Файл: Оуаарту министріні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 504

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қолдың күшін жетілдіруге арналған жаттығулар. 3-5 метр қашықтықта екі қолын жерге қойып, жүру (бір бала екінші баланы аяғынан ұстайды).

Іштің бұлшық еттеріне арналған жаттығулар: екі бала жұптасып жасайды: бірінші бала қолын желкесіне қойып, шалқасынан жатып, денесін көтереді, екінші бала оның аяғына отырады (5-6 рет); гимнастикалық қабырғада қолдарымен тартылып тұрып, аяқтарын көтеру (5-6 рет).

Арқаға арналған жаттығулар: отырып алға, артқа еңкею (5–6 рет), стретчинг элементтері бар жаттығуларды орындау, қолдың көмегімен етпетінен жатып еңбектеу (3 метр).

Аяққа арналған жаттығулар: аяқтың ұшына көтерілу, қолды алға созып, жартылай отырып-тұру (2-3 рет); қолды тізеге қойып отырып-тұру; аяқтың ұшымен ұсақ заттарды жылжыту.

241. Спорттық жаттығулар.

Дене шынықтыру мен спортқа қызығушылықты ояту және дене шынықтырумен, спортпен айналысуға баулу. Спорт түрлерімен таныстыруды жалғастыру. Спорт залда және спорт алаңында қауіпсіздікті сақтауға баулу.

Шанамен сырғанау. Бір-бірін шанамен сырғанату, төбешіктен бір-бірлеп және екі-екіден шанамен сырғанау.

Сырғанау. Өз бетінше мұзды жолмен сырғанау, жүгіріп келіп сырғанау.

Шаңғымен жүру. Бірінің артынан бірі ауыспалы қадаммен алға жылжу, оң және сол аяқтарымен сырғанау. Бір орнында тұрып оңға, солға бұрылу, айналу.

Велосипед, самокат тебу. Шеңбер бойымен және тура жолмен өз бетінше екі дөңгелекті велосипед тебу. Оңға және солға бұрылу.

Жүзу. Судың таяз жерінде отырып және жатып аяқпен қимылдар жасау (жоғары және төмен). Судың ішінде қолымен алға, артқа жүру (аяғы денесінің деңгейінде созылған). Иек, көз деңгейіне дейін судың ішінде отыру, суға бетін малу, суға үрлеу; суда жүзу.

Судағы аэробика. Бұрылыстар жасай отырып, суда қимылдар жасау.

242. Спорттық ойындар.

Баскетбол элементтері. Кеуде тұсынан екі қолымен допты бір-біріне лақтыру. Допты оң және сол қолмен алып жүруге жаттықтыру.

Бадминтон. Воланды ракеткамен белгілі бір жаққа бағыттай отырып лақтыру.

Футбол элементтері. Берілген бағытқа допты оң және сол аяқпен тебу. Допты заттарды айналдыра жүргізу. Допты қақпаға тебу. Допты бірнеше рет аяқпен қабырғаға тебу.

Хоккей элементтері. Берілген бағытта қақпаға хоккей таяқпен шайбаны сырғанату, оны қақпаға кіргізу.

243.Қимылды ойындар.

Ынта мен шығармашылық таныта отырып, таныс қимылды ойындарды өз бетінше ұйымдастыруға мүмкіндік беру. Ұлттық қимылды ойындарды ойнату. Балаларды жарыс элементтері бар ойындар мен эстафеталық ойындарға қатысуға баулу.


  1. Дербес қимыл белсенділігі.

Қимылды ойынның дамуына ықпал ететін әртүрлі құралдар мен спорттық жабдықтары бар ортаны құру. Балалардың құрдастарымен қимылды ойындарды өз бетінше ұйымдастыруына жағдай жасау, олардың жарыстар ұйымдастыруға деген белсенділігін қолдау.

Балалардың дербес қимыл белсенділігін ұйымдастыруда, меңгерген қимыл дағдыларын жетілдіру үшін серуен өткізілетін орынды жабдықтау, ойын алаңында балалардың жүруіне арналған кедергі жолдар жасау.

Қыс мезгілінде мұзды жолдармен сырғанауға, шаңғымен жүруге, хоккей ойындарына, шанамен сырғанауға, ал көктем, жаз мезгілдерінде велосипед тебуге, футбол, бадминтон, баскетбол ойындарына жағдай жасау.

  1. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Адам ағзасы және оның қызметінің ерекшеліктері туралы түсініктерді кеңейту. Балалардың назарын ағзасы мен денсаулығының ерекшеліктеріне аудару. Салауатты өмір салтының маңызды компоненттері: дұрыс тамақтану, қимылдар, ұйқы және күн, ауа мен су және денсаулыққа зиян келтіретін факторлар туралы түсініктерді кеңейту.

Адамның денсаулығы дұрыс тамақтануға байланысты екені туралы түсініктерді жетілдіру. Адамның денсаулығына гигиена мен күн тәртібінің ықпалы туралы түсініктерді кеңейту. Науқасқа күтім жасау дағдыларын қалыптастыру: оған қамқорлық жасау, шуламау, оның өтініштері мен тапсырмаларын орындау. Науқастарға жанашырлық танытуға тәрбиелеу.

Өзінің көңіл-күйін сипаттай білуге үйрету. Балаларды дені сау адамның мүмкіндіктерімен таныстыру, олардың салауатты өмір салтына деген қажеттілігін қалыптастыру.

  1. Мәдени-гигиеналық дағдыларды жетілдіру.

Мәдениетті тамақтану және асхана құралдарын еркін қолдану дағдыларын жетілдіру.

Жеке гигиена ережелерін орындауда өзін-өзі бақылауды дамыту: дененің тазалығын бақылау, қол-аяғын жуу, тістерін мұқият тазалау, тамақтанғаннан кейін ауызды шаю, қол орамалды пайдалану, белге дейін дымқыл сүлгімен сүртіну. Осы шараларды жүргізудің және жеке гигиена заттарын пайдаланудың қажеттілігін түсіну.

Гигиеналық шараларды жүргізуде балалардың өзара көмегін қолдау.

Өзіне-өзі қызмет көрсету және киіміне күтім жасау дағдыларын жетілдіру.

Шамасы келетін еңбек тапсырмаларын, асханада кезекшілердің міндеттерін орындауға, түрлі балалар әрекеттеріне қажетті құралдарды дайындауға баулу.

Қоғамдық орындарда гигиена ережелерін сақтау дағдыларын қалыптастыру.



  1. Сауықтыру-шынықтыру шаралары.

Су температурасын біртіндеп төмендете отырып, қарапайым шараларды өз бетінше жүргізуге дағдыландыру, балалардың денсаулығын, шынықтыру құралдарының әсерлеріне бейімделу деңгейін ескеріп, қарама-қарсы температурадағы сумен шайыну, таңертеңгі жаттығуды орындауға қызығушылық тудыру, дене бітімін қалыптастыру және өкшелерді нығайту.

2-параграф. Коммуникативтік дағдыларды дамыту



  1. Коммуникативтік дағдыларды дамыту балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, сауат ашу негіздері, қазақ тілі ұйымдастырылған іс-әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.

  2. Мақсаты балалардың түрлі іс-әрекетінде Қазақстан халқының мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен таныстыру арқылы ауызекі байланыстырып сөйлеуді, сөйлеудің дыбыстық мәдениетін дамыту, сауат ашудың алғышарттарын қалыптастыру болып табылады.

  3. Міндеттері:

сауат ашудың алғышарттарын қалыптастыру арқылы қолды жазуға

дайындау; ересектермен және балалармен еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын

жетілдіру; коммуникативтік дағдыларды дамыту: әңгімелесушіні тыңдауға, диалог

жүргізуге, өз пікірін айтуға үйрету;

түрлі балалар әрекетінде қазақ халқының мәдениетімен, салт-

дәстүрлерімен таныстыру арқылы ауызекі сөйлеуді дамыту; балалардың заттар мен жағдайды нақты сипаттауда қарапайым

тұжырымдар мен өз ойларын басқаларға түсінікті жеткізуге баулу; балалардың тәжірибесіне сүйене отырып және олардың қалауын ескере отырып, тәрбиешімен және құрдастарымен келесі талқылаумен тәуелсіз қабылдау үшін көрнекі материалдарды таңдау; әндер мен билерді қолдана отырып, көркем бейнені құруда

шығармашылық дербестікті дамыту.

251. Күтілетін нәтижелер: сөйлеуді дамыту бойынша: ана тіліндегі барлық дауысты дыбыстарды анық айта алады; сөздегі дыбыстардың орнын анықтайды; айтылуы және дыбысталуы ұқсас дауыссыз дыбыстарды анық айтады; артикуляциялық жаттығуларды жасауға қызығушылық танытады; сөздерге дыбыстық талдау жасай алады;

сөйлегенде зат есімдерді, сын есімдерді, үстеулерді, көп мағыналы

сөздерді, синонимдер мен антонимдерді қолданады; зат есімдерді сан есімдермен және сын есімдерді зат есімдермен

байланыстырып айтады; қазақ халқының құндылықтарын құрметтейді; хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді қолданады;

құрдастарымен өз бетінше қарым-қатынас жасай алады, әртүрлі

ойындарды бірге, келісіп ойнайды; әңгімелесушіні мұқият тыңдап, сұрақтарды дұрыс қояды және қойылған


сұрақтарға қысқаша немесе толық жауап береді; негізгі ойды дұрыс тұжырымдайды, өз пікірін айтады;

әңгімелерді бірізді айтып береді; ересектердің көмегімен әңгіменің жалғасын және соңын ойдан шығарады; бақылаулар мен сюжеттік суреттер бойынша әңгімелер құрастырады;

әңгімелесу кезінде өзін мәдениетті, әдепті ұстайды; көркем әдебиет бойынша: шығармалардың мазмұнын эмоциямен қабылдайды; себеп-салдарлық байланыстарды, әдеби жанрларды ажыратады; өлеңдерді мәнерлеп, интонациямен оқиды;

мазмұнның бірізділігін сақтай отырып, шығарма мазмұнын қайталап

айтады; кітаптарға қызығушылық танытады;

кейіпкердің ерекшеліктерін жеткізу үшін мәнерлілік құралдарын

қолданады; кейіпкерлерге және олардың әрекеттеріне өз көзқарасын білдіреді; көркем шығарманы рөлдерге бөліп, сахналауға қатысады;

рөлдерде кейіпкердің көңіл күйі мен мінезін, бейненің қимылын,

интонациясы мен мимикасын береді; қойылымдағы өзінің рөлін мәнерлі, дербес орындайды; түрлі дереккөздерден алған ақпараттарымен, әсерлерімен бөліседі; айналасында болып жатқан оқиғаларға өзінің көзқарасын білдіреді; сөйлегенде мақал-мәтелдерді қолданады; сауат ашу негіздері бойынша: сөздің мағынасын түсінеді;

сөздерге дыбыстық талдау жасайды: сөздегі дыбыстардың ретін, дауысты

және дауыссыз дыбыстарды анықтайды; сөздерді буындарға бөледі, олардың саны мен ретін анықтайды; берілген буынға сөз құрастырады;

сөздегі буындардың санын анықтайды;

үш-төрт дыбыстан тұратын сөздерге дыбыстық талдау жасайды; сөйлем сөздерден тұратынын біледі; берілген сөздерден жай сөйлемдер құрастырады; қаламды дұрыс ұстай алады;

жазу парағында бағдарлай біледі, жазу жолы мен жоларалық кеңістікті

ажыратады; дыбыстардың белгілерін ажыратады (дауысты/дауыссыз);

геометриялық фигуралардың, көгөністер, жеміс-жидектердің дайын

суреттерінің сыртын контурдан шықпай бастырады, бояйды; түрлі сызықтарды салады;

қолды жазуға дайындауға берілген тапсырмаларды қызығушылықпен

орындайды; қазақ тілі бойынша: қоршаған ортаға өзінің қарым-қатынасын білдіреді; ауызекі сөйлеуде көркем сөздерді қолданады;

қазақ тіліне тән ә, ө, қ, ү, ұ, і, ғ, ң, һ дыбыстарын, осы дыбыстардан тұратын

сөздерді дұрыс айтады; сөздегі дыбыстардың орнын ажыратады;

қазақ халқы қолөнер шеберлерімен жасалған бұйымдарды біледі; киіз үйдің заттарын және тұрмыстық заттарды білдіретін сөздерді біледі; азық-түлік атауларын атайды;


аңшылық кәсіпке, мал өсіруге байланысты, егіншілік кәсіпке байланысты

сөздерді біледі және оны ауызекі тілде өз бетінше қолданады; туыстық қарым-қатынасты білдіретін сөздерді біледі;

өзінің бауырлары, туыстары, ағайындары, отбасылық мерекелер,

басқосулар, тойлар, салт-дәстүрлер туралы айтады; өлеңдер, санамақтар, жаңылтпаштар, тақпақтарды жатқа айтады; жұмбақтардың жауабын табады;

шешендік өнерге, айтыс өнеріне қызығушылық танытады; сөздерді жіктеп, тәуелдеп, септеп қолданады;

интонациясы бойынша сөйлемдерді (хабарлы, сұраулы, лепті) ажыратып,

сөйлегенде қолданады; өз ойын жайылма сөйлемдермен жеткізуге тырысады;

өз бетінше қарым-қатынас жасауға, әңгімелесуге тырысады,

әңгімелесушінің сөзін мұқият тыңдайды; әңгімелесушіге сұрақтарды дұрыс қояды, оған қысқа және толық нақты

жауап береді; таныс немесе бейтаныс ертегілер мен шағын көркем шығармалардың

мазмұнын иллюстрациялар бойынша қайталап айтады; тыңдалған көркем шығарма мазмұнын ретімен, жүйелі түрде жеткізеді; кейіпкерлердің диалогын мәнерлі интонациямен береді;

шығарманы рөлдерге бөліп сомдайды, кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізеді; тыңдалған шығарманы еркін талқылауға қатысады;

бір-бірімен еркін диалог құрады;

өзінің тәжірибесіне сүйеніп, суреттер бойынша әңгіме құрастырады; ойыншықтар мен заттарды 5-6 сөйлеммен сипаттайды;

заттар мен ойыншықтар, сюжетті суреттерді сипаттауда сөздерді дәл және

дұрыс қолданады; берілген мәтіннің басталуын және соңын ойдан құрастырады; ересектермен қарым-қатынас жасауда өз ойын еркін жеткізеді.

  1. Сөйлеуді дамыту.

  2. Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

Ана тіліндегі дауысты және айтылуы және дыбысталуы ұқсас дауыссыз бп, г-ғ, к-қ, ж-ш, з-с, н-ң, р-л дыбыстарды дұрыс, анық айтуды үйрету.

Фонематикалық естуді дамыту, сөздегі дыбыстардың орнын анықтау (басы, ортасы, соңы). Артикуляциялық жаттығулар жасау.

Сөйлеуде интонациялық мәнерлілік құралдарын қолдану: дауыс қарқынын, логикалық үзіліс пен екпінді реттеу.

  1. Сөздік қор.

Балалардың сөздік қорын тұрмыстық заттарды білдіретін зат есімдермен, заттардың қасиеттері мен сапасын сипаттайтын сын есімдермен, адамдардың қарым-қатынасын, олардың еңбекке қатынасын білдіретін үстеулермен байыту.

Сөйлегенде көп мағыналы сөздерді, синонимдер мен антонимдерді қолдану, белгілі бір затқа белгілерді, әрекеттерді және берілген әрекетке заттарды таңдай білу.