеріне сәйкес бір-біріне бағалады. Бұл оқу туралы ойлануға және түсінуге көмектеседі, үздік жұмысты көруге және орын алған түсінбеушілікті шешуге мүмкіндік берді. |
Қорытынды және ұсыныстар: Сабақ өз мақсатына жетті, компьютерді оқыту процесінің барлык кезендерінде қолданылды.
сабақта электрондық оқулықты пайдалану.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Р.Ж.Адымова
Сабақты бақылау және бағалау
Күні: 11.04.2022.
Сынып :11 А
Пән: Информатика
Мұғалім: Хабылан Г.
Қатысу мақсаты: Электрондық цифрлық қолтаңбаның және сертификаттың мақсатын сипаттау және электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану алгоритмі.
Сабақтың тақырыбы : Электрондық цифрлық қолтаңба және сертификат
Сабақты өткізу | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
1.Сабақтың басы. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Топқа бөлінулері(топқа бөлу жұмыстары қалай жүргізілді,топтық жұмыстың дұрыс орындалуы,мұғалімнің берген тапсырмасы топ мүшелерінің қаншалықты белсенділік танытуларына ықпал етті). | Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу. Топтастыру. «Байланыстар» әдісі «Электрондық цифрлық қолтаңба және сертификат» ұғымына байланысты сөздерді жазыңдар. Мұғалім оларды тақтаға жазады. | Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады |
2.Сабақтың ортасы. Үй тапсырмасын қадағалау (үй тапсырмасын тексеру кезеңі қандай деңгейде болды,мұғалім барлық оқушыларды қамти алды ма?). | Алдынғы білімді еске түсіру. Үйге берген тапсырманы мұғалім барлық оқушылардан ауызша сұрады. | Сұрақ жауап арқылы сұраққа жауап береді, логикалық ойлай білуі мен сыни көзқарасы таныта білу дағдылары қалыптасты |
3.Сабақтың ортасы. Жаңа сабақ (мұғалім тарапынан жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі қаншалықты тиімді болды?). | Жаңа материалды меңгеру. Топтық жұмыс «Джигсо» әдісі Оқушыларға мынадай тапсырма беріледі: шағын мәтінді оқуға, оны қалай, қандай тәсілдермен есте сақтап, мазмұндауға болатынын ойлану, мәтіннің мәнін түсінуге бағытталған сұрақтар қойылды. | Оқушылар тірек сөздерді жазып, сызба немесе кластер сыза алады. Мәтінмен жұмыс істеп болғаннан кейін топтар әр үш топтан 1-2 өкілден кірген тағы бір топ құрады. Мұғалімнің командасымен олар жазбаны және графикалық материалды қолданып, өз сұрақтарын кезекпен түсіндірді. Топтағы үш шағын мәтінді түсіндіріп, талқылағаннан кейін бәрі өз орындарына оралып, үш шағын тақырыптан (Есептеу жүйелері ұғымы) тұратын ортақ тақырыпты талқылады. |
4.Тапсырмаларды орындау(берілген тапсырмалар тақырыпқа сай ма,оқушылардың қызығушылықтарын арттыра алды ма,ол тапсырмалар қаншалықты деңгейде оқушылардың түсініктерін,білімдерін кеңейтуге ықпал етті). | Жаңа тақырыты «Джигсо» әдісі бойынша түртіп оқып, толық талдап шықты. | Оқушылар оқулықпен, компьютермен жұмыс жасады. |
5.Тапсырмаларды орындау (мұғалім барлық оқушылармен қарым-қатынасқа түсе алды ма,берген тапсырмалары оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай ма және ол тапсырмалар Блум Таксаномиясының ерекшелігі бойынша оқушылардың ой өрістерін дамыта алды ма?). | Берілген тапсырмалар тақырыпқа сай болды. Деңгейлік тапсырмалар тапсырмалар беріліп, бағалау жүргізілді Мұғалім барлық оқушылармен қарым қатысқа түсе алды, берген тапсырмалары оқушылардың жас ерекшіліктеріне сай болды. | Қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындады Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасады. |
6.Бағалау критериилері (оқушылардың білімі қаншалықты шынайы бағаланды). | Тапсырмадан кейін мұғалім тарапынан бағаланды. Кері байланыс жүргізілді | Сабақ соңында жетістік критерий арқылы талдау жасалды. |
Қорытынды: Сабақ мақсатына жетті, оқушылар сабаққа белсенді қатысты.Сабақтаокытудың компьютерлік әдістерін интерактивті пайдаланды.
Ұсыныс:
-
Информатика сабағында электрондық оқулықты пайдалану.
2. Оқушыларға жеке-жеке тапсырмада беру керек.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Р.Ж.Адымова