ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.09.2021

Просмотров: 254

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Файлдар панелінің қарап шығу режимдерін сіз өздігінен күйлей аласыз.

Егер сіз панельдің қарап шығу режимдерін өзгерткіңіз келсе, панельдер менюінен қажеттісін таңдаңыз Left Right Menu (Сол Оң). Қарап шығу режимін немесе ағымдық дискіні ауыстырған соң кез келген панельдің типі автоматты түрде файлдар панеліне өзгереді.

TreePanel

Папкалар тармағы

Папкалар тармағы ағымдық дискінің папкаларының құрылымын тармақ түрінде көрсетеді. Бұл ағымдық папканы тез ауыстыруға және папкаларға операциялар орындауға мүмкіндік береді. FAR папкалар құрылымы туралы ақпаратты Tree.Far файлында сақтайды, ол әрбір дискінің тамырлық папкасында орналасады.егер дискіге жазу мүмкін болмаса, онда бұл ақпарат Tree.Cache жасырын папкасында сақталады, ол FAR.EXE орналасқан папкада орналасады.

InfoPanel

Ақпарат панелі

Ақпарат панелінің келесі мәліметтері бар:

  1. Компьютер мен пайдаланушының желілік аттары;

  2. ағымдық дискінің аты мен типі, оның файлдық жүйесінің типі, желілік ат, жалпы және бос өлшемдер, том меткасы мен сериялық нөмірі;

  3. жадының жүктелу деңгейі (100% барлық жады қолданғандығын білдіреді), физикалық және виртуалды жадының жалпы және бос өлшемдері;

  4. папка суреттемесінің файлы

QViewPanel

Жедел қарап шығу панелі

Жедел қарап шығу панелі FilePanel файлдар панелінде немесе TreePanel папкалар тармағында таңдалған элемент туралы ақпарат алу үшін қолданылады. Егер таңдалған элемент файл болса, онда оның ішіндегісі көрсетіледі. Windows-қа белгілі файлдар типтері үшін тип аты көрсетіледі. Жедел қарап шығу панелінде папкалар үшін жалпы өлшем, жалпы қысылған өлшем, файлдар саны мен ішкі папкалар саны, ағымдық дискінің кластер өлшемі, файлдардың нақты өлшемі. Жалпы қысылған өлшем NTFS файлдық жүйесінің дискілеріне ғана қолданылады.

Menus

Меню

Менюді белсенді ету үшін F9 пернесін немесе экранның жоғарғы жолында тышқанды шерту керек.

F9 пернесімен белсенді еткенде автоматты түрде белсенді панельге сәйкес келетін меню таңдалады. Меню белсенді болған жағдайда Tab пернесі сол және оң панельдің менюі арасында ауысып отыруға мүмкіндік береді. Егер "Файлы", "Команды" немесе "Параметры" менюі таңдалса, Tab пернесі белсенді емес панельге ауыстырады. Shift-F10 комбинациясы ақырғы қолданылған меню пунктін таңдауға мүмкіндік береді.