ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.09.2021
Просмотров: 157
Скачиваний: 1
-
ТҚҰ диспансерлік бөлімдерінде және БМСК мекемелерінде жүргізіледі;
-
IV кесте бойынша ем қабылдар алдында бактерия бөлуі болмаған немесе бактерия бөлуі болған, бірақ тағайындалған ем жүргізілгеннен кейін қатарынан кем дегенде екі қақырық жағындысының микроскопия нәтижесі бойынша конверсия анықталған, емді үзбей қабылдауға ұстанымы бар науқастар ем кезеңіне байланыссыз емін амбулаториялық жағдайда жалғастыра алады;
-
бұл науқастарға капреомицин немесе аминогликозидтердің инъекциялары ТҚҰ диспансерлік бөлімдері немесе БМСК мекемелеріндегі егу бөлмелерінде жасалады;
-
IV санат бойынша арнайы ем қабылдап жатқан науқастарды 10 күнде 1 рет, қажет болған жағдайда одан да жиірек, ТҚҰ немесе ТБЕ жүргізіліп жатқан БМСК мекемесінің учаскелік дәрігерлері қарап–тексеруі тиіс;
-
ТҚҰ диспансерлік бөлімдері немесе БМСК мекемелерінде IV санат бойынша арнайы ем қабылдап жатқан науқастарға көрсеткіштер бойынша ТҚП жанама әсерлері мен жанасқан ауруларға симптоматикалық және патогенетикалық ем жүргізу мүмкіндіктері қарастырылуы керек;
-
науқас және/немесе оның отбасына ем курсы бойы әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетілуі тиіс;
-
ем үзілмей жүргізілуі мақсатында науқасқа (азық–түлікпен, ыстық тағаммен, жол ақысымен жне т.б. қамтамасыз ету) және тікелей бақылаулы ем жүргізетін медицина қызметкерлеріне (қаржылай қолдау, тұрғын үй бөлу және т.с.с.) материалды ынталандырудың әртүрлі тәсілдері қолданылуы тиіс.
-
Балалар мен жасөспірімдерді IV кесте бойынша емдеу КДК ТБ емдеудің жалпы қағидаларына сәйкес жүргізіледі және қосымша төмендегілерді қамтуы мүмкін:
-
туберкулездің өршуінің клиникалық және рентгенологиялық белгілері бар, бактерия бөлуі анықталмаған, дақылдық әдіс нәтижелері теріс, науқаспен қарым– қатынаста болу–болмауына қарамастан, балалар мен жасөспірімдерді.
-
ТҚП қабылдауды 2 ай және одан да астам уақытқа үзген науқастарды IV кесте бойынша емдеу төмендегілерді ескере отырып жүргізіледі:
1) бірінші және екінші қатардағы ТҚП-ге ДСТ нәтижелерін;
2) үзіліске дейінгі және одан кейінгі қақырық микроскопиясы мен егу әдісінің нәтижелері теріс болған жағдайда бұрын тағайындалған ем курсы жіберілген дозаларды ескере отырып жалғастырылады;
3) үзіліске дейінгі және одан кейінгі қақырық микроскопиясы мен егу әдісінің нәтижелері оң болған жағдайда жеке-дара ем кестесі тағайындалады.
-
Науқаста 5 ай бойы жүргізілген бақылаулы емге қарамастан
бактерия бөлу сақталса, ДСТ қайталау қажет. ДСТ нәтижесі дайын болғанша, ем бұрын тағайындалған кесте бойынша жалғастырылады.
-
IV кесте бойынша 10 ай бойы және КАДК ТБ бойынша 15 ай бойы жүргізілген бақылаулы емге қарамастан қақырық жағындысының микроскопиясы және/немесе егу әдісі нәтижелері бойынша бактерия бөлу сақталған жағдайда науқастарды IV санат бойынша емдеу тоқтатылады.
-
Бактерия бөлетін науқасты туберкулезге қарсы емдеуді тоқтатқаннан кейін ол симптоматикалық емдеу бөлімшесіне ауыстырылады.
-
Симптоматикалық емдеу бөлімшесіндегі науқас бактерия шығаруы тоқтағанға дейін (қақырық пен егу микроскопиясының теріс нәтижелері) бақыланады.
-
Емді тоқтату себебі туралы науқас және оның туысқандарын хабардар ету керек. Аталған науқастар санитарлық және эпидемияға қарсы шараларды жүргізумен қатар, психологиялық көмек және симптоматикалық емге мұқтаж.
4. IV санаттағы науқастардың ем нәтижесін тіркеу
-
IV санаттағы науқастардың ем нәтижесін тіркеу:
1) сауықты/жазылды:
IV кесте бойынша емнің толық курсын аяқтаған және емнің соңғы 15 айы ішінде 3 ай сайын жүргізілген егу әдісінің нәтижелері кем дегенде бес рет теріс болған науқас;
IV кесте бойынша емнің толық курсын аяқтаған, емнің соңғы 15 айы ішінде егу әдісінің нәтижесі бір рет оң болған, бірақ аурудың клиникалық-рентгенологиялық нашарлау белгілері анықталмаған және 3 ай сайын жүргізілген егу әдісінің нәтижелері қатарынан 3рет теріс болған науқас;
КАДК ТБ бойынша ем курсын толық аяқтаған және емнің соңғы 21 айы ішінде 3 ай сайын жүргізілген егу әдісінің нәтижелері кем дегенде жеті рет теріс болған науқас;
КАДК ТБ бойынша ем курсын толық аяқтаған, емнің соңғы 21 айы ішінде егу әдісінің нәтижесі бір рет оң болған, бірақ аурудың клиникалық-рентгенологиялық нашарлау белгілері анықталмаған және 3 ай сайын жүргізілген егу әдісінің нәтижелері қатарынан 5 рет теріс болған науқас;
емнің 0 айында қақырық микроскопиясы теріс нәтижелі болған, бірақ микроскопияның алдыңғы нәтижелері бойынша бактерия бөлуші науқаста ем барысында «сауықты» деген ем нәтижесін анықтауға жеткілікті егу әдісінің теріс нәтижелері болған жағдайда;
2) ем аяқталды - IV кесте және КАДК ТБ бойынша емнің толық курсын аяқтаған, бірақ «сауықты» немесе «сәтсіз ем» анықтамаларына сәйкес келмейтін науқас;
3) сәтсіз ем:
IV кесте бойынша ем қабылдап жатқан не аяқтаған науқаста емнің соңғы 15 айы ішінде 5 қақырық егу әдісі нәтижесінің кем дегенде екеуі немесе соңғы үшеуінің кез-келген біреуі оң болған жағдайда;
IV кесте бойынша 10 ай бойы ем қабылдаған науқаста микроскопия не егу әдісі бойынша бактерия бөлу сақталса;
IV кесте бойынша ем қабылдап жатқан науқаста соңғы 12 ай ішінде микроскопия әдісімен қақырық конверсиясы анықталмаса;
IV кесте бойынша ем қабылдап жатқан науқаста ТҚП барлығын қабылдай алмау салдарынан емді аяқтау мүмкін болмаған жағдайда;
КАДК ТБ бойынша ем қабылдап жатқан не аяқтаған науқаста емнің соңғы 21 айы барысында 7 рет қақырықты егу әдісінің нәтижелерінің кем дегенде екеуі немесе соңғы бесеуінің кез-келген біреуі оң болған жағдайда;
КАДК ТБ бойынша ем қабылдап жатқан не аяқтаған науқаста емнің соңғы 21 айы барысында 7 рет қақырықты егә әдісінің нәтижелерінің кем дегенде екеуі оң болған жағдайда;
КАДК ТБ бойынша 15 ай бойы ем қабылдап жатқан науқаста микроскопия не егу әдісі бойынша бактерия бөлу сақталса;
КАДК ТБ бойынша ем қабылдап жатқан науқаста ТҚП барлығын қабылдай алмау салдарынан емді аяқтау мүмкін болмаған жағдайда;
4) қайтыс болды - IV кесте және КАДК ТБ бойынша ем барысында кез-келген себептен қайтыс болған науқас;
5) ем тәртібін бұзды - IV кесте және КАДК ТБ бойынша емін қатарынан екі не одан да көп айға үзген науқас;
6) ауыстырылды – осы емдеу мекемесінен басқа мекемеге кетіп, IV кесте және КАДК ТБ бойынша ем нәтижесі белгісіз науқас.
5. Диспансерлік бақылау тәртібі
-
IV санатта IV кесте бойынша және КАДК ТБ ем қабылдап жатқан науқастар IВ диспансерлік есеп тобында бақыланады.
-
Арнайы ем жүргізілмейтін IV санат науқастары IГ диспансерлік есеп тобында бақыланады.
-
IV кесте және КАДК ТБ бойынша емнің толық курсын аяқтап, «сауықты» немесе «ем аяқталды» деген ем нәтижесі анықталған науқастар II диспансерлік есеп тобына ауыстырылып, екі жыл бойы бақылауда болады.
-
IV санат науқастары әлеуметтік қорғау мен көмекке мұқтаж.
-
IV санат науқастары емнің толық курсы (емнің қарқынды және жалғастыру кезеңдері) барысында лайықты мүгедектік тобын анықталған мерзім ішінде алуға құқылы.
-
Патогенетикалық ем химиотерапиялық емнің негізгі курсы фонында туберкулез үрдісінің фазасына, жеке көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштерге сәйкес жүргізіледі.
-
IV кесте және КАДК ТБ бойынша ем қабылдап жатқан науқастар тәулігіне 5 рет тамақтандырылып, құнарлығы 6 мың ккал кем болмауы тиіс.
-
КДК ТБ және КАДК ТБ бар науқастарды хирургиялық емдеу IV санат бойынша емдеу фонында, арнайы үрдістің тұрақталуы кезінде, дәрігер-фтизиохирургтың кеңесінен кейін көрсеткіштерге сәйкес жүргізіледі. Дәрігер-фтизиохирургтың кеңесі КАДК ТБ бар арнайы ем алып жатқан барлық науқастарға ем алдында және ем барысында көрсетілген.
-
ТҚП жанама әсерлерінің алдын алу IV кесте және КАДК ТБ бойынша емнің толық курсы (емнің қарқынды және жалғастыру кезеңдері) барысында жүрізіледі:
-
циклосеринмен емдеудің барлық кезеңінде глютамин қышқылын күнделікті және «В» тобының дәрумендерін анда-санда тағайындау;
-
екінші қатардағы инъекциялық ТҚП қабылдау барысында калий препараттарын тағайындау;
-
асқазан-ішек жолының қызметін жақсартатын гепатопротекторлар мен ферменттерді көрсеткіштер бойынша тағайындау.
6. IV санаттағы науқастарға жұмыс істеуге және оқу оқуға рұқсат беру тәртібі
-
IV санаттағы науқастарға жұмыс істеуге және оқу оқуға рұқсат беру
туралы медициналық қорытындыны ОДКК береді.
-
IV санаттағы келесі науқастарға жұмыс істеуге және оқу оқуға рұқсат беріледі:
-
IV санат кестесі және КАДК ТБ бойынша ем курсын сәтті аяқтап, «сауықты» немесе «ем аяқталды» деген ем нәтижесі анықталғандарға;
-
IV санат кестесі бойынша емнің жалғастыру кезеңіндегі, шектелген үрдістері бар, жалпы жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланған және ТҚП жақсы көтеретін науқастарға әлеуметтік сауықтыру мақсатында ОДКК шешімімен оқу оқуға (балалар мен жасөспірімдерден басқалар) немесе жеңіл–желпі еңбек етуге рұқсат беріледі.
|
Туберкулезге қарсы ұйымдарда көптеген және кең ауқымды дәріге көнбейтін туберкулезбен ауыратын науқастарды режиммен тексеру жөніндегі нұсқауға 1-қосымша
|
Орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссияның
жұмыс істеу тәртібі
1. Орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссия (бұдан әрі - ОДКК) отырыстары ТҚҰ бас дәрігері бекіткен кестеге сәйкес, апта сайын кем дегенде бір рет жүргізіледі және де комиссия мүшелерінің кем дегенде үшеуі қатысуы керек. ОДКК отырысында талданатын науқастардың тізімі қарастыру мақсатын көрсете отырып, алдын–ала құрастырылуы тиіс. Отырыста қабылданған барлық шешімдер ОДКК мүшелерінің арнайы журналда қол қоюы арқылы расталады.
2. Әрбір жағдайды қарастыру барысында науқас туралы ақпарат ұсынылып, талданып, шешім қабылданады.
3. Науқасқа ем тағайындалған жағдайда дәрімен қамтамасыз етуге жауапты қызметкер емнің толық курсына және бір тоқсанға қажетті ТҚП санын есептеп, емді бақылау парағын толтырады.
ОДКК құрамы
1. Төрағасы/төрайымы: ТҚҰ бас дәрігері.
2. Төрағаның/төрайымның орынбасары: бас дәрігердің емдеу жұмысы бойынша орынбасары.
3. Мүшелері:
1) ұйымдастыру-әдістемелеу бөлімінің меңгерушісі;
2) IV санаттағы науқастарды емдеу бөлімінің меңгерушісі;
3) дәрігер-бактериолог;
4) провизор;
5) хатшы.
|
Туберкулезге қарсы ұйымдарда көптеген және кең ауқымды дәріге көнбейтін туберкулезбен ауыратын науқастарды режиммен тексеру жөніндегі нұсқауға 2-қосымша
|
КАДК ТБ емдеу үшін IV санаттағы науқастарды іріктеу топтары
КАДК ТБ бар науқастар топтары |
Емдеуге көрсеткіштер |
Сипаттамасы |
||
I топ |
Ем көрсетілген |
Денсаулық жағдайына алаңдайтын және емделуге ниеті бар, маскүнемдікке және нашақорлыққа салынбаған, асқынған жанама аурулары жоқ, ұзақ мерзімді бақылаулы емді ұстанатын, бұрын емделу барысында ТҚП жақсы көтерген, әлеуметтік жағдайы қанағаттанарлық науқастар |
||
II топ |
Ем уақытша қарсы көрсетілген |
1. Қазіргі кезде бақылаулы емнің толық курсын қабылдауға кедергі жасайтын уақытша биоәлеуметтік және ұйымдастыру қиындықтары бар науқастар (қазіргі сәтте емнен бас тартқандар, субкомпенсация сатысындағы бауыр, бүйрек, ОНЖ және басқа ағзалардың жанама арулары бар науқастар, ауруханаға жатқызуға уақытша мүмкіндік болмаған жағдайда, емнің толық курсына қажетті екінші және үшінші қатардағы дәрілердің толық жиынтығы болмаса, науқас маскүнемдікке немесе нашақорлыққа салынған болса). Жоғарыда аталған қиындықтар жойылғаннан кейін ем жүргізуге болады. 2.Бұрын тағайындалған ем кестелерін жүйелі түрде бұзғандығы құжатталған науқастар. |
||
III топ |
Ем мүлдем қарсы көрсетілген |
1. Туберкулез ауруының терминалді сатысы бар науқастар. 2. Өкпе, жүрек-тамыр жүйесі, бауыр, бүйрек және т.б. ағзалардың қызметінің декомпенсациясы анықталған ауыр жанама аурулары бар науқастар. |
||
|
Туберкулезге қарсы ұйымдарда көптеген және кең ауқымды дәріге көнбейтін туберкулезбен ауыратын науқастарды режиммен тексеру жөніндегі нұсқауға 3-қосымша
|
|
Туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілердің
ересектерге арналған тәуліктік мөлшері (мг)
Дәрі атауы |
Науқастың салмағы (кг) |
|||
<33 кг |
33-49 кг |
50-70 |
>70 |
|
Емнің қарқынды кезеңі - дәрілерді күнделікті қабылдау |
||||
Пиразинамид (Z) |
30-40 мг/кг |
1000-1500 |
1500-2000 |
2000 |
Этамбутол (E) |
25 мг/кг |
800 -1200 |
1200-1600 |
1600-2000 |
Канамицин (Km) (1 гр.) |
15-20 мг/кг |
500-750 |
1000 |
1000 |
Капреомицин (Cm) (1 гр.) |
15-20 мг/кг |
500-750 |
1000 |
1000 |
Амикацин (Am) (1 гр.) |
15-20 мг/кг |
500-750 |
1000 |
1000 |
Офлоксацин (Ofx) |
600 |
600 |
800 |
800-1000 |
Левофлоксацин (Lfx) |
500 |
500 |
750 |
750-1000 |
Моксифлоксацин (Mfx) |
400 |
400 |
400 |
400 |
Этионамид (Eto) |
15-20 мг/кг |
500 |
750 |
1000 |
Протионамид (Pto) |
15-20 мг/кг |
500 |
750 |
1000 |
Циклосерин (Cs) |
15-20 мг/кг |
500 |
750 |
1000 |
ПАСК (PAS) |
1500 мг/кг |
8000 |
8000-10000 |
10000-12000 |
Кларитромицин |
Дәріге көнбейтін туберкулез түрлерін емдеудегі тиімділігі мен мөлшері нақты анықталмаған |
|||
Амоксициллин-клавуланат |
||||
Емнің жалғастыру кезеңі – дәрілерді күнделікті қабылдау |
||||
Офлоксацин |
600 |
600 |
800 |
800-1000 |
Левофлоксацин |
500 |
500 |
750 |
750-1000 |
Этионамид |
15-20 мг/кг |
500 |
750 |
1000 |
Протионамид |
15-20 мг/кг |
500 |
750 |
1000 |
Циклосерин |
15-20 мг/кг |
500 |
750 |
1000 |
ПАСК |
1500 мг/кг |
8000 |
8000-10000 |
10000-12000 |
Этамбутол (E) |
25 мг/кг |
800 |
1200 |
1600 |
Кларитромицин |
Дәріге көнбейтін туберкулез түрлерін емдеудегі тиімділігі мен мөлшері нақты анықталмаған |
|||
Амоксициллин-клавуланат |