ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 25
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі» пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің
ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
(2022 жылдан бастап күшіне енеді)
-
Құрастырылу мақсаты: Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда оқуды жалғастыру қабілетін анықтау.
2. Міндеті: М003 – Пәнсіз мамандандырылған педагогтерді даярлау білім беру бағдарламасы бойынша түсушілердің білім деңгейін анықтау. | |
3. Тест мазмұны мен жоспары: Тестіге «Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалдар келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тест тапсырмалары оқу тілінде (қазақша) ұсынылған.
№ | Тақырыптың мазмұны | Тапсыр малар саны | Қиындық деңгейі |
1 | «Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту əдістемесі» - ғылым жəне оқу пəні. Педагогикалық ғылым саласы ретінде математиканы оқыту əдістемесінің нысаны, пəні, зерттеу əдістері мен оның философия жəне логикамен, педагогика жəне психологиямен, математикамен жəне т.б. байланысы. Пәннің ғылыми негіздері және мазмұны. Математиканы оқытудың əдістемелік жүйесінің əр түрлі модельдері. | 1 | Жеңіл деңгей (А) – 1. |
2 | Математиканың оқу пәні ретіндегі нормативті-құқықтық сипаттамасы. Бастауыш білім беру бойынша нормативті-құқықтық құжаттар мазмұнына сипаттама және талдау: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, оқу жоспары, типтік оқу жоспары, бастауыш сыныптардағы математика пәнінен ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлар. Математикадан оқу-əдістемелік кешен жəне оның құрамына енетін əр компонентінің мақсаты, қызметі, ерекшеліктері. Мектепалды математикалық білім беру. Кіші жастағы оқушыларға математиканы оқытудағы бағыттылық пен сабақтастық. | 1 | Жеңіл деңгей (А) – 1. |
3 | Математиканың оқу пəні ретіндегі мазмұндық - процессуалдық сипаттамасы. Бастауыш математикалық білімнің базалық мазмұны, оқыту сыныбына сәйкес пәндік білім, білік, дағдыға қойылатын талаптар. Математикалық тілдің негізін меңгеру және анализ, синтез, жіктеу, салыстыру арқылы себеп-салдарлық байланыстар мен заңдылықтарды орнату. Математикалық білім берудің міндеттері. Диалогта оқыту, сыни, логикалық, креативті ойлауды дамыту, АКТ қолдану, оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке алу негізінде бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың əдістері, құралдары мен ұйымдастыру формаларының жүйесі. Пәнішілік және пәнаралық интеграция. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту əдістемесінің қазіргі педагогикалық технологиялары. | 1 | Орта деңгей (В) - 1. |
4 | Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуды ұйымдастырудың заманауи педагогикалық тәсілдері. Математиканы оқытудың əдістемелік негіздері мен кіші жастағы оқушылардың дамуы. Бастауыш сынып оқушыларының математикалық білім берудің жаңартылған мазмұнының сипаттамасы. Оқу бағдарламасының жаңа құрылымындағы құндылыққа-бағытталған, іс-әрекет, тұлғаға-бағдарланған, коммуникативтік тәсілдер. Кең ауқымдағы дағдылармен бірлікте тұлғалық қасиеттердің дамуы. Оқушылардың жобалық және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруда оқытудың интерактивті әдістерін, диалогтық және рефлексивті технологияларды қолдану. Бастауыш сынып мұғалімінің еңбегін ғылыми ұйымдастыру. Lesson study - мұғалімнің кәсіби біліктілігін үнемі жетілдіру әдісі. Оқыту нәтижелеріне қойылатын заманауи талаптар. | 1 | Орта деңгей (В) - 1. |
5 | Сабақ - математиканы оқыту үдерісін ұйымдастырудың негізгі формасы. Қазіргі заманғы математика сабағына және оның әдістемелік талдауына қойылатын талаптар. SMART-мақсаттар. Бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың әдістері, құралдары және ұйымдастыру формаларының жүйесі. Тапсырмалардың түрлері (жаттығу, іздеу, зерттеу, шығармашылық) және мазмұны. Оқыту мақсаттары таксономиясы негізінде ойлау дағдыларының деңгейлері. Сыни ойлауды дамыту тәсілдерін қолдану. Рефлексия. Сабақтағы кері байланыс. Математикадан сыныптан тыс жұмыстар. Дарынды және талантты балалармен жұмыс. Шағын жинақты мектепте математика сабақтарын ұйымдастырудың ерекшеліктері. | 2 | Жеңіл деңгей (А) – 2. . |
6 | Математика сабағында бастауыш сынып оқушыларының іс-әрекетін жобалау және жүзеге асыру. Мұғалімнің бірлескен шығармашылығы мен қолдауы жағдайында оқушының белсенді танымдық қызметі. Оқушылардың ұжымдық, топтық, жеке және өзіндік оқу-танымдық, шығармашылық қызметін жоспарлау, ұйымдастыру және басқару. Математикалық біліктерді қалыптастыру, когнитивті дағдыларды (түсіну, түсіндіру, талдау, синтездеу, жіктеу, қолдану), логикалық ойлауды, кеңістіктік елестетуді, математикалық терминдерді пайдалану біліктілігін және математиканы бейнелеу, әлемді модельдеу және түсіну тәсілі ретінде қабылдауды дамыту. Бастауыш сынып математика курсындағы стандартты емес есептер. | 2 | Орта деңгей (В) - 1. Күрделі деңгей (С) - 1. |
7 | «Сандар жəне өлшемдер» бөлімінің базалық мазмұны. Натурал сандар жəне 0 саны. Бөлшектер (теріс емес бүтін сандар концентрлері бойынша сандарды оқу, жазу, құру және салыстыру; сандардың разрядтық және кластық құрамын анықтау; үлестерді құру, оқу, жазу және салыстыру; пайыз; жай, дұрыс, бұрыс бөлшектер; аралас сандар т.б.) Сандармен амалдар орындау (қосу, азайту, көбейту, бөлу амалдары; өзара кері амалдар; амалдар компоненттері арасындағы байланыс). Шамалар жəне өлшем бірліктер (ұзындық/ масса/ көлем (сыйымдылық) /уақыт; өлшем бірліктерін қолданып шамаларды өлшеу). | 2 | Жеңіл деңгей (А) – 1. Орта деңгей (В) - 1. |
8 | «Алгебра элементтері» бөлімінің базалық мазмұны. Санды және әріпті өрнектер (санды және әріпті өрнектерді (қосынды, айырма, көбейтінді, бөлінді); теңдік, теңсіздіктерді ажырату, құрастыру, жазу және оқу; қосу мен азайту, көбейту мен бөлу амалдары арасындағы қатынас; қасиеттер; өрнектердің мәнін табу және амалдардың орындалу тәртібі). Теңдік және теңсіздік. Теңдеу (теңдік және теңсіздікті, теңдеуді тану; тура және тура емес теңдіктер). | 2 | Орта деңгей (В) - 1. 1.Күрделі деңгей (С) - 1. |
9 | «Геометрия элементтері» бөлімінің базалық мазмұны. Геометриялық фигуралар жəне олардың жіктелуі (геометриялық фигураларды бір бірінен ажырату және атау; жазық және кеңістік фигуралар; периметрді, ауданды, көлемді табуға арналған формулаларды құру және қолдану). Геометриялық фигураларды кескіндеу және салу (модельдерден және оның бөліктерінен композиция құрастыру, кескіндеу, сызу және салу; геометриялық фигуралардың модельдерін бөлу; кеңістіктік геометриялық фигуралардың жазбасын дайындау; бастапқы орнын, бағытын, қозғалысын анықтау және айқындайтын нұсқаулыққа сәйкес әрекеттер). Нүктелер кординаттары және қозғалыс бағыты (сан сәулесінде, сызықта және жазық фигурада белгіленген нүктелердің орналасуы; нысандардың қозғалыс сызбасы). Геометрия элементтерін кезеңдер бойынша оқыту технологиясы. | 2 | Жеңіл деңгей (А) – 1. Күрделі деңгей (С) - 1. |
10 | «Жиын. Логика элементтері» бөлімінің базалық мазмұны. Жиындар жəне олармен орындалатын амалдар (жиындардың бірігуі, қиылысуы, жіктелуі; жиындарды салыстыру; жиын түрлері; диаграммалар, Эйлер-Венн диаграммасы). Пікірлер (ақиқат немесе ақиқат емес тұжырымдар; ақиқат немесе жалған тұжырымдар; математикалық мазмұндағы пікірлер; сандық есептер, әртүрлі цифрлардан тұратын басқатырғыштар, логикалық есептер). Тізбектер (іс-әрекет тізбектілігі; тізбекті құрастыру, тізбектегі заңдылықтың бұзылуын табу). Нысандардың комбинациялары (комбинациялар жиыны; «таңдап алу» әдісімен комбинаторлық есептер). Логика мен жиындар элементтерін кезеңдер бойынша оқыту технологиясы. | 2 | Орта деңгей (В) - 1. Күрделі деңгей (С) - 1. |
11 | «Математикалық модельдеу» бөлімінің базалық мазмұны. Есептер жəне математикалық модель (есепті сызба, сурет, қысқаша жазба, кесте, сызықтық/бағандық диаграмма, алгоритм, дөңгелек диаграмма, график түрінде модельдеу; есеп түрлері; есептерді модельдеу және шығару; есептерді шешудің арифметикалық және алгебралық тәсілдері). Математикалық тіл (цифра, сан, санның графикалық моделі, жай бөлшектерді құру, салыстыру, қосу және азайту; математикалық таңбаларды, латын алфавитінің бас әріптерін қолдану; бос жиын; сан сәулесі; арифметикалық амалдардың компоненттері; деректерді жинақтау және ақпаратты түсіндіру). | 2 | Орта деңгей (В) – 1 Күрделі деңгей (С) - 1. |
12 | Оқушылардың оқу жетістіктерін диагносикалау және бағалау. Бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістіктерін критериялар мен дескрипторлар негізінде бағалау. Б. Блумның оқыту мақсатының таксономиясына сәйкес формативті және жиынтық бағалау тапсырмалары. Математикадан оқушылардың оқу нәтижелерін диагностикалау және бақылау. | 2 | Орта деңгей (В) - 1. Күрделі деңгей (С) - 1. |
Тестінің бір нұсқасындағы тапсырмалар саны | 20 |
4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
Оқуға түсуші ғылым және оқу пәні ретіндегі математиканы оқытудың әдістемесі туралы; математиканың оқу пәні ретінде нормативтік-құқықтық және мазмұндық-процессуалдық сипаттамалары туралы қалыптасқан түсініктерді көрсетуі тиіс. Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуды ұйымдастырудың заманауи педагогикалық тәсілдерін және бастауыш сынып оқушыларының қызметін жобалай білуі тиіс. «Сандар мен өлшемдер», «Алгебра элементтері», «Геометрия элементтері», «Жиын. Логика элементтері», «Математикалық модельдеу» бөлімдерінің базалық мазмұнын оқыту әдістемесін меңгеруі тиіс. Бастауыш сынып математикасының жаңартылған мазмұны мен оқулықтарының типтік оқу бағдарламаларында бағдарлануы; бастауыш сынып оқушыларының жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, математиканың бастауыш курсы мазмұнының нақты мәселелерін түсіндіру үшін қазіргі заманғы әдістемелік тәсілдерді білу және қолдана білуі қажет.
5. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:
Бір тапсырманы орындау уақыты – 2,5 минут
Тест орындалуының жалпы уақыты – 50 минут
6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:
Тестінің бір нұсқасында – 20 тапсырма.
Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларының бөлінуі:
-
жеңіл (A) – 6 тапсырма (30%); -
орташа (B) – 8 тапсырма (40%); -
қиын (C) – 6 тапсырма (30%).
7. Тапсырма формасы:
Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.
8. Тапсырманың орындалуын бағалау: Бағалау кезінде тестілеудің жиынтық балы есептелінеді. Барлық дұрыс жауаптар үшін - 2 балл, жіберілген бір қате үшін - 1 балл, екі және одан көп қате жауап үшін - 0 балл беріледі.
9.Ұсынылатын әдібиеттер тізімі:
-
«Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі – МЖМБС) ҚР БҒМ (бұдан әрі – ҚР БҒМ) 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы (өзгерістермен және толықтырулармен 2020 жылғы 28 тамыздағы №372 бұйрық)
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017669 ; -
«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультивтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына толықтырулар енгізі туралы. Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4 сыныптарына арналған «Математика» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы.
3.Ж.Қ.Астамбаева. Математиканы оқыту әдістемесі. Оқу-әдістемелік құрал. – Астана, «Дарын», 2016. – 80 б.
4.Т.Қ.Оспанов, Ш.Х.Құрманалина, С.К.Құрманалина. Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі. - Астана, «Фолиант», 2013.
5. Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған «Математика» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы (ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 10 мамырдағы № 199 бұйрығымен бекітілген). – Астана, 2018. – 77 б.
6. Активные методы обучения на уроках математики в начальной школе/ сост.: Кушнир М.П., Мендыгалиева З.М., Петрик Е.П. Астана: АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы», 2017. – 43 с.
7.Махмутова Л.Г. Методика обучения математике в начальной школе: учебно-практическое пособие. – Челябинск: Изд-во Челяб. гос. пед. ун-та, 2015. – 216 с.
8.2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік нұсқау хат. –Нұр-Сұлтан: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2021. – 378 б.