Файл: аза тілі мен дебиеті пнінен 3тосан бойынша жиынты баалау тапсырмалары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 40

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Тыңдалым Жігіт боп гауhар тастай асыл болса,

Әлсізге жаны кілең ашыр болса.

Әрқашан жігіт сондай тәуір болмас,

Не пайда шүберектей жасыл болса.

Көзі де, көңіл де соқыр қараңғының,

Несі адам түк білмейтін масыл болса.

Наркескен қайрылмайтын қылыш болса,

Мінез, ақыл, өнері дұрыс болса.

Бір сырлы, сегіз қырлы болса жігіт

Жорғадай тілі майда жүріс болса.

Ақылды, сабырлы ер деп соны айтамыз,

Еткені берекелі жұмыс болса.

Бұл айтқан ақылымда жалған бар ма?

Көріңдер миға салып бұрыс болса.

Бозбала шамшырақтай фанар болса,

Ішінде қалың топтың жанар болса.

Ақиқат адамдықтың белгісі сол,

Су берсең, балдай көріп қанар болса.

Ақылсыз кейбіреудің мінезі сол,

Бір сөзді екі қылып жамар болса.

Бұл саған айтқан, досым, өсиетім,

Жүре бер тыңдамай - ақ залал болса. (115 сөз)

1-тапсырма. Мәтінді тыңдап, мәтіннің тақырыбын ашатын тірек сөздерді жазыңыздар. Тірек сөздер:

______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________

2. Автордың идеясын анықтап, мәтіннен екі дәлел келтіріңіз.

1. ______________________________________________________________________

2. ______________________________________________________________________

3. Мәтінді екінші рет тыңдаңыз.

Тыңдалған мәтіннің тақырыбы мен идеясына талдау жасаңыз, себебін түсіндіріңіз.

Тақырыбы

Себебі

Идеясы

Себебі

Оқылым

Мәтіндерді оқыңыздар. Ортақ тақырыптарды анықтаңыздар.

1-мәтін

Соғыс басталған соң, балалар үйімен бірге, Ярослав облысының Вятское селосына эвакуацияланған. Вятское орта мектебінен 7 сыныпты бітірісімен, Рыбинск авиациялық техникумына түседі, бірақ көп ұзамай (1942 жылы) ЖШҚӘға (Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскері) майданға жіберу туралы өтініш жібереді. 1942 жылы Әлия өз еркімен майданға аттанып, мергендер мектебін үздік бітірді. Бірақ біраз уақытқа дейін оның алғы шептегі атыс-шабыс алаңында білім-білігін іс жүзінде көрсетуіне рұқсат етпеді. Бірақ жас қазақ қызы алға ұмтылды, жауға қарсы оқ жаудыруға асықты. Бір хатында ол өз құрбылары мен достары үшін фашистерден кек алуды қалайтынын жазады. Өзі оқыған қаласының құрсауда қалғаны оны қатты алаңдататын еді. 1943 жылы Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 жылдан бастап, 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30- дан аса сарбазы мен офицерінің көзін жойған. 1944 жылы 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты. 19 жасар Әлияны майдандас жолдастары "Шығыс жұлдызы" деп атаған екен. Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944 жылы 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы беріліп, Ленин орденімен марапатталды. (163 сөз)


2-мәтін

Бір дауыл сапырды кеп өрт теңізін,

Теңселтіп темір топан дүние жүзін.

Бетіне туған жердің өшпестей ғып,

Ер жазды өз қанымен жүрген ізін.

Нақ сол кез естідім мен ер дүбірін,

Атағы атын алып келді бұрын.

Үстінде туған елдің тұрды толқып,

«Бауыржан Момышұлы» деген бір үн.

Қан майдан қаталатып,шөлдегенде,

Кез болдым жалтылдаған екі көлге.

Көл емес көздері ғой Бауыржанның,

Елестеп мың көрінер бір көргенге.

Бойы бар бізден гөрі биігірек,

Тіп-тік боп абыройын тұрған тіреп.

Топ жара көрінсін деп екі иығы,

Туған ел жаратыпты оны ірірек.

Ойы бар бірде дауыл,бірде жалын,

Теңіздей тебіренткен терең жанын.

Алғандай бойға жиып бар қуатын,

Кешегі өзі кешкен уақиғаның.

Кейде ол кқк семсерлі генералдай,

Кейде ол күй көңілді ақын жандай.

Өмірдің ол шеті мен бұл шетіне

Өресі өрен ойдың тартылғандай.

«Батырым — Бауыржаным» дейді халқым,

Алып ұш,ақын жүрек ердің даңқын.

Келешек келе жатыр көремін деп,

Тік басып туған жерде жүрген қалпын.

Ағамыз атағына асқар тау тең,

Жау келсе – жаубүйректей етер жәукем,

Емендей ерегісер сұрапылмен,

Басымен бұлтты жайпап біздің Баукен!

(160 сөз)

1-тапсырма. Екі мәтінге ортақ тақырыпты анықтаңыз.

A) Ата-ананы құрметтеу

B) Ерлік туралы

C) Мал шаруашылығы

D) Наурыз мерекесі

E) Отбасы құндылықтары

2-тапсырма. Мәтіндердің түрлері, тілдік ерекшеліктерін салыстырып, себебін түсіндіріңіздер.

1-мәтін

2-мәтін

Түрі, себебі





Тілдік ерекшеліктері, себебі






3-тапсырма. Оқылған екі мәтінді салыстырып, ондағы көтерілген мәселе мен кейіпкерлер әрекеттеріне баға беріңіз.

Мәтін дер

Көтерілген мәселе

Кейіпкерлер іс-әрекетін бағалаңыз

1- мәтін

Жоғары.

Неліктен? _______________________
Орташа.

Неліктен? _______________________
Төмен.

Неліктен? _______________________

Жоғары.

Неліктен? _______________________
Орташа.

Неліктен? _______________________
Төмен.

Неліктен? _______________________

2- мәтін

Жоғары.

Неліктен? _______________________
Орташа.

Неліктен? _______________________
Төмен.

Неліктен? _______________________

Жоғары.

Неліктен? _______________________
Орташа.

Неліктен? _______________________
Төмен.

Неліктен? _______________________



Жазылым

Берілген тақырыптың бірін таңдап, эссе құрылымы мен дамуын (негізгі бөлім, қорытынды бөлім) сақтап, эссе жазыңыз. Тақырып бойынша сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданыңыз.

1. Ұл мен қыздың тәрбиесіне деген жаңаша көзқарастар біздің әдепғұрпымызға кері әсерін тигізіп, ұлттық құндылығымызды жоюда. Сіздің ойыңызша қалай осының алдын алуға болады? Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсыныңыз.

2. Жалпы табиғатқа шабуыл жасау, оның тылсым тыныштығын бұзу мәселесі бүгінгі таңда жиілеп кетті. Осыны болдырмау мақсатында мәселені оңтайлы шешу жолдарын ұсыныңыз.