Файл: Берілген дістерді сіресе айсысы науасты психикалы жадайын баалауа жатады.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 408

Скачиваний: 10

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


  1. Берілген әдістердің әсіресе қайсысы науқастың психикалық жағдайын бағалауға жатады?




  1. +экспериментальды-психологиялық

  2. клиникалық-психопатологиялық

  3. электроэнцефалографиялық

  4. клиникалық-амнестикалық

  5. электрофизиологиялық





  1. Клиникалық-психопатологиялық зерттеу әдісінің негізгі мақсатына сәйкес ЕҢ ЫҚТИМАЛ жауапты белгіле?




  1. +сұрастыру жолы және психикалық бұзылыстарын бақылау

  2. науқас мінезінің патологиялық белгісін анықтау

  3. параклиникалық зерттеу нәтижелеріне баға беру

  4. науқасты оның жалған сенімінен айыру

  5. науқастың жүріс тұрысын бақылау





  1. Берілгендердің қайсысы соттық-психиатриялық сараптама тағайындалуыны негіз болып табылады?




  1. емдік мекеме администрациясының өтініші

  2. дәрігерлік кеңес комиссиясының қорытындысы

  3. +соттық-тергеу органдарының қаулысы

  4. сарапталушы туыстарының өтініші

  5. медико-социалды комиссия қорытындысы





  1. Берілген сұрақтардың қайсысы соттық -психиатриялық сараптама өндірілуі кезінде шешіледі?




  1. еңбекке қабілеттілігі туралы

  2. әскери қызметке жарамдылығы туралы

  3. кәсіби жарамдылығы туралы

  4. еркінен тыс госпитализациялау

  5. +қылмыс ісіне жауаптылығы немесе жауапсыздығы





  1. Берілгендердің қайсысы еркінен тыс психиатриялық стационарға госпитализациялауға негіз болып табылады?




  1. көршілерінің өтініші

  2. жұмыс берушілерінің өтініші

  3. +психиатр дәрігер қорытындысы

  4. құқық қорғау органдарының рапорты

  5. жалпы тәжірибелік дәрігерлер консилиумының қорытындысы





  1. Берілгендердің қайсысы психиатриялық бұзылысы бар тұлғаларды еңбекке қабілеттілігін шектеуге әсіресе негіз болып табылады?




  1. сот шешімі

  2. +медико-социалды сараптама комиссиясының қорытындысы

  3. медико-педагогикалық сараптама комиссиясының қорытындысы

  4. соттық психиатриялық комиссияның қорытындысы

  5. психиатриялық мекеменің дәрігерлік-кеңестік комиссиясының

қорытындысы



  1. Берілген комиссияның қайсысы азаматтың құқық бұзушылығына қатысты қылмыс- іс жасалуына жауаптылық сұрағын шешеді?




  1. әскери дәрігерлік

  2. медико-социалды

  3. соттық психологиялық

  4. +соттық психиатриялық

  5. дәрігерлік кеңестік




  1. Берілгендердің қайсысы ҚР «Қоғам денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі» Кодексіне сәйкес сот шешімінсіз азаматты уақытша психиатриялық стационарға госпитализациялауға көрсеткіш болып табылады?




  1. ауыр қылмыс жасау

  2. діни сектаның қызметіне қатысу

  3. алкогольдік мастану кезіндегі агрессивтілік

  4. +психикалық бұзылыс нәтижесіндегі дәрменсіздік

  5. бірге қызмет етушілер өтінішімен психикалық бұзылысқа күдік




  1. Берілген шарттардың қайсысында құқық бұзушылық жасаған және іс-қылмысына жауапсыз деп шешілген психикалық науқастарға уақытша медициналық сипаттағы шаралар жасалынады?




  1. бас бостандығынан айыратын жердегі психиатриялық стационар

  2. +амбулаторлық қарау және психиатрда емделу

  3. бас бостандығынан айыратын жердегі медсанчасть

  4. күндізгі стационар

  5. үйдегі стационар





  1. Төменде берілген қызметтік тұлғалардың қайсысы азаматты психиатриялық стационарға жатқызуға шешімді ӘСІРЕСЕ шығарады?




  1. сот

  2. прокурор

  3. +психиатр дәрігер

  4. жедел жәрдемнің терапевт дәрігері

  5. емдеу мекемесінің директоры





  1. Берілген шарттардың қайссысында ерікті түрде психиатриялық көмек жасалуы мүмкін?




  1. науқастың ауызшы келісімін алып

  2. науқасқа жұмыс берушінің келісімімен

  3. +науқастың жазбаса келісімімен

  4. науқас туыстарының келісімімен

  5. мекеме адмистрациясының келісімімен





  1. Төмендегі берілгендердің қайсысы шынайы галлюцинация түсінігін ӘСІРЕСЕ сипаттайды?




  1. +образдардың нақтылығына субъективті сенімділік

  2. галлюцинаторлы бейнелердің «жасалғаны,құрастырылғаны»

  3. бейнелердің шынайы еместігін субъективті уайымдау

  4. бейнелердің бүтіндігі, анықтылығы,тембрі болмау

  5. бейнелердің проекциясы көбінесе дене ішінде болуы




  1. 30 жастағы әйел жұбайынан айырылған, оның фотосымен сөйлеседі, күйеуінң жүргенің «естиді», оған жұмысы туралы «әңгімелейді», жылы сөздер «айтады». Берілгендердің қайсысы әсіресе дұрысырақ?

  1. комментирлеуші галлюцинациялар

  2. фунциональды галлюцинациялар

  3. +истериялық галлюцинациялар

  4. рефлекторлы галлюцинациялар

  5. жалған галлюцинациялар





  1. Төменде көрсетілген психикалық қызмет сферасы бұзылыстарының қайсысына ӘСІРЕСЕ гипостезия жатады?




  1. эмоциялар

  2. есте сақтау

  3. назар

  4. ойлау

  5. +түйсік





  1. Объективті кеңістіктегі қабылдаудың жалған проекциясы төменде көрсетілген психикалық бұзылыстардың қайсысына тән?




  1. психикалық автоматизмдер

  2. +шынайы галлюцинациялар

  3. жалған галлюцинациялар

  4. деперсонализациялар

  5. онейроид





  1. Субъективті кеңістіктегі қабылдаудың жалған проекциясы төменде көрсетілген психикалық бұзылыстардың қайсысына тән?




  1. делирий

  2. иллюзиялар

  3. дисмегалопсиялар

  4. +жалған галлюцинациялар

  5. шынайы галлюцинациялар




  1. 35 жастағы әйел өзінің психикалық белсенділігінің өзгергенініе шағым айтты: денесі шынайы емес сияқты, қозғалыстары мен жүріс тұрысы өзінікі еместей, денесі жансыз секілді, сезімдерін жоғалтқандай сезінеді.Берілген синдромдардың әсіресе қайсысы болуы мүмкін?

  1. +деперсонализациялық

  2. ипохондриялық

  3. дисфориялық

  4. астениялық

  5. апатиялық





  1. Төменде көрсетілген түсініктердің қайсысы әсіресе «дереализацияны» білдіреді ?




  1. заттарды жалған қабылдау

  2. оқиғаны бұрмалап қабылдау

  3. тұлғасын бұрмалап қабылдау

  4. заттарды бұрмалап қабылдау

  5. +кеңістікті бұрмалап қабылдау




  1. Әйел адам 42 жаста, «ішкі дауыстың» бар болуына шағымданады. Жүрек аймағынан шығады және өзіне қол жұмсауына бұйрық береді. Қандай психикалық бұзылысқа әсіресес сәйкес келеді?




  1. парестезия

  2. гиперестезия

  3. сенестопатия

  4. +псевдогаллюцинациялар

  5. психосенсорлы бұзылыстар




  1. Ер адам 28 жаста, периодты түрде пайда болатын, бөлме қабырғасы еңкейіп, үстіне құлап кететіндей сезімге шағымданады. Қандай психикалық бұзылысқа сәйкес келеді?




  1. парейдолия

  2. гиперестезия

  3. деперсонализация

  4. псевдогаллюцинация

  5. +психосенсорлы бұзылыстар




  1. Әйел адам 30 жаста, әлем алыстап, оны көру трубасынан қарағандай ерекше түсініксіз сезімді сезінеді. Қандай психикалық бұзылыс әсіресе сәйкес келеді?




  1. парейдолиялық иллюзия

  2. шынайы галлюцинация

  3. псевдогаллюцинация

  4. сенестопатия

  5. +дереализация





  1. Берілгендердің қайсысы «порропсия» түсінігін сипаттайды?




  1. аяқ-қолдың ұзаруы

  2. аяқ-қолдың қысқаруы

  3. дене өлшемінің ұлғаюы

  4. айналадағы заттардың алыстауы

  5. +заттардың өз өсінің айналуында




  1. Ер адам 26 жаста, бөлмесіндегі қабырғаға ілінген кілемдегі ою-өрнектерінен әр түрлі құбыжықтарды көреді. Қандай психикалық бұзылыс анағұрлым сәйкес келеді?



  1. рефлекторлы галлюцинация

  2. психосенсорлы бұзылыстар

  3. +парейдолиялық иллюзия

  4. көру галлюцинациясы

  5. жалған галлюцинация





  1. Берілген симптомдардың қайсысы ойлаудың байланыссыздығына сәйкес келеді?




  1. +элементарлы сөз мағынасының бір-бірімен байланыспауы

  2. грамматикалық құрылым сақталады

  3. түсініктердің логикалық байланысы сақталады

  4. ассоциацивті қызметтің интегрирленуі

  5. ойлау процесінің баяулауы





  1. Берілген симптомдардың қайсысына ойлаудың байланыссыздығына сәйкес келеді?




  1. Кандинский-Клерамбо синдромы

  2. психоорганикалық синдром

  3. делириозды синдром

  4. +аментивті синдром

  5. Корсаков синдромы





  1. Берілгендердің қайсысы ойдың ағымын сипаттайды?




  1. ойлау үзілісі

  2. беткей ассоциация

  3. мақсатсыз ойлау

  4. +еріктен тыс ассоциация ағымы

  5. түсініктің мағыналық байлынысының болмауы





  1. Берілген симптомдардың қайсысы идеаторлы автматизмдер кезіндегі ойлаудың ерекшеліктеріне жатады?




  1. +науқастың ойын біреу «басқаратына» күдіктену

  2. естің күңгірттену кезіндегі ойдың жоғалуы

  3. қозғалу актісінің зорлық күшпен істелінуі

  4. ойлаудың байымдылығы, тұтқырлығы

  5. сөйлеу стереопитерінің пайда болуы





  1. Төменде берілген автоматизмдердің қайсысына ой ағымы тән?




  1. сенестопатиялық

  2. амбулаторлы

  3. +идеаторлы

  4. моторлы

  5. сенсорлы




  1. 35 жастағы ер адам, мафия соңына түскеніне, олар оның «миынан дарынды ойлап тапқан жаңалығын (изобретение) тартып алғысы келетініне» сенімді. Ол ойлап тапқан «магнитпен қарсылас әскерге барлық спутниктерді тоқтатуға» болатыны жайлы жаңалық ашпақшы. Ол өзіне қарсы мафияның келісіп жатқанын естиді.


Қандай синдромға сәйкес келеді?


  1. +Кандинский -Клерамбо

  2. депрессивті сандырақ

  3. кататониялық

  4. паранойяльді

  5. Корсаков




  1. 78 жастағы ер адам бас-миы қантамырының атеросклерозымен ауырады. Бөлімшеде тұйық және күмәншіл. Оны біреу «соңына түсіп,уландыруға және дүние-мүлкін тартып алғысы келетініне» сенімді. Науқастармен қарым-қатынасы жоқ, себебі бөлімшеге жіберілген «арнайы адамдардың бар екенін» және олардың өзіне бағытталған «қауіп төндіру әңгімесін естігенін» айтады. Науқастар «бір-бірімен келісіп», ол кірген кезде сөйлемей тоқтап қалатынын «көреді». Олар оған «қастандық жасамай жатып» өзін тез шығаруын өтінеді. Қандай сандырақ синдромына сәйкес келеді?




  1. Корсаков

  2. парафренді

  3. +параноидты

  4. паранойяльді

  5. Кандинский -Клерамбо





  1. Берілген синдромдардың қайсысы сандырақ синдромына жатады?




  1. +психикалық автоматизм

  2. психоорганикалық

  3. неврозтәрізді

  4. астениялық

  5. аментивті




  1. 46 жастағы ер адам, жүрек ұастамасынан қайтыс болудан қорқады, ол жайлы күнделікті ойлайды. Өзінің уайымын негізсіз екенін түсінеді, бірақ одан құтыла алмайды. Ойлау бұзылысының қай түрі осы жағдайды сипаттайды?




  1. сандырақ идеясы

  2. ой ағымы

  3. аса бағалы идея

  4. +жабысқақ ойлар

  5. ойлаудың персеверациясы




  1. Сандырақтық бұзылысы бар 40 жастағы ер адам, басының ішінде зорлықпен істететін сезім мен пульсацияны сезеді. Осы аталған сандырақтық синдромдардың қайсысы ЕҢ ЫҚТИМАЛ болуы мүмкін?




  1. Котар

  2. парафренті

  3. паранойялды

  4. +Кандинский-Клерамбо

  5. депрессивті параноидты



  1. Ер адам 60 жаста, өз денсаулығы жайлы айта отырып, балалық кезінен бастап бүкіл өмірін мұқият, егжей-тегжейлі жеткізді . Дәрігер науқастың әңгімесін бөлуге әрекет жасағанда, науқыс тітіркеніп: «Сіз өзіңіз менен не мазалайтынын сұрадыңыз!»-деп жауап қайтарды.


Аталған ойлау бұзылыстарының қайсысы ЕҢ ЫҚТИМАЛ болуы мүмкін?


  1. +ойлау байымдылығы, толықтылығы

  2. ойлаудың үзілуі

  3. персеверация

  4. резонерлік

  5. ментизм




  1. Әйел адам 65 жаста, өзінің ішкі ағзаларының шіріп кеткеніне, жеген тамағы қорытылмай, бірден жамбас қуысына түседі деп шағымданады.

Осы жағдайға ЕҢ ЫҚТИМАЛ тән психикалық бұзылыс:


  1. индуцирленген сандырақ

  2. фобиялық синдром

  3. резидуалды сандырақ

  4. әсер ету сандырағы

  5. +Катар сандырағы




  1. 32 жастағы ер адам, шағымдарын айтуы туралы өтінішке былай жауап берді: «Сіз дәрігерсіз. Бәрін өзіңіз білуіңіз қажет . Дәрігерлер аурудың белгілерін білуі және анықтауы қажет. Ауру белгілерін жақсы анықтаған сайын, біздің денсаулығымыз соғұрлым мықты болады. Дені саудың-жаны сау».


Осы жағдайда ЕҢ ЫҚТИМАЛ ойлау бұзылысы қайсы?


  1. ментизм

  2. шизофазия

  3. +резонерлік

  4. персеверация

  5. ойлау үзілуі




  1. 72 жастағы әйел ешқандай негізсіз көршілерімен жанжалдаса бастады. Көршілері оның үйінен тұз ұрлады деп шағымданады. Бұл оқиғаның жалған екеніне туысқандарының сендіру әрекеттері нәтижесіз болды.


Осы жағдайда ЕҢ ЫҚТИМАЛ ойлау бұзылысы қайсы?


  1. +ұсақмас штабты зиян келтіру сандырағы

  2. психикалық автоматизм

  3. ойлау байланыссыздығы

  4. аса бағалы ойлар

  5. жабысқақ ойлар




  1. Ер адам 42 жаста, формальді анық ес жағдайында дәрігердің өзін қалай сезінетіні жайындағы сұраққа былай жауап берді: «Мен көшеде келе жатқанмын, оң жақтан ұзын өрт сөндіру баспалдағын алып өтті. Бұл кітап қайда? Енді қар аязсыз болмайды ғой. Егер де қоссаңыз да, не шегерсеңіз де, бәрібір қарсыластық аяқталады».


Осы жағдайда ЕҢ ЫҚТИМАЛ ойлау бұзылысы қайсы?


  1. персеверация

  2. әсер ету сандырағы

  3. аса бағалы ойлар

  4. жабысқақтық қорқыныштар

  5. +ойлау үзілісі




  1. 16 жастағы жасөспірім айтады: «Менің ата-анам шын туған ата -анам емес деп жайдан-жай шешкен жоқпын. Мәселе мынада, менің Кирилл деген атымда шындық жасырылған . Бұл мынадай сөздерден құралған: «Кир» деген патша болған, «ил» батпақтан тауып алған деген түсінік, демек мені жәй тауып алған және менің есімім шынайы, ал фамилиям жоқ».


Осы жағдайда ЕҢ ЫҚТИМАЛ ойлау бұзылысы қайсы?


  1. +символикалық

  2. паталогиялық байымдылығы

  3. аутистикалық

  4. ойлау баяулауы

  5. ойлау жылдамдауы




  1. Науқас айналасындағылардың үнемі оның жаман қасиеттеріне нұсқайтынын байқайды. Адардар онымен жолыққанда көздерін төмен қаратып, жөтеліп, күле бастайды. Оның терезесіне машиналар арнайы жарығын түсіреді. «20 күн қалды» тақырыбымен газетте мақала жарияланды. Мұнымен оның 20 күн өмір сүру уақыты қалды деп айтқысы келетініне сенімді.



Осы жағдайға тән сандырақ бұзылыстарының қайсысы сәйкес келеді?


  1. ұлылық сандырағы

  2. +қарым-қатынас сандырағы

  3. әсер ету сандырағы

  4. қойылым сандырағы

  5. өзін-өзі кемсіту сандырағы





  1. Төменде берілгендердің қайсысы «мутизм» түсінігіне сәйкес келеді?




  1. +қалыпты қызметі сақталған сөйлеудің болмауы

  2. сөйлеудің қысқаруы, сөздік қордың кедейленуі

  3. сөйлеу ырғақтылығы мен қарқындылығының бұзылысы

  4. сөйлеу артикуляциясының бұзылысы

  5. дауысын жоғалтуы





  1. Төменде көрсетілген қайсысы сөйлеу стереотипіне ӘСІРЕСЕ тән?




  1. еріктен тыс ағымдағы ассоциация

  2. +сөздің дыбысталуымен ұқсастығы

  3. сөйлеу кезінде символдарды қолдану

  4. сөйлеу ырғақтылығы мен қарқындылығының бұзылуы

  5. мағынасыз данышпандану




  1. 42 жастағы ер адам көміртегі тотығымен (угарный газ) уланған соң фиксациялық және ретроградты амнезия түрінде есте сақтау бұзылысы бақыланды. Жадыдан түсіп қалған оқиғаларды науқас шын мәнінде болмаған оқиғалармен толықтырады. Сонымен қатар, әңгіме барсында науқас болған оқиғаның уақыты мен орнын қате есіне түсіріп айтады.


Аталған синдромдардың қайсысы ӘСІРЕСЕ сәйкес келеді?


  1. Котар

  2. Ганзер

  3. Фреголи

  4. +Корсаков

  5. Кандинский-Клерамбо





  1. Төменде көрсетілгендердің қайсысы конфабуляцияға ӘСІРЕСЕ тән?




  1. өткен оқиғаларға есте сақтаудың жоғарылауы

  2. өткен оқиғаларға есте сақтаудың төмендеуі

  3. өткен оқиғаларды қазіргі уақытқа көшіру

  4. +фантастикалық сипатта жалған еске түсіру

  5. ақпаратты жаңғыртуыдың кенеттен бұзылысы





  1. Берілгендердің қайсысы органикалық аурулармен шақырылған, жүре пайда болатын ақыл кемістігіне ӘСІРЕСЕ тән?




  1. +деменция

  2. олигофрения

  3. псевдодеменция

  4. Корсаков психозы

  5. прогрессивті паралич






  1. Берілгендердің қайсысы ақыл-естің кемістігіне тән?




  1. органикалық церебральді аурулармен шақырылған, жүре пайда болған ақыл кемістігі

  2. педагогикалық қарай алмаушылықтың себебінен психикалық дамуыдң кідіруі

  3. қазіргі болып жатқан оқиғаларды есте сақтау қабілетінің бірден әлсіреуі немесе болмауы

  4. психикалық денсаулыққа байланыссыз психикалық дамудың артта қалуы

  5. +туа пайда болған немесе жүре пайда болған өмірінің алғашқы жылдарында болатын ақыл кемістігі





  1. Берілгендердің қайсысы тұқым қуалайтын, туа пайда болған немесе ерте жүре пайда болған ақыл кемістігіне ӘСІРЕСЕ тән?



  1. шизофрения

  2. парафрения

  3. гипофрения

  4. гебифрения

  5. +олгиофрения




  1. Берілгендердің қайсысы уақытта үдемейтін интеллектуальді бұызылыстардың сипаты болып табылады?




  1. псевдодеменция

  2. қантамырлық деменция

  3. парциальді ақыл кемістігі

  4. +ақыл-ой кемістігі

  5. психикалық даму кідірісі





  1. Берілгендердің ӘСІРЕСЕ қайсысы Корсаков синромының құрамына кіруі мүмкін?




  1. +амнестикалық дезориентировка

  2. прогрессирлеушы амнезия

  3. психоз кезіндегі амнезия

  4. антероградты амнезия

  5. ретроградты амнезия




  1. Ер адам 45 жаста, ғылыми қызметкер. Себепсіз кенеттен мінезі өзгерді, жұмыс істеуі қиындаған, ештеңемен айналысқан жоқ. Үнемі көтеріңкі көңіл-күйлі, қалжыңдар, бала-шаға және бөтен адамдардан қысылмай, өзінің сексуальды қабілеттерін қысылмай, демонстративті түрде айтады. Өзін аурумын деп санамайды.


Берілген бұзылыстардың қайсысы дұрыс?


  1. концентрленген ақыл кемістігі

  2. катотониялық қозу

  3. +тотальды ақыл кемістігі

  4. лакунарлы ақыл кемістігі

  5. псевдодеменция




  1. Ер адам 79 жаста, есте сақтау қабілеттілігінің төмендеуіне шағымданады. Соңғы жылдардағы және 10 жыл бұрын болған оқиғаларды қиындықпен есіне түсіреді. Бірақ жас кезіндегі, әскери жастағы болған оқиғаларды жақсы есіне түсіреді. Берілген амнезиялардың қайсысы тән?





  1. антероретроградты

  2. +үдемелі

  3. фиксациялық

  4. ретроградты

  5. конградты




  1. Науқас 55 жаста, анамнезінде маскүнемдік, инсульт бар. Сөздерді созып, баяу сөйлейді. Сөздері байымды, детализацияланған. Әңгіме кезінде бір тақырыптан екінші тақырыпқа көшкен кезде өте баяу ауысады, жиі тоқтап қалады. Есі бірден төмендеген, жеке өміріндегі болған жәйттардың уақытын айта алмайды. Көңіл-күйі тұрақсыз, жиі себепсіз ызалы, тітіркенгіш. Берілген синдромдардың қайсысы ЕҢ ЫҚТИМАЛ тән?




  1. кататониялық

  2. неврозтәрізді

  3. псевдодементті

  4. психопаттәрізді

  5. +психоорганикалық




  1. Ер адам 35 жаста, бас-ми жарақатынан кейін ес бұзылысы анықталған. Ес үзілістерін науқас ойша құрастырады. Шын мәнінде болмаған жағдайларын есіне түсіреді.




  1. ретроградты амнезия

  2. жалған реминисценция

  3. конградты амнезия

  4. +конфабуляция

  5. криптамнезия




  1. 80 жастағы науқас стационарға есте сақтау қабілетінің нашарлауына шағымданып түсті. Дәл қазіргі күнді айта алмайды, стацинарда қанша күн болғанын айта алмайды, емдеуші дәрігердің атын есінде сақтамайды. Басқалардың бөлмесіне кіріп кетеді, өзінің төсек орнын таба алмайды.Берілген есте сақтау бұзылыстарының қайсысы аса сәйкес?




  1. антероретроградты амнезия

  2. үдемелі амнезия

  3. антероградты амнезия

  4. +фиксациялық амнезия

  5. конградты амнезия




  1. Төмендегі аталғандардың қайсысы «дисфория» түсінігінің ең ықтимал сипаттамасы:




  1. осы адамға тұрақты эмоциональді фон

  2. +эпилепсиямен ауырған науқаста эмоциональді пароксизм

  3. таңдаулы эмоциональды қатынас

  4. эмоциональдық әлсіздіктің күйі

  5. сезім аймағындағы лабильділік




  1. Төмендегі аталғандардың қайсысы «көңілшектікі» түсінігінің ең ықтимал сипаттамасы:




  1. уайымды ызалы көңіл-күйдің пароксизмальді кезеңдері

  2. осы адамға тән тұрақты эмоциональды фон

  3. қысқа уақыттық айқын эмоциональді реакция

  4. +эмоциональдық күйді оңай, жылдам өзгертуі

  5. науқаста эмоциональдық пароксизм





  1. Төмендегі аталған қайсы симптом эмоциональді тұрақсыздықты сипаттайды?




  1. +көңілшектік

  2. үрей

  3. эксплозивтілік

  4. эмоцияның амбиваленттілігі

  5. эмоцияның парадоксальдылығы





  1. Кикіл жіңдік жағдай нәтижесінде 30 жастағы ер адамда күшті қозғалыстық қимылдармен және вазовегетативті көріністермен, кенеттен тарылу, кейін сананың қарауытуымен, мақсатты іс әрекеттің жоғалуымен, автоматтандырылған әлеуметтік қауіпті әрекеттермен көрінетін эмоционлаьді реакция дамыды. Бұл реакция жарты сағатқа созылып, терең ұйқымен аяқталды. Оянғаннан кейін ер адамда сол кезеңдегі болған қозудың толық амнезиясы болды.Келтірілген эмоциолнальді жағдайлардың қайсысы осы оқиғаға әсіресе сәйкес?




  1. истериялық қозу

  2. физтологиялық аффект

  3. реактивті қозу

  4. +патологиялық аффект

  5. дисфориялық жәй-күй




  1. Әйел адам, 32 жаста, айқын сары уайым мен үрей жағдайында. Оның мимикасы қайғыруды бейнелейді, арасында дауыс көтеріп, жоқтау айтып, жылап алады, өзін «күнәлары мен жағымсыз іс-әрекеттері үшін» жазалауын талап етеді. Берілген бұзылыстардың қайсысы аса тән?




  1. истериялық қозу

  2. кататониялық қозу

  3. жедел сандырақ жағдайы

  4. +ажитирленген депрессия

  5. дисфория




  1. 17 жастағы жасөспірім, дәрігермен сөйлесу кезінде өзінің ата-анасына қатысты бір уақытта махаббат, жақыншылдық және мотивсіз ашу мен жеккөру сезімдері барын айтты.Берілген эмоциональдық бұзылыстардың қайсысы аса тән?




  1. эмоциональді лабильділік

  2. эмоциональді анестезия

  3. +амбиваленттілік

  4. көңілшектік

  5. дисфория




  1. 18 жастағы жас жігіт, қозған, күле береді, көп сөйлейді, әңгіме барысында басқа тақырыпқа тез ауытқиды, айналасындағыларға көп кеңес береді, өз көмегін ұсынады, үнемі аштық сезімін сезінеді, гиперсексуальді.Берілген сиптомдардың қайсысы ӘСІРЕСЕ болуы мүмкін?




  1. +маниакальді

  2. гебефрениялық

  3. псевдодементті

  4. психопаттәрізді

  5. сана бұзылысы





  1. Төмендегі берілген эмоционалды бұзылыстардың қайсысы дисфориялық синдромға тән?




  1. эйфория, ақымақтық

  2. қорқыныш, болашаққа деген уайым

  3. +уайымды-ызалы көңіл-күй

  4. сәл көтеріңкі- алаңсыздық көңіл-күй (благодушно- беспечное настроение)

  5. религиозды-экстатикалық жағдай




  1. Ер адам, 36 жаста. 2 жыл көлемінде 12 елі ішектің жарасымен ауырады. Осы ауруға байланысты екінші топтағы мүгедек. Мінезі бойынша үрейлі, тұйық. Қазіргі уақытты соматикалық ауруы асқынған, өз ауруына фиксацияланған, жазылмайтын ауру деп санайды. Көңіл-күйі төмен, тамақтан бас тартады, бөлімшеде ешкіммен араласпайды. Суицидалды ойлар туралы айтады. Өз жағдайына баға бере алмайды.Төмендегі синдромдардың қайсысына аса сәйкес?