Файл: 26. 05. 2023 пробный 318 Емдеу Фельдшер 100 ден 92 балл 8 СРА ате сол сРАтарды табу керек.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 360

Скачиваний: 5

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




  1. Қабылдауға 34 жастағы еркек келді, түнгі клубта ди-джей, екі күн бойы дене температурасының 38°С дейін жоғарлауы, дизурия, зәр шығару кезінде қышу және ашу, уретрадан жағымсыз иісті ақшыл-сары бөліністің бөлінуіне шағымданады. Науқас ретсіз жыныстық қатынаста болады. Қарауда: жыныс мүшесі басының гиперемиясы мен ісінуі. Берілген клиникалық сурет қай ауруға тән?

  1. жедел гонорея

  2. урогенитальды хламидиоз

  3. урогенитальды трихомониаз

  4. урогенитальды кандидоз

  5. гарднереллез




  1. Науқас 24 жаста, мейіргер, ерітіндімен қатынастан кейін пайда болған қышитын бөтрпелерге шағымымен келді. Бұл препаратпен қатынасты тоқтатқаннан кейін бөртпе және қышу жойылды. Қайталанған қатынаста таралған гиперемия және ісіну, папуловезикулалы элементтер пайда болды. Болжамды диагноз қойыңыз:

  1. шынайы экзема

  2. микробты экзема

  3. аллергиялық дерматит

  4. фотодерматоз

  5. дәрілік токсидермия





  1. Балада жедел риниттің екінші сатысында мұрыннан бөлінетін сұйықтықтың сипаты қандай?

  1. шырышты бөлініс

  2. серозды бөлініс

  3. шырышты іріңді бөлініс

  4. жалқаяқты бөлініс

  5. бөлініс болмайды




  1. Мұрын аралық перде деформациясы кезінде отаға көрсетілім болып табылады:

  1. мұрын тыныс алуының бұзылысы

  2. атрофиялық ринит

  3. жіті ринит

  4. созылмалы тонзиллит

  5. созылмалы гайморит




  1. 43 жастағы ер адамда себепсіз түсіріңкі көңіл-күй, жабырқаулы сезімді сезінеді. Әлем сұр, түнеріңкі жабырқаулы қабылдайды. Моторикасы тежелген, ойлау қабілеті баяуланған, өзін-өзі кемсіту идеясы және суицидтік ойларды айтады. Бет әлпеті терең қайғыны және уайымды бейнелейді. Синдромды атаңыз:

  1. катоникалық

  2. депрессивті

  3. апато-абулиялық

  4. астеникалық

  5. маниакальды





  1. Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы (ХОБЛ) пайда болуы үшін қандай қауіп факторлары маңызды болып саналады?

  1. тиімсіз тамақтану

  2. Стресс

  3. темекі шегу

  4. температураның айырмашылығы

  5. жоғары холестерин




  1. Клиникаға 26 жастағы пациент жол апатынан кейін 30 минуттан соң жеткізілді. Ішінің барлық бөлігінің аурына, әлсіздікке шағымданды. Объективті: терісі бозарған, пульс минутына 110 рет, ырғақты, әлсіз. Артериальды қан қысымы 90/60 мм.с.б.б. Ішінің барлық аймағы аздап кернеген, сол жақ қабырға астында ауырсынады. «Шалпыл шуыла», «ваньки встаньки» симптомдары анықталады. Болжамалы диагнозды атаңыз:


  1. бауырдың жарылуы

  2. көк бауырдың жарылуы

  3. жыныс мүшесінің жарылуы

  4. іштің алдыңғы қабырғасының зақымдануы

  5. асқазан жарылуы




  1. Мүмкіндігі шектеулі балалардың реабилитациясының жеке бағдарламасы кіммен құрастырылады.

  1. Мектеп педагогикалық кеңесі медицина қызметкерімен бірге

  2. Психо-медициналық-педагогикалық кеңес (ПМПК)

  3. Медициналық консультативтік комиссия (СW

  4. Қамқоршылар Кеңесінің отырысында

  5. Бала бақшасының педагогикалық кеңесі медицина қызметкерімен бірге





  1. Әлеуметтік дезадаптация түсінігіне не кіреді?




  1. Командадағы жеке тұлғаның өзара әрекеттесуін бұзу

  2. Индивидтің әлеуметтік ортамен өзара әрекеттесуін бұзылуы

  3. Жеке тұлғаның отбасымен өзара әрекеттесуін бұзу

  4. жеке тұлғаның басшылықпен өзара әрекеттесуін бұзу

  5. бағынысты адамдармен өзара әрекеттесуді бұзу




  1. Қанды көрген пациент әйел ес түссіз құлап қалды. Осы жағдайдағы жедел көмекті атаңыз:

  1. бас жағын көтеріңкі қылып жатқызу

  2. пациентті жартылай отырғызу

  3. ортопноэ жағдайында жайғастыру

  4. тіл астына нитроглицерин беру

  5. мүсәтір спиртін иіскету




  1. Науқаста төмендегілердің қайсысы анықталса, Сіз бронх демікпесінің ұстамасы туралы ойлайсыз:

  1. Стридор, тұншығу, қан араласқан шырышты қақырық бөлінумен жүретін жөтел

  2. Ентікпе, кеуде қуысының күрт ауырсынуы, жөтел, қан қақыру

  3. Тұншығу, тынысы тарылумен жүретін ентікпе, бетінің гиперемиясы, қозу

  4. Ентікпе, бетінің гиперемиясы, Куссмауль тынысы, құсу

  5. Дем шығарудың қиындауымен тұншығу, қашықтан естілетін сырыл




  1. Сіз науқаста асқазаннан қан кетіп жатыр деп күдіктенесіз, егер:

  1. жөтелгенде алқызыл түсті көпіршікті қан бөлінсе

  2. науқас жөтелгенде «таттанған қақырық» бөлінсе

  3. науқаста «қарамай тәрізді нәжіс» және «кофе тұнбасы» тәрізді құсық болса

  4. науқастың нәжісі алқызыл қан қоспаларымен болса

  5. науқастың зәрі «ет жуындысы» тәрізді болса




  1. Кардиогенді шокпен асқынған жіті коронарлы синдром кезіндегі тиімді препарат болып табылады:


  1. нитроглицерин

  2. допамин

  3. гепарин

  4. клопидогрель

  5. метопролол




  1. Науқасқа көктамырға дәрі енгізу кезінде ентігу, АҚ төмендеуі, жүрек айнуы, бас айналу пайда болды. Осы жағдайдағы мейірбикенің тактикасын анықтаңыз:

  1. енгізуді жалғастыру, дәрігерді шақырмау

  2. енгізуді жалғастыру және дәрігерді шақыру

  3. енгізуді тоқтату және дәрігерді шақыру

  4. көктамырдан шығу және дәрігерді шақыру

  5. қан қысымын өлшеу, дәрігерді шақырмау





  1. Науқаста айқын атаксия, бұлшықет әлсіздігі, үзілмелі сөйлеу, тремор байқалады. Сіздің болжамды диагнозыңыз?

  1. Миастения

  2. Рейно ауруы

  3. Мишық ісігі

  4. Мандай бөлігінің ісігі

  5. Самай бөлігінің ісігі




  1. Науқаста "қоян көз" симптомы, маңдай және зақымдалған жағында мұрын-ерін қатпарларының тегістелуі, аузының дені сау жаққа қисаюы байқалады. Осы симптомдар қандай ауруды сипаттайды?

  1. бас миының ісігі

  2. энцефалит

  3. ми қанайналымының жедел бұзылысы

  4. бет нервінің невриті

  5. бассүйек-милық жарақат




  1. Психиатриялық клиникаға 25 жастағы әйел босанудан 1 аптадан кейін түсті бала дені сау болып туылып босану асқынусыз өткен әйел қозулы айқайлайды киімдерін шешіп жүгіруге тырысады. Іштей баланың жылаған дауысын есітеді. Сұраққа жауап бермейді ұзақ уақыт бір нүктеге қарап отырады болжам диагноз:

  1. шизофрения

  2. депрессия

  3. босанудан кейінгі психоз

  4. невростения

  5. деменция





  1. Клиникалық өлімнен шығару кезінде негізгі іс-шараға не жатады?

  1. өкпеге жасанды желдету жасау (ӨЖЖ)

  2. жүрекке жабық массаж жасау

  3. мүсәтір спиртін иіскету

  4. ӨЖЖ мен жүрекке жабық массажды бір мезетте жасау

  5. Оксигенотерапия




  1. Анамнезінде 1-типті қантты диабеті бар 22 жастағы науқасты қабылдау бөлімшесіне алып келді. Диабеттік кетоацидоздың дамуына тыныс алудың қандай түрі сәйкес келеді?

  1. жиі үзіліс жасалатын тыныс

  2. Терең, сирек шулы тыныс

  3. ретсіз қысқа дем шығарулармен беткейлі тыныс

  4. қысқа дем алатын және дем шығаратын тыныс

  5. қысқа дем алатын және ұзақ дем шығаратын тыныс





  1. Науқас 52 жаста, "Асқазанның қатерлі ісігі" диагнозымен онкологиялық бөлімшеде ауруханалық емделуп жатыр. Мейірбикелік тексеру кезінде жалпы әлсіздікке, тәбетінің болмауына, ет тағамдарына жиренуге, ауық-ауық болатын құсуға, эпигастрий аймағында тамақ ішкеннен соң күшейе түсетін көрнекті ауырсынуға, сасық иісті кекіруге, ішінің қампиғанына, дене салмағының азайғанына шағымданады. Сөйлесу кезінде науқас адинамиялық, айналасындағылармен қиын байланысқа түседі, томаға-тұйық және жабырқаңқы, себебі өлімнен қорқу сезімін сезінеді. Төменде берілгендердің қайсысы басым мәселе болып табылады:

  1. метеоризм

  2. тәбетінің болмауы

  3. Дене салмағының азаюы

  4. эпигастралды аймақтағы көрнекті ауырсыну

  5. кекіру





  1. Ауруы жазылмайтын науқастарда жиі болатын психологиялық мәселеге не жатады?

  1. мазасыз куй

  2. эмоциялық ступор дұрыс емес

  3. психиканың бұзылуы

  4. тұлғалық бұзылу

  5. мінез-құлқының бұзылуы




  1. Науқас 46 жаста, онкология бөлімшесіне эпигастрия аймағындағы тұрақты түрдегі сыздап ауырсынуға шағымданып түсті, ауруын басатын дәрілер жағдайын жақсартпайды, тәбеті нашарлаған, жүрегі айниды, құсады, дене температурасы субфебрильді, соңғы айда 6 кг-ға жүдеген. Тексеру кезінде жалпы жағдайы ауыр, температурасы 38,1°С, тері жабындары бозарған, жер түстес рецкте. Науқастың қатты жүдеуі көңіл аудартады. Эпигастрий аймағын пальпациялау кезінде күрт ауырсыну және құрсақтың алдыңғы қабырғасы бұлшықеттерінің ширығуы байқалады. Төменде берілгендердің қайсысы мейірбикелік іс-шараның басым мақсаты болып табылады:

  1. ауырсыну қарқынының әлсіреуі

  2. жағдайының нашарлау қатерін анықтау

  3. клиникалық диагноз қою

  4. науқас үшін жоғары калориялы диета құрастыру

  5. жақын туысқандарымен әңгімелесу




  1. К. есімді науқас, 55 жаста, дәрігерге қимыл-тірегі әлсірегеніне, қолы дірілдейтіне, жүріп-тұруы қиындағанына шағымданып дәрігерге қаралды. Объективтік тексеруде: қалыпты жағдайда қолдың треморы "тиін санау" типті, аяқтарының тонусы сәл күшейген "тісшелі дөнгелек" типті, денесін сәл алдыға жіберіп, жәй жәй жүреді. Терең рефлекстер өзгермеген, патологиялық рефлекстері жоқ, Осындай жағдай қандай ауруға тән?

  1. Паркинсон ауруы.

  2. Альцгеймер ауруы.

  3. Бас мандайы бөлігінің қатерлі ісігі

  4. Жайылмалы склероз.

  5. Менингококктық менингит





  1. Науқас 60 жаста, кардиологиялық бөлімшеге жүректің созылмалы жеткіліксіздігімен асқынған ЖИА жөнімен ауруханаға емделуге жатты. Аяқтарының ісінуіне, ішінің айтарлықтай үлкейгеніне, жүрек қағуына, әлсіздікке, тыныштық кезде болатын аздаған ентікпеге шағымданады. Ентікпесі көлденең жатқанда күшейе түседі, соның себебінен нашар ұйықтайды. Осы мәселе кезінде қандай біріншілікті іс-шара мейірбикелік күтіп-қарау жоспарына кіреді?

  1. науқастың отбасына кеңес беру

  2. реанимациялық іс-шара өткізу

  3. асқынулардың алдын-алуды қамтамасыз ету

  4. науқасқа ыңғайлы отыру қалпын жасау

  5. науқастың денсаулығын нығайту




  1. Науқас 60 жаста, кардиологиялық бөлімшеге жүректің созылмалы жеткіліксіздігімен асқынған ЖИА жөнімен түсті. Аяқтарының ісінуіне, ішінің айтарлықтай үлкейгеніне, жүрек қағуына, әлсіздікке, тыныштық кезде болатын аздаған ентікпеге шағымданады. Төсектегі қалпы мәжбүрлі ортопноэ. Тері жабындары көкшілденген. Аяқ басы мен балтыры ісінген, АҚ 140/90 мм сынап бағаны, Ішінің көлемі үлкейген. Төменде берілген ем-шаралардың қайсысын науқасқа үйрету қажет?

  1. дене температурасын өлшеу ережесімен

  2. жеке гигиена ережесімен

  3. ісінуді анықтау ережесімен

  4. су балансын анықтау ережесімен

  5. пульсті анықтау ережесімен




  1. Созылмалы жүрек жетіспеушілігінің негізгі симптомдары:

  1. ентігу, жүрек қағуы

  2. жүрек тұсындағы қысатын ауырсыну, тұншығу ұстамасы

  3. қан қысымының көтерілуі, пульс тапшылығы

  4. шаршағыштық, терінің құрғақтығы

  5. жүрек қағуы, экзофтальм




  1. 17 жастағы жасөспірім реанимация бөлімшесіне түсті. Есі шатысқан, артериялық қысымы 70/40 мм с.б., шеткері артерияларда пульс анықталмайды, тынысы жиі. Осы жағдай өлімнің қай сатысына сәйкес келеді?

  1. преагония

  2. ақтық үзіліс

  3. агония

  4. клиникалық өлім

  5. биологиялық өлім





  1. Гипертониялық кризбен науқас неге шағымданады?

  1. бас ауруы, бел ауруы, дизурия

  2. жалпы әлсідік, бас айналу, ауыз құрғауы

  3. бастың қатты ауруы, құлақтағы шуыл, көз алдында "шіркейлер"

  4. әлсіздік, суық тер, іш ауруы

  5. жүректің соғуы, жүрек тұсының ауыруы, экзофтальм




  1. Науқас 46 жаста, аяқтарында веналардың варикозды кеңеюі бар, кенеттен кеудесінде ауырсыну, ентікпе, денесінің жоғарғы бөлігінің цианозы байқалған. Анағұрлым ықтимал болжамды диагнозды атаңыз: