Файл: Студенттерге арналан емтиханды тапсырма. Тапсырма Жараа біріншілік хирургиялы деу жргізу техникасы жне таышты салу.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 49
Скачиваний: 4
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Студенттерге арналған емтихандық тапсырма.
Тапсырма 1. Жараға біріншілік хирургиялық өңдеу жүргізу техникасы жне таңғышты салу
№ п/п | Тапсырма сатыларының нышандары | 0 - 0,1 орындаған жоқ | 0,2 - 0,3 ескертулермен орындады | 0,4 - 0,5 толық орындады |
1 | Жұмсақ тіндердің зақымдану сипаты мен дәрежесіне байланысты дәрігер тактикасын анықтау. | | | |
2 | Асептика және антисептика ережелерін сақтау. Құрал-жабдықтарды және тігіс жіптерін дайындау. | | | |
3 | Жарақаттан кейін мезгіліне байланысты жараны тігу ережесі | | | |
4 | Жараға біріншілік хирургиялық өңдеу жүргізу сатылары. | | | |
5 | Жараға біріншілік мерзімінен асқан және екіншілік тігісті таңдау. | | | |
6 | Аумақты үлкен және терең жараларға біріншілік хирургиялық өңдеуді аяқтау негіздері. | | | |
7 | Жараға біріншілік хирургиялық өңдеу жүргізудегі қателіктерді атаңыз. | | | |
8 | Жараны таңғышпен жабу | | | |
| ҚОРЫТЫНДЫ | | | |
Тапсырма 1
Емтихан алушыға ақпарат: Жараға біріншілік хирургиялық өңдеу жүргізу техникасы және тәжірибелік дағды бойынша, төменде көрсетілген нышандарға сай студентті бағалаңыз.
№ | Тапсырма сатыларының нышандары | Ұпайлар | ||
0-0,1 орындаған жоқ | 0,2-0,3 ескертулермен орындады | 0,4-0,5 толық орындады | ||
1 | Дәрігер тактикасы жұмсақ тіндердің зақымдану сипаты мен дәрежесіне сай дұрыс белгіленеді. | | | |
2 | Ережеге сай қолды мұқият жуған соң, екі қолға стирильді резеңке қолғаптарын киеді. Құралдар мен тігіс материалдарын дайындау: хирургиялық пинцет, Гегар ине ұстағышы, шаншығыш және кескіш инелер, скальпель, инесі бар шприц, Фарабеф жара кеңейткіші. | | | |
3 | Жараға тігіс салу қабылданған ережеге сай сақталады: - Жарақаттан соң 6-12 сағ. аралығында жараны тартпай тігіп дренаждайды. - 12 сағ-тан 24 сағ. дейін жара аймағын өңдеу, жараны дренаждау арқылы біріншілік тігіс салынады. - Жарақаттан соң 24 сағ. өткенде – жараны өңдеу жүргізіледі, емі ашық әдісімен жалғасады. | | | |
4 | Жараны біріншілік хирургиялық өңдеу сатыларын дұрыс белгіледі: 1. Жараға тілік салу, 2. Жарақат өзегін тексеру, 3. Жараның айналасын, қабырғасын, түбін қию, 4. Жара гемостазы, 5. Зақымдалған мүшені, тіндерді толығымен қалпына келтіру, 6. Жараға тігіс салу. | | | |
5 | Жараға біріншілік мерзімінен өткен және екіншілік тігіс салуды дұрыс таңдауды жобалау: - Тігіс 1 нұсқау бойынша мынадай жағдайда салынады, жараға біріншілік өңдеу жүргізген соң 4-5 күн ішінде қабыну белгілері пайда болмаса. - Екіншілік тігіс - жараға қабыну үрдісі тоқтағаннан кейін және грануляция пайда болғаннан кейін салынады. | | | |
6 | Міндетті үрдісті ұстану – аумақты үлкен және терең жарада дренажды негізгі ғана емес, сонымен қатар қосымша жол арқылы (тілік) енгізеді. | | | |
7 | Жараны біріншілік хирургиялық өңдеу бойынша орындаудағы қателіктерді дұрыс белгілеу:
| | | |
8 | Жараны таңғышпен дұрыс жабылды, | | | |
| Қорытынды | | | 4,0 |
Тапсырма 2. Сыртқы қан кетуді тоқтату
№ п/п | Тапсырма сатыларының нышандары | 0 - 0,1 орындаған жоқ | 0,2 - 0,3 ескертулермен орындады | 0,4 - 0,5 толық орындады |
1 | Жараны қарау және қан кетудің түрін анықтау. | | | |
2 | Қан кетуді тоқтатудың алғашқы шаралары және бұрау салуға дайындау. | | | |
3 | Артериальды қан кетуді бұрау салу арқылы тоқтатудың тәсілі. | | | |
4 | Веноздық қан кетуді тоқтатудың тәсілі. | | | |
5 | Бұрауды дұрыс салудың нышаны | | | |
6 | Бұрауды салудың ұзақтығы | | | |
7 | Бұрау салу мен науқасты тасымалдау кезіндегі берілетін нұсқаулар. | | | |
8 | Сыртқы қан кетуді уақытша тоқтатудың басқа да әдістерін атаңыз | | | |
| ҚОРЫТЫНДЫ | | | |
Тапсырма 2
Емтихан алушыға ақпарат: Студенттің тәжірибе дағдысын, сыртқы қан кетуге байланысты төменде көрсетілген нышандарға сай бағалауыңыз сұралады
Уақыты – 6 минут.
№ | Тапсырма сатыларының нышандары | Ұпайлар | ||
0-0,1 орындаған жоқ | 0,2-0,3 ескертулермен орындады | 0,4-0,5 толық орындады | ||
1 | Науқасты горизонтальды қалыпта жатқызады. Жараны қарауды жүргізу, жараның орнын анықтайды. Қан кетудің тамыр соғуы бар, алқызыл түсті қан кету-артериальды, қоңыр түсті сорғалап қан кету – веноздық қан кету болып табылады. | | | |
2 | Бастапқы сатыда тамырды қасында орналасқан сүйекке қарай саусақпен басу арқылы жүргізіледі. Аяқ-қолды жоғары көтеріп, бұрау астына салфетка немесе киімді салады. | | | |
3 | Медициналық эластикалық бұрауды тегіс етіп тартып, үсті-үстіне емес, бір-бірінің үстіне, бұрау жоғары қарай жараға жақын салынады. | | | |
4 | Жараға қатты байламды таңып, бинтпен ораймыз, егер қан кету тоқтамаса, жарадан төмен қарай резенке байламды саламыз. | | | |
5 | Байламды дұрыс салудың негізгі нышандары: 1. Қан кетудің тоқтауы, 2. Қан тамырлардың шеткі пульсациясының болмауы, 3. Аяқ-қолдарының бозаруы және салқындап қалуы. | | | |
6 | Қолға таңғыш салудың ұзақтығы 1,5 сағ-тан, аяққа - 2 сағ-тан аспауы керек. | | | |
7 | Бұрау салған соң және қан кету тоқтауы анықталған кезде бұрау салудың уақытын қағазға жазып көрсетеді. Бұрау салынған зардап шегуші адам бірінші кезекте тасымалданады және көмек көрсетіледі. Қажет жағдайда ұзаққа созылған тасымалдау кезінде науқастың бұрауын әр сағат сайын 15 мин босатып, қан кетуді саусақпен тоқтату әдісіне көшеді. | | | |
8 |
| | | |
| Қорытынды | | | 4,0 |
Тапсырма 3.
Тік ішекті тексеру кезіндегі өзіңіздің практикалық дағдыларыңызды қалай меңгергеніңізді көрсетіңіз.
№ | Тапсырма этаптарының критерийлері | 0 – 0,1 | 0,2-0,3 | 0,4-0,5 |
1 | Тік ішекті тексеру үшін науқасты орналастыру | | | |
2 | Ректальды тексеруге қарсы көрсеткіштер | | | |
3 | Бірінші этап: сфинктердің тонусын бағалау | | | |
4 | Екінші этап: тік ішек ампуласының саңылауының жағдайын бағалау | | | |
5 | Тік ішектін барлық қабырғаларын саусақпен тексеру | | | |
6 | Жақын орналасқан ағзаларды тік ішек қабырғалары арқылы тексеру | | | |
7 | Қолғапта қалған нәжістің түсін және басқа патологиялық бөліністерді анықтап талдау. | | | |
8 | Анықталған мәліметерді интерпретациясы | | | |
| БАРЛЫҒЫ | | | |
Емтихан қабылдаушыға мәлімет:
Тапсырма № 3. Студенттін төменде келтірілген критериилер бойынша тік ішекті тексеру мүмкіншілігін бағалаңыз.
№ | Тапсырма этаптарының критерийлері | 0 – 0,4 |
1 | Тік ішекті саусақпен тексеру Бұл зерттеу науқастың төрт жағдайында жүргізіледі: 1. Тізе-шынтақ. 2. гинекологиялық креслода (арқасына жатқызып, аяғын тізе және жамбас-сан буындарынан бүгіп). 3. Сол жақ қырында. 4. Жүресінен отырғызу арқылы (тік ішектің қол жетпейтін жоғары бөліктерін бағалау үшін). Әйелдерде тік ішекті саусақпен тексеруді қынапты саусақпен тексерумен толықтыру қажет (ісіктің кіші жамбас қуысында таралу дәрежесін анықтау үшін). | |
2 | Тексеруді артқы тесік күрт тарылған жағдайда және ауырсыну сезімі күшті болған кезде, анальгетик жасағанға дейін жүргізуге болмайды | |
3 | Бірінші кезең: қолғап киген соң оң қолдың сұқ саусағын вазелинмен майлап, ақырын артқы тесікке енгізеді. Біртіндеп, сипау арқылы аналдық өзектің эластикалылығын, тонусын, артқы тесік қысқышының созылмалылығын, кілегей қабығының жағдайын, ауырсыну сезімінің бар-жоғын тексереді. Спастикалық жағдайлар спастикалық колитте, сызаттарда, аналдық рактің бастапқы кезеңдерінде байқалады. Қысқыштың тонсуының төмендеуі тік ішек түскенде, ішек түйілгенде, жұлын зақымданғанда кездеседі. | |
4 | Екінші кезең: саусақпен артқы тесік өзегінің және тік ішектің дисталдық бөліктерінің қабырғасын айналдыра тексеріп шығады. Тік ішек ампуласының жағдайын анықтайды (аңқиып тұруы, немесе тарылуы) | |
5 | Тік ішектің ішкі бетін толық саусақ жететін жердің барлығын тексереді. | |
6 | Ер адамдарда қуық түбі безінің жағдайына көңіл бөлінеді. Қуық асты безінің көлемін, консистенциясын, ортаңғы бөлік аралық жүлгенің бар-жоқтығын анықтайды. Тік ішектің жоғарғы бөлігінің, тік ішек маңындағы шел қабаттарының дерттерін анықтау үшін бимануалдық тексеру жүргізу қажет (екінші қолмен құрсақтың алдыңғы қабырғасын қасаға симфизі үстінен басып қарайды). Қынап пен тік ішек арасындағы перденің жағдайын, тік ішектің қабырғасының қынаптың артқы қабырғасы мен жатыр денесіне қатысты қозғалмалылығын бағалау үшін бимануалды саусақпен тік ішекті тексеру жүргізеді. | |
7 | Саусақты шығарғаннан кейін бөліністің сипатын бағалайды ( кілегей, қанды, іріңді). Нәжістің түсіне көңіл бөлінеді: қалыпты немесе қара түсті, яғни-мелена. | |
8 | Тік ішектің қуысы туралы толық деректеме құрастыру қажет. Ішек қуысы толық немесе ішінара ісікпен толып тұруы мүмкін (қатерсіз ісіктер, бүртікті ісіктер, саркомалар, рак). Ісік анықталған жағдайда оның көлемін, тік ішектің шеңберін қанша жерін зақымдағанын, жылжымалылығын, жамбас қабырғаларына, іргелес ағзаларға қатынасын ( қуық түбі безі, қынапқа, жатырға). | |
| БАРЛЫҒЫ | |
Тапсырма 4. «Теріге тігіс салу мен тігісті алу техникасы»
№ п/п | Тапсырма сатыларының нышандары | 0 - 0,1 орындаған жоқ | 0,2 - 0,3 ескертулермен орындады | 0,4 - 0,5 толық орындады |
1. | Теріге түйінді тігіс салу көрсеткішін анықтау | | | |
2. | Теріге тігіс салуға қажетті жабдықтарды жинау | | | |
3. | Қол мен тігіс салатын тері аймағын дайындау | | | |
4. | Теріге тігіс салу орнын жансыздандыру | | | |
5. | Теріге тігіс салуды орындау | | | |
6. | Тігісті алу әдісі | | | |
7. | Тігісті алатын жабдықтар | | | |
8. | Түйінді тігістерді алуды орындау. | | | |
| ҚОРЫТЫНДЫ | | | |
Тапсырма 4
Емтихан алушыға ақпарат: теріге тігіс салу мен тігісті алу техникасынның алгоритмі бойынша, төменде көрсетілген нышандарға сай студентті бағалаңыз.
№ | Қадамдар аталуы | Іс әрекеті | Мотивация |
1. | Теріге түйінді тігіс салу көрсеткішін анықтау | Жарақат жиектерінің терісін беттемстіргенде тартылып тұрмауы, тері жиектері қанмен қамтамасыз етілген, жергілікті қабыну мен өлеттенген тіндердің болмауы. | Теріге тігіс салуда нақты көрсеткіштер болмаса асқыну қауіптілігі өте жоғары |
2. | Теріге тігіс салуға қажетті жабдықтарды жинау | Шприц 10 мл – 1 дана. ұзындығы 4-5 см, диаметрі 1,5-2,0 мм., мақталы немесе дәкелі шарик, спирт, йод ертіндісі, 2% лидокаина немесе 0,5-1,0% новокаина - 5 мл. ертіндісі, тігетін жіп, дөңес өткір ине, инеұстағыш, хирургиялық пинцет. | Тігіс салуға қажетті жабдықты дұрыс жинау, теріге тігіс салу техникасын жоғары орындауға септігін тигізеді |
3. | Қол мен тігіс салатын тері аймағын дайындау |
| Теріге тігіс салуда асқынудың алдын алу, тігіс салу кезінде асептика мен антисептиканың дұрыс сақталуында |
4. | Теріге тігіс салу орнын жансыздандыру | Тігіс салатын аймақты новокаин немесе лидокаин ертіндісімен жансыздандыру(лимон қабығы) қажет, қабат қабатымен тері, тері асты шел май қабатын. | Ауырсынуды алдын алу |
5. | Теріге тігіс салуды орындау | Анестезиядан соң орындалу алгоритмі. Хирургиялық пинцетпен терінің тігіс салатын жиегін көтеріп инені енгіземіз, тері мен тері асты қабатынан өтіп, пинцетпен қарсы беттегі теріні көтеріп инені ендіреміз. Теріден шыққан инені пинцетпен қыса отырып, инеұстағышты босатып, теріні жылжыта отырып, келесі бетінен иненің ұшынан инеұстағышпен қыса отырып, теріден шығарып тігіс салып, түйіндеп байлаймыз. | Тігіс салу техникасын сақтау, теріге дұрыс тігіс салуға септігін тигізеді. |
6. | Тігісті алу әдісі | Тігісті алу мерзімі жарақаттың орналасуы мен бітісуіне байланысты жүргізіледі | Сызықты жарақаттарда түйінді тігісті «жартылай бөліп» 5,7,9-тәуліктерде алады. |
7. | Тігісті алатын жабдықтар | Дәкелі шарик, спирт, хирургиялық пинцет, өткір ұшты қайшы. | Скальпел алмастарын қолдануға болмайды. |
8. | Түйінді тігістерді алуды орындау. | Жарақат жиектерін(тігістің аймағын) антисептикпен өңдеген соң, хирургиялық пинцетпен түйінді қыса отырып 2-3 мм бір жанына тартамыз, жіптің жиегі көрінгенше (осы кезде жіптің ағарған шеті көрінеді). Жіптің ағарған шетінен өткір ұшты қайшымен түйін түбінен кесіп, тігіс жібін біртіндеп алып, дәкелі шарикке саламыз. Жарақат тыртығын антисептикпен өңдейміз. | Техниканы сақтау тігісті дұрыс алуға мүмкіндік береді, сонымен қатар жарақат жиектері ашылып кетпейді. |
.
Тапсырма 5
Қуық асты безін саусақпен тексеруде сіздің практикалық біліктілігіңізді көрсетіңіз
Экзамен қабылдаушы_____________________
№ | Тапсырма қадамдарының критерилері | 0-0,1 | 0,2-0,3 | 0,4-0,5 |
1 | Тексеруге керекті жабдықтарды тексеру (қолғап, вазелин майы, қолданылған материалдарды салатын контейнер) . | | | |
2 | Науқасқа тексеру мәнін түсіндіру | | | |
3 | Науқастың қалпы (тізе – шынтақпен немесе аяқтарын ішіне жинап оң жақ қырынмен жату) | | | |
4 | Қолғапты кию. | | | |
5 | Сұқ саусақты вазелин майымен майлау. | | | |
6 | Анальды аймағын сыртқы қарау. | | | |
7 | Қуықтың безін саусақпен тексеру (көлемін, контурын, тығыздығын, бөліп аралық жүйесін) және тік ішектің кілегей қабатын тексеру. | | | |
8 | Сұқ саусағын шығару, қолғапты шешу. | | | |
| Қорытынды | | | |
Экзамен қабылдаушыларға ақпарат: Қуық асты безін саусақпен тексеруде сіздің практикалық біліктілігіңізді көрсетіңіз
№ п/п | Тапсырма қадамдарының критерилері | 0 – 0,5 |
1 | Қуық асты безін тексеруге керекті жабдықтар дұрыс таңдалған (қолғап, вазелин майы, қолданылған материалдарды салатын контейнер) | |
2 | Науқасқа түсінікті түрде қуық асты безін тексеру мәнін түсіндіру. | |
3 | Науқастың қалпы (тізе – шынтақпен немесе аяқтарын ішіне жинап оң жақ қырынмен жату) | |
4 | Қолғапты оң қолға кию. | |
5 | Саусаққа вазелин майын жағу. | |
6 | Геморроидальді түйіндер, аналді сызаттарды анықтау мақсатында аналь аймағын сыртқы қарау. | |
7 | Қуық асты безін тексеру нәтижесін ұқыпты және жеңіл түрде баяндау (көлемін, контурын, тығыздығын, бөліп аралық жүйесін) | |
8 | Қолғапты дұрыс шешу. | |
| Қорытынды | |