Файл: Положение-каз. пр.131.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.09.2021

Просмотров: 113

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

11





Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2011 жылғы « 14 » наурыздағы

131 бұйрығымен бекiтiлген



Туберкулезге қарсы ұйымдардың

қызметі туралы ереже



1. Жалпы ережелер


  1. Осы туберкулезге қарсы ұйымдардың қызметі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 32-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және туберкулезге қарсы ұйымдардың статусы мен өкілеттігін анықтайды.

  1. Туберкулезге қарсы ұйымдарға (бұдан әрі - ТҚҰ) мынадай денсаулық сақтау ұйымдары жатады:

1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң «Қазақстан Республикасы туберкулез проблемалары ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны (бұдан әрі – ҚР ТПҰО);

2) облыстық, қалалық және аудандық (ауданаралық) туберкулезге қарсы диспансерлер (ауруханалар);

3) мамандандырылған туберкулезге қарсы санаторийлер;

4) фтизиатриялық кабинеттер.

  1. Қазақстан Республикасының ТҚҰ қызметі туберкулез ауыратын науқастарға туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыруға және оның профилактикасына туберкулезден сырқаттанушылықты, таралушылықты, мүгедектікті және өлім-жітімді төмендетуге бағытталған.

  1. ТҚҰ өз қызметінде «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, салалық нормативтік құқықтық актілерді, ұйым Жарғысын, осы Ережені басшылыққа алады және өз қызметін медициналық қызметке арналған мемлекеттік лицензияның негізінде жүзеге асырады.

  1. ТҚҰ:

1) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызметің мемлекеттік органдарымен бірлесе отырып, туберкулездін профилактикасы бойынша ұйымдастыру-әдiстемелiк басшылықты: (БЦЖ вакцинациясы мен ревакцинациясы, халыққа профилактикалық тексеру жүргізу);

2) туберкулез инфекциясы ошақтарында санитариялық–індетке қарсы санитариялық (алдын алу) іс-шараларді, химиопрофилактика жүргізу, диспансерлік есепте тұрған туберкулездің белсенді түрімен ауыратын науқастарды бақылау және санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізу;

3) стандарттық зерттеулерге негізделген туберкулезді диагностикалау (бактериологиялық: микроскопия, егу әдісі және дәріге сезімталдық тесті (бұдан әрі – ДСТ), клиникалық-рентгенологиялық зерттеулер және 2 ТБ Манту туберкулиндік сынамаларды қою, сондай-ақ қосымша әдістер (аспаптық және радиологиялық);

4) медицина қызметкерінің тікелей бақылауымен стационарлық және амбулаториялық емдеу кезеңдерінде туберкулезбен ауыратын науқастарға химиотерапия жүргізу;

5) мамандандырылған туберкулезге қарсы санаторийлер жағдайында туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеу мен оңалтудың қолдаушы сатысын жүргізу;

6) мәжбүрлеп оқшаулау үшін емдеуден бас тартқан бактерия шығаратын туберкулезбен ауыратын науқастарға арналған материалдарды сот органдарына жіберу.




2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң «Қазақстан Республикасы туберкулез проблемаларының ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық қәсіпорны


  1. ҚР ТПҰО Қазақстан халқына ұйымдастыру-әдістемелік, білім беру, ғылыми, емдеу-диагностикалық, консультациялық қызмет және туберкулезге қарсы жоғары мамандандырылған көмек көрсетуді жүзеге асырады.

  1. ҚР ТПҰО орта және жоғарғы оқу орындарының фтизиатрия кафедраларының (дипломнан кейiнгi бiлiм) клиникалық базасы болып табылады.

  1. ҚР ТПҰО жанынан Республикалық орталықтандырылған дәрігерлік консультациялық комиссия (бұдан әрі – РОДКК) құрылады.

  1. ҚР ТПҰО міндеттері:

1) облыстық, қалалық, аудандық деңгейдегі ТҚҰ-ға, бастапқы медициналық санитариялық көмек (бұдан әрі - БМСК) ұйымдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң (бұдан әрі - ҚР ӘМ), Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң (бұдан әрі - ҚР ҚМ), Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң (бұдан әрі - ҚР IIМ) медициналық қызметтеріне және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгiнiң (бұдан әрі - ҚР БҒМ) оқу орындарына, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне (бұдан әрі - ҚР ЕжХӘҚ) консультациялық, практикалық және ұйымдастыру-әдiстемелiк көмек көрсету;

2) облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ТҚҰ жіберілген туберкулезбен ауыратын науқастарға туберкулезге қарсы көмек көрсету;

3) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, жаңа және жетілдірілген технологияларды сынау және практикаға енгізу;

4) Қазақстан Республикасында, оның ішінде туберкулезбен ауыратын науқастардың ұлттық тіркелімінің деректерін жүйелі жинау, мониторинг және талдау негізінде туберкулезді үнемі эпидемиологиялық қадағалау;

5) стандарттық зерттеулерге негізделген туберкулезді диагностикалау (бактериологиялық: микроскопия, егу әдісі және ДСТ, клиникалық-рентгенологиялық зерттеулер және 2 ТБ Манту туберкулиндік сынамаларды қою, сондай-ақ қосымша әдістер (аспаптық және радиологиялық);

6) медицина қызметкерінің тікелей бақылауымен стандарттық және жеке режімдерде науқастарға химиотерапия жүргізу;

7) бейінді мамандарды тарта отырып, қосалқы ауруларды диагностикалау мен емдеу;

8) туберкулезге қарсы препараттардың (бұдан әрі – ТҚП) жанама әсерлерін диагностикалау және төмендету мен уақтылы жою жөніндегі іс-шараларды өткізу;

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 карашадағы № 920 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 тіркелген) бастапқы медициналық құжат нысанына (бұдан әрі - бастапқы медициналық құжат нысаны) сәйкес есепке алу;

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 22 қарашадағы № 742 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6586 тіркелген) бастапқы медициналық құжат нысанына (бұдан әрі - бастапқы медициналық құжат нысаны) сәйкес есептілік;


11) Қазақстан Республикасында туберкулезді емдеу және алдын алу үшін ТҚП қажеттілікті анықтау, олардың ТҚҰ мен БМСК ұйымдарында олардың жұмсалуы мен дұрыс сақталуын бақылау;

12) ҚР ӘМ, ҚР ІІМ және өңірлік мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаменттері (бұдан әрі - МСЭҚД) мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің медицина қызметкерлерін тарта отырып өңірлерде туберкулезге қарсы іс-шаралардың іске асырылу мониторингі және бағалау;

13) азаматтық және пенитенциарлық секторлардың фтизиатрия қызметінің, сондай-ақ, БМСК ұйымдарының медицина қызметкерлері үшін туберкулезбен күрес және инфекциялық бақылау мәселелері бойынша тренингтер, семинарлар, конференциялар ұйымдастырып, өткізу;

14) үкіметтік емес ұйымдармен, соның iшiнде халықаралық және қоғамдық ұйымдармен жұмыс істеу;

15) өңірлік, республикалық және халықаралық форумдарға, съездерге, семинарлар мен конференцияларға, кеңестер мен тренингтерге қатысу;

16) санитариялық-ағарту жұмыстарын, соның ішінде «Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығы» РМҚМ бірлесе отырып жүргізу;

17) туберкулезге қарсы іс-шаралардың тиімділігін арттыру және ТҚҰ, БМСК ұйымдары мен Қазақстан Республикасы ведомстволарының медициналық қызметтерінің арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету.



3. Облыстық, қалалық туберкулезге қарсы диспансер (аурухана)


  1. Облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар мен астана) туберкулезге қарсы диспансер (бұдан әрі - ОТҚД/ҚТҚД) (аурухана) облыстағы туберкулезге қарсы қызметтің жұмысын үйлестіретін, медициналық ұйымдар мен халыққа туберкулезге қарсы ұйымдастыру-әдістемелік, практикалық және консультациялық көмек көрсететін мамандандырылған диагностикалық және емдеу-профилактикалық денсаулық сақтау ұйымы болып табылады.

  1. ОТҚД/ҚТҚД жанынан облыстық/қалалық орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссия (бұдан әрі – ООДКК/ҚОДКК) құрылады.

  1. ОТҚД/ҚТҚД мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) халыққа туберкулезге қарсы көмек көрсету мәселесі бойынша облыстық/қалалық ТҚҰ және БМСК ұйымдарына ұйымдастыру-әдiстемелiк басшылық;

2) облыстың ҚР ӘМ, ҚР ҚМ мен ҚР IIМ медициналық ұйымдар мен медициналық қызметтерге, сондай-ақ ҚР БҒМ оқу орындарына туберкулезге қарсы іс-шаралар өткізу бойынша консультациялық, практикалық және ұйымдастыру-әдiстемелiк көмек көрсету;

3) стандарттық зерттеулерге негізделген туберкулезді диагностикалау (бактериологиялық: микроскопия, егу әдісі ДСТ), клиникалық-рентгенологиялық зерттеулер және 2 ТБ Манту туберкулиндік сынамаларды қою, сондай-ақ қосымша әдістер (аспаптық және радиологиялық);

4) медицина қызметкерінің тікелей бақылауымен стандарттық және жеке режімдерде науқастарға химиотерапия жүргізу;


5) туберкулездің дәріге сезімтал және дәріге көнбейтін түрімен ауыратын науқастарды емдеу;

6) емдеуден бас тартқан және туберкулездің созылмалы түрімен ауыратын науқастарды оқшаулау;

7) бейінді мамандарды тарта отырып, қосалқы патологияларды диагностикалау мен емдеу;

8) туберкулезге қарсы препараттарға жанама әсерлерді диагностикалау және төмендету мен уақтылы жою жөніндегі іс-шараларды өткізу;

9) облыстың МСЭҚД бiрлесе отырып, мыналардың мониторингін жүргізу:

жаңа туған нәрестелерді БЦЖ вакцинациялау, 6 жастағы (1-сынып) балаларға БЦЖ қайта вакцинациялау;

жыл сайын туберкулезге мiндеттi флюорографиялық тексерілуі және «қауіп» тобындағы балаларға 2 ТБ туберкулиндi Манту сынамасы жасалуы тиіс «қауіп» тобы тұлғаларының тізбесіне сәйкес сараланған флюорографиялық тексеруді жоспарлау;

10) бастапқы медициналық құжаттардың нысандарына сәйкес есепке алу;

11) есептік нысандарға сәйкес есеп;

12) облыстағы белсенді туберкулезбен ауыратын науқастарды диспансерлік бақылау;

13) туберкулезді емдеу және алдын алу үшін ТҚП мөлшерін анықтау, оларды ТҚҰ мен БМСК ұйымдарында жұмсалуын және дұрыс сақталуын бақылау;

14) науқастарды емдеудің қолдау сатысында мамандандырылған туберкулезге қарсы санаторийлерге, сондай-ақ балаларды санаторий үлгісіндегі мектепке дейінгі және мектеп мекемелеріне жіберу;

15) облыстық деңгейдегі стандарттық индикаторлар негізінде туберкулезге қарсы іс-шаралардың орындалуын бақылау;

16) туберкулезбен ауыратын науқастардың еңбекке жарамдылығын сараптау бойынша іс-шараларды өткізу және медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясына (бұдан әрі – МӘСК) жіберу;

17) практикаға туберкулездің алдын алудың, анықтау және емдеудің қазiргi заманғы әдістерін енгізу;

18) өңірлік, республикалық және халықаралық форумдарға, съездерге, семинарлар мен конференцияларға, кеңестер мен тренингтерге қатысу;

19) проблемалық мәселелерді жергiлiктi атқарушы органдардың қарауына енгізу (туберкулез бойынша облыстық үйлестіру кеңестері);

20) санитариялық-ағарту жұмыстарын, соның ішінде Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығымен (СӨСҚО) бірлесе отырып жүргізу;

21) туберкулезге қарсы іс-шаралардың тиімділігін арттыру және ТҚҰ, БМСК ұйымдары мен облыстың ведомстволық медициналық қызметтерінің арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету үшін ведомствоаралық іс-қимылды;

22) әлеуметтік көмек көрсету үшін науқастарды іріктеу.

  1. ОТҚД/ҚТКД жанынан күндізгі емделу стационары құрылады (бұдан әрі – КЕС).

  2. КЕС:

1) тәуліктік бақылауды және химиотерапияның бақыланатын курсын жүргізу қажет емдеуді талап етпейтін, бактерия шығармайтын I, II, III санаттағы науқастарды емдеуге жатқызу;

2) басқа өкпе ауруларынан туберкулезді сараланған диагностикалау.

  1. КЕС науқастарға тексеру жүргізу үшін құрамында ол ұйымдастырылған ТҚҰ емдеу-диагностикалау қызметі пайдаланылады.

  2. КЕС қаржыландыру құрамында ол ұйымдастырылған ТҚҰ сметасында көзделеді.