ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.09.2021
Просмотров: 338
Скачиваний: 6
Ф КГМУ 4/3-04/02
ИП №6 от 14 июня 2007 г.
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті
Анатомия кафедрасы
ДӘРІС
Тақырыбы: Үшкіл, бет және тіл-жұтқыншақ нервтері: тармақтары, топографиясы, вегетативті түйіндермен байланысы.
Пәні: Анатомия - Аna 1203
Мамандығы: 5В130200 «Стоматология»
Курс: І
Уақыт (ұзақтығы): 1 сағат
Қарағанды 2012 ж.
Тақырыбы: Үшкіл, бет және тіл-жұтқыншақ нервтері: тармақтары, топографиясы, вегетативті түйіндермен байланысы.
Мақсаты: Бас ми нервтерінің Ү,ҮІІ,ІХ жұптарына сипаттама беру. Вегетативті түйіндер жайлы түсінік беру.
Дәріс жоспары:
1.Желбезектік (висцеральдық) доғалармен байланысты дамыған нервтер.
2. Бас ми нервтерінің Ү – жұбы, үшкіл нерв.
3. Бас ми нервтерінің ҮІІ – жұбы, бет нервісі
4. Бас ми нервтерінің ІХ – жұбы, тіл- жұтқыншақ нервісі.
5. Вегетативті түйіндер.
Үшкіл нерв, бірінші висцеральдық (мандибулярлық) доғамен байланысты дамиды және аралас нерв болып табылады, яғни, оның құрамында қозғағыш және сезгіш талшықтар өтеді. Ми нервтерінің ішіндегі құрамы және қызметі жағынанда өте күрделі.
Өйткені, біріншіден бұл нервтің орталық ядролары бір қозғалтқыш, үш сезімтал ядролардан тұрса, екіншіден, үшкіл нервтің сезімтал бұтақтарының нерв талшықтары вегетативтік нерв жүйелерімен тығыз байланысқан. Үшкіл нервтің орталық ядролары:
-
Қозғалтқыш ядросы, ол ми көпірінің жоғарғы қабатында, ромбы ойысының табанына жақын ми жамылғысының ішінде орналасқан. 2. Сезімтал ядролар өз алдына дербес үш ядродан тұрады.а) үшкіл нервтің орталық ми жолының ядросы
б) үшкіл нервтің жұлын жолының ядросы.в) үшкіл нервтің ми көпірі маңындағы сезімтал ядросы
Сезгіш талшықтар самай сүйегінің пирамидасының ұшында, қатты ми қабығының, орналасқан псевдоуниполярлық клеткаларының орталық өсінділері (аксондары) болып табылады. Олардың жиынтығы түзіп, миға қасында кіреді де, импульсті үш сезгіш ядролардың: V бұлар артқы мида орналасқан және ортаңғы мида орналасқан, мұнда бұлшық еттерден келетін пропорциорецептивтік талшықтар аяқталады, клекталарына жеткізеді. Үшкіл нервтің сезімтал түйіні немесе Гассер түйіні, ол самай сүйектің тас бөлімінің алдыңғы бетіндегі үшкіл нерв түйінінің батыңқысында орналасқан.Формасы жарты ай тәрізді, көлемі 0,8 – 1 мм шамасындай, шоғырланған жалған бір полярлы нерв клеткаларынан құралған дене.
Түйінді жасауға қатыспайтын үшкіл нервтің қозғағыш түбіршегі , түйіннің астынан бос өтіп, түгелдей үшінші тармаққа болып қосылады. Сонымен, үшікл нервтің І және ІІ тармақтары сезгіш те, ІІІ тармағы –аралас болып табылады.
V жұптың І тармағы, көздік нерв бас қаңқасынан жоғарғы көзұялық саңылау арқылы шығады да, өзінің тармақтарымен маңдайдың, жоғарғы қабақтың, көздің медиальды және латеральды бұрыштарының терісін, көз жасы безін және коньюнтиваны, көз алмасының қабықтарын және мұрын қуысының кілегей қабығының алдыңғы бөлігін нервтендіреді.
V жұптың ІІ тармағы, жоғарғы жақтық нерв бас қаңқасынан дөңгелек тесік арқылы қанат таңдайлық шұңқырға шығады да ұрттың, самайдың алдыңғы бөлігінің, төменгі қабақтың мұрынның бүйір бетінің және үстіңгі еріннің терісін, жоғарғы тістерді және қызыл иекті нервтендіреді. Тармақтарының құрамында көз жасы безіне секреторлық талшықтар өтеді.
V жұптың ІІІ тармағы, төменгі жақтық нерв баст қаңқасынан сопақша тесік арқылы шығады. Құрамында қозғағыш түбіршек түгел өтетін болғандықтан, ұрттың кілегей қабығымен, тілдің кілегей қабығының алдыңғы 2/3 жалпы сезгіштікті, ауырғанды, жанасуды, төменгі тістермен, иектің, сыртқы дыбыс жолының, құлақ жарғағының, самайдың терісімен және самай төменгі жақ буынымен қатар, І висцеральдық доғадан пайда болған бұлшықеттерді де, барлық шайнау бұлшықеттерін, қосқарыншалы бұлшықеттің алдыңғы қарыншасын нервтендіреді.
Үшкіл нервтің тармақтарының бойында вегетативтік нерв түйіндері орналасқан. Олар туралы сөз төменде болады.
VII бет нервісі, бет нервінің құрамында аралас аралық нервтің талшықтары өтеді, сондықтан аралас нерв ретінде қарастырылады.
Құрамында 3 түрлі қозғағыш, сезгіш және вегетативтік (секреторлық) талшықтар бар. Қозғағыш ядросы көпір қақпағының терең қабатында орналасқан.
Қозғағыш талшықтар көпірдің дорсальды бөлігінде орналасқан соматикалық қозғағыш ядроның клеткаларының аксондары болып табылады. Олар көпірден көпірдің артқы қырының бойымен мишықтың ортаңғы аяғы мен оливаның арасында шығады да, самай сүйегінің бет нервісінің өзегінде өтіп, ымдау бұлшықерттерін, қосқарыншалы бұлшықеттің артқы қарыншасын нервтендіреді.
Сезгіш талшықтар самай сүйегінің бет нервісі өзегінің иілісіне сәйкес келетін, бет нервісінің тізесі тұсында орналасқан, клеткаларының орталық өсінділері түрінде көпірге кіреді де, сезгіш ядроның, клеткаларына импульс әкеледі. Вегетативтік (секреторлық) талшықтар вегетативтік ядроның, клеткаларының аксондары болып табылады. Мидан қозғағыш талшықтармен қатар шығады да, нервтің түйін алды талшықтар әкеледі, түйіннен кейінгі талшықтар мұрын, ауыз қуыстарының кілегей қабықтарын, оның бездерін және көз жасы бездерін нервтендіреді.
ІХ тіл- жұтқыншақ нерв, үшінші висцеральдық (І желбезектік) доғаның нерві. даму процесінде нервтердің Х жұбынан бөлінген.Бұл нервтің ядролары ромб ойысының маңында сопақша мидың терең қабатында орналасқан.Нервтің ядрорлары сезімтал, қозғалтқыш және парасимпатикалық ядродан тұрады.1. қозғалтқыш екі жақтылық ядро, 2. сезімтал дараланған жол ядросы, 3. парасимпатикалық сілекей бөздерін қоздыратын төменгі ядро . Оның құрамында талшықтардың 3 түрі бар:
1сезгіш 2 қозғағыш 3 вегетативтік. Бұл талшықтар құрамында жалғасы клеткаларына жетеді түйін алды талшықтар. Олар көмекейдің ,жұмсақ таңдайдың, дабыл қуысының және тіл түбірінің кілегейлі қабығын, шықшыт безін нервтендіреді.
Вегетативті түйіндер
Жоғарыда айтылғандай, үшкіл нервтің барлық тармақтарының бойында вегетативтік (парасимпатикалық) түйіндер орналасқан. Кірпіктік түйін, ұзындығы 1,5мм сопақша түйір түрінде парасимпатикалық нерв клеткаларынан құралған дене., көз ұясының артқы бөлігінде, көру нервінің бүйір жағында жатады. а) кірпіктік түйінге сезімтал нерв талшықтар мұрын-кірпікті нервтен келіп косылады.Бұл түйінде сезімтал талшықтар үзілмей өтіп, түйін арқылы өтетін симпатикалық, парасимпатикалық нерв талшықтарымен қосылып, нұрлы қабықпен кірпікті денені нервтендіреді.б) парасимпатикалық нерв талшықтары ми аяқшасының жамылғысының ішінде орналасқанЯкубович ядросынан басталады. парасимпатикалық түйінге дейінгі нерв талшықтары кірпікті түйіннің ішінде үзіліп, түйіннің парасимпатикалықклеткалрының сыртқа тепкен талшықтары қысқа кірпіктік нервтің құрамына кіріп нұрлы қабықты, және кірпікті дененің сақина бағытта орналасқан бірыңғай салалы етін нервтендіреді.в) симпатикалық нерв талшықтары ішкі ұйқы артериясының симпатикалық өрімінен басталып кірпікті түйінмен жалғасып, нұрлы қабықтың радиарлы бағытта орналасқан бірыңғай салалы бұлшықетін нервтендіреді.
Қанат таңдай түйіні қанат таңдай шұңқырында көлемі 2-3мм тең парасимпатикалық нерв клеткаларынан құралған дене. Түйінде вегетативтік ядродан басталып, құрамында өтетін түйін алды парасимпатикалық талшықтар үзіледі. Қанат-таңдай түйіні арқылы өтетін сезімтал, симпатикалық, және парасимпатикалық нерв талшықтары мұрын, ауыз қуысының кілегей қабықшасын және олардың бездерінің қызметін реттейді. Бұл түйінде үлкен тастық нервтің парасимпатикалық түйінге дейінгі дейінгі нерв талшықтары үзіліп, түйіннен кейінгі нерв талшықтары түйіннен сыртқа тепкен нервтердің сабағын құрайды. Симпатикалық нерв талшықтары қанат-таңдай түйініне самай сүйектің ішкі ұйқы артериясының өзегіне кіреберіс жеріндегі ішкі ұйқы артериясының симпатикалық өрімінен келіп қосылады.
Құлақтың түйін, бас қаңқасының астында орналасқан, сопақша тесіктің медиальды жағында, онша үлкен емес дөңгелек дене болып табылады.Симпатикалық нерв талшықтары бұл түйінге ми қабығының ортаңғы артериясының маңында орналасқан симпаикалық өрімнен басталып, құлақ түйінде үзілмей шықшыт безін нервтендіреді. Түйін алды парасимпатикалық талшықтар оған тіл жұтқыншақ нервісінің (ІХ жұп) клеткаларынан келеді. Түйіннен кейінгі талшықтар түйіннен құлақ- самай нервісінің құрамында (V жұптың тармағы) құлақ түбі безіне барып, оған секреторлық нервтену береді.
Жақ асты түйін, жақ асты сілекей безінің үстінде орналасқан. Түйін алдылық парасимпатикалық талшықтар түйінге құрамында (VIIжұп) клеткаларынан келеді.Тіласты парасимпатикалық түйіндермен жалғасатын сезімтал нерв талшықтары, ол түйінде үзілмей, түйіннен кейінгі симпатикалық, парасимпатикалық талшықтарға қосылып, тіласты және жақ асты бездерін сезімтал нерв талшықтармен қамтамасыз етеді. Симпатикалық нерв талшықтарбұл түйінге тіл артериясының симпатикалық өрімінен келіп қосылады.Бұл түйіннің ішінде сезімтал және симпатикалық нерв талшықтары үзілмей өтіп түйіннен кейінгі парасимпатикалық сезімтал талшықтармен қосылып тіласты, жақасты бездерді нервтендіреді.
Көрнекі құралдар: планшеттер, плакаттар, таблицалар, муляждар, слайдтар.
Әдебиеттер:
А) Негізі әдебиеттер
1. Рақышев А.Р. Адам анатомиясы І,II том 2004
2. Рақышев А.Р. Адам анатомиясының атласы, І,II том. Алматы: «Кітап», 2006.
3. Адам анатомиясы : Атлас / А. Б. Аубакиров, М. К. Жаналиева. - Астана : Сарыарқа, 2008.
4.Жұмабаев У., Әубәкіров Ә.Б., Досаев Т.М. ж.т.б. Адам анатомиясы, атлас. І,II, III, IV том. Астана: «Фолиант», 2005.
5. Адам анатомиясы : Атлас / [и др.] ; ред.. - Астана : Фолиант
Т.3. : Жүрек тамыр жүйесі (жүрек,қан тамырлар, лимфа тамырлар). - Астана : Фолиант, 2010.
Б) Қосымша әдебиеттер
1. Адам анатомиясы : Атлас / [et al.] ; ред.. - Астана : Фолиант
Т.2. : Ішкі ағзалар жұйесі және эндокринді бездер. - 2008, 2010.
2. Нұрмұхамбетова Б.Н. Лимфа жүйесінің функционалдық анатомиясы. Оқу құралы. Алматы, 2007.
3. Адам анатомиясы : Атлас / ред [et al.] ; КАЗҰМҰ. - Астана : Фолиант.
Т.1. : Тірек-қимыл жүйесі(сүйектер, буындар, бұлшықеттер). - 2005
Бақылау сұрақтары.
1Қандай ми нервтерін білесіз?
-
Ми нервтері құрамы және атқаратын қызметіне қарай қандай нервтерге бөлінеді?
-
Желбезектік (висцеральдық) доғалармен байланысты дамыған нервтертерді атаңыз?
-
Үшкіл нерв қызметіне байланысты қандай нерв?
-
Бет нервісі қызметіне байланысты қандай нерв?
-
Тіл-жұтқыншақ нерв қызметіне байланысты қандай нерв?
-
Қандай вегетативті түйіндерді білесіздер?