ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.09.2021

Просмотров: 250

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бұл файлдың атын «Спгр_123» деп өзгертіңіз.

«Спгр_123» файлын «123» папкасынан өз папкаңызға орын ауыстырыңыз.

«Список группы» файлын өшіріңіз.файлдармен жұмыс істегенде екі панельді де қолданыңыз.

    1. Тест-бақылау.


1 Қосымша.

Сабаққа арналған ақпараттық-дидактикалық материал

Операциондық жүйе және программалау жүйесі. MS DOS. NC, Far Manadger қауашық программасы


ПРОГРАММАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАУ. ПРОГРАММАЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ КАТЕГОРИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТАҒАЙЫНДАЛУЫ.

Программалық жабжықтау (Software) – бұл есептеу жүйемен орындалатын программалар жиынтығы.

Программаларды үш категорияға бөлуге болады:

  1. қолданбалы программалар;

  2. жүйлі программалар:

  3. инструменталды программалық жүйелер.


ОЖкомпьютер (оның құраушылары) мен программалар арасындағы буфер-таратқыш.

Операциондық жүйе тағайындалуы

ОЖ міндеті:

  1. Программалардан сигнал-командаларды қабылдап, оларды екілік кодтың машиналық тіліне «аударады»

  2. Компьютерге қосылған барлық құрылғыларды оларға басқа программалардың қатынауын қамтамасыз етіп басқарады

  3. Пайдаланушының компьютермен жұмысын қолайлы етеді

ОЖ міндетті үш бөліктен тұрады:

  1. Ядро, командалық интерпретатор (программалық тілден машиналық кодтар тіліне аударады)

  2. Драйверлер деп аталатын компьютер құрамына кіретін әртүрлі құрылғыларды басқаратын арнайы программалар. Мұнда ОЖ-ның өзімен және оның құрамына кіретін программалармен қолданылатын «жүйелік библиотекалар» кіреді.

  3. Интерфейс – пайдаланушы қатынасатын қабық


Операциондық жүйелер функциялары

Операциондық жүйе (ОЖ) пайдаланушыға компьютермен тұтас жүйе ретінде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін жүйелік және қызметтік программалық құралдар жиынтығы болып табылады. Бір жағынан ОЖ компьютердің базалық программалық қамтылуына, оның жүйесіне кіретін BIOS-қа (енгізу/шығару базалық жүйесі) тірелсе, екінші жақтан ол қолданбалы және қызметтік программалардың (қосымшалардың) программалық қамтылуы үшін тірек болып табылады. Осы ОЖ басқаруымен жұмыс істеуге арналған программаларды операциондық жүйенің қосымшалары деп атау қабылданған.

ОЖ-да пайдаланушы мен компьютердің программалық-аппараттық құралдары арасындағы интерфейстің (пайдаланушы интерфейсі) қалай жүзеге асырылғанына қарай графикалық емес және графикалық операциондық жүйелерді айырады. Графикалық емес операциондық жүйелер командалық жол интерфейсін қолданады, мұнда басқарушы командалар мәтіндік түрде командалық жол өрісіне енгізіледі. Бұл жерде басқарудың негізгі құрылғысы пернетақта болып табылады. IBM PC-мен сыйысатын компьютерлер үшін бұндай ОЖ-ға MS-DOS тектес операциондық жүйелер жатады.

Графикалық операциондық жүйелер басқару органы ретінде пернетақтамен қоса тышқанды немесе осы тәрізді позиционирлеу құрылғыларын қолданады. Басқару элементі ретінде тышқан нұсқағышы алынады, нұсқағыгтың экранда жылжуы тышқанның жылжуымен синхрондалған. IBM PC-мен сыйысатын компьютерлер үшін бұндай ОЖ-ға Microsoft Windows тектес операциондық жүйелер жатады.

1 СЛАЙД.

Автоматты қосылу. Операциондық жүйенің функцияларының бірі өздігінен автоматты қосылуды қамтамасыз ету болып табылады. Алдымен компьютердің тұрақты есте сақтау құрылғысының микросхемасына жазылған енгізу/шығару базалық жүйесінің программалары жұмыс істей бастайды. Олар компьютердің жұмыс істеу қабілеттігін тексеріп, экранға тексерілген құрылғылардың қалпы туралы хабарламалар шығарады. Тестілеу сәтті аяқталған соң енгізу/шығару базалық жүйесінің программалары дискілік жинақтағыштардағы операциондық жүйені іздестіре бастайды: алдымен иілгіш магнит дискілер үшін дисководтарда, сосын қатты дискіде. Өз жұмысын аяқтай отырып енгізу/шығару базалық жүйесінің программалары жүктелуге және операциондық жүйесі табылған дискінің жүйелік облысының құрамындағыны орындауға команда береді. Операциондық жүйенің программаларын жедел жадыға жазу (жүктеу) басталады. Сәтті жүктелген соң экранда операциондық жүйенің шақыру хабарламасы (MS-DOS үшін) немесе операциондық жүйенің белгі-суреттері бар жұмыс столы түріндегі негізгі экраны (Windows үшін) пайда болады.


Файлдық жүйеге қызмет ету. Операциондық жүйенің келесі маңызды функциясы файлдық жүйені құру және оған қызмет ету болып табылады. Файлдық жүйе мәліметтерді дискілерде сақтауға және оларға қатынауды қамтамасыз етуге арналған.

Пайдаланушы үшін файлдық жүйе файлдық құрылым деп аталатын иерархиялық құрылым ретінде көрсетіледі.

Операциондық жүйе файлдық құрылымға қызмет етудің келесі операцияларын орындайды: файлдарды құру және оларға ат беру; каталогтарды (папкаларды) құру және оларға ат беру; файлдардың және каталогтардың (папкалардың) аттарын өзгерту; дискілер және каталогтар арасында файлдарды көшіру және орын ауыстыру; файлдарды және каталогтарды (папкаларды) өшіру; файлдық құрылым бойынша шолу; файл атрибуттарын басқару.

Қосымшалармен жұмыс істеу. ОЖ-ның тағы бір маңызды функциясы қосымшаларды орнату, орындау және өшіру операцияларын басқару болып табылады. Қосымшалардың орындалу тәсіліне қарай біресептік және көпесептік операциондық жүйелер болады. Біресептік операциондық жүйелерде (MS-DOS) есептеу жүйесінің барлық ресурстары бір орндалатын қосымшаға беріліп, басқа қосымшаның параллель орындалуы мүмкін емес. Көпесептік ОЖ-да есептеу жүйесінің ресурстары бірнеше есеп арасында таратылады. Бұл кезде бірнеше қосымшаның бір уақытта жұмыс істеу, қосымшалар арасында мәліметтер алмасу және бірнеше қосымшалардың есептеу жүйесінің аппараттық, программалық, тағы басқа ресурстарын қолдану мүмкіндігі туады. Қазіргі ОЖ (Windows) көпесептік болып табылады.

Қосымшаны орнату деп аталатын операцияны орындау қажеттілігі программалақ қамтылудың орнатушы пакеті (дистрибутивтік жиынтық) аяқталған программалық өнім емес, орнату процессі кезінде толық жұмыс істейтін қосымша құрылатын жартылай өнім болып табылғандықтан туындайды. Қазіргі ОЖ қосымшаны орнатуды басқаруды өзіне алады.

Ресурстарды бірігіп қолдануға байланысты көпесептік ОЖ-да қосымшаларды өшіру процесінің өзіндік ерекшеліктері бар. Сондықтан қосымшаларды өшіру процесі де операциондық жүйе басқаруымен өтеді.

Аппараттық құралдармен өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету. Аппараттық құралдармен өзара әрекеттесу драйверлер деп аталатын басқарудың арнайы программалық құралдарының көмегімен орындалады. Қазіргі ОЖ (Windows) құрылғылар драйверлерін орнатумен және оларға қосымшалардың басқарылуын берумен байланысты барлық функцияларды өзіне алады. ОЖ қосылатын құрылғылар арасында ресурстарды динамикалық таратуды қамтамасыз еткен кезде, қосылатын құрылғылдардың көбі өздігінен орнатылатын (plug-and-play) болып табылады

Компьютерге қызмет көрсету. Компьютерге қызмет көрсету функциясы әдетте ОЖ базалық құрамына арнайы қызмет қосымшаларын қосу арқылы қамтамасыз етіледі. Оларды қатарына жатады: дискілерді тексеру құралдары, дискіні "қысу" құралдары, виртуалды жадыны басқару құралдары, дискіні кэштеу құралдары және мәліметтердің қосымша көшірмесін алу құралдары.


Операциондық жүйелердің қосымша функциялары. Оларға компьютерлік желілерде жұмыс істеуді, санкционирленбеген қатынаудан мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету, т.б. жатады. Сонымен қатар қазіргі ОЖ құрамына қарапайым есептерді шешуге арналған қолданбалы программалық қамтылудың минималды жиынтығы кіреді: мәтіндік құжаттарды, суреттерді, дыбыс жазуларды редактрлеу, математикалық есептеулерді орындау, күнделік жүргізу және т.б.


Операциялық жүйенің классификациясы.

ОЖ бірмақсатты және көпмақсатты болып бөлінеді.

Бірмақсатты ОЖ (DOS – Disk Operating System) бір уақытта бір ғана тапсырма орындай алады.

Көпмақсатты ОЖ (Windows 98/ME) бірден бірнеше тапсырмаларды олардың арасында компьютердің қуатын бөле отырып орындайды.

Тапсырмалар саны процессордың қуатымен және жедел жадының сыйымдылығымен шектеледі.

ОЖ бірпайдаланушылық (бір клиентке қызмет көрсетуге арналған ) және көппайдаланушылық (бір уақытта пайдаланушылар тобымен жұмыс істеуге арналған) болады. Бірпайдаланушылық ОЖ-ға мысалы ретінде Windows 98/ME, ал көппайдаланушылық ОЖ-ға - Windows NT/2000 келтіруге болады.

ОЖ разрядтылығы (16-разрядты, 32-разрядты, 64-разрядты).

ОЖ мамандануы – ОЖ-ның біреуіне лайықты.

MS DOS операциондық жүйесі. MS DOS негізгі түсініктері - шақыру, файл, каталог, ағымдағы диск, ағымдағы каталог, файл адресі. Негізгі бұйрық файлдары.

MS DOS (Microsoft Disk Operating System – Microsoft фирмасының дискілік операциялық жүйесі). «Дискілік» сөзі – бұл жүйе дискіден жұмысқа жіберіледі дегенді білдіреді. 1981 Microsoft компаниясында ІВМ тапсырмасы бойынша жасалынған. Ол ІВМ РС компьютерлерін жасайтын.

MS DOS кемшіліктері: Біріншіден, MS DOS бір есептік (однозадачная) ОЖ қалпында қалды. Бірнеше DOS-программаны жіберуге мүмкіндігі жоқ. Екіншіден, MS-DOS-та көптеген құрылғыларды қолдауы шектеулі. Үшіншіден, MS-DOS-та пайдаланушының өз интерфейсін (меню, иконкалар) жасауға қажетті құралдардың болмауы.

MS DOS қолдану аймақтары: автомобильдің болуы өз аяғымызбен жүруді тоқтатпайтыны сияқты Windows бар болуы MS DOS және DOS программаларының қажеттігін алып тастамайды, бірақ өте қысқартады. Қазіргі кезде дейін әр түрлі қызметте DOS-программасы табысты жұмыс істеуде, басқадай операциялық жүйе (ОЖ) қолдану мүмкін емес немесе экономикалық жағынан тиімсіз.

Windows операциялық жүйесі бүліккен жағдайда (бұл жиі кездеседі) жұмыс істемей қалу себебін зерттеу үшін және оларды жөндеуде MS DOS және DOS қолдануға тура келеді.

Windows операциялық жүйесі MS DOS үсіне қосымша болып табылады. Олардың эффективтті пайдаланылуы үшін MS DOS-ты реттей білу керек.

MS DOS (версиялары)

MS DOS 7.0 версиясы Windows 95 құрамында болады. MS DOS-тың бұл версияны жеке операциялық жүйе емес, Windows 95-тың жүйесіне кіретін система-ішілік (подсистема), MS DOS-тың алдың версияларымен үйлесуін қамтамасыз етуге қызмет етеді деп қарастырған дұрыс.

DOS операциялық жүйесін алғашқы жүктеу (загрузка)


Бұл жұмыс автоматты түрде сынадай жағдайда орындалады:

  • Компьютердің электрмен қамтамасыз етуінқосқан кезде (тоққа қосқанда)

  • Reset батырмасын (компьютер корпусында) басу арқылы

DOS-пен жұмыс істеу кезінде DOS қалыптап артық жүктеу (перезагрузка) Ctrl+Alt+Del батырмаларын бірмезгілде басы арқылы орындалады.

Пайдаланушының DOS-пен диалогі (өзара әрекеті) пайдаланушының DOS шақыруына жауап ретінде енгізетін символдардың команда – жолы түрінде жүргізіледі. Пайдаланушының әр командасы DOS әр түрлі әрекетті орындауға тиіс екенін білдіреді. Мысалы файлды қағазға жазу немесе каталог мазмұнын (оглавление) экранға шығару, т.б. DOS командасы команда атауынан немесе программа шақыруынан тұрады немесе бос орынмен бөлінген параметрлерден құралуы мүмкін. Әр команданы енгізу Enter клавишасын басумен аяқталады.

Far Manager

FAR – бұл мәтіндік режимде жұмыс істейтін Windows 95/98/Me/NT/2000/XP үшін файлдарды басқару программасв, ол ұзын атаулары бар файлдарды өңдеуді қамтамасыз етеді және оның қосымша фнукциялары өте көп.

FAR архивтермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Сонда архивтегі файлдар папкалардағы файлдар сияқты өңделеді. FAR өздігінен сіздің командаларыңызды сәйкес сыртқы архиваторларды шақырту командаларына түрлендіреді. FAR сонымен қатар сервистік фнукциялардың айтарлықтай санын қамтамасыз етеді.

Файлдарды басқару және сервистік командалар

Көмек F1

Пайдаланушылық менюді шақырту F2

Қарап шығу F3

Редактрлеу F4

Көшіру F5 - файлдар мен папкаларды көшіреді.

Атын өзгерту немесе орнын өзгерту F6 - Файлдар мен папкалардың атын өзгерту немесе орнын ауыстыру.

Жаңа папка құру F7

Өшіру F8

Горизонталь көрсету F9

FAR жұмысын аяқтау F10

Қосылатын модульдердің командаларын көрсету F11

Сол жақ панельдегі ағымдағы дискіні өзгерту Alt-F1

Оң жақ панельдегі ағымдағы дискіні өзгерту Alt-F2

Ішкі/сыртқы қарап шығу программасы Alt-F3

Файлдарды басып шығу Alt-F5

Файлдарды іздеу Alt-F7

Жаңа файлды редактрлеу Shift-F4

Жүктеу, папканы өзгерту, архивке кіру Enter

Папканы түбірліге өзгерту Ctrl-\

Белгіленген файлдарға суреттеме қосу Ctrl-Z

Панельдер

Әдетте FAR түрлі ақпараты бар екі панельді көрсетеді (сол және оң терезелер). Егер сіз панельдегі ақпарат типін өзгерткіңіз келсе, Left Right Menu (Сол Оң) панельдерінің менюін немесе оларға сәйкес келетін пернелік KeyRef командаларын қолданыңыз.

Панельдердің бірнеше түрлері бар:

  1. FilePanel файлдар панелі

  2. TreePanel папкалар тармағы

  3. InfoPanel ақпарат панелі

  4. QViewPanel жылдам қарап шығу панелі

FilePanel

Файлдар панелі

Файлдар панелі ағымдық папканың ішіндегісін көрсетеді. Сіз файлдар мен папкаларды таңдай аласыз, түрлі файлдық немесе архивтік операциялар орындай аласыз.

Файлдар панелінде автоматты түрде қарап шығудың келесі режимдері қолданылады:

  • Қысқаша Файлдар аттары үш бағанға шығады.

  • Орташа Файлдар аттары екі бағанға шығады.

  • Толық Файлдың аты, өлшемі, датасы мен уақыты шығады.

  • Кең Файлдың аты мен өлшемі шығады.

  • Детальды Файлдың аттары, өлшемдері, қысылған өлшемі, ақырғы өзгерту , құру уақыты, атрибуттары шығады.