Файл: Лекция 12 Педагогикалы технология тлімтрбиені озаушы кші ретінде. Жоспар.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 1951
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
Оқытушы сабақта қарастырылып жатқан тақырып бойынша кемінде екі шешімі бар проблеманы студенттерге жария қылады. -
Студенттер терт адамнан тұратын шағын топтарға бөлінеді. -
Топ ішіпде студенттер қарама-қарсы көзқарастар бойынша екі-екіден бөлініп, жұптаса отырып, өз позициясын қорғауға дайындалады (бұл жерде студенттер жұптарга өз қалауы бойынша немссс тіпті оқытушы нұсқауымен бөлінуіне болады). -
Жұптар уақытша бұзылып, студенттер аудитория ішінде өз жақтастарын тауып, басқа жұптар құрып, өз дәлелдерімен бөліседі, оларды толықтырады. -
Студенттер алғашқы жұптарына қайта оралып, басқа студенттерден естіген дәлелдерін ортаға салып талқылайды, алдағы пікірталасқа дайындалады.
-
Саралап оқыту және оқушылардың ой өрісін дамыту
Әрбiр жаңа сабақ өткен сабақтың материалымен байланыстырудан басталады. Бұл әдic оқушының назарын бiрден сабаққа белсендi түрде араласуға аударады, қайшылығы бар ұсыныстар мен сұрақтар қою арқылы дiлгiрлiк жағдайлар туғызылып, оның шешiмi пiкiр таластыра отырып ақиқатты iздеумсн жалғастырылады. Оқытудың осы бөлiмiнiң сабақ мерзiмiндегi үлесi 10 пайыздан аспауы керек. Бұдан кейiн жаңа тақырып талданады. Оқушы оның мақсатын орындау әдiстерiн ұғып меңгергеннен кейiн тақырыптың мазмұны толығымен ашылады. Сонымен бiрге тақырыптағы бұған дейiн кездеспеген жаңа ұғымдар мен атаулардың мағынасы, қолдану аясы айқындалып, оқушылардың санасында олар туралы түсiнiктiң берiк орнауы қадағаланады. Бiр такырыпты топ болып бiрге тaлдап, бiрге орындаудың, ақиқатты бiрге iздеудiң арқасында оқушылардың санасында ұйымшылдықтың нышандары қалыптасады, нәтижесiнде терең iзденiстiң, бiлiмдi өз бетінше игеруге ұмтылудың қажеттiлiгiне көз жеткiзiледi. Оқытудың бұл бөлiмiнiң үлесi сабақ мерзiмiнiң 30 пайызын құрауға шақталып дайындалады. Сабақтың шешушi мәселелерi 3-бөлiмде орындалады. Бұл жерде қолданбалы бағдарламаны пайдаланып, тақырыптың мазмұны соңғы рет шолудан өткiзiлiп, тестiлiк сұрақтарға жауаптар ойластырылып, оқушының тақырыпты қаншалықты түсінгені бағаланады. Қажет болған жағдайда оған қосымша талқылау, қайталау ұсынылады. Сондықтан оқушылар түгелдей дерлік жұмысты орындауға қатыстырылады. Осы тұста мұғалім оқушыны әрбір істі тиянақты орындап, бұған дейін кездеспеген құбылысты байқауға, сол арқылы өз әрекетіне шығармашыл түрде қарайға баулиды. Бұл бөлімнің үлесі сабақ мерзімінің 50 пайызын құрайтындай болып ұйымдастырылады. Уақыттың қалған 10 пайызы өтілген материалды бекітуге арналады. Мұғалім бұл уақытты да мейлінше тиімді түрде пайдаланып, оқушының белсенділігі мен танымдылығын жетілдіруге тырысады және әрбір оқушының жұмыс туралы пікірі сараланып, қаншалықты мағыналы екені бағаланады.Оқытудың тиімділігін оқушының зейінділік, үлгірім, білімнің сапалылығы, графикалық танымы, конструкторлық шеберлігі секілді 5 түрлі құндылықпен бағалау әлдеқайда толық мағлұмат береді деп ойлаймыз. Бұл құндылықтар оқушының білімділігін және білімнің қаншалықты тиянақты болып қалыптасқандығын жан-жақты сипаттай алады. Теориялық білімінің тереңдігі - өтілген материалдың оқушының санасында саналы орын алуымен (яғни оның зейінділігімен) шығармашылық ойлау қабілеті – түсіндірілген материалдың негізінде құрылған, бірақ одан тысқары, дәстүрлі емес сұрақтар мен тапсырмаларды өз бетінше шешу мүмкіншілігімен, графикалық танымы , талдау дағдысымен, құру-жинау шеберлігі – хронометраж жүргізу арқылы, өлшеу-есептеу дағдысы - өлшеуіш аспаптарды тиімді пайдалану, өлшеу қателігін дұрыс анықтап, қажетті шамаларды есептеу біліктілігімен, ал игерген білімнің сапалығы оны дер кезінде және қажетті жерінде пайдалана білуімен бағаланады. Сабақ жүргізу барысында әрбір сабақтың қорытындысын сараптау үшін арнайы дайындалған кестелер толтырылып отырылады.
Оқушылардың білім деңгейін жоғарыда көрсетілген 5 түрлі құндылықпен анықтау үшін бағалаудың барлық жүйесін қолдану жақсы нәтиже береді және оның ең жоғарғы шамасы (бірыңғай ұлттық тестілік жүйесіндегідей) 30 балмен шектеледі. Алғашқы төрт құндылықты анықтауға негіз болып табылатын оқушының зейінділігінің қалыптасу дәрежесін бағалаудың құрылымы мен мазмұны төмендегідей кестеде берілген.3ейiндiлiктi анықтаудың балдық жүйесi
| | Деңгейдің сипаттық мазмұны | Балдық баға | Дәстүрлі баға |
| 1 | Оқу материалын толық меңгеру, өз бетінше білі-мін жетілдіру, пысықтау сұрақтарына тиянақты жауаптар дайындау, үй тапсырмасын еркін орын-дау, шығармашылық түрде ойлау, пікір сайысына белсенді қатынасу, әрбір мәселе туралы пікірінің болуы. | 30-25 | өте жоғары |
| 2 | Оқу материалының көлемінде жеткілікті білім қорының болмауы, пысықтау сұрақтары мен үй тапсырмасын орындауға аса қиналмау, пікір сайысына қатынасу, өз ойын дәлелдей білу. | 25-20 | өте жақсы |
| 3 | Оқу материалының көлемінде жеткілікті білім қорының болмауы, пысықтау сұрақтарын, үй тапсырмасын орындауға қиналу, пікір сайысында белсенділік таныта алмау, тақырып туралы пікірінің тиянақсыздығы, басқаның пікірін жиі мақұлдауы. | 15-20 | Жақсы |
| 4 | Оқу материалы туралы ұғымы төменгі дәрежеде қалыптасқан, өз бетінше ешбір тапсырманы орындай алмайды, тақырып туралы түсінігі әлсіз, баяндау, дәлелдеу қабілеті толық қалыптаспаған. | 10-15 | қанағаттанарлық |
| 5 | Оқу материалы туралы ұғымы төмен, сұрақтарға жауап беру, ойлау және ұққанын айтып беру қабілеті жетілмеген. | 10 балдан төмен | нашар |
қағидалар төмендегідей тұжырымдалады:- оқу үрдісі оқушыны материалды игеруге ынталандыра түсетіндей болып ұйымдастырылса;- оқыту барысында оқушыға берілетін бүгінгі тапсырма кешегіге қарағанда қиындау болып, оны қосымша ізденуге жетелесе;- әрбір тапсырма еңбектену барысында оқушыны аз болса да жеңіске жетелейтіндей, қол жеткен табысқа мақтанатындай болып берілсе;- оқушының еңбегі орындау нәтижесі үшін емес, орындау тәсілін шешкені үшін бағаланса;- оқушыны білімді игерудегі табысын қатарындағы құрдасымен емес, өзінің бұған дейінгі деңгейімен салыстыру арқылы бағаланса;- пікір сайысына (диспут) қатысу, шығармашылық бағыттағы баяндама жасау, конструкторлық тапсырмалар орындау арқылы «сыртқы» ғылым оқушының ішкі біліміне тасымалдану шаралары ескерілсе, сонда ғана оқыту ісі дамымалы болмақ.
-
Деңгейлеп оқыту дегеніміз не?
-
Оқушыға математика тілінің ғылыми негіздерін меңгертуге болады; -
Оқушылардың ауызша және жазбаша математикалық тіл мәдениетін арттырып, баланы еркін сөйлеуге, жазбаша ойын жүйелі жеткізе білуге дағдыландырады;