ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 96
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
| Шығарма аты | Тәрбиелік мәні | Менің пікірім |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
Тапсырма аяқталған соң топтар әуе шарлары бар флипчартқа жазылған жұмыстарын салыстырады. Бұл топтық жұмыс оқытуды қалай ұйымдастыра алады? Оқушылар сұраққа жауап іздей отырып хикаяны игереді және бұған дейінгі өздері білетін мәліметтермен байланыстырады. Әр оқушының пікірі, көзқарасы тыңдалады. Оқушылардың ой-пайымдары негізінде жаңа идеялар болады.Өзара бағалау. «Гүлдер» әдісі Әрбір оқушыға үш түсті гүл беріледі. Оқушы көк түсті гүлді ең белсенді жауап берген оқушыға, сары гүлді жақсы жауап берген оқушыға, ал қызыл гүлді әлі де талпынуы керек деген оқушыға береді. Нәтижесінде әрбір оқушының деңгейі анықталады.«Сауалнама» әдісі
| 1. Сабақта мен .... жұмыс жасадым. | Белсенді/белсенді емес |
| 2.Мен сабақта жасаған жұмысыма .... | Ризамын/риза емеспін |
| 3. Мен үшін сабақ ....болды. | Түсінікті/түсінікті емес |
| 4.Сабақ барысында мен .... | Шарашағанжоқпын/ шаршадым. |
| 5. Менің көңіл-күйім | Керемет/жақсы/орта |
| Берілген тақырып бойынша маған не белгілі? Мен не білемін? | Мәтіннен қандай жаңалық туралы білдім? |
| | |
«Дизайн»Әр оқушы өзінің қандай жансыз зат екенін айтады. Дизайнер келіп оларды өз талғамымен орналастырады. Ең бастысы, бәрін өз орнына тиімді орналастыра білу. Сабақта да солай әр жұмыстың өз қызметі, өз орны бар. Орнымен жұмсасақ қана нәтиже болатынын білдіру.«Жақсылық тамшысы»Әр бала тамшыға өзі жасаған жақсы істерін немесе өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін стикерге жазып жеткізеді. Іліп жатқанда әрқайсысы өзгелерге, айналасына өзі жасаған жақсылықтарын, қасиеттерін жария етеді.«Кері байланыс бутерброды»Кері байланыс әр түрлі тәсілдермен берілуі мүмкін.Кері байланыс «бутерброды» дегеніміз бұл:1) бірінші жағымды түсініктеме беріп, кейін құрылымды сын айтып, соңынан тағы да жағымды пікір білдіру;2) Жағдаяттық мәлімдеме – Маған ұнады ......, себебі ..... Енді/келесі жолы .....«Қос шеңбердегі комплименттер»Оқушылар екі шеңберге (ішкі және сыртқы) бөлініп, бір-біріне жүзін қаратып тұрады. Ішкі және сыртқы шеңберде бір-біріне бет қаратып тұрған оқушылар кезектесіп бір-біріне комплимент айтуы керек. Содан кейін ішкі шеңбердегілер оң жаққа бір адым жасап, алдында алмасып тұрған басқа оқушымен комплименттермен алмасады.«Мен кіммін?»Оқушылардың маңдайларына жапсырма қағазға сабақта өтілген тұлғалардың аты жапсырылады. Жұптас көршісіне сұрақ қою арқылы өзінің қай тұлға екенін табу керек.Мысалы: «Мен жазушымын ба? Менің «Ақбілек» деген романым бар ма?..» Көршісі тек «иә, жоқ» деген жауаптар айтады.«Плюс, минус, қызықты»Бұл рефлексияны ауызша да, жазбаша да орындауға болады. Жазбаша орындау үшін үш бағаннан тұратын кестені толтыру ұсынылады. «Плюс» бағанына сабақта ұнаған кезеңдердің барлығы жазылады. «Минус» -оқушының пікірінше, бұл ақпарат ол үшін керексіз, пайдасыз. «Қызықты» бағанына оқушылар қызығушылық тудырған деректер мен әдістерді, ол туралы басқа дерек көздерінен көбірек білгісі келгендіктері туралы жазады.
| Плюс | Минус | Қызықты |
| Сабақта барлығы ұнады: сабақ мазмұны, жұмыс түрлері | Ұнамады, түсініксіз болып қалды | Барлық деректер мен әдістер қызықты |
«Сұрақты ұстап ал!»Мұғалім сұрақ қойған кезде фасоль салынған қапшықты лақтырады. Бұл сұрау үдерісіне кинестикалық сипат береді және оқушыларды өз еркімен жауап беру үшін ниет білдіруге итермелейді. Сіз оқушыларға жауапты білмеген жағдайда сұрақты басқа оқушыға лақтыруына мүмкіндік бере аласыз. Сонымен қатар, бұл тапсырманы командамен шешуге де болады. Мұғалім кезек-кезекпен фасольды қапшықты әр командаға лақтырады. Егер де қапшықты қағып алған адам сұраққа жауап берсе, онда команда 3 балл алады. Егер де ол жауабын білмесе, қапшықты басқа командаға 2 балға лақтырады. Егер де қапшық тағы да кері лақтырылатын болса, онда дұрыс жауаптың құны 1 балға дейін төмендейді.