ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 10
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тарих ғылымында адамның пайда болуын, дамуын зерттейтңн көптеген ғылымдар бар. Солардың бірі антропология ғылымы. Антропология – адамның шыққан тегін және оның барлық ке зеңде бірдей дамуын зерттейтін ғылым. Бұл терминді алғаш рет ғылымға енгізген грек ойшылы Аристотель. Антропологияда адамды кең көлемде, әрбір адамның жеке әрекеттерін зерттейді: жастық, этникалық және нәсілдік түрлерін. Көптеген сұрақтар бойынша антропология этнография және археологиямен де тығыз байланысты. Негізінен антропология ғылымы бірнеше бөлімнен тұрады.
1.Антропогенез
2.Морфология
3.Этникалық антропология
4.Физикалық антропология
5. Палеоантропология
Антропогенез – антропологияның адамның шығу тегін, эволюциясын зерттейтін негізгі саласы. Бұларды зерттеулерде антропогенез физиология, психология, археология, этнография сияқты ғылымдардың деректеріне сүйенеді. Антропогонез ғылымы негізінен Чарлз Дарвиннің эволюциялық іліміне сүйенеді. Бұл ілім адамның даму кезеңдерін үш кезеңге бөледі.
1. Адам тәрізіді маймылдар кезеңі 2-3 млн жыл бұрын.
2. Епті адам кезеңі. 1 млн жыл бұрын. Осы уақытқа жататын адам түрлері : Питекантроп, синантроп, неандерталь адамы.
3. Саналы адам кезеңі. 50-40 мың жыл бұрын. Бұл кезеңде Кроманьондық адам типі өмір сүрді.
Этнос, этникалық қауымдастық - бір халықты екіншісінен ажыратуға мүмкіндік беретін ортақ белгілері бар қауымдастық.Этностың сипатын, қатынасын көрсететін және басқа этностардан ажырататын белгілері: тіл, халықтық өнер, әдет-ғұрып, дәстүр, қалыптасқан тәртіп, дағды, яғни ұрпақтан ұрпаққа беріетін мәдениет компононттері. Этностың шығу тегі мен оның өткен уақыттағы даму этногенез деп аталады.
Этногенез – қандай бір халықың тарихының бастамасы. Ол үнемі даму үстінде болады. Этногенез үрдісінің негізгі екі түрі болады:
1) жергілікті тайпалық топтардың биол. жолмен араласуы арқылы қалыптасу;
2) жаңа заманда басқа жерге қоныс аударған бірнеше халықтар өкілдерінің тікелей ықпалының нәтижесінде болатын қалыптасу.
Әрбір халықтың жеке халық болып қалыптасуы ғасырларға созылатын, түрлі тарихи кезеңдерді басынан өткізетін ұзақ процесс. Бұл процесс ғылыми әдебиетте этногенез деп аталады.
Қазақстан жерінде халық болып қалыптасу процесі алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, одан кейінгі қола дәуірі (б.з.б. II м.ж. ) мен темір дәуірі (б.з.б. VII-III ғғ.) кезеңдерінен басталады. Яғни, Қазақстанның территориясын ежелден мекендеген байырғы (автохонды) тайпалар мен тайпалар бірлестіктерінен бастау алады. Кейін байырғы тұрғындарға Орталық Азиядан батысқа қоныс аударушы тайпалар келіп қосылды.
Зерттеушілер қазақ халқының шығу тегі мен қалыптасуында тілдік және антропологиялық тұстарын ерекше бөліп қарастырады.
Қазақстанның ертедегі тарихын екі кезеңге: үндіеуропалық және түркілік кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңде тіл жағынан Қазақстан тұрғындары үндіеуропалық топтқа жатады деп болжайды.
Екінші кезеңде Қазақ халқының шығу тегін көне түркі тілдес ғұндармен, сақ және сармат, үйсін мен қаңлы тайпаларымен байланыстырады. Кейінен осы тайпалар тұрған жерде көптеген түркі елдері пайда болды.
Мәселен, Батыс Түрік қағанаты тарағаннан кейін оның орнында Түргеш қағанаты (704-766 жж.), Қарлұқ қағанаты (766-942 жж.), Оғыз мемлекеті (IX ғ. соңы - XI ғ.ортасы), Қимақ қағанаты (893 - XI ғ. басы), Қыпшақ хандығы (XIғ. - 1219 ж.), Қарахан мемлекеті (942-1212 жж.) өмір сүрді. Бұлардың арасындағы ұқсастық көп болды:
-олардың тұрған жерлері
-билік жүйесіндегі ұқсастықтар,
-материалдық және рухани өмірдегі жақындықтар
-тілдерінің бір болуы
Қазақ халқының қалыптасуында ежелгі (үйсін, қаңлы қоғамдары) және ерте ортағасырлардағы мемлекеттік құрылымдар (түрік тайпаларының мемлекеттері) мен олардың арасындағы өзара сабақтастық байланыстың маңызы зор.
Ғалымдардың көрсетуінше, XIII ғасырдың басындағы монғол шапқыншылығы халық болып қалыптасу процесін екі жүз жылдай уақытқа кешеуілдетті.
Монғол шапқыншылығы салдарынан Қазақстан жеріндегі ру-тайпалардың арасындағы тарихи қалыптасқан географиялық ортақтастық пен мәдени-экономикалық байланыстар бұзылды. Монғол басқыншылары көптеген қалалар мен елді мекендерді, егіншілік ошақтарын талқандап, өлкенің өндіргіш күштерін күйзелтті. Мұндағы экономикалық және мәдени байланыстарды үзді. Көптеген бейбіт халық егінші, малшы,зергер тағы басқа да кәсіп иелері қырылды. Ірі ру-тайпалардың бірсыпырасы қоныс аударуға, мәселен, қыпшақтардың бір бөлігі батысқа қоныс аударуға мәжбүр болды.
Қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы XIV-XV ғасырларда өмір сүрген этносаяси қауымдастықтар Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Моғолстан, Ноғай Ордасының тарихымен тікелей байланысты. Қазақстан жерінде қаншалықты жойқын шапқыншылықтар болғанымен, халық болып қалыптасудың негізгі шарты - тіл бірлігі жойылмады. Керісінше, уақыт өткен сайын монғол тайпаларының өздері жергілікті халықтың түркі тіліне, әдет-ғұрпына, салт-санасына көшіп, түркіленіп кетті. Оларды ғылыми әдебиеттерде «түріктенген монғолдар» деп атайды. Осы кезге тән бір ерекшелік- халық әр түрлі мемлекеттердің құрамына кіре тұра, бір тілді пайдаланды. Дәл осы мезгілде қазаққа тән антропологиялық кескін-келбет қалыптасты.
Жалпы халықтың этнос болып қалыптасуы ұзақ процесс, оның түпкілікті құралу мерзімін белгілі бір нақты уақыт кезеңімен дәл байланыстыру қиын. Дегенмен, тарихи, археологиялық, этнографиялық, антропологиялық және лингвистикалық деректер жиынтығы қазақ халқының қалыптасу процесі XIV-XV ғасырларда негізінен аяқталды деген тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Ол 2,5-3 мың жылды қамтитын күрделі және ұзақ даму жолынан өтті. Қазақ халқының халық болып қалыптасуының басты кезеңдерін шамамен төмендегіше көрсетуге болады: Бірінші кезең - қола дәуірі (б.з.б. II м.ж. ), екінші кезең- сақ - сармат дәуірі (б.з.б. VII-III ғғ), үшінші кезең - үйсін, қаңлы және ғұн дәуірі (б.з.б. II ғ.- б.з. V ғ.), төртінші кезең - түрік – қыпшақ дәуірі (VI- ХIII ғғ. басы), бесінші кезең - монғол дәуірі (ХIII - ХIV ғғ.), алтыншы - Алтын Орда ыдырағаннан кейінгі (ХIV ғ. соңы – ХV ғ.) - қазақ халқының қалыптасуының аяқталу кезеңі.
Қазақ халқының қалыптасуы түркі дәуірінің алғашқы кезеңінен басталады. Бұл кезеңнің маңыздылығы- қазақтардың арғы ата-бабалары- үйсін, қаңлы тайпаларының шығыстан келген ғұндармен араласуы. Соның нәтижесінде, жергілікті тайпалар антропологиялық жағынан өзгерістерге ұшырады.
Қазақ халқының қалыптасу жолындағы екінші кезеңінде жерімізге түркі тайпалары қоныс аударып, жергілікті тайпалармен біржолата араласып кетті. Осы араласудың нәтижесінде, жергілікті тайпалар саны жағынан көбейіп, сонымен бірге түркеш, қарлұқ, дулат, шушеби, шігіл, ягма, болат, т.б. жаңа тайпалар пайда болады. Ежелгі қазақстан тұрғындарының этностық құрамы осылай өсе түсті.
Қазақтардың халық болып қалыптасуындағы үшінші кезеңі-халықтардың саны жағынан көбейе бастаған кезі. Бұл кезеңде- дамыған орта ғасырларда (X-XIII ғғ. арасы) Моңғол хандығының күшеюінің әсерінен шығысына найман, керей, меркіт, жалайыр сияқты тайпалар келіп орналасады.
Қазақ этностық құрамының халық болып қалыптасуындағы соңғы кезеңі(XIII-XIVғғ.) жерімізде моңғол дәуірі кезіндегі этностық топтардың пайда болуымен сипатталады. Моңғол шапқыншылығы Қазақстан халқының этностық құрамының күрделілене түсуіне және оның антропологиялық түр-тұрпатының моңғолоидтік сипаты арта түсіуне себеп болды.
Осындай тарихи даму кезеңдерін басынан өткізген ру-тайпалар XV ғасырдың басында қазақ халқының қалыптасуына негіз болды.
Қазақ жүздерінің пайда болуы туралы нақты деректер жоқ. Зерттеушілердің көпшілігі «жүз» сөзінің мән-мағынасын тануға әрекет жасауда. Кейбір зерттеушілер оны арабтың бір нәрсенің басты бөлігі немесе тармағы деген ұғыммен байланыстырады. Ал екінші бір топтағы зерттеушілер
жүз сөзін сандық жүзбен (100) салыстырып зерттеуді ұйғарады. Үшінші бір ғалымдар адамның жүзімен байланыстырып, бір жағы жүзі деген ұғыммен салыстырып зерттеуді ұсынады. Жүздердің шығуы туралы Сәрсен Аманжолов моңғол шапқыншылығына дейін пайда болды десе, этнолог ғалым Н.А.Аристов жоңғар шапқыншылығы кезінде пайда болды дейді. Академик В.В.Бартольд қазақ жүздері әлеуметтік экономикалық жағдайға байланысты туды дейді. Бұл пікірді тарихшы М.Вяткин одан ары дамытып, жүздердің құрылуына саяси факторды қосып, ордалардың саяси одақтар құруын XVI ғасырдың соңына жатқызады. Бұл пікірді XIX ғасырдың екінші жартысында Ш.Уәлиханов айтқан: қазақтар өздері көшіп қонып жүрген жерлерінде өз құқықтарын сақтау үшін үш жүзден одақтар құрған дейді. Ал үш жүздің құрылуын Алтын Орданың ыдырау кезімен байланыстырады. Тарихшы Т.Сұлтанов моңғолдар енгізген ұлыстық басқару жүйесінің орнына қазақ жүздері пайда болған деп келіп, жүздің орын алған кезін XVI ғасырдың екінші жартысы деп көрсетеді. Т.Сұлтановтың жүздің пайда болуын XVI ғасырдың екінші жартысымен байланыстыруы шындыққа жақын. Бұл кезде хандықты Хақназар хан (1538-1580 жж.) билеген еді. Хандықтың жер көлемі батыс және оңтүстік жағынан кеңейіп, ру тайпалар қосылып, тайпа басшылары билікке тартылған еді. Тайпалық одақтар құрылып, олар ішіндегі негізгі ірі тайпа атымен белгілі болды. Мысалы, XV ғасырда Жәнібек пен Керейдің Әбілхайыр ханнан бөлініп көшуіне ссебеп болған Ақжол бидің өлімі болса, мұндағы арғын тайпасының көрнекті өкілі Ақжол бидің есімі Орта жүздің ұранына айналған. Ал Ұлы жүз атақты тайпасы үйсіннің биі Бақтиярдың атын ұран етіп көтерсе, Кіші жүздің атақты алшын руының биі Алдияр аты да ұранға айналып, үш жүз құрылған. Ал жалпы қазақтың ұраны «Алаш» деп аттан салғанда, бүкіл үш жүздің ұландары атқа қонған.
-
Үш жүздің құрамы ежелден өмір сүріп келе жатқан жергілікті ру тайпалар бірлестігінен құралды. Ұлы жүзде (Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан)- сарыүйсін, албан, дулат, суан, шапырашты, жалайыр, ысты, ошақты, қаңлы, шанышқылы, сіргелі, т.б.; Орта жүзде (Орталық және Солтүстік Қазақстан)- арғын, найман, қыпшақ, қоңырат, керей, уақ, т.б.; Кіші жүзде (Батыс Қазақстан), ірі рулардың бірлестігі- байұлы(12 ата), әлімұлы(6 ата) және жетіру(7 ата).