ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.09.2021
Просмотров: 334
Скачиваний: 1
Сіңірілген темірдің ішек эпителилерінен қанға өтуі ферритин белогы қатысуымен өтеді. Қанда ферритинмен тасымалданады. Темір ағзадағы бауырда, көкбауырда, қызыл жілік майында ферритин белогымен комплекс түрінде болады. Фагоциттелуші эритроциттерден бөлінген темір пайдалануға ыңғайлы және өт пен нәжіс құрамында аз мөлшерде шығарылады. Қан кетуде темірдің жоғалуы көп жоғарылайды.
Мыс. Темірдің жақсы сіңірілуі үшін тағам құрамында міндетті түрде болуы қажет.
Мыс цитохромоксидаза, супероксиддисмутаза ферменттерінің синтездері үшін қажет.
Мыс лизилоксидаза ферментінің активті орталығының құрамына кіреді. Бұл фермент коллаген мен эластиннің тізбектеріндегі көлденең тігістердің (байланыстарының) түзілуін катализдейді. Сондықтан мыс дәнекер ұлпасы мен эндоденешіктердің қалыпты дамуы үшін қажет. Мыс жетіспеушілігінде тамырлар сынғыш келеді, олардың жарылуы мүмкін.
Мыс қан плазмасының белогы церулоплазминмен тасымалданады.