ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 486
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
емес) қолдануға үйрету; үй жануарларының дыбыстарына еліктеу, дыбыстарды қайталау арқылы
дыбыстау мәдениетін қалыптастыру;
2-3 сөзден тұратын тіркестерді құрастыруға, грамматикалық түрлерді қолдануға үйрету.
-
Күтілетін нәтижелер:
суреттерден айтылған сөзге сәйкес келетін ойыншықтарды, заттарды
табады және көрсетеді;
ойыншық жануарлардың дене мүшелерін, тұрмыстық және ойын әрекеттерін, заттардың түстерін, өлшемдері мен пішіндерін көрсетеді және атайды; қарапайым сөз тіркестерін түсінеді, екі сөзден тұратын сөйлемді айтады; өтініштерді орындайды;
ойыншықтармен күрделі емес бейнелі ойындарды ойнайды; өзінің, жақын адамдарының есімдерін, атауларын (ана, әке, ата, әже) күнделікті жиі қолданатын таныс заттар мен ойыншықтардың атауларын, тағамдардың атауларын, белгілі қимылдарды біледі және оларды айтуға тырысады; эмоционалды көңіл-күйді түсінеді және өзінің эмоциясын ым-ишарамен
көрсетеді; дыбыстық тіркестерді еліктеп, дұрыс қайталайды; ересектерді тыңдайды, түсінеді, тапсырманы орындайды; заттардың атын, түсін, мөлшерін, көлемін, орнын біледі және атайды; сөзбен немесе қысқа сөз тіркестерімен өз өтінішін білдіреді; дұрыс сөйлеуге талпынады; қарапайым сұрақтарға жауап береді; екі-үш сөзден тұратын сөйлемдерді айта алады;
шағын, мазмұны түсінікті әңгімелерді, тақпақтар мен өлеңдерді
қызығушылықпен тыңдайды және түсінеді; жалпақ және көлемді иллюстрацияларымен кітаптарды қарайды; көрнекіліксіз таныс шығармаларды тыңдайды; таныс шығармалардағы сөздерді қайталайды;
кітаптардағы суреттерді өз бетінше қарайды, ондағы таныс кейіпкерлерді
көрсетеді; оқылған таныс өлеңдердегі сөздер мен сөз тіркестерін айтады; шағын өлеңдерді, ертегілер мен әңгімелерді эмоционалды қабылдайды
және қимыл-әрекет арқылы көрсете алады; шағын драмалық ойындарға, қойылымдарға қатысады, ондағы игерген
тәжірибелерін еркін ойындарда қолданады.
-
Сөйлеуді дамыту (1 жастан 1 жас 6 айға дейін). -
Сөзді түсіну.
Суреттерден ересектің айтқан сөзіне сәйкес келетін ойыншықтарды, заттарды, киімдерді, ыдыс-аяқтарды табу және көрсету.
Өз дене мүшелерін және ойыншық жануарлардың дене мүшелерін (қол, аяқ, бас, ауыз, көз, құлақ), тұрмыстық және ойын әрекеттерін (жуыну, қыдыру); заттардың түстерін (қызыл, көк), қарама-қарсы өлшемдерді (үлкен, кіші), фигураларды (текше, кірпіш) білдіретін сөздерді түсіну.
Күнделікті өміріне байланысты қарапайым сөз тіркестерін түсіну, өтініштерді орындау, ойыншықтармен күрделі емес бейнелі ойындар ойнау, тұрмыстық жағдаяттарды суреттейтін 1-3 әрекетті көрсету.
-
Белсенді сөйлеуді дамыту
Дыбыстық тіркестер мен сөздерге еліктей отырып, дыбыстау.
Белсенді сөздікті жақын адамдардың атауларымен (ана, әке, ата, әже), күнделікті жиі қолданатын таныс заттар мен ойыншықтардың, тағам атауларымен (ботқа, су, сүт), белгілі қимылдарды (ал, бер, аш, тұр, жібер, ұйықта, бар) білдіретін сөздермен толықтыру.
Ересектердің сөздерін тыңдауға, «Бұл кім?», «Бұл не?», «Не істеді?» деген қарапайым сұрақтарға жауап беруге, ыммен, қимылдар арқылы көрсетуден біртіндеп сөзбен айтуға көшуге, екі сөзден тұратын сөйлемдерді айтуға баулу.
-
Сөйлеуді дамыту (1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін). -
Сөзді түсіну.
Түсінетін сөздер қорын кеңейту. Заттардың түсін (қызыл, көк, сары, жасыл), өлшемін (үлкен, кіші), заттардың күйін (таза, кір), мерзімдік (қазір), сандық (біреу, көп) қатынастырады, қалауларын білдіруге қажетті сөздерді (тамақ ішу, ұйықтау, су ішу), дене мүшелерін білдіретін сөздерді түсіну.
Таныс заттарды ересектердің көмегімен түсі бойынша таңдау.
Жануарлардың қимылын (лақ секіреді, құс ұшады), дыбыстауын (қозы маңырайды: мәәә, бұзау мөңірейді: мөөө, мысық мияулайды), адамның қимылын (жүреді, жүгіреді, билейді) білдіретін сөздерді түсіну және дыбыстық тіркестерді атау.
-
Белсенді сөйлеу.
Дыбыстық тіркестерді жалпы қолданыстағы сөздермен ауыстыруға (бәәә бота, мәәә - қозы, мөөө - бұзау, мәәә - лақ, мияу - мысық, аб-аб - ит), туыстық атауларды (аға, апа, тәте, көке), төрт түліктің (ат, тай, бота), жиі қолданылатын азық-түлікті (нан, шәй, май, сүт, көже) білдіретін жеңіл сөздерді айтуға баулу.
Сөздік қорды ойыншықтар, киімдер, ыдыстар, көлік түрлерін білдіретін зат есімдермен, тұрмыстық (киіну, жуыну), ойын (ойнау, салу, домалату, тебу) әрекеттерін білдіретін, қарама-қарсы мағыналы (ашу-жабу, бару-келу, алу-салу) етістіктермен, заттардың түсін, пішінін, білдіретін сын есімдермен толықтыру.
Ересектермен, құрдастарымен қарым-қатынаста алғашқы әдеп нормаларына сәйкес сөздерді қолдануды үйрету (амандасу, қоштасу, рахмет айту).
Күнделікті өмірдегі, суреттегі заттардың атын атау, ересектер мен құрдастарынан көмек сұрау, өтініш білдіру, еліктеу бойынша жаңа сөздерді, екіүш сөзден тұратын сөйлемдерді айту, қарапайым сұрақтарға жауап беру.
Айналасындағы адамдардың сөзін тыңдау, олардың ауызша айтылған талаптарды орындау.
Ересектердің сөзін қайталау арқылы дұрыс сөйлеу дағдыларын, ана тілінің грамматикалық нормаларын ескеріп, сөйлемдерді құруды қалыптастыру.
-
Көркем әдебиет (1 жастан 1 жас 6 айға дейін).
Көркем әдебиетті қабылдауға қызығушылықты ояту.
Шағын, мазмұны түсінікті өлеңдерді, әңгімелерді, тақпақтарды, бесік жырларын тыңдату, шығарманы оқып беруді суреттер, ойыншықтар, әрекеттерді көрсетумен (әңгімелеу) сүйемелдеу. Оқылатын шығарма мазмұнының баланың жасына сәйкестігіне және мәнерлеп оқылуына мән беру.
Жалпақ және көлемді иллюстрациялары бар кітаптарды қарауға тарту.
-
Көркем әдебиет (1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін):
Көрнекіліксіз таныс мазмұны қарапайым шығармаларды тыңдау, олардың мазмұнына эмоциямен жауап беру, шығарма мәтінінің кейбір сөздерін қайталау және мазмұнында айтылатын қарапайым әрекеттерді, дыбысқа еліктеу мен ойын әрекеттерін орындау.
Ересектің көмегімен тақпақтарды, қысқа өлеңдерді және әңгімелер мен ертегілердің мазмұнын қайталап айту, көркем шығарма мазмұны бойынша қойылымдарға қатысу.Таныс шығармалар мазмұнына сәйкес ойын әрекеттерін орындау, драмалық ойындарға, қойылымдарға қатысуға баулу, ондағы игерген тәжірибелерін еркін ойындарда қолдануға мүмкіндік беру. Үстел үсті, саусақ театрларын өз бетінше ойнау.
Кітаптардағы суреттерді өз бетінше қарауға, ондағы таныс кейіпкерлерді көрсетуге мүмкіндік беру. Көркем сөзге, мәнерлеп сөйлеуге қызығушылықты ояту.
3-параграф. Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту ******
-
Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және сенсорика ұйымдастырылған іс-әрекеті арқылы іске асырылады. -
Мақсаты қоршаған әлеммен өзара әрекет ету үшін қажетті танымдық іс-әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгеруге жағдай жасау болып табылады. -
Міндеттері: заттарды өзіне тән қасиеттері бойынша зерттеу; заттардың қасиеттері бойынша ұғымдарды қалыптастыру; сенсорлық қабілеттерін қалыптастыру;
көру-есту түйсігін, қабылдау, есте сақтау, көрнекі-әрекеттік ойлау, қиял,
зейінді дамыту; түрлі балалар әрекеттерінде көз бен қол үйлесімділігін, қолдардың ұсақ
моторикасын дамыту; интелектуалды сезімді тәрбиелеу (жаңаны тануда қуанышқа бөлену).
-
Күтілетін нәтижелер:
заттармен әртүрлі әрекеттер орындайды; түсі, өлшемі бойынша заттарды ажыратады; заттарды өлшемі немесе пішініне қарай сәйкес ұяларға орналастырады; заттық әрекеттерді орындауға болатын қарапайым заттар мен құралдарды
қолданады; біртекті заттарды ортақ белгісі (өлшемі, пішіні) бойынша топтастыра
біледі; ересектің көмегімен 4-5 сақинадан (үлкенінен кішіге қарай) тұратын
пирамиданы жинайды; тиісті пішіндегі (дөңгелек, шаршы) қораптар мен қобдишаларға
қақпақтарды таңдайды; күрделі заттармен әрекеттерді орындайды;
негізгі төрт түсті (қызыл, көк, сары, жасыл) ажыратады;
дидактикалық ойыншықтармен, шағын және ірі құрылыс материалдарымен өз бетінше ойнайды.
-
Сенсорика (1 жастан 1 жас 6 айға дейін).
Заттарды өлшемі немесе пішініне қарай сәйкес ұяларға орналастыруға арналған тапсырмаларды орындау, түрлі өлшемдегі 2–3 сақинадан тұратын конустық негіздегі (өзекшесі) пирамидаға, кейіннен тік өзектегі пирамидаға бір өлшемді бірнеше сақинаны, содан кейін түрлі өлшемді екі топтағы сақиналарды белгілі реттілікпен жинау.
Заттардың көлеміне (үлкен, кіші), түсіне (қызыл, көк) бағдар жасай отырып, әртүрлі әрекеттер (ашу - жабу, өткізу - шығару, домалату, қадау, сабақтау, қою, байлау, төсеу) жасау.
-
Сенсорика (1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін).
Балалардың сенсорлық тәжірибесін байытуды жалғастыру.
Өлшемі бойынша заттарды ажырата білу, ересектің көмегімен 4-5 сақинадан (үлкенінен кішіге қарай) тұратын пирамиданы жинау.
Тиісті пішіндегі (дөңгелек, шаршы) қораптар мен қобдишаларға қақпақтарды таңдау, екі бөліктен тұратын қиылған суреттерді жинау.
Күрделі заттармен әрекеттерді орындау – сақиналары бар таяқшамен, торлы дорбамен, күрекшемен сәйкес келетін ойыншықтар мен шарларды жылжыту, алу және орындарын ауыстыра білу, қазықшаларды ылғал құмға балғамен қағып, кіргізе білу.
Біртекті заттарды ортақ белгісі: пішіні, түсі бойынша топтастыру, саусақтардың ұсақ моторикасын дамыту үшін заттармен әрекет жасау, дидактикалық ойындар барысында және тұрмыста балалардың сенсомоторлық «көз бен қолды» үйлестіру.
Естуді дамыту үшін әртүрлі дыбыс шығаратын заттардың (қоңыраулар, аспалы металл таяқшалар, шиқылдайтын ойыншықтар, музыкалық ойыншықтар) дыбысын тыңдау, қабылдауды дамыту үшін бір мезгілде екі қасиетті: түс пен өлшемді, пішін мен өлшемді, пішін мен түсті, негізгі төрт түсті (қызыл, көк, сары, жасыл) ажырату.
Дидактикалық ойыншықтармен, шағын және ірі құрылыс материалдарымен өз бетінше ойнауға мүмкіндік беру.
4-параграф. Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту
-
Тәрбиеленушілердің шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және мүсіндеу, музыка ұйымдастырылған іс-әрекеттері арқылы іске асырылады. -
Мақсаты балалардың танымдық, шығармашылық, музыкалық қабілеттерін қалыптастыру болып табылады. -
Міндеттері:
шығармашылық әрекет түрлеріне қызығушылықтарын ояту; балалардың байқампаздығын дамыту; көрнекі-қимылдық ойлауды, есті, қиялды, зейінді, қабылдауды дамыту; қоршаған орта туралы түсініктерін байыту.
-
Күтілетін нәтижелер: ермексазды, сазбалшықты алақан арасында домалата алады; жалпақ, дөңгелек пішіндерді мүсіндейді;
тәрбиешінің көрсетуі бойынша алынған пішіндерді құрастыра біледі; музыкаға, ән салуға, музыкалық-ырғақтық қимылдарға қызығушылық
танытады; музыканы эмоционалды қабылдайды; музыкамен жүре алады;
ересектердің орындаған әндерін тыңдайды; музыканың сүйемелдеуімен ойын әрекеттерін орындайды;
таныс музыкалық шығарманы көтеріңкі көңіл-күймен қабылдайды, оны
соңына дейін тыңдайды; ересекпен қосылып әннің кейбір сөздерін айтады; балалар музыкалық аспаптарымен ойнайды; жалаушаны желбіретеді, сылдырмақты сылдырлатады;
ересектердің көрсетуі бойынша қарапайым би қимылдарын орындайды; қимылдарды дыбыстармен және сөздермен сүйемелдеп, ойындар ойнайды.
-
Мүсіндеу (1 жастан 1 жас 6 айға дейін).
Балалардың мүсіндеуге қызығушылығын ояту. Сазбалшықпен таныстыру. Ермексаздың, сазбалшықтың кесектерін алақан арасында домалатып, «шарлар» жасау, жалпақ, дөңгелек пішіндерді мүсіндеу.
-
Мүсіндеу (1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін).
Балаларды жалпақ, дөңгелек пішіндерді мүсіндей білуге, өз қалауы бойынша алынған пішіндерді құрастыруды, материалдарды ұқыпты қолдана білуге үйрету.
-
Музыка.
Музыкаға, ән салуға, музыкалық-ырғақтық қимылдарға қызығушылықты қалыптастыру.
-
Музыка (1 жастан 1 жас 6 айға дейін). *************
Көңілді және баяу музыкамен таныстыру.
Балаларға мазмұны бойынша жақын әндерді тыңдауды, олардың көңілкүйін эмоционалды қабылдауды, ересектің көрсетуі бойынша сәйкес қимылдармен сүйемелдеуді, қосылып ән айтуды үйрету (айта алуына қарай).