ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 10
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
№8 ОСӨЖ
Қандайда бiр алгоритм бойынша жұмыс жасайтын және өзiне негiзгi программаның кез келген бөлiгiнен қатысуға болатын программаның жекелеме бөлiгiн iшкiпрограмма деп атаймыз.Iшкi программалар негiзгi программаның iшiндегi кiретiн және шығатын орындары бар тұйықталған бөлiгi болып табылады. Негiзгi программа мен iшкi программадағы айнымалылар бiр-бiрiне бағынышты емес.
Паскаль тiлiнде iшкi программаның екi түрiн бөлiп көрсетедi:
1.процедура (procedure)
2. функция (function)
Кез келген программада бiрнеше процедура немесе функция қолданылуы мүмкiн. Процедура мен функция сипаттау бөлiгiнде айнымалылар бөлiгiнен кейiн хабарланады.
program <атау> (input,output);
(*негiзгi программаның сипаттау бөлiгi*)
label – белгiлер бөлiгi
const – тұрақтылар бөлiгi
type – тип тер бөлiгi
var – айнымалылар бөлiгi
Iшкi программа Р1
Iшкi программа Р2
(*негiзгi программаның операторлар бөлiгi*)
begin
операторлар;
Р1 iшкi програмасын шақыру;
операторлар;
Р2 iшкi программасын шақыру;
операторлар;
end.
Программаның орындалуы негiзгi программаның операторларынан басталады. Қажет жағдайда iшкi программа шақырылып он операторлары орындалады. Сонан соң басқару негiзгi программаға берiлiп программаның орындалуы жалғасады.
Процедуралар
Процедура құрылымы төмендегiдей болады:
procedure атауы (формальды параметрлер);
<сипаттау бөлiгi>
begin
<операторлар бөлiгi>
end;
Iшкi программаның екiншi бір түрi-функциялар программа iшiнде процедура сияқты бері леді. Функцияның ерекшелiгi ол орындалуы барысында бір ғана нәтиже шығады, бiрақ кiру параметрлерi бiрнешеу болуы мүмкiн. Нәтиже функция атауымен белгiленiп негiзгi программаға беріледі.
Функция құрылымы:
Function атауы( формальды параметрлер ): тип;
<сипаттау бөлiгi>
begin
<операторлар бөлiгi>
end;