Файл: Білімі жоары,мамандыы математика пні малімі. Санаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 20

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



2021-2022 оқу жылы бойынша атқарылған жұмыстарға талдама есеп
5 «Ә» класс жетекшісі Ахмет Гүлнұр Сағынбайқызы, педагогикалық стажы 3 жыл. Білімі –жоғары,мамандығы : математика пәні мұғалімі .

Санаты: жоқ

Өзекті мәселесі: :« Білім алушыларға жаңа технологияларды меңгерте отырып, сапалы білім алуын қамтамасыз ету.»

Жаңартылған білім беру бағдарламасы негізіндегі құжат: жоқ.

Сынып жетекшінің проблемасы: «Адами құндылықтары мен отан сүйгіштік қасиеттеріне сүйене отырып,интелектуалды,шығармашылды тұлға есебінде қалыптасуына ықпал жасау».

Оқу - тәрбие процесі:

2021-2022 оқу жылында 5 «ә» класқа класс жетекшілік қызметін атқару міндеті жүктелді.1 қыркүйек күні класқа 14 оқушы қабылданды. Оның 7 - қыз, 7 ер бала, 2 тоқсан соңында 16 оқушымен аяқтадым.

Әдістемелік жұмыстар негізінде

Әдістемілік отырыста ҰМЖ –ға негізделе отырып, ОМЖ жасақталып, қыркүйек айында 1 оқу жылына бекітілді. ОМЖ бойынша күнделікті сабақ жоспары жазылып,бекітіліп тұрды..Тәрбие жоспары 34 апталық кезеңге бөлініп,атаулы мерейтойларға байланысты даталар қосылып,жасақталып бекітілді. Электронды журнал күнделік кз күнделікті сабақтар мен тәрбие жоспары бойынша тәрбие сағаттары толтырылды.

Мектеп психологымен бірлескен жұмыстар:

- Класс оқушыларының жеке тұлғалық ерекшеліктері мен қызығушылықтары зерттеліп, мектепке бейімделу барысы тексеріліп қорытындыланды. Класқа және жекелей класс оқушыларына мінездеме жазылды. Психологпен жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде класс оқушыларының жеке тұлғалық ерекшеліктері мен қызығушылықтары анықталды.

Дарынды оқушылармен жұмыстың негізгі мақсаты: оқушылардың шығармашылық, интеллектуалдық қабілетін дамыту арқылы білім сапасын көтеру.

Мектептің дарынды оқушыларымен жұмысы төмендегі бағыттар бойынша жүргізілді.

- ғылыми жобаларды қорғау конференциялары;

- негізгі пәндер бойынша олимпиадалар;

- интеллектуалдық ойындар мен байқаулар;

-«IQ» атты оқушылар мен студенттерге арналған III Республикалық пәндік олимпиадасының математика пәні бойынша 1 дәрежелі диплом жеңімпазы Қабашев Мейірбек,Ұзақбай Кәусар,Жұмағалиев Мират,Ерболатова Ақерке, 2 дәрежелі диплом жеңімпаздары Таңатарова Асель, Жанұзақова Дина,Қайранова Көркем, Серік Мұхит , Тұржан Бексұлтан, Усенғалиева Аружан, 3 дәрежелі диплом жеңімпаздары Үкібай Ерболат марапатталды.

-Мектепішілік «Күзгі көрме» атты күзгі өнімдерден,табиғи материал қалдықтарынан экибане жасап белсенділік танытқан 6 оқушы өз жұмыстарын ұсынып, 1,2,3 орынды мадақтамамен марапатталды.

-Мектепішілік «Қысқы символ» атты қабырға газеттері байқауына да белсенділік танытып 2 дәрежелі дипломмен марапатталды.

Мұғалім жетістігі:

Мұғалім жетістіктері:

Жетістік түрі: Диплом
Деңгейі: Республикалық
Түсініктеме: Халықаралық педагогикалық IQ OLIMPIADA - 2021

Білім жетілдіру оқыту курстары:

Жетістік түрі: Курс, сертификат
Деңгейі: Республикалық
Түсініктеме: Педагогтердің цифрлық құзіреттілігін дамыту»

Мұғалім жетістіктері:

Жетістік түрі: Диплом
Деңгейі: Халықаралық
Түсініктеме: III Республикалық педагогикалық  «Үздік педагог» олимпиадасы-2021»


2021-2022 оқу жылының 2 ші оқу тоқсаны бойынша 5 «Ә» класс оқушыларының

үлгерім және білім сапасы бойынша есебі

Сыныбы

Оқушы саны

Қызы

5

4

3

2

Үлгерім

%

Сапа

%

Орта балл

Оқу озаттары

Аты-жөні толық

Оқу екпінділері

Аты-жөні толық

5 «ә»

14

7

4

4

6

-

100%

57%

3.8

1.Cерік Мұхит

2.Қайранова Көркем

3.Айдолла Хадиджа

4.Үкібай Ерболат


1.Жалғасбай Ажар

2.Амангелді Арайлым

3.Орынғали Нұрай

4.Тұрлан Мерейлім



2021-2022 оқу жылының 2 ші оқу тоқсаны бойынша 5 «Ә» класс оқушыларының



қозғалысы бойынша есебі

Сыныбы

Оқушы саны

Қызы

Келген оқушылар

Аты- жөні

Оның ішінде қызы саны

Бұйрығы, келген мектебі

Кеткен оқушылар

Аты-жөні толық

Оның ішінде қызы саны

Бұйрығы кеткен мектебі

5


16

9

1.Қалыбаева Аиша

1

№174

-


-

-

2.Бисекеш Еркенұр

1

№49 ОМ

№171


Пәндер

Математика

Қазақ тілі

Қазақ әдебиеті

Орыс тілі

Шетел тілі

Д.ж.тарих

Жараты

лыстану

Қаз.тарих

Информатика

Сапа

Үлгерім

1тоқсан

78%

64%

64%

71%

71%

-

78%

78%

-

57%

100%

2тоқсан

87%

75%

75%

87%

87%

75%

75%

75%

66%

68%

100%

айырмасы

+9

+11

+11

+16

+16

-

-3

-3

-

+11








Әдістемелік жұмыстар негізінде келесі оқу тоқсанына жоспар:

1. Оқушылардың жаңартылған білім мазмұнына бейімдеуді жалғастыру.

2 .Математика сабағында толық математикалық тілде сөйлеуге үйрету.

3. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында, сабақта қосымша материалдар пайдалану.

Класс жетекші қызметі бойынша

2021 - 2022 оқу жылындағы 5 «ә» класс оқушыларының тізімі алынды,бекітілді. Класс кабинеті 210 каб жабдықталынды. Санатарлық нормаларға сәйкес оқушылардың күнделікті денсаулығы қадағаланып,арнайы берперделер тағып ,антисептикпен қамтылды.Күнделікті медбике оқушылардың дене температурасын бақылады.

- Оқушылар екі адамдық партаға орналастырылып, мүлікті сақтау мақсатында орындықтары мен парталары бекітіліп берілді,мектеп ереже таныстырылып,қол қойылды

- Мектеп әкімшілігі бекіткен сабақ кестесі таратылды; Сабақ ұзақтығы 45- минут.

- Сабаққа қатысым туралы талаптар ескертілді,журнал арналды.

- Тоқсан сайын жеке құжаттары толтырылып, рәсімделіп отырылды.

Жыл басында оқушылардың әлеуметтік жағдайын зерттеу мақсатында мектептің әлеуметтік педагогі Умирбекова Салтанаттың көмегімен оқушылардың тұрмыстық жағдайы қаралды,акт толтырылды,әлеуметтік паспорттар жасақталды

Класс оқушылары тәртіпті,үлгілі.Тәуекел топтағы,қиын оқушылар жоқ. Оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасы жақсы.Кластың әлеуметтік жағдайы орташа. Класта көп балалы отбасы-6 Олар Айдолла Хадиджа, Жалғасбай Ажар , Қалыбаева Аиша ,Бисекеш Еркенұр, Сарабек Мақсат.Аз қамтылған Дубинина Ольга. Аталған оқушылар мектеп тарапынан,үкіметтен акциялар бойынша материалдық көмек көрсетіледі Оқушылар мектеп кітапханасынан түгел оқулықтармен толық қамтамасыз етілді. Діни отбасында тәрбиеленетін ,ата-анасы намаз оқитын 4 оқушы бар. Олар: Айдолла Хадиджа, Жалғасбай Ажар, Қалыбаева Аиша, Ерболат Умаир.

Жалпы класс оқушылары - белсенді, ұйымшыл, ашық жанды, өз ойларын еркін айта алатын балалар. Бір-біріне көмекке дайын тұрады. Сабақтан себепсіз кешігіп,көп қалатын оқушылар жоқ. Класс оқушыларын ойы ұшқыр,қиялы зерек,патриоттық сезімі жоғары,өзін жан-жақты көрсете алатын болашақ азаматтарды тәрбиелеу мақсатында түрлі тәрбиелік шаралар мен тәрбие сағаттары жүргізілді.Жоспар бойынша бекітілген тәрбие сағаттары өз дәрежесінде өтілді. Оқушылар тәрбиесі деңгейінде оң нәтижелер

байқалды. Оқушылар жүргізілген онлайн тәрбие сағаттарынан көптеген мағлұматтар алып, ненің жақсы, ненің жаман екендігін ажыратуға үйренді. Достық қарым-қатынас жақсы орнады, үлкендерді сыйлау керектігін білді. Қоғамдық жұмыстарға қатысуға үйренді. Оқушылар арасында жекелеген жұмыстар атқару, топтық жұмыстарға қатысу, өз пікірін айта білу, жүргізушілік қабілеттері дамып, тәрбиелік шараларды өткізу барысы туралы түсініктер қалыптасты. Өз жұмыстарына өздері талдау беріп, бір-бірін бағалау сияқты жұмыстарды атқарды. Шығармашылық жұмыстары дамып отырды. «Алтын күз» экибане көрсесіне де белсенділік танытып,дипломдрмен марапатталды.Тәуелсіздіктін 30 жылдық мерейтойына орай «Тәуелсіздік - тұғырым» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Жаңа 2022 жылды қарсы алу,мереке күнін атап өту мақсатында санитарлық нормаларды ескере отырып 5 Ә класс оқушыларымен бірлесе отырып ертеңгілік ұйымдастырылды. Класс оқушылары зор белсенділік танытып, ата-аналардан демеушілік танытып ұйымдастырылған сыйлықтарын алды.


Атқарылған тәрбиелік іс-шаралардың оқушылардың танымдық, тұлғалық, шығармашылық, белсенділік , өз бетілік жұмыс істеу қабілеттері әсерінен, оқушылар әр түрлі интеллектуалды ойындарға, мектепішілік шараларға, жарыстарға белсене қатысты.

Қиындық тудырған оқушылар болмады. Өрескел тәртіп бұзушылық та болған жоқ.Мектепішілік және сыртқы үйірмелермен қамту жұмыстары да жақсы жүргізілді

Сынып оқушылары «Математикалық сауаттылық», «Парасат және әдеп» атты факультатив сабақтарына қатысады.

-Сонымен қатар мектепішілік үйірмелерге күреске Серік Мұхит және домыра үйірмесіне Ерболат Умаир қатысып,түрлі жарыстардан жүлделі орындарды иеленуде.

Оқушы, ата-ана, педагогтар және психологпен бірлесе жоспарланған шараларды орындау қорытындысы біршама жақсы болды. Ата-ана, оқушы, мұғалім болып үш жақты байланыс жүріп отырды. Бұл шаралардан оң нәтиже көре алдық. Тәртіп бұзушылық, мектеп ережесін орындамау сынды өрескел қылықтар болмады. Өткізілген тәрбиелік шаралардан кейін оқушылардың бойында адамгершілік, имандылық, тәрбиелілік ,ұйымшылдық, мейірімділік, сыпайылық, белсенділік қасиеттерді көре аламыз. Оқушыларға қосылмай бөлек жүретін оқушы жоқ. Оқушыларды бөлектеу де жоқ.

Алыс-жақын уақытта класс ұжымында ешқандай қиындық туындамайды деп ойлаймын.Оқушылар бір-бірімен тату, достық қарым-қатынаста қалыптасып қалды. Алдағы уақытта ата-аналарға баяндамалар оқыту, түрлі тренингтер өткізу, оқушылардың сахналық көріністерін көрсету, өз балаларының жұмыстарын, өнерлерін тамашалату арқылы кластағы тәрбие жұмысына қызықтырып, мектеппен байланысты орнату жоспарлануда. .«Тәрбиесі қиын», мектепшілік есепте, «Тәуекел» тобында тұрған оқушы жоқ. .

Жалпы сабаққа қатысым жақсы. Себепсіз жиі қалатын оқушы мүлде жоқ. Сабақтан оқушылар тек денсаулығына байланысты қалды. Бұл қатысымның біркелкілігінен ата-аналарымыздың бала тәрбиесіне көп көңіл бөлетіндігін көреміз.

Ата- аналармен біріге жүргізілген тәрбиелік жұмыстардың аздығы;;

БАҚ жарияланымдарына ата-аналар, оқушылар, класс жетекшісінің жұмысының жіберілуінің жетіспеуі;

Ұсыныстар:

1.Газет –журналдарға жазылуды ұйымдастыру.

2.БАҚ жарияланымдарына ата-аналар, оқушылар, класс жетекшісінің жұмыстарын жариялау;

3.Ата-аналармен біріккен түрлі шаралар өткізу.

4.Оқушылардың, класс жетекшінің деңгейін қалалық,облыстық, республикалық деңгейге дейін көтеру.