ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 428
Скачиваний: 22
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ХИМИЯ БЖБ 11-сынып. 3-тоқсан№1Берілген есептерді шығару барысында физикалық және химиялық қасиеттері бойынша заттарды анықтаңыз:(1) Сутек бойынша салыстырмалы тығыздығы 21 тең, құрамы 85,7% көміртектен тұратын органикалық қосылыстың молекулалық формуласын табыңыз.(2) Пропан мен ацетиленнен тұратын қоспаны бром суы бар шыны түтік арқылы өткізгенде шыны түтіктің массасы 1,3г артты. Бастапқы қоспаның дәл осындай мөлшерін жаққан кезде 1,4л (қ.ж.) көміртегі (IV) оксиді бөлінді. Бастапқы қоспа құрамындағы пропанның массалық үлесін анықтаңыз.№2Массасы 100 г пиритті өртеген кезде газ бөлінді. Бөлінген газды бөгде заттар қоспасынан тазалап, ол газды қарай 128 г натрий гидроксиді ерітіндісін бейтараптау үшін пайдаланды. Бастапқы пириттің құрамындағы бөгде заттардың және таза заттың массалық үлесін есептеңіз.№3(а)Оқушы төменде суретте көрсетілген қондырғыны құрастырды.Газ тәрізді хлорсутек молекуласы мен газ тәрізді аммиак молекуласы түтіктің ішінде толығымен қозғала отырып бір-бірімен әрекеттесіп, ақ түсті қатты зат түзеді.
-
(i) Молекуланың кездейсоқ қозғалысын қалай атауға болады? -
(ii) Ақ түсті түзілген тұздың атауы -
(iii) Сәйкес реакция теңдеуін жазыңыз.