ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 488
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Секіру. Бір орында тұрып қос аяқпен секіруге, алға қарай ұмтыла қос аяқпен затқа дейін (10-15 сантиметр) секіруге, 10-15 сантиметр биіктіктен секіруге, еденде жатқан секіргіштен, лентадан (қатар қойылған 2 арқаннан) аттап секіруге үйрету.
61. Жалпы дамытушы жаттығулар.
Қолдың білектерін, иық белдеуінің бұлшық еттерін дамытуға және нығайтуға арналған жаттығулар. Қолды алға, жоғары, екі жаққа көтеру; қолды кеуде тұсында айқастыру және екі жаққа жазу. Қолды артқа қою; оларды бүгіп, жазу, қолды шапалақтау, қолдарды алға-артқа сермеу, саусақтарды бүгу және ашу.
Арқаның бұлшық еттерін және омыртқаның иілгіштік қасиетін дамытуға және нығайтуға арналған жаттығулар. Жанында тұрған (отырған) адамға қолындағы заттарды беріп, оңға-солға бұрылу. Алға және екі жаққа еңкею. Еденде отырып, аяқтарды кезекпен бүгу және жазу. Шалқасынан жатқан қалыпта аяқтарын көтеру және түсіру. Тізерлеп тұрып, өкшеге отыру және тұру.
Іштің және аяқтың бұлшық еттерін дамытуға және нығайтуға арналған жаттығулар.
Орнында жүру. Бастапқы қалыпта тұрып, сол (оң) аяқтың тізесін (заттан ұстап) бүгу. Таяныштан ұстап отыру, аяқтың ұшымен тұрып, тартылу. Аяқтың өкшесін алға қою. Аяқтың бақайларын қимылдату (отырып).
-
Қимылды ойындар.
Балаларды ересектермен бірге қимылдары жеңіл, мазмұны қарапайым қимылды ойындар ойнауға ынталандыру. Балалардың ойынға қызығушылығын дамытуға ықпал ете отырып, негізгі қимылдарды (жүру, жүгіру, лақтыру, домалату) жетілдіру. Қимылдарды үйлесімді орындауға, кейбір кейіпкерлердің қарапайым әрекеттерін жеткізе білуге үйрету (қоян сияқты секіру; аю сияқты қорбаңдап жүру).
-
Спорттық жаттығулар.
Шанамен сырғанау: шанаға отырып, төбешіктен сырғанауға, шананы жібінен сүйретуге, ойыншықтарды шанамен сырғанатуға үйрету.
Велосипед тебу: үш дөңгелекті велосипедке отыруға, одан ересектердің көмегімен және көмегінсіз түсуге, ересектердің көмегімен және өз бетінше рөлді басқаруға үйрету.
Мұзды жолдармен сырғанау: балаларды қолынан жетелеп сырғанату.
-
Дербес қимыл белсенділігі.
Ересектің бақылауымен ойын әрекеттерін (спорттық, би) орындауға, қимыл белсенділігіне жағымды эмоция білдіруге, бұрын меңгерген қимылдарды өз бетінше орындауға ықылас танытуға баулу.
-
Мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру.
Ересектің бақылауымен бетін, қолдарын ластанған кезде және тамақтың алдында өз бетінше жуу, беті мен қолын жеке орамалмен құрғатып сүрту, ересектің көмегімен өзін ретке келтіру.
Жеке заттарды қолдану (қол орамал, майлық, орамал, тарақ, түбек), киіміндегі олқылықты байқау және оны өз бетінше, ересектердің көмегімен ретке келтіру, белгілі бір ретпен киіну және шешіну, әртүрлі ілгектерді қолдана білу, ұйықтар алдында киімдерін шкафқа немесе орындыққа ұқыпты бүктеп қою.
Үстел басындағы мәдениеттің қарапайым дағдыларын қалыптастыру:
нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып шайнау, тамақ ішкенде сөйлемеу, үстел басында дұрыс отыру.
-
Сауықтыру-шынықтыру шаралары.
Жыл бойы медицина қызметкерінің жетекшілігімен балалардың денсаулығы мен жергілікті жағдайлар ескеріліп, табиғи факторлар: ауа, күн, суды пайдалана отырып, шынықтыру шараларының кешенін жүзеге асыру.
Балаларды топта жеңіл киінуге үйрету. Күн тәртібіне сәйкес олардың таза ауада болу ұзақтығын қамтамасыз ету.
Серуенде қимылды ойындарға қатысуға және жаттығуларды орындауға қызығушылық пен ықылас танытуға баулу.
Шынықтыру шараларын өткізу кезінде балалардың денсаулық жағдайын ескеріп, жеке тәсілді жүзеге асыру.
2-параграф. Коммуникативтік дағдыларды дамыту
-
Коммуникативтік дағдыларды дамыту балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет ұйымдастырылған іс-әрекеттері арқылы жүзеге асырылады. -
Мақсаты сөздік қорды байыту, сөйлеу дағдыларын, әдеби шығармалар мен халық ауыз әдебиеті шығармаларына қызығушылықты қалыптастыру болып табылады. -
Міндеттері:
көрнекілікке сүйенбей айналасындағылардың сөзін түсіну қабілетін
дамыту; дыбыстарды дұрыс айтуды дамыту;
қолжетімді халық ауыз әдебиеті, көркем әдебиет шығармаларына, театр
әлеміне баулу; кітаптарға қызығушылықты дамыту; пассивті және белсенді сөздік қорды байыту;
түрлі балалар әрекетінде қазақ халқының мәдениетімен, салт-
дәстүрлерімен таныстыру арқылы балалардың ауызша және байланыстырып сөйлеуін дамыту.
-
Күтілетін нәтижелер: ересектердің сөзін тыңдайды және түсінеді; жеке дауысты және дауыссыз дыбыстарды, еліктеу сөздерін айта алады; сөздерді және қарапайым сөз тіркестерін (2-4 сөз) қайталап айтады; ойыншық, киім, аяқкиім, ыдыс, жиһаз, көгөніс пен жеміс, үй жануарлары мен олардың төлдерінің атауларын, көлік құралдарын және жеке бас гигиенасы заттарын білдіретін сөздерді атайды;
еңбек әрекетін (жуу, суару, құю), қарама-қарсы мәндес әрекеттерді (ашу-
жабу, кию-шешу, алу-салу), адамдардың қарым-қатынасын (құшақтау,
көмектесу), көңіл-күйін (қуану, күлу, ренжу) білдіретін сөздерді біледі; сөйлегенде заттарды сипаттау үшін зат есімдер мен етістіктерді, сын
есімдерді қолданады; қазақ халқының құндылықтарына қызығушылық танытады; меңгерілген сөздерді ауызша сөйлеуде өз бетінше қолданады; ересектердің сөзін түсінеді, өз ойын айтады;
шағын әңгімелерді көрнекі сүйемелдеусіз тыңдап, қарапайым сұрақтарға
жауап береді; кітаптағы суреттерді қарайды, олардың мазмұны бойынша сұрақтарға
жауап береді; кейіпкерлердің әрекеттерін (қимылдарын) қайталап ойнайды; артикуляциялық жаттығуларды орындайды; көркем шығармаларды эмоционалды қабылдайды;
бесік жырларын, халық әндерін, ертегілерді, авторлық шығармаларды
тыңдайды; оқылған шығармадағы жекелеген сөздерді қосылып қайталап айтады; таныс шығармаларды көрнекіліксіз тыңдайды;
кітаптардағы иллюстрацияларды қарайды, суреттердің мазмұны бойынша
қойылған сұрақтарға жауап береді, ойындарда кейіпкерлердің бейнелерін қарапайым түрде бере алады; педагогтің көмегімен шағын тақпақтарды қайталап айтады.
-
Сөйлеуді дамыту. -
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Жеке дауысты және дауыссыз дыбыстарды, еліктеу сөздерін, сөздерді және қарапайым сөз тіркестерін (2-4 сөз) дұрыс қайталап айтуға үйрету. Артикуляциялық және дауыс аппаратының, сөйлеу кезінде тыныс алу, есту қабілетінің дамуына ықпал ету.
Сөйлеу қарқынын, дауыстың жоғарылығы мен күшін ескеріп, дыбыстардың, сөздер мен сөз тіркестерінің анық айтылуына назар аудара отырып, дауыс аппаратын дамыту, артикуляциялық гимнастика жасау.
-
Сөздік қорды қалыптастыру.
Балалардың сөздік қорын:
ойыншық, киім, аяқкиім, ыдыс, жиһаз, көгөніс пен жеміс, үй жануарлары мен олардың төлдерінің атауларын, көлік құралдарын және жеке бас гигиенасы заттарын білдіретін зат есімдермен; еңбек әрекетін (жуу, суару, құю), қарама-қарсы мәндес әрекеттерді (ашу-
жабу, кию-шешу, алу-салу), адамдардың қарым-қатынасын (құшақтау,
көмектесу), көңіл-күйін (қуану, күлу, ренжу) білдіретін етістіктермен; заттардың түсін, көлемін, пішінін, дәмін білдіретін сын есімдермен
байыту.
Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлеріне баулу, балаларды бесікпен таныстыру, қуыршақты бесікке бөлеп, бесік жырын айтып отырып ойнату арқылы балаларды қамқорлыққа баулу, балаларға бесік жырын күнделікті ұйықтар алдында тыңдатуды әдетке айналдыру, топтағы барлық баланы ересектердің жақсы көретінін сездіру.
Меңгерілген сөздерді ауызша сөйлеуде өз бетінше қолдануға ықпал ету.
-
Тілдің грамматикалық құрылымы.
Балаларды зат есімнің көпше түрін қолдануға, сын есімді зат есіммен, етістіктің өткен шағымен байланыстыру, сөз тіркестерін құра білуге (сын есім + зат есім, зат есім + етістік), сөздердің дұрыс айтылуын, зат есімдердің көпше түрде дұрыс қолданылуын ескеріп, сын есімдерді зат есімнің көпше түрімен сәйкестендіру.
-
Байланыстырып сөйлеу.
Ересектердің сөзін түсінуге, шағын әңгімелерді көрнекі сүйемелдеусіз тыңдауға, қарапайым сұрақтарға (Кім? Не? Не істейді?) және неғұрым күрделі (Не әкелді? Кімге әкелді? Неге әкелді? Қашан әкелді?) сұрақтарға жауап беруге, өз ойын айтуға үйрету.
Кітаптардағы суреттерді қарау, ондағы таныс заттарды атау, педагогтің өтініші бойынша суреттен заттарды тауып, сұрақ қою: «Бұл кім (не)?», «Не істеді?». Қарапайым сюжеттік суреттердің мазмұнын айтып беру.
Кейіпкерлердің әрекеттерін (қимылдарын) қайталатып ойнату.
-
Көркем әдебиет.
Балалардың жастарына сәйкес көркем шығармалар оқу.
Балаларды бесік жырларын, халық әндерін, ертегілерін, авторлық шығармаларды тыңдауға үйрету.
Оқып беруді ойыншықтарды, суреттерді, үстел үсті театрының кейіпкерлерін және басқа да көрнекі құралдарды көрсетумен сүйемелдеу, сонымен қатар көрнекіліксіз көркем шығарманы тыңдау.
Балаларды педагогтің көмегімен өлеңді толық қайталауға ынталандыру.
Таныс өлеңдерді оқыған кезде балаларға сөздерді, сөз тіркестерін қосылып айтуға мүмкіндік беру.
Балалардың назарын кітапты қарап отырған балаға аудару. Балалармен бірге балалар әдебиетінің шығармаларына арналған иллюстрацияларды қарау. Суреттердің мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беруді дамыту.
3-параграф. Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту
-
Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және сенсорика ұйымдастырылған іс-әрекеті арқылы іске асырылады. -
Мақсаты балалардың танымдық қабілеттерін, білуге құштарлығын, қиялын, зейінін, есте сақтауын, байқағыштығын дамыту болып табылады. -
Міндеттері:
қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру;
түрлі сенсорлық әсерлермен байыту; қоршаған ортада бірлесіп әрекет етуді дамыту;
түрлі балалар әрекеттерінде көз бен қол үйлесімділігін, қолдардың ұсақ
моторикасын дамыту; заттарды түсі, көлемі, пішіні бойынша өз бетінше зерттеу.
-
Күтілетін нәтижелер: үлгі мен ауызша нұсқауға сүйеніп, тапсырмаларды орындайды; қимылдарды, қолдың ұсақ моторикасын үйлестіру дағдыларын меңгерген; ересектердің нұсқауымен түсі, өлшемі бойынша заттарды табады; түрлі көлемдегі геометриялық фигураларды негізгі қасиеттері бойынша
салыстырады; қарапайым көру-қимыл үйлесімділігін меңгерген; көлемі, пішіні, түсі бойынша ұқсас біртекті заттарды топтастырады; заттардың көлемін, түсін және пішінін білдіретін сөздерді түсінеді; заттардың санын ажыратады (біреу-көп);
түсі, көлемі, пішіні бойынша заттарды өз бетінше зерттейді және
салыстырады.
-
Сенсорика.
Заттар мен құралдарды қолдану дағдыларын қалыптастыру, ауызша нұсқау мен үлгіге сүйене отырып, тапсырмаларды орындауды, қимылдардың үйлесімділігін, қолдың ұсақ бұлшық еттерін, «көз бен қолдың» сенсомоторлық кеңістіктік үйлесімділігін дамыту.
Өлшемдері әртүрлі геометриялық фигураларды, өлшемі, пішіні, түсі бойынша ерекшеленетін біркелкі заттарды топтастыруды, түрлі көлемдегі геометриялық фигураларды негізгі түсі, неғұрлым ұқсас қасиеттері бойынша салыстыру және іріктеуді жетілдіру.
Берілген заттардың 3-4 сенсорлық қасиеттеріне байланысты таңдауды жүзеге асыра отырып, түсі, көлемі, өлшемі бойынша әртекті заттарды салыстыру, заттардың санын ажырату (біреу-көп), әртүрлі көлемдегі заттарды атау.
Заттарды түсі, көлемі, пішіні бойынша өз бетінше зерттеу және салыстыруға мүмкіндік беру.
4-параграф. Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту
-
Тәрбиеленушілердің шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру, музыка ұйымдастырылған іс-әрекеттері арқылы жүзеге асырылады. -
Мақсаты балалардың эстетикалық қабылдауын қалыптастыру, дербес тәжірибелік және шығармашылық әрекетті дамыту болып табылады. -
Міндеттері:
бейнелеу өнеріне, музыкаға, ән айтуға, қарапайым аспаптарда ойнауға
шығармашылық қызығушылықты қалыптастыру; материалға ұқыпты қарауға, оны дұрыс қолдана білуге үйрету; балаларды музыкалық шығармашылыққа, әсемдікті сезінуге тәрбиелеу;