ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.09.2021

Просмотров: 204

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазіргі нарықтық экономика жағдайында қазақстанның әлеуметтік құрылымы бұрын-соңды болмаған күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Егемендік, тәуелчіздік алған уақыттың ішінде республиканың әлеуметтік құрылымында жаңа таптар, топтар, жіктер пайда болды. Олар: бизнесмендер, кәсіпкерлер, фермерлер, банкирлер, ауан түрлі жеке фирмалардың, дүкендердің, қонақ үйлерінің, мейрамханалардың, т.б. жеке меншік иелері. Тіпті бұдан басқа да өзгерістер бар. Мысалы, бұрынғы Кеңес дәуіріндегі таптар мен әлеуметтік топтардың өздері де біршама өзгеріп кетті. Қоғадағы белгілі бір әлеуметтік-экономикалық топтар екінші бір топтарға ауысы, өтіп жатыр, демографиялық жағдай, ел-жұрттың миграция мәселелері мен үдерістері де ерекше болып отыр. Жалпы алғанда, негізінде табысқа және экономикалық жағдайға байланысты қоғамда топқа, жікке бөлінушілік күшейе түсуде. Осылардың нәтижесінде Қазақстанда ауқатты, дәлеті орташа, кедей адамдарпайда болды. Қоғам қоғам мүшелерінің бұлайша жіктелуіне меншік формасының өзгеруі, жалпы нарық қатынастарының орын алуы ықпал етті.

Осы жағдайларды ескере отырып, қазақстандағы әлеуметтік иерархияны ұшбұрыш ретіе бейнелеуге болады.

Көпшілікке мәлім, нарықтық экономика меншіктің алуан түрлігігін қажет етеді. Ал,осы жағдай Қазақстанның әлеуметтік құрылымына зор әсер етті, өйткені меншік нысананың алуан түрлілігі жалпы экономиканың одан әрі бөлшектелуін күшейтті, яғни қоғамдық меншікті жекешелендіру процесі басталды. Осыларға сәйкес меншіктің жаңа типтері қалыптасуда. Олар: жек, корпоративтік, акционерлік, ұжымдық, жартылай жеке, жартылай мемлекеттік, т.б. Орта, кішігірім мекемелерге, сауда үйлеріне, мейрамханаларға, дүкендерге, әр түрлі акционерлік қоғамдарға қожалық ететін иелер пайда болды.

Республикада меншік иелері табы әлі қалыптасу үстінде болғандықтан, оның көлемін санмен көрсету әзірге қиын.

Сонымен, Қазақстан ірі орта және шағын кәсіпкерлікпен айналысатын бизнесмендер тобы қалыптасып келеді.

Кәсіпкерлік – бұл заңды әлеуметтік-экрнрмикалық құбылыс. Кәсіпкерлік немесе бизнес қоғамның ілгерлеп дамуына елеулі ықпалын тигізеді. Сондықтан еліміздің экономикалық, саяси, әлеуметтік тұрақтануында ірі, ортажәне шағын бизнестің рөлі зор.

Академик К.А. Сағадиевтің пікірі бойынша, Қазақстан Республикасындағы бизнесмендерді 4 топқа жіктеуге болады.

1- топқа: номенклатуралық бизнес жатады, яғни бизнесмендердің бұл тобы өздерінің жоғары билікпен байланыстарын пайдаланып, мемлекеттік, несиелер алудың арқасында байлыққа, меншікке ие болған;

2- топқа табиғатынан бизнеске жақын адамдар жатады. Олардың бизнес өздерінің жинақтаған қорларының және сауда-саттықпен айналысуындағы тәжірибелердің негізінде қалыптасқан;

3-топқа кәсіби бизнестің өкілдері жатады. Бұлар өз күштерімен бастапқы кезден бастап қажымай-талмай еңбектену нәтижесінде қалыптасқан бизнесті негізгі кәсіпке айналдырған адамдар;


4-топқа жаппай бизнес жатады. Бұл топтағы адамдар қолда бар кез келген мүмкіндікті бизнес жасауға пайдаланады. Бұл топтағы адмдардың капиталының болмауы бизнесте көптеген қиындықтарды тудырып отыр. Соған байланысты олардың табыстарының өлемі де айтарлықтай емес.

Республика меншік иелері табынан басқа да таптар мен әлеуметтік топтар бар.

Жалпы алғанда, қазіргі Қазақстан қоғамында бір таптың, топтың, жіктің екінші бір тапқа, топқа, жікке ауысуы жиі болып отыр. Әрине, мұндай ауысу процесі Кеңес Одағы кезінде де болған. Біздің Қазақстан елінде бұл құбылыстың тік және көлденең сызықтары арқылы даму түрлері біршама айтарлықтай болып отыр. Бұларға қосымша әрбір таптың, топтың іштей бір-біріне өту, ауысу жиі кездеседі. Мысалы, республикада бұдан 4-5 жыл бұрын орташа табысы бар немесе кедей адамдар қазіргі уақытта бай коммерсанттарға, бизнесмендерге, кәсіпкерлерге, банкирлерге айналды, көбі өз алдына мекме, мейменхана, дүкендердің, т.б. қожайындары болды. Бірақ, бұлардың кейбіреулері қайтадан кедйшілікке ұшырап, қарыздар болып, төмен түсті. Өмірде мұндай жоғары көтерілу немесе төмен түсіп кету жиі болып тұрады. Мұндай құбылыстардың болып тұруы республика экономикасының тұрақсыздығынан болады.

Әлеуметтік мобильдік басқа да көрсеткіштерде кездеседі. Мысалы, жұмысшы немесе кеңсе қызметкері өздерінің мамандығының өсуіне және жаңа мамандық алуына байланысты екінші бір жоғары топқа өтуге тырысады. Қазақстанда бір әлеуметтік жағдайдан вертикальды жоғары бағытта екінші әлеуметтік жағдайға ауысу қарқыны төмен. Өйткені біздің өндіріс орындарымыз дағдарыста, олардың көпшілігі көптеген жағдайларға байланысты жұмыс істемей, тоқтап тұр. Осылардың нәтижесінде жұмысшылар мен қызметкерлер жұмыс орындарынан, мамандықтарынан, т.б. айырылып отыр.

Әлеуметтік мобильдік өкімет мекемелерінде де орын алады. Бұлар саясаттың өзгеруіне, парламенттің, үкіметтің, жергілікті басқару ұйымдарының жиі ауысуына, саяси реформалар мен басқарудың жаңа оңтайлы түрлерін іздестірумен, т.б. тікелей байланысты. Соның нәтижесінде біреулер бүгін министр немесе депутат болса, ертең жәй қызмет атқаруға мәжбүр болады немесе жұмыссыздар қатарына қосылады. Бұл процесс дамыған Еуропа елдерінде 2-5%-дан артпайды. Ал, ТМД елдерінде, оның ішінде Қазақстанда бұлар 15-25 %-ға дейін көтерілген.

Қалалардағы тұрмыстық қызмет көрсету саласында жұмыс, қызмет істеушілердің саны көбеюде. Кейбір дамыған елдерде бұл салада 50%-дан астам жұмысқа қабілеті бар адамдар істейді. Бұл құбылыстың да алуан түрлі себептері бар. Олардың бастылары: көптеген өндіріс орындары ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін, әсіресе, автоматтандыру, кибернетиканы кеңінен қолданып, уөптеген жұмыс қолын өндірістен босатты, олар жұмыссыз қалды. Сондықтан олар тұрмыстық, қызмет көрсету саласында еңбек етіп жүр. Меніңше, ХХІ ғасырда дүние жүзіндегі халықтың басым көпшілігі осы салада жұмыс істеуге мәжбүр болатын түрі бар.


Қазақстанда да халықты осы салада жұмыс істеуге ықпал ететін кейбір жағдайлар төбе көрсете бастады. Әрине, біздің елде де тұрмыстық қызмет көрсететін мекемелердің (қонақ үйі, ресторан, дүкен, сән, сауда үйлері, денсаулық сақтау кешендері, казино, туризм, санаторий, т.б.) көлемі ұдайы өсуде.

Дүние жүзінің дамыған елдерінде белгілі бір пайыздағы адамдардың жұмыссыздығы әдетте, жай құбылыс ретінде қаралады. Мысалы, көптеген елдерде жұмыссыздықтың көлемі 2-5% болады. Дамыған елдерде мұндай көрсеткіштер әдеттегі заңды құбылыс ретінде саналады. Бұрынғы Кеңес Одағы уақытында елде ешқандай жұмыссыздық жоқ деп жарияланды, мұны ашып айтуға тиым салынды. Бұрынғы одақтас республикалар өз алдында егемендік, тәуелсіздік алғаны мәлім. Олар өз бетінше өндірісті ұйымдаастырып дамытты. Көптеген өндіріс орындары экономикалық тұрғыда тиімсізболып жабылып қалды. өндірісте істейтін адамдардың көпшілігі жұмыссыз қалып, басқа салалардан жұмыс тауып алуға мәжбүр болды. Жұмыссыз адамдардың кейбіреулері жұмыс тауып алды, кейбіреулері жұмыс тауып алды, кейбіреулері кәсіпкер, бизнесмен, жалға беруші, жеке меншіктегі кәсіпорындарда, шаруашлықтарда жұмыс істей бастады, ал, жұмыссыздардың басқа бір көпшілік бөлігі, әсіресе, жастар, әйелдер, мамандандырылмаған немесе жартылай мамандандырылған жұмысшылар, олармен қатар қызметкерлер мен интеллигенция өкілдері жұмыс таба алмай қалды. Жалпы республиканың әр түрлі шаруашылық салаларында жұмыссыздық күн сайын өсу үстінде болды.

1997-1998-жылдары жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің кейбір деректеріне сүйенсек, республика бойынша жұмыссыздықтың ең үлкен пайызы оңтүстік аймақта болып отыр, бірақ, мұнда екінші бір фактор ескерілмеген. Бұл аймақтың ауыл шаруашылығанда көп адамдар өздерінің жеке меншік шаруашылығында жұмыс істейді, ал, мұны статистика мекемелері жұмыссыздық ретінде көрсетеді. Керісінше, қала мен ауыл-селодағылардың көпшілігі жұмыс орнын жоғалтса да жұмыссыздардың қатарына енгізілмеген. Кейбір адамдар уақытша жұмыс істемейді. Бұл да есепке алынбаған. Қоғамның әлеуметтік құрылымында әлеуметтік қорғауды ерекше тілейтіндер – зейнеткерлер,бұларға қоғам және үкімет тарапынан үлкен қамқорлық, көмек көрсету қажет.

Қоғам мүшелерінің арасында әлеуметтік теңсіздіктің табиғатын, себептерін, оның заңды құбылыс ретіндегі мәнін түсінуде әлеуметтік стратификация теориясының маңызы зор. «Стратта» деген геология термині жердің құрылымындағы қабаттарды анықтауға байланысты қолданылады. Ал, қоғамға байланысты біздің ана тілімізде қабаттан гөрі «жік» деген ұғымды пайдаланғанымыз жөн. Біз тарихтан қоғамның әр даму сатысына тән түрлі стратталардың болғанын білеміз. Қоғам адамдарын стратталарға жіктеудің тарихи үш типі белгілі. Олар:

  • касталар;

  • сословиелер;

  • таптар.


Осы аталған жіктеудің үш типіне байланысты стратификациялық жүйе

  1. Ашық - Қоғам мүшелерінің статустары мен әлеуметтік жағдайларын өзгертулеріне мүмкіндік бар әлеуметтік құрылым ашық стратификациялық жүйе деп алады да, ал, мұндай мүмкіндік балмайтын қоғам жабық стратификациялық жүйе деп аталады

  2. жабық жүйе- Үндістан қоғамында орын алған касталық жүйені жатқызуға болады. «Каста» - латын тілінде castus (таза) деген мағынаны береді. Бұл жүйе 1900-шы жылға дейін сақталып келген. Үнді қоғамында қалытасқан дәстур бойынша қоғам мүшелері касталарға жіктелген және соған байланысты әлеуметтік статус ата-аналарынан балаларына беріліп, ол өмірлік статусқа айналып отырған. Бұл қоғамда касталардың 4 тобы болған:

  • брахмандар (діни иелері, абыздар), олар халықтың 3%-ын құрайтын;

  • кшатрийлер (әскери адамдар);

  • вайшьтер (саудагерлер), бұл екі топ халықтың 7%-ын құрайтын;

  • шудралар (шаруалар мен қолөнершілер) – 70%-ға жуық;

  • хариджандар – қоғамдағы ең төменгі, ауыр жұмыстарды (ауланы сыпыру, қоқыстарды жинау, тері илеу, шошқа бағу) атқаратын адамдар.

Қоғамдағы қалыптасқан діни наным мен дәстүр бойынша, жоғары каста мен төменгі каста адамдарының араласуларына, қарым-қатынастар жасауларына қатаң тыйым салынған. Драхмалық діни наным бойынша, әр адам құдайдың берген тағдырына көніп, өмір бойы сонымен келісімде болуы керек. Қазіргі кезде де Үндістанның кейбір аймақтары мен селолық жерлердегі адамдардың мінез-құлықтары және өмір салттарында касталық жүйенің қалдықтары сақталған. Сословиелік жүйелер – феодалдық қоғамда орын алған стратификациялық жіктеу типі. Бұл қоғамдағы адамдар жоғары және төменгі сословиелерге бөлінген. Сословиелік статустар атадан балаға мұра ретінде беріліп отырған. Жоғары сословиеге дворяндар, дін иелері, ал, төменгі сословиеге – қолөнершілер, шаруалар, көпестер жатқан. Бұл аталған жүйеде бір сословиеден екіншісіне өту шектелгенімен, олардың арасында кейбір жағдайда некенің орын алуы және төменгі сословие адамдарының сіңірген еңбектеріне байланысты билік тарапынан оларға жоғары сословиелік статусты сый ретінде беру сияқты жағдайлар орын алған. «Тап» деген ұғым ғылыми айналымға жаңа заманда енді. Әсіресе, XVIII-XIX ғасырларда Батыс Еуропа ойшылдарының еңбектерінде бұл ұғымның мәні негізделіп, қоғамда таптардың бар екендігін мойындау болды. Бастапқы кезде таптар деген ұғымның саяси мазмұны баса айтылды. Тек кейін К. Маркс және М. Вебер еңбектерінде қоғамдағы таптық жіктелудің экономикалық себептері мен астарларына терең назар аударыла басталды.

К. Маркс ілімі

К. Маркс өз заманында таптар туралы ілімді одан әрі дамытып, өзінің тап күресі туралы теориясын негіздеді. Соның нәтижесінде ол әлеуметтік стратияикация теориясына өз үлесін қосты. Ол таптардың пайда болуының экономикалық себептерін ашып көрсетті.бұл себептерге К. Маркс қоғамдық еңбек бөлінісі мен жеке меншіктің шығуын жатқызады. Сонымен қатар К. Маркс қоғамда негізгі және негізгі емес таптардың болатынын атап көрсеткен. Негізгі таптар қоғамдағы өмір сүріп тұрған негізгі меншік қатынастарының түрінен туындайды. Сонда: құл иеленушілік қоғамдық-экономикалық формацияның негізі таптары - құл иеленушілер мен құлдар; феодалдық қоғамда – феодалдар мен шаруалар; капиталистік қоғамда – буржуазия мен жұмысшы табы негізгі таптар болып есептеледі. Негізгі емес таптар өткен дуәірден қалған немесе жаңадан қалыптасып келе жатқан қоғамдық-экономикалық формацияның таптары. Мәселен, капиталистік қоғамда феодал мен шаруа таптарының сақталуы мүмкін. К. Маркс қоғамда негізгі және негізгі емес таптардан басқа әлеуметтік жіктердің болатынын ескертеді. Әлеуметтік жіктер – таптың белгілерін бойына толық сіңіре қоймаған аралық таптар. Мысалы, жұмысшы ақсүйектерін алсақ, олардың жұмысшылардан артықшылықтары бар, ал, буржуазиядан айырмашылығы – меншік иесі емес. Олай болса бұл тапты өз алдына бір тапқа жатқызу қиынға түседі. К. Маркс интеллигенцияны әлеуметтік топқа жатқызады. өйткені бұл топтың да белгілі бір тапқа ұқсас белгілері өз және олар шығу тегі жағынан да әр түрлі таптардың өкілі болуы мүмкін. Сол себепті К. Маркстің ізін қуушылар интеллигенцияның өзін буржуазиялық, ұқсас буржуазиялық және пролетарлық деп жіктеуді ұсынған. К. Маркс қоғамды таптарға жіктеумен ғана шектелген жоқ. Ол капиталистік өндіріс тәсіліне жан-жақты талдау жасап, бұл қоғамдағы қанаудың мәнін түсіндірді және өзінің тап күресі туралы теориясын негіздеді. К. Маркстің таптар жөніндегі ілімін одан әрі дамытқан В.И. Ленин болды. Ол өзінің 1919-шы жылы жазған «Ұлы бастама» деген еңбегінде таптарға мынадай анықтама берген: «Таптар дегеніміз – қоғамдық өндіріс жүйесінде алатын орны мен өндіріс құрал-жабдықтарына қатынасына қарай және қоғамдық байлықтан алатын үлесінің көлемі мен сол үлесті алудың әдісіне байланысты жіктелетін адамдардың үлкен тобы; сонымен қатар таптар деп, бір топтың қоғамдық өндірістегі алатын орнындағы айырмашылыққа байланысты екінші бір топ адамдардың еңбегін қанауын айтамыз». Сонымен, маркстік ілім тапты құрайтын басты белгілерге: адамдар тобының өндіріс жүйесінде алатын орнын; олардың өндіріс құрал-жабдықтарына қатынастарын; еңбекті ұйымдастырудағы адамдар арасындағы қарым-қатынасты; қоғамдық байлықтан алатын үлестің көлемі мен оны алудың әдісін; қоғамдық өндірісте бір топтың басқа адамдардың еңбегін қанауын жатқызады. Бұл белгілердің таза экономикалық сипаты болғандықтан, таптар тек экономикалық категория ретінде көрінеді.


М.Вебердің ілімі

Әлеуметтік стратификация теориясына өз үлесін қосқан М. Вебер бұл мәселеге байланысты тұжырымдамаларында К. Маркстің теориясынан өзгеше және оған ұқсас жақтары да бар екендігін айта кету керек. М. Вебер К. Маркстың қоғамның тапқа жіктелуінің объективтік экономикалық негіздері бар деген ойымен келіседі. Ол пікірді ол басқа да экономикалық факторлармен толықтырады. Біріншіден, М. Вебер таптық айырмашылықтар тек меншіктің болу, болмауына байланысты емес, сол сияқты адамдардың жоғары білімінің болуына, мамандық түріне, кәсіби дәрежесі мен шеберліктеріне де байланысты дейді. Екіншіден, М. Вебер адамның статусын – саяси партияға, яғни билікке қатынасы деген стратаға жіктеудің өлшемдерін енгізеді. М. Вебердің пікірінше, статус әлеуметтік топтар мен индивидтердің ұоғамдағы алатын орны мен мәртебесіндегі айырмашылықты көрсетеді. Адамның белгілі бір тапқа жатуы объективтік факторларға байланысты да, ал, адамның статусы – білімі мен шеберлігінің дәрежесі, өмір салтя сияқты субъективтік факторлармен түсіндіріледі дейді. М. Вебер қоғамдағы тапқа бөлінуге әсер ететін факторларды ескере отырып, 4 түрлі таптарды атап көрсетеді. Олар;

  1. капитал иелерінің табы;

  2. интеллектуалдар мен менеджерлерден, басқарушылардан тұратын тап;

  3. дәстүрлі ұсақ буржуазия табы

  4. жұмысшы табы.

Сонымен, М. Вебердің ұсынған әлеуметтік стратификация теориясында қоғамды стратаға жіктеудің біршама кең өлшемдері берілген. Ғылыми әдебиетте қоғамның страталарға жіктелуінің басқа да өлше,мдері кездеседі. Ғалымдардың көпшілігі стратификациялық құрылымның негізі адамдар арасында болатын табиғи және әлеуметтік теңсіздік екеніндігін мойындайды. Осы теңсіздік деген өлшем қоғам адамдарының біреулерінің басқалардан жоғары, екінші біреулерінің төмен орналасуына ықпал етеді. Табиғи теңсіздік адамдардың табиғи жаратылыстарына байланысты (жыныс, жас мөлшері, темперамент, терісінің түсі, бойы, ақыл-ойының деңгейі) ерекшеліктерінен туындайды. Мәселен, ақыл – парасатымен, күш – қайратымен ерекшеленетін адамдар көпшілікке ықпал етіп, оларды өзіне бағынышты етуге ұмтылады. Ерлер мен әйелдер арасындағы теңсіздік ерте заманда пайда болып, күні бүгінге дейін сақталып келеді. Барлық дерлік ерлерде әйелдерінің табыстарының көлемі ерлерге қарағанда төмен. Әйелдер арасындағы жұмыссыздықтың да деңгейі жоғары. Әлеуметтік теңсіздіктің пайда болуына қоғамдық еңбек бөлінісі, яғни адамдардың кәсіби мамандануы ықпал етеді. Ең көлемді қоғамдық еңбек бөлінісі еңбектің аграрлық және өнеркәсіптік деп жіктелуіне байланысты болды. Мұның өзі қала мен село өмір салтының қалыптасуына, халықтың территориялық-аймақтық жағынан жіктелуіне әкелді. Қала өмірінің селоға қарағанда бірқатар артықшылықтары бар. Атап айтсақ, еңбектің мазмұны мен түрлерінің сан алуандылығы, тұрмыстық және мәдени қызмет көрсету салаларының, саяси және басқару орталықтары мен бұқаралық ақпарат жүйесінің, ғылым мен білімнің кеңінен дамуы қалаларға тән сипатты белгілер. Қоғамдық еңбек бөлінісі ой еңбегі мен дене еңбегінің арасындағы айырмашылықтың пайда болуына, соның нәтижесінде қоғамда білімі мен кәсіби деңгейлері жоғары адамдар тобының қалыптасуына ықпал етті. Қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік иерархияға негізделген және ол адамдар ме топтардың вертикалды бағытта сатылы орналасуынан көрінеді. Яғни тік сызық бойында бір топтың екінші бір топтан жоғары немесе төмен орналасуы деген сөз. Вертикалды бағыттағы жіктелудің себептерін Р. Дарендорф «билік» және «бедел» деген ұғымдардың негізінде түсіндіреді. Ол тұтас қоғамды басқарушылар мен басқарылушыларға жіктейді. Басқарушылардың өзін а) басқарушы меншік иелері және ә) меншіктері жоқ бюрократ – менеджерлерге жіктейді. Автор сонымен қатар басқарушылар: жоғарғы топ – жұмысшы ақсүйектерінен, төменгі топ – мамандық дәрежесі төмен жұмысшылардан тұрады және басқарушылар мен жұмысшы ақсүйектерінің ассимиляциясының нәтижесінде «жаңа орта тап» қалыптасады деген қорытындыға келеді. ХХ ғасырдың екінші жартысында Батыс елдерінің ғалымдары әлеуметтік стратификация құбылысын одан әрі тереңірек зерттеуге кірісті. Ғалымдардың пікірінше, капиталистік қоғамдарда таптар арасындағы қайшылықтар бәсеңдеп, жұмсара түсті. Олар сонымен қатар қоғам мүшелерінің түрлі топтарға, таптарға, стратталарға жіктелу процесі тереңдей түскенін атап көрсетті. Батыс Еуропа мен АҚШ әлеуметтанушылары нақты әлеуметтік зерттеулер жүргізіп, қоғамдағы түрлі әлеуметтік топтардың, таптардың және стратталардың арасындағы қарым-қатынасты реттеуге байланысты ұсыныстарын негіздеді. Бұл кездегі әлеуметтік стратификация теориясының көрнекті өкілдерінің бірі – П.А. Соркин болды. Ол қоғамдағы адамдардың иерархиялық жоғары және төменгі топтарға жіктелуіне әсер ететін факторлар ретінде құқық пен артықшылықтардың, жауаркершілік пен міндеттердің, байлық пен жоқшылықтың, билік пен ықпалдың тең бөлінбеуінен болады деп түсіндіреді. Автор сонымен қатар бұл аталған өлшемдер өмірде бір-бірімен сабақтас екендігін ескертеді. Қолдарында үлкен байлығы бар жоғары экономикалық топтардың өкілдері сонымен қатар жоғары саяси және кәсіби топтарға да жатады дейді. Яғни, байлығы бар адамның билікке, жоғары кәсіби топтарға енуіне мүмкіндігі мол немесе керісінше билігі бар адамның жоғары кәсіби даындығы да бар, байлығы да бар деген сөз. П.А. Сорокин қоғамда экономикалық, саяси және кәсіби стратификацияның барлығын айтып, олардың әрқайсысына терең талдау жасайды. Ал, американдық әлеуметтанушы Т. Парсонс қоғамда әлеуметтік жіктелудің факторларын 3 топқа топтастырған.