Файл: Сабата олданылатын дістсілдермен психологиялы тренингтер жинаы Интерактивті дріс.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 248

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


93. «Данышпан үкілер»

Мәтінмен жұмыс істеудің негіздері.

Мәтіннен негізгі (жаңа) ұғымдарды тауып, оларды алфавиттік ретте жазыңыз.Мәтіннен сіз күтпеген, сіздің бұрынғы ұғымдарыңызға қарсы тұрған ақпаратты табыңыз.Сізге жаңалық болған ақпаратты жазыңыз.

  1. Маңызды өмірлік даналық.

Мәтіннің негізгі ойын бір сөйлеммен білдіріңіз.

  1. Таныс және таныс емес.

Мәтіннен сізге алдында таныс болған және мүлдем таныс емес ақпаратты табыңыз.

  1. Иллюстрациялық бейнелеу.

Мәтіннің негізгі ойын сурет, сызба, карикатура т.б. арқылы бейнелеп көріңіз.

  1. Үлгі боларлық қорытынды.

Оқыған мәтіннен келешекте қажет болатын маңызды қорытынды шығаруға бола ма?

  1. Талқылауға арналған маңызды тақырыптар.

Сыныпта талқылауға тұрарлықтай, ерекше көңіл бөлуге болатын ойларды, пікірлерді табыңдар.
94. «Дарабоз»

Бала еңбегін сабақта бағалауға рейтинг жүйесінің қарапайым түрін ұсынар едік. Мұғалім өзінің жеке шығармашылық журналы төмендегі бағытта бағалау жүйесін қолданады. Бұл баланың төмен баға алу қорқынышынан туатын қажетсіз әрекеттерінен арылып, шынайы еңбегімен көрінуге ұмтылуына ықпал етеді. Ұжымда демократиялық қатынастар орнатуға қызмет етеді.

Ұтымдылығы – бірінші орында баланың қабілетінен гөрі еңбектенуі тұратындығында. Тынымсыз еңбек қабілетті дамытады. Баланың сенімділігі мен қызығушылығын ұштайды.

Бала еңбегі мынадай бағыттарда жан-жақты бағаланғаны жөн:

  1. сабаққа қатысуы;

  2. оған даярлығы;

  3. тапсырманы орындауы;

  4. өзіндік жұмысы;

  5. ынтасы;

  6. сабақтағы жауабы.

Мұндай жағдайда «екі» деген баға болмайды, себебі өзін ықтырып, үркітетін бағаны емес, жинақталған балды көріп, кемшілігін түзетуге мүмкіндігі бар екеніне сенімді болар еді.

95. «DEAL»

D – Describe – баяндау, суреттеу (оқығанды, көргенді сипаттау, сынау, өлшеу).

E –Explain – түсіндіру (құбылыс немесе оқиға бойынша не білетіндерін, түсінгендерін суреттеу).

A – Anallуse – талдау (ақпаратты талдау, қорытынды жасау, себептерін атау).

L – Links – байланыс (болжамдар немесе қорытынды жасау, өзінде бар біліммен байланыстыру).

96. «ДЖИГСО»

Топтарға мәтін бөлігі таратылады. Мәтін бөлігін оқып, өз топтарында талқылайды. Талқылауға аз ғана уақыт беріледі. Бастапқы топқа қайта келіп, қолдарындағы мәтін бөліктерін құрастырады. Топтарға мәтіннің толық нұсқасы таратылады. Толық мәтін мазмұнымен танысып, мәтін желісін топ мүшелері бірлесіп отырып аяқтайды.


ДЖИГСО әдісімен жұмыс ақпарат алу мен пысықтауға, ойлауға ықпал етеді. Оқытудың осы ұжымдық әдісін жүзеге асыру мақсаты — жалпы мәселені алдымен жұпта, кейін ұжымда талқылау, үйрену мен үйрету. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады. Мәселен, әдісті қолдануды төмендегіше қарастырып көрейік.

Алдымен ұжым 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұлар - бастапқы жеке жұмыс топтары. Берілгелі тұрған жұмыс мәтіні төртке бөлінеді. Енді топ мүшелері төртке дейінгі реттік жүйеде тағы бөлінеді. Тіпті тақырыпқа қатысты сұрақ қойып, айтылған сөздерді шартты атау ретінде бөліп беруге де болады (мәселен, берілген сөйлемдердің мағыналық түрлерін анықтаңдар: сұраулы, лепті, хабарлы, бұйрықты). Бұл жолы әр сан иелері немесе атау иелері өз алдына «жұмыс тобын» құрайды.

Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң, осы мәтінді топта талқылап, түсіну қажет екендігі ескертіледі. Логикалық түрде төрт бөлікке бөлінген мәтін бөліктері әр топқа таратылады. Топтар тұтас мәтінмен емес, тек белгілі бөлікпен ғана жұмыс істеп, бүге-шігесіне дейін талдайды, пікір алмасады, ойын нақтылайды. Жұмысты бастамас бұрын екінші құрылған шағын топқа бара жатқан оқушыларға «жұмыс тобында» мәтіннің тиісті болты жақсы меңгеру қажеттігі айтылады, өйткені сол бөлімді «бастапқы топ» мүшелеріне түсіндіруге жауапты болатыны, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының жұмыс істеуі мен зейін қоя түсінуіне байланысты екені түсіндіріліп, жауапкершілік жүктеледі.

Бұл стратегия мазмұнды жан-жақты меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін ұмтылу, жауапкершілік дағдысына баулу мақсаттарында аса тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды.

97. «Диаманта»

Диаманта – жеті жолдан тұратын өлең түрі, бірінші және соңғы жолдары қарама-қарсы мәнде болуы қажет. Мағыналары қарама-қарсы түсініктермен жұмыс істегенде пайдалы.

1,7 – жолдары – антоним-зат есімдер;

2 – бірінші зат есімге екі сын есім;

3 – бірінші зат есімге үш етістік;

4 – зат есімді екі сөз тіркесі;

5 – екінші зат есімге үш етістік;

6 – екінші зат есімге екі сын есім;

Мысалы:

қала

үлкен, көне

салынады, өседі, гүлденеді

танымал қала, кішкентай ауыл

асырайды, дамиды, қалыптасады

әдемі, туған

ауыл


98. «Дизайн»

Әр оқушы өзінің қандай жансыз зат екенін айтады. Дизайнер келіп оларды өз талғамымен орналастырады. Ең бастысы, бәрін өз орнына тиімді орналастыра білу. Сабақта да солай әр жұмыстың өз қызметі, өз орны бар. Орнымен жұмсасақ қана нәтиже болатынын білдіру.

99. «Динамикалық шеңбер»

Оқушылар коридорға шығып, ішкі және сыртқа шеңберге бөлінеді. Сыртқы шеңбердегілер қозғалмай тұрады, ал ішкі шеңбердегілер берілген тапсырмалар бойынша білетіндерін айтып келесі жұбына бір айналым жасап шыққанша қозғалады. Сыртқы шеңбердегілер сол тақырып бойынша жасаған қорытындыларын сыныпқа келіп айтады.
100. «Домино»

Қағаз қиындылары домино пішіндес қиылып, ортасынан қаламмен сызылады. Топтағы бірінші оқушы оң жақ бөлігіне сұрақ жазады, келесі оқушы келесі домино парақшасының сол жағына сол сұрақтың жауабын жазып, оң жағына өз сұрағын береді, тиісінше келесі оқушы өз доминосына осындай жазба қалдырады.

Барлық топ өз доминоларын жасап болған соң, араластырып, көршілес топқа домино қиындыларын құрастыруға ұсынады. Әрі жылдам, әрі дұрыс құрастырған топ жеңіске жетеді.
101. «Домино - 2»

Қатысушылар столды жағалай отырады. Қолдарына открытка қиындылары немесе балаларға арналған суретті лото не әріптерден қиылған карточкалар таратылып беріледі. Бірінші қатысушы өзінің суретіне байланысты әңгімені бастайды. Бұл ертегі, қияли, күлкілі әңгіме т.с.с. болуы мүмкін. Ең бастысы, қолындағы сурет қамтылуы тиіс. Осы суреттің қиындысы бар келесі ойыншы әңгімені жалғастыруы керек. Осылайша басы бүтін бір әңгіме айтылып шығады.
102. «Допты лақтыру»

Мұғалім доп лақтырып сұрақ қояды. Допты қағып алған оқушысұраққа жауап беріп, өзінің сұрағын қояды. Егер оқушы сұраққа жауап бере алмаса, доптыбасқа оқушыға береді. Бұл әдіс теориялық сұрақтарды бағалауға, тілдік мақсаттардың орындалуына көмек береді.

103. «Достармен кездесу уақыты»

Оқушыларға осындай карточка беріп, сыныпты аралай жүріп, өздеріне ұқсас бір жанды тауып әр сағаттың тұсына атын жазу ұсынылады. Мысалы,

сенің көзіңнің түсі маған ұқсайды екен. Сені сағат 12-ге кездесуге жазып қойсам деп едім. Осылайша 4 сағаттың тұсына аттарын жазып болған соң, сәйкес келген оқушылар бір топқа бірігіп жұмыс жасау тапсырылады.





104. «Дұрыс емес пікір»

Талқылау үшін дұрыс емес жауаптарды қолданыңыз.Дұрыс емес болғаны үшін ғана жауапты іріктеудің немесе «бұл қызық» фразасын қолданудың орнына, үдерісті ашып көрсету үшін ойлау барысының дұрыс емес бағыт алуына әкелетін сұрақтарды қолданыңыз. Бұл ойдың логикалық барысын жақсартуға әкеледі және қате үшін жазғыру болмайтын атмосфера орнатады.

«Мен бұл жауап дұрыс емес екеніне қуаныштымын... ендеше талқылап көрейік...».
105. «Дыбыстау»

Фильмнен өткен тақырыпқа байланысты немесе оқушылардың деңгейіне сәйкес келетін үзіндіні дыбыссыз көрсетіп, оқушылардың рөлге еніп, дыбыстауын тапсыруға болады. Алдымен үзіндіні дыбысымен көрсетсе де болады. Дайындалуға оқушыларға жеткілікті уақыт беру қажет.
106. «Егер ..., онда не болар еді?»

Оқушылардың бірі жүйрік қиялмен бір ситуация айтады, қалғандары соның шешімін тауып жалғастыру керек. Мысалы,

«Егер әрбір адам дүниеге келе сала басқалардың ойын оқи алатын болса, онда Жер бетінде не өзгеріс болар еді?»

«Егер Жердің тартылыс күші жоғалып кетсе, онда ...»

«Егер барлық адам сөйлеу қабілетінен айрылып қалса, онда»Бұл тәсіл оқушылардың қиялын дамытып, мидың ойлау белсенділігін арттырады.

107. «Екі жұлдыз, бір тілек»

Сыныптастарды бағалау үдерісінде оқушылардан екі жұлдыз қоюды және бір тілек айтуды сұраңыз. Екі жұлдыз = жұмыс істеген кезде оларға ерекше ұнаған 2 зат Бір тілек =бұл жақсартуға болатын нәрсе.

108. «Екі түрлі түсініктеме күнделігі»

Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан тік сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар:

Бөліктің оң жағына

Бөліктің сол жағына

Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады.

Сол әсер еткен үзінділер жайында пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп-салдары қандай, қандай сұрақ бар т.б.)
Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделікті толтырып біткен соң жұпта, топта талқылау ұйымдастырады. Жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға арналған әзірлеп келген сұрақтарын қойып, жауаптар алады. Ол сұрақтар оқығанға баға беру пікірін, көзқарасын білдіруге лайықталып қойылған дұрыс.


Бұл әдіс те оқушыларды ұжым болып жұмыс жасауға, ақпаратты өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды. Сөз астарын, кұдіретін, сипаты мен табиғатын ашып түсінуге бағыттайды. Сондай-ак, әдістің тиімділігі - мұнда сабақтан тыс калатын оқушы болмайды, оқыған мәтінді түсіну, оны түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы оқушының тілі дамиды.

109. «Екі қолды жұмысқа жұмылдыру»

Оқушылар екі қолына да қаламсап алып, бір мезгілде екі қолымен мынадай әрекеттерді атқарады:

  1. Оң қолымен бес үшбұрыш, ал сол қолымен бес төртбұрыш салады.

  2. Оң қолымен бес шеңбер, ал сол қолымен бес үшбұрыш салады.

  3. Оң қолымен өзінің есімін, ал сол қолымен фамилиясын жазады. Бұл жерде жазуды оңайлату үшін есім мен фамилиядағы әріптер санын теңдестірген дұрыс: егер фамилия ұзын болса, ондағы «-ов/-ев», «-ова/-ева» жұрнақтарын алып тастап, есімге «жан» түбірін қосса болады.

Оқушыларға салғандары мен жазғандарының олқы шыққандығы назар аудармауларын ескерту керек. Мұнда ең бастысы –жазудың өзі, сол себепті де тоқтамай, әрекеттене беру керек.

Бұл ойсергектің мақсаты мынандай:

Әдетте оңқайлардың (оң қолымен жұмыс жасайтындардың) миының сол жақ жарты шары жұмысқа жұмылдырылады да, ал оң жағы жұмысқа белсене араласпайды.Екі қолмен бір мезгілде әртүрлі әрекеттер жасағанда, мидың екі бөлігі де жұмысқа қосылатын болады.
110. «Екі лагерь»

Жүргізуші сыныптағы бір оқушының өз қалауымен сыртқа шығып кетуін ұсынады. Ол сыртқа шыққанда қалған оқушылар бір ұқсас белгілеріне қарай екі топқа бөлініп, бір-бірінен алыс отырады. Сырттағы оқушы кіріп, екі топтың қандай бір-біріне ұқсамайтын белгі арқылы бөлінгенін табу керек.

Бұл ойын топқа бөлгенде, оқушылардың ықыластылығы мен зейінділігін анықтау үшін жүргізіледі.

111. «Елестету көрінісі»

Мәтіннің басты мәнін мүмкін болса, елестетуге тырысу керек. Егер мүмкіндік болса, сурет, сызба, тірек сызба т.б ретінде қағазға түсіріп, суреттерді қорғау.
112. «Ең зейінді»

Оқушылар бірінің артына бірі сапқа тұрады. Басында тұрған оқушы артына қарап оқушылардың тұру ретімен есте сақтайды да, дауыстап аттарын айтып шығады. Қателескен жерінен тоқтатылады да, соңына барып тұрады. Келесі оқушы да дәл осылай айтып шығады. Арасында оқушылар орындарын ауыстырып отырады. Кім сыныпты түгел жаңылыспай тұрған орындарының ретімен айтып шықса, сол «ең зейінді оқушы» атын иеленеді.