Файл: А мен несептегі белокты адаалап, амбулаториялы баылау .docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 660
Скачиваний: 6
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Манту тесті +
Аллопуринолды тоқтату
Креатининді өлшеу
Көздерді зерттеу
Толық қан талдауы
568 Ер адам, 23 жаста, үш апта бойы ауырады: дене қызуы көтеріліп, қатты бас ауруы, бірнеше рет құсу, әлсіздік, көздегі екілік пайда болды. Анамнезінен бір жыл бұрын өкпе туберкулезіне байланысты емделгені анықталды. Объективті: дене қызуы - 37,8°С. науқас әлсіз, ұйқышыл, кейде уақыт пен кеңістікте бағдары жоғалады, аяғын ішіне бүгіп, бүйірінде жатыр, жоғарғы Брудзинский, Керниг симптомдары оң. Анизокория, бет асимметриясы, оң мұрын-тісті қатпарлығы, қылилығы, төмен қарай екілік. Ең ықтимал диагноз қандай?
туберкулездік спондилит
туберкулездік менингит
эпидемиялық энцефалит
туберкулездік менингомиелит
туберкулездік менингоэнцефалит +
569 31 жастағы ер адам 9-10 ай ішінде жоғарылаған әлсіздікке, күрт көтерілгенде аздап бас айналатындығына шағымданады. Ол 3-4 кг азған. Анамнезінде өткерген инфильтративті өкпе туберкулезі бар.Дене қызуы - 37,0 С, пульсі - 86/мин, АҚҚ - 100/70 мм с.б. Қарап тексергенде терісінің түсі қарауытқан, терінің қатпарларында, шынтақ, алақанда айқвн қоюланған. Зерттеу барысында калий деңгейінің жоғарылағаны анықталды. Диагнозды тексеру үшін қандай тексеру қажет?
Өкпе КТ
Бүйрек үсті безінің КТ +
Контрастпен ми МРТ
Бүйрек үсті безінің УДЗ
М.tuberculosis-қа Genexpert
570 67 жастағы ер адам. Әлсіздікке, қызбаға, қан жолдары бар қақырыққа шағымданады. КТ-да қуыс анықталды. Цефтриаксон + левофлоксацинмен 2 апта емдеу - ешқандай нәтиже бермейді. Қақырық себіндісінде - өсу жоқ. Рентген (суретті қараңыз) Келесі тактика қандай?
Бронхоальвеолярный лаваж
Бронхоскопия
қақырықты бактериологиялық зерттеу
туберкулез микобактерияларын Genexpert зерттеу +
қақырықты себуге алу
571 39 жастағы әйел, жалғызбасты ана, 3 мектепке дейінгі баланы тәрбиелеп отыр, туберкулезбен ауырады. Ол қалалық емхананың күндізгі стационарында ем ала алмайды. Емдеуді үйдегі ауруханада мобильді топ жасайды. Туберкулезге қарсы дәрігердің пациенттің емделуін бақылау үшін келу жиілігі қандай?
мобильді бригадамен күн сайын шығады
7 күнде 1 рет мобильді бригадамен шығады
14 күнде 1 рет мобильді бригадамен шығады
айына 1 рет мобильді бригадамен шығады
10 күнде 1 рет мобильді бригадамен шығады +
572 Бастапқы бактерия бөлетін 23 жастағы ер адам 24 сағаттық стационарда туберкулезге қарсы ем бастады. Ата-анасынан оны амбулаториялық емдеуге ауыстыруды сұрайды. Қандай жағдайда амбулаториялық емдеуге болады?
екі рет теріс микроскопиялық нәтиже кезінде +
ата-аналардың жазбаша сұранысы
пациенттің келісімі
емхана рұқсат
микроскопия нәтижесі теріс болған жағдайда
573 Әйел 32 жаста, дені сау қызды дүниеге әкелді, салмағы 3200 г, бойы 50 см, қыз егілді. Әйелдің күйеуі туберкулезбен ауырады, бактерия бөлуі оң. Олар бір бөлмелі пәтерде тұрады. Егер туберкулезбен ауыратын науқасты оқшаулау мүмкін болмаса, перинатальдық (перзентханалық) орталықтан жаңа туған егілген нәрестені бактерия бөлуші аурумен байланыстымау үшін, жаңа туған нәрестені балалар үйінде оқшаулау қанша уақытқа созылады?
2 айдан кем емес
10 күнге +
2 аптаға
1 айға
21-ші күнге
574 Туберкулезбен ауырған 34–жастағы әйел, жалпы әлсіздік, жүрек айнуы, тәбетінің төмендеуі, лоқсу және құсуға шағымданады.Тексергенде: тері асты майлы тіндердің дамуы төмен, тері және шырышты қабаттардың гиперпигментациясы, АҚҚ - 80/50 мм .сбб, гликемия ашқарында – 3,0 ммоль/л. КТ-да: бүйрекүстібезінде кальцинаттар анықталған. Төменде берілген препараттардың қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?
Церукалды
Глюкозаны
Глюкагонды
Кордиаминді
Гидрокортизонды +
575 Отбасылы ер адамда инфильтративті туберкулез анықталды. Оның 8 жасар ер баласын тұрғылықты жері бойынша тексеруге шақырды. Шағымдары жоқ. Температурасы 36,6. Ағзалары мен жүйелері бойынша объективті - патологиясыз. Амбулаторлық этапта аталған зерттеулердің қайыссысын ең бірінші жасау керек?
с 2ТЕ мен Манту туберкулиндік сынамасы +
Өкпеқап пен өкпеқап қуысының УДЗ
Стандартты араластырудағы туберкулезды рекомбинантты аллергенмен тест
Кеуде торының ағзалары мен көкірекаралықтың КТ-сы (контрастпен)
Қан сарысуындағы кардиолипинді антигенмен микропреципитация реакциясын қою
576 Мойын лимфа бездерінің үлкеюімен 22 жастағы науқас терапевтке қаралды. Температурасы 38°С көтерілуімен жіті ауырды. Пальпацияда лимфа бездері ауырсыады, тығыз консистенцияда, жақын жатқан тіндермен жабыспаған. Хирургиялық әдіспен бір лимфа безді сылып алып морфологиялық зерттеуге жіберді, одан эпителиодты жасушаларды, макрофагтарды, лимфоциттерді, плазтикалық жасушаларды және ортасынан ірімшіктәріздес некроз анықталды. Морфологиялық мәліметтер аталған аурулардың қайсысына тән?
жүре жабысқан иммунодефицитті синдром
мойын лимфа бездерінің туберкулезі +
бейспецификалық мойын лимфадениті
лимфогранулематоз
мононуклеоз
577 Бұрын біріншілік туберкулезден ауырып жазылған және емханада ХОБЛ бақылау есебінде тұрған 28 жастағы пациентті тексергенде, оның кеуде торша ағзаларының жалпы шолу рентгенограммасында - оң өкпе түбірінде әктелген лимфа безі анықталды. Төмен аталған болжамалы диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
оң жағының кеуде ішілік лимфа бездерінің туберкулезі, инфильтрация фазасы
оң жағының кеуде ішілік лимфа бездерінің туберкулезі, кіші формасы
оң жағының біріншілік туберкулездің комплексі, инфильтрация фазасы
жазылған біріншілік туберкулездің қалдықты өзгерістері +
жазылған екіншілік туберкулездің қалдықты өзгерістері
578 58 жастағы ер адам асқазан ойық жара ауруының асқынуымен жоспарлы түрде ауруханаға жатқызылған. Анамнезінде ойық жарамен 10 жылдан бері ауырады. Соңғы уақыттарда ауру сезімі сипатының өзгергендігін айтады (ауру сезімі тұрақты сипат алған) Соңғы 3 ай көлемінде 12 кг жуық салмақ жоғалтқан. ЭФГДС-ны соңғы рет 3 ай бұрын жасатқан. Осы жағдайда асқазан ойық жарасының қандай асқынуы орын алуы мүмкін?
Малигнизация +
Қан кету
Перфорация
Пенетрация
Стеноз
579 Жылжымалы "Денсаулық" поезында профилактикалық тексеру барысында 40 жастағы ер адамда УД зерттеу кезінде бауырдың сол жақ бөлігінде көлемі 6.0х7.0 см құрайтын торсылдақты (кисталық) түзіліс анықталған. Науқастан сұрастырғанда эпигастралды аймағындағы ауырлықты сезінетінін және ара кідік терісінде бөртпелердің, қышынудың мазалайтынын айтқан. Қойшы болып жұмыс атқарады. Диагнозды нақтылай үшін қандай қосымша зерттеу әдісінің ақпараттылығы жоғары?
ФГДС
Лапароскопия
Құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы
Құрсақ қуысы ағзаларының КТ-сы +
MRCP
580 65 жастағы әйел оң қабырға астындағы ауырсынуға және құсуға шағымданып келді. Алдында УДЗ өт қабында конкременттер анықталған. Қарау кезінде іші кернелген және оң қабырға астында ауырады. Кера симптомы оң мәнді. Төменде көрсетілген болжамды диагноздардың қайсысы мүмкін?
өт қабы полипі
өт тас ауруы, холедохолитиаз
өт қабы ісігі
өт тас ауруы, созылмалы холецистит, өршу сатысы +
өт тас ауруы, жедел холецистит
581 Ер кісі 55 жаста емхана хирургіне үлкен дәретке барғаннан кейін баяу қан ағуға, анус аймағында мерзімді қышуға шағымданып келді. Per rectum қарағанда: артқы өтіс тесігінің 3 см жоғары 11 сағатта 1,5х2,0 см көлемдегі консистенциясы жұмсақ-серпімді, сипағанда ауыратын, ішек кеңістігінен аздап шығып туратын түзіліс анықталады. Осы жағдайда Сіздің болжамалы диагнозыңыз қандай?
Геморрой +
Анальды сызат
Тік ішек рагы
Тік ішектегі полип
Параректальды жыланкөз
582 Сарғаюы бар науқаста УДЗ кезінде келесі белгілер анықталды: бауыры ұлғаймаған, жиектері тегіс, құрылымы біртекті, бауырішілік өзектер кеңейген. Жалпы өт өзегінің диаметрі 1,5 см, дистальды бөлімінде өлшемі 0,7см-ге дейін акустикалық көлеңкесі бар эхопозитивті түзіліс анықталады. Өт қабы өлшемі 9*4см, қабырғасының қалыңдығы 0,2 см, қуысында 0,6-0,8 см эхопозитивті түзіліс анықталады. Ұйқы безі ұлғаймаған, құрылымы біртекті. Сіздің болжам диагнозыңыз қандай?
жалпы бауыр өзегінің ісігі, билиарлы гипертензия
өт-тас ауруы, холедохолитиаз, механикалық сарғаю +
созылмалы тасты холецистит, холедохолитиаз
ұйқы безінің басының ісігі, билиарлы гипертензия
үлкен дуоденальды өзектің ісігі, билиарлы гипертензия
583 Науқас В., 42 жаста, ауруханаға мына шағымдармен түсті: кофе тәріздес құсу, қара нәжіс, эпигастральды аймақта ауырсыну, әлсіздік. Анамнезінде 3 тәулік бойы ауырады. Бұрын эпигастрий аймағында мезгілді және маусымды ауырсынулар болған, қаралмаған. Түскенде жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Тері жамылғысы бозғылт. Гемодинамикасы тұрақты. Диагнозды дәлірек анықтау үшін қандай тексеру әдісін бірінші кезекте жасау керек?
жасырын қанға нәжіс сараптамасы
асқазанның контрастты рентгенографиясы
жасырын қанға асқазан сөлін сараптамасы
фиброгастроскопия +
гемоглобин мен гематокрит көрсеткіштерін анықтау
584 9 жастағы қыз бала жарты жыл бойы жалғасып келе жатқан, 3 тәулікке дейін созылатын іш қатуға, іштің төменгі бөліктеріндегі орташа ауырсынуларға, ішектердің толықтай емес босау сезімімен бірге болатын «қой» дәреті түріндегі нәжіске байланысты шағымданады. Кейде іш қатулар іш өтумен кезектеседі (эмоцияналдық жағдайымен байланыстырылады). Қарау кезінде қыз баланың дене бітімі қалыпты, жалпы уланудың (интоксикацияның) әлсін белгілері байқалады. Іші жұмсақ, пальпациялау кезінде ауырмайды. Зертханалық және аспаппен зерттеу әдістері патологияларды айқындаған жоқ. Алдын ала ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагноз қандай :
Тітіркенген ішек синдромы +
Ойық жаралы колит
Крон ауруы
Муковисцидоз
Гиршпрунг ауруы
585 Туылғанына бір күн болған Сабинаны анасының кеудесіне 2-3 рет жатқызғаннан соң іші қампайған, нәресте мазасыздана бастаған. Бірінші рет тамақтандырғаннан кейін тамақтың аузынан шығуы байқалған, нәресте жөтеліп тұншыға бастаған. Физикалық тексеруде анықталғандай: ентікпе, қабырғааралық аралықтардың тартылуы, өкпеде екі жақты сырылдар. Сіздің диагноз?
Жыланкөзсіз өңеш атрезиясы
Хоана атрезиясы
Көкеттік жарық
Төменгі өңеш-кеңірдек жыланкөзімен атрезия +
Өңеш ахалазиясы
586 Айжан, 14 жаста, балалар ауруханасына оң қабырға астының көрнекті ауырсынуымен, көп реттік құсумен, көрнекті жүрегі айнумен, әлсіздікпен, температурасының жоғарылауымен жеткізілген. Жоғарыда аталған шағымдар тамақ жеудегі қателіктерден кейін пайда болған (майлы тамақ жеген). Құрсақ қуысы ағзаларына УДЗ өткізілген. УДЗ анықтағандай - өт қапшығы жабысқан, дұрыс пішінді. Оның қабырғасы айтарлықтай қалыңдаған 10 мм-е дейін. Сіздің тұжырымыңыз?
Жедел холецистит +
Жедел панкреатит
Өт қапшығындағы полип
Бауырдағы киста
Оң бүйректегі абсцесс
587 17 жастағы жасөспірімде ішінің шаншуы және тамақтанғаннан кейін 2-3 сағаттан соң пайда болатын сыздауы, түнде болатын ауырсынулар байқалады. Осы шағымдар 1,5-2 ай бойы мазалайды. ФГДС қорытындысы: асқазанның пилорикалық аймағындағы 1,0*0,5 см болатын жаралық ақау, түбі фибрин талшықтарымен жабылған, жара аймағындағы сірлі қабаты ісінген, гиперемирленген. Осы жағдайда қандай терапияны жүргізу керек?
Омепразол 40 мг/тәулігіне + Амоксициллин 1000 мг/тәулігіне + Кларитромицин 500 мг/тәулігіне +
Лансопразол 30 мг/тәулігіне + Ранитидин 150 мг/тәулігіне + Домперидон 10мг/тәулігіне
Омепразол 20 мг/тәулігіне + Панкреатин 25000 Бірлік/тәулігіне + Кларитромицин 500 мг/тәулігіне
Имидазол 20 мг/тәулігіне + Висмуттың трикалий дицитраты 304,6 мг/тәулігіне+ Тетрациклин по 500 мг/тәулігіне
Алюминий гидроксиды+магний гидроксиды + Ранитидин 150 мг/тәулігіне + Висмуттың трикалий дицитраты 304,6 мг/тәулігіне
588 Жаңа туылған сәбидің туылғаннан бері баздануы (опрелость) байқалады. 9-шы күні жағдай кенет нашарлады, өте тынымсыз болып кетті, емшектен бас тартады, 3 рет құсу болған, 2 рет сұйық нәжіс болған, температурасы 38 С, тері жабындылары мен сірлі қабықтары құрғақ, еңбегінің түсуі байқалады. Жауырынаралық аймақта терінің тығыздалуымен бірге шектелген 2см*1,5см болатын гиперемия, тез ауырсынады. ҚЖА (ОАК): лейкоциттер 16,7*109. Аталған диагноздардың қайыссысы болуы мүмкін?
Септицемия
Септикопиемия
ЖІИ (ОКИ), гастроэнтероколит
Нейротоксикозбен бірге ЖРВИ
Жаңа туылған сәбилердің флегмонасы +
589 Әжесі 10 айлық баланы тұшпарамен тамақтандырды. Бала тынышсыз, мазасыз, болып кетті, аяғын ішіне қарай тарта береді. Тік ішектен қанды бөліністер пайда болды, нәжісі болмаған, ішін пальпациялаған кезде сопақ түзіліс анықталады, температурасы 37,9 С. Аталған диагноздардың қайыссысы болуы мүмкін?