Файл: Топ Мрмр Трбиеші Рыспаева А. С тетін кні 19. 05. 2023 Білім беру саласы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 15
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Топ: Мәрмәр
Тәрбиеші: Рыспаева А.С
Өтетін күні: 19.05.2023
Білім беру саласы: Таным,шығармашылық
Кіріктірілген білім беру салалары: Сенсорика,сурет салу
Тақырыбы: «Гүлге қонған көбелектер»
Мақсаты:
1. Көбелектерді түстеріне сәйкес іріктеуді үйрету;
2.Негізгі түстер жайлы білімдерін бекіту, қолдың ұсақ моторикасын, ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Міндеті: Балаларды табиғатты аялауды үйрету.
Білімділік: Күн туралы мәлімет беру,күннің түсін түсіндіру, таяқшамен сурет салуға үйрету.
Дамутышылық: Балалардың шығармашылық,есте сақтау, зейін қабілетің және ұсақ қол маторикасың дамыту.
Тәрбиелік: Ұжымда ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Көрнеки-құралдар: Мальберт,үлгі суреті,ақ қағаз, сары гуашь,ақ қағаз,сүлгі,тақтайша,салфетка. Гүлдердің суреттері
Билингвальды компонент: Гүл-цветок, көбелек-бабочка
Іс-әрекет кезеңі | Тәрбиешінің іс- әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық. | Шаттық шеңбер: Армысың алтын күн! Армысың Жер Ана! Армысыңдар достарым, Сендерді көрсем қуанам.
Тосын сый: Гүл ханшайымы Сәлеметсіндерме балалар! Сендер мені таныдындар ма? | Балалар шеңберге тұрады. Балалар көңілдене қимыл-қозғалыс жасайды. -Көктем -Күн жылы,гүлдер өседі, шөп шығады, жәндіктер көбелек,құмырсқалар болады. -ия өседі. Ия, гүл ханшайымы. Балалар амандасады,қолдарын шапалақтайды. |
Ұйымдастырушылық- ізденістік Гүл ханшайымы: Тәрбиеші | Балалар бақша ауласына серуендеп барғыларын келе ме ?. Ол жақта көп әдемі-әдемі көбелектер бар екен. Олай болса жүріндер. -Балалар қараңдаршы қандай әдемі көбелектер. Қанекей барлығымз бір-бір көбелектен ұстайық . Көбелектер қонатын жер таба алмай жүр екен. Көбелектер нені жақсы көреді? Дұрыс айтасындар балалар көбелектер гүлдермен дос! Әр баладан көбелектің түстерін сұралып шығады. Балалар ендеше сендермен бір ойын ойнасақ қалай қарайсындар? Ойын : көбелектерді гүлге қондыр Түстерді бекіту. Әр баладан : -Сенің көбелегіңнің түсі қандай? -Сенің гүліңнің түсі қандай? -Ол гүл неге ұқсайды? Сурет салу. (дәстүрден тыс) Балалар ендеше біздің гүл ханшайымының досы көбелекті бояумен әдемілеп әрлеп берейік. Қауіпсіздік ережесімен таныстыру, үлгіге жасап көрсету. Алдымен балалар мына көбелектің бір қанатына қызыл,сары,жасыл ,көк түстерді саламыз болған соң көбелектің екі қанатын бүктеп сосын ашамыз . Қараңдаршы балалар қандай көбелегіміз әдемі шықты Ия балалар? Сергіту сәті Ақ көбелек ұшады Көк көбелек ұшады Хош иісті гүлдерге Ақырын барып қонады. | Ия барғымыз келеді. -Гүлдерді жақсы көреді Ия ойнаймыз -Сары.............. -Сары................ -күнге ұқсайды -Ия |
Рефлексиялық- түзетушілік | | |