Файл: М. Жмабаев атындаы жалпы білім беретін мектебі бойынша информатика пніні берілуі туралы есебі 2022 2023 оу жылы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 32

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

М.Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектебі бойынша

информатика пәнінің берілуі туралы есебі

2022 – 2023 оқу жылы
Информатика пәнінің берудегі мақсаты ақпараттық әлем туралы түсінікті қалыптастыру, беру, түрлендіру және тарату арқылы оқушылардың ақпараттық ойлау қабілетін дамыту мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Компьютерді қызметтік құрал ретінде сарамандық меңгеру.

Оқу жоспары бойынша 1 сыныпта – 0,5 сағаттан барлығы 17 сағаттан, 2 -11 сыныпта 1 сағаттан – барлығы 36 сағат жүргізіледі. Қолданылатын оқулықтар 1-4 сынып оқулығының авторы: Г.А.Көпеева., Р.А.Қадырқұлов., А.Д.Рысқұлбекова. 5-6 сыныпта оқулығының авторы: Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.Қ.Әбенов, 7 сынып оқулығының авторы: Ермеков Н, Стифутина Н. . 8 сынып оқулығының авторы: Е.В:Шевчук, Н:С:Кольева. 9 сынып оқулығының авторы: Б.ҚСапарғалиева, Н.Е.Масалимова. 10 сынып оқулығының авторы: Б.ҚСапарғалиева, Н.Е.Масалимова, Г.А.Тезекбаев. 11 сынып оқулығының авторы: Н.Т.Ермекова, М.А.Ғалымжанова, С.Н.Ноғайбаланов. Барлық сынып оқушылары оқулықтармен тегіс қамтылды. Қолданылатын бағдарлама «Информатика» пәні бойынша жалпы білім берудің мемлекеттік стандартына сай құрылған, сонымен қатар жаңа ұғымдар мен түсініктер берілген. Әр тараудың соңында деңгейлеп берілген сұрақтар, тест тапсырмалар бар.

Пән мұғалімі оқушылардың жан – жақты білімін, сабаққа қызығушылығын, шығармашылық іздемпаздығын қамтамасыз ету мақсатында жаңа технология әдістерін пайдаланады. Қазіргі заман талабына сай  ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушыға білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді

ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады.

Цифырлық сауаттылық бойынша 1-4 сыныптарда бағаланбайды, тек сынақ қойлады.

Пән мұғалімдері: Аязбекова Г.Ж 1-4 сыныптарда білімі жоғары, педагог - сарапшы еңбекк өтілі 21 жыл.

5,6,8,9 сыныптарда пән мұғалімі Назымбекова Риза Омирбековна білімі жоғары, педагог - модератор еңбекк өтілі 19 жыл.

6,7,10,11 сыныптарда пән мұғалімі Азаматұлы Жасұлан білімі жоғары, еңбекк өтілі 5 жыл.


Мектеп директоры: К.Д.Жанкуатова

Орындаған: Назымбекова Р.О

Тел:22082